Бөгенбай батыр даңғылы – проспект Бөгенбай батыр

0

БӨГЕНБАЙ БАТЫР ДАҢҒЫЛЫ
Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3611,7 м.
Бөгенбай батыр (1680-1775) – қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері. «Қазақтың қамал-қорғаны» баһадүр Бөгенбай Абылай хан бастаған қазақ халқының ұлт бірлігі жолындағы азаматтық күресінің ұйытқысы болды.
Бұл даңғылда батырдың ескерткіші, «НұрБанк» ғимараты, М.Әуезов атындағы балалар кітапханасы, «Шапағат», «Әлем» сауда орталықтары орналасқан.

ПРОСПЕКТ БӨГЕНБАЙ БАТЫР
Начинается с проспекта Н.Тілендиев, пересекается с проспектами Сарыарқа, Жеңіс, Республика и с улицами Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов. Длина – 3611,7 м.
Бөгенбай батыр (1680-1775) – государственный деятель, известный полководец, герой борьбы за народную независимость. Знаменитый батыр XVII века был военачальником в сражениях против джунгарского нашествия. Все его подвиги в защиту родной земли были совершены во имя национального единства казахского народа, начатым Абылай ханом.
На этом проспекте расположены памятник батыра, «НұрБанк», детская библиотека имени М.Әуезов, торговые центры «Шапағат», «Әлем».