Түркітілдес журналистер қоры «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялады

0

Түркітілдес журналистер қоры «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялады, деп хабарлайды Olzha.kz.

Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатыса алады. БАҚ өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталым бойынша тағайындалатын Бас жүлде – 500 000 теңге.

Байқауға қаржы тақырыбындағы, оның ішінде банк саласына қатысты материалдар қабылданады. Материалдар 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 5 шілдесіне дейін жарияланған немесе эфирге шыққан болуы шарт. Оны erkinsoz2021@gmail.com электронды поштасына жолдау керек (Call centre: + 7 775 166 8920).

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясы қабылданған материалдарды іріктеу барысында оның объективтілігіне, журналистің кәсіби шеберлігіне, мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсетуіне, материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдарына, ұсынылған материалдардың қоғамға пайдалылығына назар аударады. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.

«Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауының қорытындысы 2021 жылдың 19 шілдесінде жарияланады.

Толық ақпарат үшін: +7 775 166 8920.

Түркия биыл 32 миллион туристі қабылдамақ

0

«Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасы нәтижесінде Түркия елі 2020 жылдың маусым айынан бастап ел шекарасын ашып, туристер қабылдай бастады. Бұл туралы Түркияның туризмді насихаттау және дамыту  Агенттігінің басқарма мүшесі Еркан Йаккы онлайн режимінде өткен бейне – конференция кезінде айтты. 

Бурса қаласында өткен жиынға    Қазақстан мен Қырғыз елінің  журналистері қатысты. Еркан Йаккы мырза атап өткендей «Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасы 150 критерий мен ережеден тұрады.

«Пандемия кезеңінде туризм саласы үшін дағдарыс болғаны жасырын емес. Шекаралар жабылып, әуе рейстері тоқтатылып, қонақүйлер  жұмысы тұралап қалған кезде біздің Туризм министрлігі кәсіпкерлерге қолдау көрсетті. Біз болашаққа үмітпен қарадық. 2020 жылдың маусым айынан бастап біз «Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасын әзірлеп, оны қонақүйлерге беріп, сол бағдарлама бойынша елде туристер мен қонақтарды қабылдай бастадық.  «Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасында 150 критерий  көрсетілген. Ай сайын осы қауіпсіздік сертификатын алған қонақүйлер мен мейрамханаларды бақылап, тексеріп отырамыз. Басты 3 ереже бар: ол — маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық  пен тазалық сақтау», — деді Еркан Йаккы. 

Түркияның туризмді насихаттау және дамыту Агенттігінің басқарма мүшесі Еркан Йаккының сөзінше жаңа жағдайға бейімделіп, білім беру де бірінші кезекте тұрған мәселелердің бірі болды.

«Алдымен біз қонақүйлер мен мейрамханалар қызметкерлеріне  пандемия кезіндегі ерекше тазалық сақтау жолдарын үйреттік. Тағы айта кетерлігі, елдегі қонақүйлердің бөлмелер саны 30-дан асса, олар «Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасын алып, ондағы талаптарды ұстануға міндетті. Бұл барлық қала, аймақ, аудандарға қойылатын ортақ талап. Әр шағын аудан мен қалада осы ережелердің сақталуын қадағалайтын  инспекторлар бар. Түркия 2020 жылы 16 миллион туристі қабылдаған жалғыз мемлекет. Биыл біз осы көрсеткішті көбейтіп, 32 миллион  турист қабылдаймыз деген ойдамыз.  Осы тұста вакцина егу жұмысы да өте маңызды. Біз туризм саласында жұмыс істеп, көпшілікпен   байланысқа түсетін қызметкерлерге вакцина егу жұмыстарын бастадық. Вакцина егу мен «Қауіпсіз туризм  сертификаты» бағдарламасы арқылы туризм саласы жанданады деп ойлаймын. Түркия — туризм саласында жетістікке жеткен  елдердің бірі деп толық айта аламын», — деді Түркияның туризмді насихаттау және дамыту Агенттігінің басқарма мүшесі Еркан Йаккы.

Жиында айтылғандай пандемия кезінде Түркияға келген демалушыларға айыппұл салынған емес. Маска тақпай немесе әлеуметтік ара қашықтық сақтамағандарға тек ескерту жасалады. Қонақүй қызметкерлері туристтің маскасыз жүргенін байқап қалса, ескерту жасап қана қоймай, мейманға маска ұсынады. 

Айта кетейік, 2019 жылы Түркия 50 миллион турист қабылдаса, пандемия кесірінен 2020 жылы олардың саны 16 миллион болды. Пандемия кезеңінде бүкіл әлем елдері 74% турист жоғалтты. Ал, Түркия елінде шығын әлдеқайда аздау болды, яғни басқа мемлекеттерге қарағанда жыл  табысты аяқталды. 2023 жылы    құрылғанына 100 жыл толатын Түркия туризм саласын дамыту үшін ауқымды жоспар әзірлемек.  

Бурса қаласында онлайн режимінде  өткен бейне – конференцияға қатысқан қазақ және қырғыз елінің журналистері Түркияның туризм министрлігі ұйымдастырған «Стамбұл — Бұрса» бағдарламасының нәтижесінде Стамбұл, Бұрса, Изник, Гөлйазы қалаларында, Жұмалықызық ауылында, Ұлыдағ (Ұлытау) тау-шаңғы курортында болып, сол елді мекендердегі тарихи-мәдени жерлерімен танысты. Қазақ  делегациясын Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастап барды.  «Стамбұл — Бұрса» жобасын үйлестірген Түркияның туризмді насихаттау және дамыту Агенттігі (TGA). Агенттік ел экономикасына  туристік инвестицияларды көбейтіп,  ішкі және халықаралық туризм нарығында қызмет көрсету сапасын жоғарлатумен айналысады.   Ведомства Түркияның туристік әлеуетінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, маркетингтік  байланыстарды дамытуда бренд саналады. Түркияның туризмді насихаттау және дамыту Агенттігі (TGA) мемлекеттің мәдениет және туризм министрлігінің саясаты мен стратегиясы аясында, туризм саласын дамыту мақсатында барлық жарнамалық, маркетингтік, коммуникациялық шаралар атқарады. 

«Қауіпсіз туризм сертификаты» бағдарламасы 2020 жылы саланың негізгі секторларымен ақылдасып, қабылданған. Оның ауқымы кең. Бағдарлама туристер мен жергілікті тұрғындардың денсаулығын, әл-ауқатын сақтау мақсатында бір- бірімен тығыз байланысқан бірнеше органдардың жұмысын айқындайды.  Тізімде азық-түлік пен сусындар өндіретін кәсіпорындар, көлік пен қонақүй бизнесі қамтылған.

Ләззат Ноғайбай

Түркиядағы қауіпсіз туризм

0

Түркияда туризм саласына қатысы бар барлық қызметкерге COVID-19 вирусына қарсы екпе егу шарасы басталды, деп хабарлайды Qainar.kz.

Аталған науқанға «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасы шеңберінде Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркия Туризмді жетілдіру және дамыту агенттігі (TGA) жауапты. Басты мақсат – алдағы туризм маусымында туризм саласында қымет көрсететін мамандар мен олардың туғандарын, туристер көп шоғырланатын аймақтардағы тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету.

«Қауіпсіз туризм бағдарламасын сертификаттау» жобасы қолға алынған 2020 жылдың маусымынан бері Түркия денсаулық пен қауіпсіздікке қатысты барлық ережелерді қатаң сақтайды. Туризм маусымы ашылар алдында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елдегі туристік нысандар жыл он екі ай бойы ашық болуы үшін туризм саласындағы барлық азаматқа екпе егуді көздеп отыр.

Аталған бағдарлама Түркия Денсаулық сақтау министрлігі мен Түркия Еңбек министрлігінің қатаң қадағалауы арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасына тіркелген барлық қонақүйлер, мейрамханалар, туристік агенттік қызметкерлері, гидтер қамтылады.

COVID-19 індетіне қарсы күресте Түркия «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасын қабылдауды елдегі 30 және одан да көп бөлмесі бар ғимараттарға міндеттеді. Бүгінде осы бағдарлама бойынша 8 мыңнан астам нысан сертификатталған.

Түріктер мемлекетіндегі аса маңызды орынға ие туризм саласын қалпына келтіру V түрінде жоспарланып отырғандықтан, ең бірінші кезекте туризм саласындағы адамдарды індеттен аман сақтауға көңіл аударылып отыр. Осының арқасында Түркиядағы барлық туристер мен саяхатшылардың да денсаулығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Түркия туралы

Жерорта теңізінің жиегінде орналасқан, Азия мен Еуропа құрлығын жалғастырған, Босфор бұғазы мен тарихи жәдігер, ескерткіштерімен әлемге танылған Түркияға былтыр 50 млн-нан астам турист барған. Тарихымен, мәдени-рухани өркениетімен ерекшеленетін Түркия туралы  www.goturkiye.com арқылы толық ақпарат алуға болады.

Туризмді насихаттау және дамыту агенттігі туралы (TGA)

Аталған Агенттік ел экономикасына салынатын туристік инвестициялар көлемінің артуына сеп болды. Сондай-ақ, Агенттік ішкі және халықаралық туризмді дамыту, материалдық, материалдық емес табиғи, мәдени, биологиялық және қолөнершілер мұрасы, туризм саласындағы қысқамерзімдік-ұзақмерзімдік маркетинг т.б. айналысады.

Стамбұлдағы «Атлас» тарихи кинотеатры күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

0

Стамбұлдағы Истиклял даңғылында орналасқан «Атлас» тарихи кинотеатры 2019-2020 жж. аралығында қайта жөндеуден өткеннен кейін көрерменге есігін ашты, деп хабарлайды Qainar.kz.

Ашылу салтанатына Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен бірге кілемге танымал режиссер Гай Ричи, актерлар Джейсон Стетхэм, Джош Гарнетт, Джеки Эйнсли, қазір Гай Ричи Антальяда түсіріп жатқан «Бес көз» жаңа фильміне түсіп жатқан актерлар мен актрисалар қатысты.

Іргетасы 1948 жылы қаланған кинотеатрда 483 орын, 13 және 7 метрлік сахна бар. Аталған нысанның ішінде 8 мыңнан астам түрік фильмінің материалдары, әлемдік және түрік кинематографиясы тарихындағы естеліктер, марапаттар қойылған Кинематограф музейі орналасқан.

Кинотеатр мен музей орналасқан ғимарат 1870 жылы Абдул-Азиз сұлтан билігі кезінде салынған. Неоклассика, стиліндегі нысан мәрмәр тастармен, түрлі құрылыс материалдарымен декорацияланған. Таксим алаңы мен Йешилчам көшелерінің қиылысындағы кинотеатр Бейоғлұ ауданындағы Beyoğlu Culture Road тарихи көшесінің ажырамас бір бөлігі іспетті.

Halyk Bank пен ХАТУ IT-мамандарды даярлаудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды

0

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (“ХАТУ” АҚ) Halyk Academy қоғамдық жобасы бойынша алғашқы зертхананың ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Qainar.kz.

Бизнесті цифрландыру серпілісі Қазақстан үшін білікті мамандардың тапшылығын туғызды. Сондықтан Halyk Bank және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (“ХАТУ” АҚ) Орталық Азияның ірі банкінің талаптарына сәйкес келетін бейіндік бос орындарға, сондайақ қажетті стэк технологияларға мамандарды даярлау бойынша бірлескен жобаны қолға алды.          

“Бұл алғашқы ауқымды және өте маңызды қоғамдық жоба. Біз жобаның балашағы мен тиімділігіне үміт артамыз. Болашақ мамандарды даярлау деңгейін арттыруға бағытталған, материалдық-техникалық базаны дамытуға белгілі бір үлес қосады, студенттерге озық банктік технологиялармен жұмыс істеу кезінде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Halyk Academy қабырғасында студенттік стартаптар енді ауқымды жобаларға айналатынына сенеміз. Ал біздің бағдарламамыз студенттерді банк индустриясында IT-әзірлеуші маманы болуға ынталандырады“, — дейді Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин

Университетте Halyk Academy зертханасы ұйымдастырылды, оның негізінде банктік технологиялардың негізгі стэк орналастырылды. Halyk Bank негізгі платформалары – Homebank, Onlinebank, Camunda BPM әзірлеу құралдарына, бағдарламалау тілдеріне, шеңберлеріне қолжетімділікті ұсынды және студенттерге ыңғайлы болу үшін коворкинг зертханасының аймағы заманауи дизайнмен жасалды

Нұрлан Жәнібек, Microsoft корпорациясының Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы: “Бұл Halyk Bank, ХАТУ университеті және Microsoft ынтымақтастығы сын-тегеурінге дайын банк пен нарық үшін сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған мамандарды даярлайды. Жоғары оқу орнының әрбір студентіне және банкке жаңа биіктерге жетуге көмектесетін бірегей және болашағы бар жоба іске қосылды“.

Келесі оқу жылының басталуымен Halyk Bank және ХАТУ оқу бағдарламасы тректерінің бірлескен әзірлеушісі болады. Қазірдің өзінде оқу бағдарламасына трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген. Halyk Bank технологиялар стегіне Microsoft-тың Azure Lab Services бұлтты сервисін қолдану қамтамасыз етіледі. Студенттер нақты ортаға бейімделе отырып, дипломдық жұмыстарды дайындау кезінде Research&Development үшін банктік кейстер мен жобалар және бизнес бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Атаулы жоба Қазақстанда жоғары білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді және болашақта талантты жастарды Орталық Азияның ірі қаржы институты – Halyk Bankте тағылымдамадан өту қамтамасыз етіледіБанкте бірнеше жылдан бері HalykStart тағылымдама бағдарламасы табысты жұмыс істеп келе жатқанын естеріңізге саламыз.

Halyk Bank Алматыдағы 71 үйге табиғи газды тегін қосып берді

0

Пеш жағып, көмірмен үйді жылытып отырған алматылық тұрғындардың уайымы бір — қып-қызыл ақшаға тонналап көмір түсіру. Көмір алуға қажет ақшадан бөлек, пеш жағу кезіндегі машақатты айтсаңызшы. Үйдің ішінде орнатылған пеш түтіндеп, қақаған аязда есік-терезені ашып желдететін кездер де жоқ емес. Ал түтіндеп жанған пеш адам өмірі үшін қауіпті екені айтпаса да түсінікті.

Halyk Bank және Алматы қаласының әкімдігі бірегей әлеуметтік бағдарлама әзірледі. Жобаның мақсаты бірінші кезекте тұрғын үйді газдандыруға мұқтаж, алайда қаржылық мүмкіндігі жоқ халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарды қолдау болса, екінші кезекте Алматы қаласы ауа бассейнінің жағдайын жақсарту. Осылайша Halyk Bank қайырымдылық көмек ретінде Алматыдағы 71 ошақты газбен қамтыса, енді тағы 21 үйге тегін газ қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта Алатау ауданының тұрғыны Жаңабай Қыпшақбаев «1989 жылы көшіп келгелі бері пеш жағып отырмыз» дейді.  Бұл отбасы жылына 8 тоннаға жуық көмір жағады екен:

«4 балам бар. Үйде сегіз адам тұрамыз. 2009 жылдан бері мүгедек болып қалдым. Көзім көрмейді. 1 топтағы мүгедекпін. Halyk Bank-ке алғысым шексіз. Барлық жұмысты тегін атқарды.  Қыс түскенде далаға шығып, көмірім жете ме, жетпей ме, не істесек болады деп ойланып жүр едім. Бұл бір тосынсый болды», — дейді.

Алматыда газ жүйесіне қосылуға мұқтаж үйлердің көбі қаланың Алатау және Наурызбай ауданында орналасқан. Кезекті тегін газды қостыртып, жылы үйде отырған Г.Кашиева ханым да осы Алатау ауданының тұрғыны.

«6 балам бар. Көпбалалы аналардың жағдайын ойлап, бізге осылай көмектесіп жатқаны үшін Халық банкіне рақметімді айтамын. Барлықтарыңыз бақытты болыңыздар. 1997 жылдан бері от жағамыз. Бұрын көмірді де, отынды да сатып алатынбыз. 6 баламыз бар, ал үйде бір адам ғана жұмыс істейді. Сондықтан газды орнатуға жағдайымыз жетпеді.  Халық банкі көмектесіп жатыр дегенді естіп, қуандық. Банкке деген күмәніміз болған жоқ. Өйткені, сенімді банк қой», – дейді көпбалалы ана Г.Кашиева.

Атаулы жоба 25 жылдан астам уақыт пеш жағып отырған Жұмабаевтар отбасын да қуантты. Өкінішке қарай отағасы және бір ұлы бірінші топ мүгедегі екен. Қаржылай мүмкіндік болмаған соң тіпті үйге газ тартуды ойламадық та дейді:

«Біздің үйге жаңа жыл қарсаңында газ қосты. Жылдың басын осындай тамаша жаңалықпен бастадық. Қазір үй жып-жылы, қолымыз таза. Бұрын от жағамыз деп қолымыз күйе-күйе болып жүруші еді», – деп Жанар ханым өткен уақытты күлімсіреп еске алды.

Қазақстанда 13 мыңнан астам медицина қызметкері «Спутник V» вакцинасын салдырды

0

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасуда. 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 медицина қызметкері екпе алды, бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Qainar.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 1 ақпаннан Қазақстан Республикасында Ресейде шығарылған «Гам-Ковид-ВАК» (Спутник V) вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялау басталды. Вакцинация барлық өңірде жүруде, 778 егу пункті ашылды, олардың 166-сы қазір іске қосылды, барлығы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.
«Бүгінгі күні 13 301 адам егілді. Вакцинацияны бірінші болып инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері алады. Одан кейін қатарға педагог, күш құрылымдарының қызметкерлері қосылады», – деді А.Цой.
Вакцинацияның қорғау әсері бірінші дозадан соң 12-14 күннен кейін байқалады, бірақ толық иммунитет қалыптасу үшін екі доза қажет, екпені араға 21 күн салып қайталау ұсынылады. Толық курстан кейін 1,5 ай ішінде организмде иммундық реакция пайда болады, осыған байланысты егілген адамдар профилактика шараларын сақтауы қажет.
«Вакцинациялау жоспары бірнеше рет айтылды. Қазақстанда Қарағанды фармацевтикалық кешені шығаратын «Спутник V» вакцинасын жеткізу және пайдалану жоспарлануда. Қазірдің өзінде 90 мың доза көлемінде бірінші партияның өндірісі басталды, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына және одан әрі өңірлерге ақпан айының соңына қарай жөнелтіледі. Шілде айына дейін өндіріс көлемі 2 млн дозаға жетеді», – деді министр.

Ұйғыр ауданында туризмді дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда

0

Ұйғыр ауданында көз сүйсінетін, табиғаты таңғажайып керемет жерлер жетерлік. Өңірде туризм саласын дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Qainar.kz.
Аудан бюджетіне туризмнен түсетін қаражаттың басым бөлігі табиғи ескерткіштер мен ыстық су көздеріндегі нысандарға келетін ішкі саяхатшылар болып табылады. «Арасан» табиғи минералды су көздеріндегі туризм инфрақұрылымы қарқынды дамып, демалыс орындары жыл санап артуда.
Мәселен, өткен жылы ауданға 62 мың 500 турист келген. Қонақтарға 310 млн 500 мың теңгеге қызмет көрсетілді.


Шипалы ыстық су көздеріндегі емдеу орындарында туристерді қабылдауға арналған 2-3-4 орынды және люкс бөлмелері, суға түсу ванналары, ашық және жабық бассейіндер, тамақтану орындары қарастырылған. Геотермал сулардың емдеу-сауықтыру қасиеттері де бар. Жер асты термальды сулары маусымдық туризмді дамытудың жаңа мүмкіндігі. Бұл жерде жер астынан шыққан минералды суда қоңыр күзден жаз шыққанша шомылуға болады. Ағзаға да, бұлшық ет пен сіңірді қыздыруға да пайдалы. Ыстық судың ырысын көріп, тыныққандардың басым бөлігі шетел асып, қаржыны сыртқа шашқанша өз елімізде демалып, мемлекетіміздің экономикасын нығайтқан әлдеқайда артық екенін айтады. Сондай-ақ мұндағы демалыс орындары жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. Алдағы уақытта Ұйғыр ауданында тағы да бірнеше ірі қонақ үй мен демалыс орындары қолданысқа беріледі деп күтілуде.


2021 жылғы көрсеткіш бойынша туристік нысандар саны 53 демалыс орнына жеткен.
Сонымен қатар, «Шарын шатқалы», «Ерен тоғай» туристік нысандарында туристерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Аудандағы туризм жөніндегі мәселелердің ұйытқысы болып отырған Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Парк құрамына Шарын шатқалы, Қамалдар мен аңғарлар, Үлкен Бұғыты тауы және Сарытоғай, Ерен тоғайы кіреді. Мекеменің негізгі міндеттері табиғи кешендерді қорғау, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру, ғылыми жұмыстарды жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, экологиялық туризмді, шектелген шаруашылық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
Парк аумағында жалпы қашықтығы 49 шақырымды 4 туристік маршрут жасалынған.
Олар: 1. Шарын шатқалы, Бейіттер мен қорғандар; 2. Ерен тоғай; 3. «ЭКО Парк Тур» — Шарын шатқалы,«Подгорный» балалар лагері және арасан. Бұл маршруттарда 2-көру алаңы, 1-түсу орны, 1-автотұрақ жасалынып, 52 орындық киіз үй, 3 қонақ үй жұмыс істеуде.
Туристерді — жасы 5 млн жылдан асқан, палеоген дәуірінен сақталып қалған, соғды ерені табиғи ескерткішімен таныстырады. Туристер Шарын ерен тоғайы арасында 7 адамның құшағы әрең жететін алып, ақсақал ағаштары бар, әлемде екі-ақ жерде кездесетін ереннің табиғи өскен ортасын көре алады.
Аудандағы көрікті жерлер бүгінде ірі туристік мекендерге айналып, туризм саласындағы бәсекелестік пен сапалық көрсеткіштер едәуір артуда.

Halyk Bank біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінімдер қабылдауды бастады

0

Halyk Bank тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуға өтінімдер қабылдауды бастадыӨтінімді үйден шықпай-ақHalyk (Homebankмобильді қосымшасында онлайн беруге болады, деп хабарлайды Qainar.kz.

Halyk Homebank қосымшасына өтінім берер алдында өтініш беруші enpf.kz немесе egov.kz  сайттарында пайдалану үшін қолжетімді БЗТ нақты сомасын нақтылауы қажет.

Одан кейін ғана – БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді Halyk (Homebank) қосымшасында онлайн беруге болады.

БЗТ алуға өтінімді қалай беру қажет?

1. Halyk (Homebank) қосымшасын Android және iOS смартфондарына арналған соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет;
2. Halyk (Homebank) қосымшасын ашып, бас экранда «БЗЖҚ төлемдерін» таңдау керек;
3. БЗТ алуға өтінімді толтырып, «Ресімдеу» батырмасын басу қажет;
4. Құжаттармен танысып, ЭЦҚ арқылы қол қою;
5. БЗТ-ға арналған арнайы шот болмаған жағдайда, ол автоматты түрде ашылады;
6. Өтінім жасалды және Банк оны қабылдады.

Halyk (Homebank) қосымшасында тіркелмеген клиенттерге Android немесе iOS смартфондарына арналған қосымшаны жүктепқосымшада тіркелу қажет, ал ары қарай жоғарыда берілген нұсқаулықты орындау керек.

БЗЖҚ өтінімді 5 жұмыс күнінен дейін қарайдыодан кейін клиентке SMSхабарлама түрінде жауап жіберіледіАры қарай Банк біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша БЗТ сомалары есепке жатқызылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде клиенттің арнайы шотына аударады. Егер ақша 3 күннің ішінде таңдалған мақсатқа пайдаланылмаған болса, онда ол БЗЖҚ-ға қайтарыладыБанк БЗТ-ны аударуға байланысты ешқандай комиссия есептемейді.

Айта кетейікбұдан бұрын Банк БЗТ-ны Halyk Bank арқылы қолдануға болатын үш негізгі мақсаты туралы хабарладыОл мақсаттарға:

• тұрғын үй сатып алуға және (немесебір шарт шеңберінде жөндеу жасаумен түрғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна енгізу;
• тұрғын үй сатып алуға және (немесебір шарт шеңберінде жөндеу жасаумен түрғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толығымен өтеу;
• ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру жатады.

Құжаттардың толық тізімімен және оларды ұсыну тәртібімен:

• Halyk (Homebank) қосымшасында басты беттің «Инфо» бөлімінде;
• halykbank.kz сайтында Halyk Info бөлімінде танысуға болады.

Halyk Bank  тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордан (БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдерді (БЗТ) нысаналы мақсатына сай пайдалану бойынша уәкілетті оператор.

4 ақпан – Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні

0

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Біздің мақсатымыз – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа оқиғалар тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңға жуық қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады.

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыр болып табылады.

Қазақстанда жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ГОБМП) кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған.

Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы статистика

2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісіктермен (ҚТ) ауыру 173,5-ті құрады. Абсолютті түрде 32 526 жаңа жағдай анықталды. Сырқаттанушылықтың төмендеуі 11,4% құрады.

2020 жылы онкологиялық науқастар контингенті 190 159 науқасты құрады (2019 жылы – 186 326 пациент).

Онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі (13,2%); екінші орында – өкпе қатерлі ісігі (10,4%), үшінші орында колоректальды қатерлі ісік (9,6%) тұр.

Ауырғандардың жас құрылымында 56,0% – еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінің деректері бойынша 2020 жылы ҚІ-дан болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 75,5 құрады, бұл 14 150 жағдай. Өлім деңгейінің төмендеуі 0,7% құрады.

Өлім-жітім құрылымында бірінші орында – өкпе қатерлі ісігі (16,4%), екінші орында – асқазан қатерлі ісігі (11,5%), үшінші орында — колоректальды қатерлі ісік (10,7%) және сүт безі қатерлі ісігі (7,8%) тұр.

2020 жылы 0-I сатыдағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау жаңа ҚІ жағдайларының жалпы құрылымында 25,5%-ды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша бес жылдық өмір сүру деңгейі 54,0% құрады (2019 жылы – 52,5%).

Ересек тұрғындарға онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазОжРҒЗИ), «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» АҚ (ҰҒОО), өңірлерде 15 онкологиялық диспансер/Орталық, 5 онкологиялық бөлімше және 452 онкологиялық кабинет жүзеге асырады.

Соңғы жазбалар