Мұстафа Шоқай мектебі ардагерлерді ардақтады

0

Астанада Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназия 5 а, 5 б сынып жетекшілері ашық тәрбие сағатын өтті.

1 қазан Халықаралық қарттар күні. Осы күнге орай тәрбие сағатында оқушыларға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектілігі айтылды.

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші, оқушылар ата-әжелеріне арнап, ән шырқады.

Сондай-ақ ардагерлерді ардақтау жас ұрпақтың міндеті.

Көпті көрген қариялардың ақылы оқушыларға қашан да бағдаршам екендігі ақиқат.