Мағжан Жұмабаев даңғылы – проспект Мағжан Жұмабаев

0

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ДАҢҒЫЛЫ
Абылай хан даңғылынан басталып, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев даңғылдарын, Қажымұқан, Б.Майлин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3197 м.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
М.Жұмабаев тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Ол Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады. М.Жұмабаев «Қазағым», «Мен жастарға сенемін», «Қазақ тілі», «Түркістан» т.б. өлеңдердің және «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы» атты поэмалардың авторы.
Бұл даңғылда Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» орналасқан.

ПРОСПЕКТ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Начинается с проспекта Абылай хан, пересекается с проспектами Б.Момышұлы, Р.Қошкарбаев, улицами Қажымұқан, Б.Майлин. Длина – 3197 м.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – деятель движения «Алаш», поэт, видный представитель казахской литературы. К наиболее популярным произведениям М.Жумабаева относятся стихотворения «Қазағым» («Мои казахи»), «Мен жастарға сенемін» («Я верю молодым»), «Қазақ тілі» («Казахский язык»), «Түркістан» и др., поэмы «Батыр Баян», «Қойлыбайдың қобызы».
На этом проспекте расположены Евразийский гуманитарный институт, «Дом студентов» Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева.