Тәуелсіздік даңғылы – проспект Тәуелсіздік

0

ТӘУЕЛСІЗДІК ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – Манас даңғылы. Ж.Тәшенов көшесінен басталып, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев даңғылын Қажымұқан, Б.Майлин, А.Байтұрсынұлы, Ш.Қалдаяқов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1095,8 м.
Даңғылдың атауы Қазақстанның тәуелсіздігі құрметіне қойылған.
Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуын, сол аумақты басқаратын мемлекет билігінің болуын, елдікті нақыштаған әнұранының, туының және елтаңбаның болуын атауға болады.
Бұл даңғылда Тәуелсіздік алаңы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі, ҚР Ішкі істер министрлігі, «Толқын» спорт кешені, «Отан Ана» монументі орналасқан.

ПРОСПЕКТ ТӘУЕЛСІЗДІК
Прежнее название – проспект Манас. Начинается с улицы Ж.Тәшенов, пересекается с проспектами Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, и с улицами Қажымұқан, Б.Майлин, А.Байтұрсынұлы, Ш.Қалдаяқов. Длина – 1095,8 м.
Проспект назван в честь независимости Казахстана.
Тәуелсіздік (независимость) – свободное ведение государственных и прочих дел страны. Символами независимого государства являются: территория, признанная мировым сообществом, государственая власть, управляемая на этой территории, символы государства – флаг, герб, гимн.
На этом проспекте расположены площадь Тәуелсіздік, Дворец Тәуелсіздік, монумент «Қазақ елі», Министерство внутренних дел РК, спортивный комплекс «Толқын», монумент «Отан Ана».