Тұран даңғылы – проспект Тұран

0

ТҰРАН ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – Сарыарқа даңғылы. Сарыарқа даңғылынан басталып, әуежайдың айналма жолынан аяқталады. Қорғалжын тасжолы, Сарайшық, Д.Қонаев, Керей, Жәнібек хандар көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 10161,0 м.
Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы. Қазіргі түсінік бойынша Сырдария мен Әмударияның аралығы. Тұранда түркі халықтарының арғы тегінен сыр шертетін «Алып Ер Тұңға» атты дастан дүниеге келген. VІ ғасырдан бастап «Тұран» сөзі түріктер мекендейтін жер, елдің атауы ретінде қолданыла бастаған. «Тұран» сөзі қазіргі кезде түркі халықтарының бірлігі, ынтымағы ретінде кеңінен қолданылады.
Бұл даңғылда «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, «Бақыт» неке сарайы, «Думан» қонақүйі, «Мега», «Сарыарқа» демалыс және сауда орталықтары, «Ана мен бала» медициналық орталығы орналасқан.

ПРОСПЕКТ ТҰРАН
Прежнее название – проспект Сарыарқа. Начинается с проспекта Сарыарқа и заканчивается на кольцевой дороге в аэропорт. Пересекается трассой Қорғалжын, с улицами Сарайшық, Д.Қонаев, Керей, Жәнібек хан. Длина – 10161,0 м.
Тұран – древнее название Туркестанского края. В современном понимании территория Тұран – это географический регион между Сырдарьей и Амударьей. В Тұран проживали древние тюркские народы. Здесь же появилась поэма «Алып Ер Тұңға». С VІ века слово «Тұран» использовалось как название страны, место проживания тюрков. Слово «Тұран», в современном мире, понимается как единство и сплоченность тюркских народов.
На этом проспекте расположены развлекательный центр «Хан Шатыр», Дворец бракосочетания «Бақыт», торгово-развлекательные центры «Мега», «Сарыарқа», медицинский центр «Ана мен бала».