Тұран даңғылы – проспект Тұран

0

ТҰРАН ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – Сарыарқа даңғылы. Сарыарқа даңғылынан басталып, әуежайдың айналма жолынан аяқталады. Қорғалжын тасжолы, Сарайшық, Д.Қонаев, Керей, Жәнібек хандар көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 10161,0 м.
Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы. Қазіргі түсінік бойынша Сырдария мен Әмударияның аралығы. Тұранда түркі халықтарының арғы тегінен сыр шертетін «Алып Ер Тұңға» атты дастан дүниеге келген. VІ ғасырдан бастап «Тұран» сөзі түріктер мекендейтін жер, елдің атауы ретінде қолданыла бастаған. «Тұран» сөзі қазіргі кезде түркі халықтарының бірлігі, ынтымағы ретінде кеңінен қолданылады.
Бұл даңғылда «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, «Бақыт» неке сарайы, «Думан» қонақүйі, «Мега», «Сарыарқа» демалыс және сауда орталықтары, «Ана мен бала» медициналық орталығы орналасқан.

ПРОСПЕКТ ТҰРАН
Прежнее название – проспект Сарыарқа. Начинается с проспекта Сарыарқа и заканчивается на кольцевой дороге в аэропорт. Пересекается трассой Қорғалжын, с улицами Сарайшық, Д.Қонаев, Керей, Жәнібек хан. Длина – 10161,0 м.
Тұран – древнее название Туркестанского края. В современном понимании территория Тұран – это географический регион между Сырдарьей и Амударьей. В Тұран проживали древние тюркские народы. Здесь же появилась поэма «Алып Ер Тұңға». С VІ века слово «Тұран» использовалось как название страны, место проживания тюрков. Слово «Тұран», в современном мире, понимается как единство и сплоченность тюркских народов.
На этом проспекте расположены развлекательный центр «Хан Шатыр», Дворец бракосочетания «Бақыт», торгово-развлекательные центры «Мега», «Сарыарқа», медицинский центр «Ана мен бала».

Тәуелсіздік даңғылы – проспект Тәуелсіздік

0

ТӘУЕЛСІЗДІК ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – Манас даңғылы. Ж.Тәшенов көшесінен басталып, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев даңғылын Қажымұқан, Б.Майлин, А.Байтұрсынұлы, Ш.Қалдаяқов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1095,8 м.
Даңғылдың атауы Қазақстанның тәуелсіздігі құрметіне қойылған.
Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуын, сол аумақты басқаратын мемлекет билігінің болуын, елдікті нақыштаған әнұранының, туының және елтаңбаның болуын атауға болады.
Бұл даңғылда Тәуелсіздік алаңы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі, ҚР Ішкі істер министрлігі, «Толқын» спорт кешені, «Отан Ана» монументі орналасқан.

ПРОСПЕКТ ТӘУЕЛСІЗДІК
Прежнее название – проспект Манас. Начинается с улицы Ж.Тәшенов, пересекается с проспектами Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, и с улицами Қажымұқан, Б.Майлин, А.Байтұрсынұлы, Ш.Қалдаяқов. Длина – 1095,8 м.
Проспект назван в честь независимости Казахстана.
Тәуелсіздік (независимость) – свободное ведение государственных и прочих дел страны. Символами независимого государства являются: территория, признанная мировым сообществом, государственая власть, управляемая на этой территории, символы государства – флаг, герб, гимн.
На этом проспекте расположены площадь Тәуелсіздік, Дворец Тәуелсіздік, монумент «Қазақ елі», Министерство внутренних дел РК, спортивный комплекс «Толқын», монумент «Отан Ана».

Сарыарқа даңғылы – проспект Сарыарқа

0

САРЫАРҚА ДАҢҒЫЛЫ
Тұран даңғылынан басталып, Бестерек көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3191,5 м.
Сарыарқа – Қазақстанның орталық және шығыс бөлігін алып жатқан ұлан-ғайыр өлке. Сарыарқа – қазақтың байырғы мекені. Бұл өңірде көптеген тарихи оқиғалар болған.
Бұл даңғылда «Хабар» телекомпаниясы, «Астана» спорт кешені, Қазақ Мемлекеттік медицина академиясы орналасқан.

ПРОСПЕКТ САРЫАРҚА
Начинается с проспекта Тұран, заканчивается на улице Бестерек. Пересекается с проспектами Абай, Бөгенбай батыр, улицами Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин. Длина – 3191,5 м.
Сарыарқа – огромный край в центральной и восточной части Казахстана. Сейчас смысл слова «Сарыарқа» применяется в значении «казахская степь», «родина». Сарыарқа – древняя казахская земля. Здесь произошли многие исторические события связаны с судьбой нашего народа.
На этом проспекте расположены телекомпания «Хабар», спортивный комплекс «Астана», Казахская государственная медицинская академия.

Республика даңғылы – проспект Республика

0

РЕСПУБЛИКА ДАҢҒЫЛЫ
Ж.Тәшенов көшесінен басталып, И.Гёте көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Жәнібек тархан, А.Иманов, Кенесары, Отырар, С.Сейфуллин, Ы.Дүкенұлы, Ә.Молдағұлова көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4159 м.
Даңғыл мемлекет, ел ұғымдарын білдіретін «республика» ұғымымен байланысты қойылған.
Бұл даңғылда Қазіргі заманғы өнер мұражайы, «Халық Банк», «Абай» қонақүйі, «Жастар» сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.

ПРОСПЕКТ РЕСПУБЛИКА
Начинается с улицы Ж.Тәшенов и заканчивается на улице И.Гёте. Пересекается с улицами Жәнібек тархан, А.Иманов, Кенесары, Отырар, С.Сейфуллин, Ы.Дүкенұлы, Ә.Молдағұлова и проспектами Абай, Бөгенбай батыр. Длина – 4159 м.
Проспект назван в честь республики, которая выражает такие понятия как «страна», «государство».
На этом проспекте расположены Музей современного искусства, «Народный банк», гостиница «Абай», Дворец «Жастар», Центр обслуживания населения.

Рахымжан Қошқарбаев даңғылы – проспект Рахымжан Қошқарбаев

0

РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – № 23-22 даңғыл. Бауыржан Момышұлы даңғылынан басталып, Тәуелсіздік, М.Жұмабаев, Абылай хан даңғылы, Ш.Құдайбердіұлы даңғылдарын, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 7213,4 м.
Рахымжан Қошқарбаев (1924-1988) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, «Халық қаһарманы».
Бұл даңғылда АҚШ елшілігі, «Нұр-Орда» қазақ-түрік лицейі орналасқан.

ПРОСПЕКТ РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ
Прежнее название – проспект № 23-22. Начинается с проспекта Бауыржан Момышұлы пересекается с проспектом Тәуелсіздік, М.Жұмабаев, Абылай хан даңғылы, Ш.Құдайбердіұлы, с улицами Қордай, М.Төлебаев. Длина – 7213,4 м.
Рахымжан Қошқарбаев (1924-1988) – советский солдат, водрузивший флаг Победы на Берлинском Рейхстаге, «Народный герой» Казахстана.
На этом проспекте расположены посольство США, казахско-турецкий лицей «Нұр-Орда».

Нұрғиса Тілендиев даңғылы – проспект Нұрғиса Тілендиев

0

НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – Астрахан тас жолы. Баршын, Қарталы, Ақан сері, Ж.Сейдалин, Ш.Бейсекова көшелерін қиып өтіп, Бөгенбай батыр даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 15926,6 м.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) – аса көрнекті композитор, белгілі дирижер, домбырашы. ҚазКСР-нің және КСРО-ның халық әртісі, ҚазАСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық қаһарманы».
Бұл даңғылда «Қамқор» техникалық қызмет көрсету орталығы, «Эталон» құрылыс базары, Қажымұқан атындағы спорт мектебі, Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы орналасқан.

ПРОСПЕКТ НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ
Прежнее название – Астраханская трасса. Пересекается с улицами Баршын, Қарталы, Ақан сері, Ж.Сейдалин, Ш.Бейсекова, заканчивается на проспекте Бөгенбай батыр. Длина – 15926,6 м.
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925-1998) – великий композитор, известный дирижер, домбрист. Народный артист КазССР и СССР, лауреат Государственной премии КазССР, «Народный герой» Республики Казахстан.
На этом проспекте расположены Центр технического обслуживания «Қамқор», строительный рынок «Эталон», спортивная школа имени Қажымұқана, Центр обслуживания населения Сарыаркинского района.

Мағжан Жұмабаев даңғылы – проспект Мағжан Жұмабаев

0

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ДАҢҒЫЛЫ
Абылай хан даңғылынан басталып, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев даңғылдарын, Қажымұқан, Б.Майлин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3197 м.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
М.Жұмабаев тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Ол Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады. М.Жұмабаев «Қазағым», «Мен жастарға сенемін», «Қазақ тілі», «Түркістан» т.б. өлеңдердің және «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты поэмалардың авторы.
Бұл даңғылда Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» орналасқан.

ПРОСПЕКТ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Начинается с проспекта Абылай хан, пересекается с проспектами Б.Момышұлы, Р.Қошкарбаев, улицами Қажымұқан, Б.Майлин. Длина – 3197 м.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – деятель движения «Алаш», поэт, видный представитель казахской литературы. К наиболее популярным произведениям М.Жумабаева относятся стихотворения «Қазағым» («Мои казахи»), «Мен жастарға сенемін» («Я верю молодым»), «Қазақ тілі» («Казахский язык»), «Түркістан» и др., поэмы «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы».
На этом проспекте расположены Евразийский гуманитарный институт, «Дом студентов» Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева.

Қабанбай батыр даңғылы – проспект Қабанбай батыр

0

ҚАБАНБАЙ БАТЫР ДАҢҒЫЛЫ
Қараөткел көпірінен басталып, Сарайшық, Д.Қонаев, Достық, Керей, Жәнібек хандар, Алматы, Т.Рысқұлов көшелерін қиып өтіп, әуежайдың айналма жолында аяқталады. Ұзындығы – 16090 м.
Қабанбай батыр (1692-1770) – қазақ қолын бастаған ержүрек қолбасшы, даңқты батыр. Жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан.
Бұл даңғылда Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургиялық клиникасы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, Қазақстан-Ресей университеті, Астаналық цирк, Салтанат сарайы, «Астана-Арена» стадионы, Велотрек орналасқан.

ПРОСПЕКТ ҚАБАНБАЙ БАТЫР
Начинается с моста Қараөткел, пересекается с улицами Сарайшық, Д.Қонаев, Достық, Керей, Жәнібек хандар, Алматы, Т.Рысқұлов, заканчивается на кольцевой дороге в аэропорт. Длина – 16090 м.
Кабанбай батыр (1692-1770) – известный военачальник казахских войск. Новое имя он получил еще в юности, когда защищая табуны от нападения диких кабанов, проявил бесстрашие и храбрость. В борьбе казахского народа против джунгарского нашествия отличился героическими подвигами и проявил себя как талантливый полководец.
На этом проспекте расположены кардиологическая клиника, национальная компания «ҚазМұнайГаз», Казахско-Российский университет, Астаналық цирк, Салтанат сарайы, стадион «Астана-Арена», Республиканский велотрек.

Жеңіс даңғылы – проспект Жеңіс

0

ЖЕҢІС ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – Победа даңғылы. І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3304,4 м.
Жеңіс – қырғын соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық. Кеңес Одағы 1945 жылы Германия мен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы шығып, жеңіске жетті. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ұлы жеңіс – бүкіл дүниежүзін фашизм езгісінен сақтап қалуымен адамзат үшін маңызды.
Бұл даңғылда ҚР Қаржы министрлігі, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті орналасқан.

ПРОСПЕКТ ЖЕҢІС
Прежнее название – проспект Победы. Пересекается с улицами Кенесары, С.Сейфуллин и с проспектами Абай, Бөгенбай батыр, заканчивается на улице І.Есенберлин. Длина – 3304,4 м.
Жеңіс – Победа, эта улица названа в честь Победы в Великой Отечественной войне. В 1945 году Советский Союз в войне против фашизма одержал великую Победу над Германией и ее союзницами. Великая Победа во Второй мировой войне – спасла все человечество от ига фашизма.
На этом проспекте расположены Министерство финансов РК, Казахский национальный университет исскуств, Агротехнический университет имени С.Сейфуллина.

Бөгенбай батыр даңғылы – проспект Бөгенбай батыр

0

БӨГЕНБАЙ БАТЫР ДАҢҒЫЛЫ
Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3611,7 м.
Бөгенбай батыр (1680-1775) – қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. «Қазақтың қамал-қорғаны» баһадүр Бөгенбай Абылай хан бастаған қазақ халқының ұлт бірлігі жолындағы азаматтық күресінің ұйытқысы болды.
Бұл даңғылда батырдың ескерткіші, «НұрБанк» ғимараты, М.Әуезов атындағы балалар кітапханасы, «Шапағат», «Әлем» сауда орталықтары орналасқан.

ПРОСПЕКТ БӨГЕНБАЙ БАТЫР
Начинается с проспекта Н.Тілендиев, пересекается с проспектами Сарыарқа, Жеңіс, Республика и с улицами Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов. Длина – 3611,7 м.
Бөгенбай батыр (1680-1775) – государственный деятель, известный полководец, герой борьбы за народную независимость. Знаменитый батыр XVII века был военачальником в сражениях против джунгарского нашествия. Все его подвиги в защиту родной земли были совершены во имя национального единства казахского народа, начатым Абылай ханом.
На этом проспекте расположены памятник батыра, «НұрБанк», детская библиотека имени М.Әуезов, торговые центры «Шапағат», «Әлем».

Соңғы жазбалар