Бауыржан Момышұлы даңғылы – Проспект Бауыржан Момышұлы

0

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – 13-магистраль. Сарайшық көшесінен басталып, Абылай хан даңғылында аяқталады. Тәуелсіздік, М.Жұмабаев даңғылдарын және Қ.Сәтбаев, Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3958,7 м.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның «Халық қаһарманы». Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
Бұл даңғылда батырдың ескерткіші, «Жерұйық» демалыс паркі, «Тұран» мейрамхана кешені, «Меруерт», «Прага» бизнес орталықтары орналасқан.

ПРОСПЕКТ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ
Прежнее название – 13-магистраль. Начинается с улицы Сарайшық и заканчивается на проспекте Абылай хан. Пересекается с улицами Қ.Сәтбаев, Сырымбет, Қордай, М.Төлебаев и с проспектами М.Жұмабаев, Тәуелсіздік. Длина – 3958,7 м.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – великий полководец, писатель, Герой Советского Союза, «Народный герой» Республики Казахстан. Б.Момышұлы в 1932 году служил в рядах Вооруженных сил, там он обучился стрелковому мастерству. В 1941 году с началом Великой Отечественной войны отправился на фронт в составе 316 стрелковой дивизии, образованной в Алматы под руководством генерал-майора И.Панфилова. Был командиром батальона и полка, в конце войны возглавлял гвардейскую дивизию.
На этом проспекте расположены памятник герою, парк отдыха «Жерұйық», ресторанный комплекс «Тұран», бизнес центр «Меруерт», «Прага».

Абылай хан даңғылы – Проспект Абылай хан

0

АБЫЛАЙ ХАН ДАҢҒЫЛЫ
Кенесары көшесінен басталып, Қарағанды-Астана тасжолына дейін жалғаcады. Ол М.Жұмабаев даңғылын, І.Жансүгірұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4928,1 м.
Абылай (Әбілмансұр) хан (1711-1781) – қазақтың даңқты ханы, қолбасшы. Атасының аруағын шақырып, жауға «Абылайлап» шапқан Әбілмансұрдың есімі содан бастап «Абылай» атанады. Осылайша Абылай хан қазақ халқының жадында қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, майталман мәмілегер ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздіктің нышанына, жауынгерлік ұранға айналды. Абылай хан көреген саясаткер ретінде Ресей империясымен де, Қытаймен де тіл табысып қазақ жерінің тұтастығын сақтауға зор үлес қосты.
Бұл даңғылда «Мирас» мектебі, ҚР Ұлттық ұланы, Ұлттық ғылыми медицина орталығы, «Әділ», «Гүлжан» сауда үйлері орналасқан.

ПРОСПЕКТ АБЫЛАЙ ХАН
Начинается с улицы Кенесары и протягивается до трассы Қарағанды-Астана. Пересекается с улицами І.Жансүгірұлы, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин и с проспектом М.Жұмабаев. Длина – 4928,1 м.
Абылай (Әбілмансұр) хан (1711-1781) – выдающийся казахский хан, великий полководец. В военных сражениях Әбілмансұр всегда выступал с боевым кличем «Абылай». С тех пор его нарекли именем Абылай. Абылай – последние 15 лет жизни вел постоянную борьбу против среднеазиатских ханств. Свою политику вел в соответствии с геополитический положением Казахского государства, находящегося между двумя империями – Россией и Китаем. В целях объединения мусульманских стран Абылай начал переговоры с правителем Афганистана Ахмат-шахом Дуррани. Абылай известен также как талантливый кюйши, который хорошо знал и любил фольклор казахского народа.
На этом проспекте расположены школа «Мирас», Национальная гвардия РК, Национальный научный медицинский центр, торговые дома «Әділ», «Гүлжан».

Абай даңғылы – Проспект Абай

0

Qainar.info Астана көшелерінен мәліметтер беріп отырады. Жинақты құрастырған Е.Тілешов, О.Сүлейменов.
К.Күмісбеков көшесінен басталып, А.Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5280 м.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақтың данышпан ақыны, ойшылы. Қазақтың мәдени-рухани байлығын бала кезінен бастап бойына сіңірген Абай қазақ әдебиетіне жаңа идеялық, көркемдік үлгілер әкелді.
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және діни көзқарастары терең көрінген еңбегі – оның қара сөздері. Ұлы ойшыл қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана емес, оның тереңдігіне, логикалық мәніне назар аударған.
Абай – қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы қазақ тарихындағы ең ойшыл, ұлы тұлға.
Бұл даңғылда ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақынның ескерткіші, «Наурыз» алаңы, Суретшілер одағы, «Рамада» қонақүйі, «Жаннұр» сауда үйі орналасқан.

ПРОСПЕКТ АБАЙ
Начинается с улицы К.Күмісбеков и протягивается до улицы А.Пушкина. Пересекается с проспектами Сарыарқа, Жеңіс, Республики и с улицами Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, Ш.Уәлиханов. Длина – 5280 м.
Абай Кұнанбайұлы (1845-1904) – гениальный казахский поэт, мыслитель. Философские, художественные, социальные, гуманистические и религиозные мировоззрения Абая ярко отразились в его творении – «Слова–назидания». Великий мыслитель уделил большое внимание не только красоте звучания художественного слова, но и ее глубокому логическому смыслу. Наследие Абая оказало огромное влияние на развитие казахской культуры и литературного языка. Его произведения были переведены на многие языки и стали достоянием мировой литературы.
Абай – главная личность не только казахской литературы, но и всей национальной истории.
На этом проспекте расположены агентство государственной службы РК, акимат города Астаны, памятник поэту, площадь «Наурыз», Союз художников, гостиница «Рамада», торговый дом «Жаннұр».

Атырауда наразы балықшыларға жаңа өзгерістер түсіндірілді

0

13 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да Атырау қаласы Дамба ауылдық округі әкімдігіне 40 шақты жергілікті балықшы жиналып, қойылмалы торларды қолдануға салынатын тыйымға қатысты наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Qainar.info.
Осыған орай, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы және Дамба ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзуллин түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәселенің мәнісін айтты.
Сонымен қатар, аталған проблеманы шешу үшін балықшылар арасында бастамашыл топ құру жөнінде шешім қабылданды (әр кооперативтен 2 адамнан).
Сондай-ақ, аталған дерек бойынша Атырау облысының Балық шаруашылығы басқармасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне тұрғындардың наразылығы көрсетілген хат жолдамақ.
Естеріңізге сала кетейік, аталған өзгеріс еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 ЖЫЛҒЫ 3 ТАМЫЗДАҒЫ №30-4-8/77 БҰЙРЫҚПЕН бекітіліп отыр.
Атап айтқанда, 17 тамыздан бастап Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында қойылмалы торларды қолдану арқылы жыл бойы балық аулауға енді заңды тұрғыда тыйым салынбақ.

Каспий теңізінде қойылмалы торлармен балық аулауға тыйым салынады

0

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында қойылмалы торларды қолдану арқылы жыл бойы балық аулауға енді заңды тұрғыда тыйым салынады. Бұл туралы Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qainar.info.
Мұндай өзгеріс биыл 17 тамыздан бастап енгізілмек.
Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, қазір Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде қойылмалы торлар көбірек қолданылатыны анықталып отыр. Ал бұл өз кезегінде жыл сайын су астындағы тіршілік иелеріне, әсіресе, ерекше қорғалатын бекіре балықтары мен итбалықтардың көбеюіне теріс әсерін тигізіп отыр.

– Атырау облысының акваториясында су кеңістігін пайдалану ережесі (Жайық өзенінің сағасынан солға және оңға – 50 шақырым және 3 метр тереңдікке дейін) толық сақталмайды. Жанар-жағармай мен уақытты үнемдеу үшін немесе тиісті материалдық-техникалық базаның жоқтығынан балықшылар ережеде көрсетілгендей Жайық өзенінің сағасынан 50 км қашықтықта жүрмейді. Олар тікелей тыйым салынған аймақта тор құрады. Нәтижесінде, уылдырық шашуға немесе қыстау үшін өзенге кіретін су маржандары торға түсіп жатады. Міне, соның салдарынан соңғы жылдары Жайық өңіріне қоныс аударатын жартылай өтпелі балық саны айтарлықтай азайып отыр, – дейді басқарма басшысы.

Солтүстік Каспийдің таяз суларында торларға бекіре тұқымдас балық шабақтары түседі. Себебі, олар үшін таяз жерде азық көп. Әйтсе де, тамақтануға келген бағалы балықтар балықшылардың тұзағына түсіп, өліп жатады. Міне, сондықтан да, өткен ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары Каспий теңізінде балық аулауға мүлде тыйым салынған болатын.
Айта кетейік, аталған өзгеріс еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 3 тамыздағы № 30-4-8/77 бұйрықпен бекітіліп отыр. Ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 тамызда №23849 болып тіркелген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ,
Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз өкілі

Журналистер “Шеврон»-ның әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесті

0

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен отандық БАҚ өкілдері “Шеврон” компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Qainar.info.

Аталған шара Түркітілдес журналистер қоры мен “Шеврон” компаниясының серіктестігінде жүріп жатқан “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбындағы вебинарлар сериясы шеңберінде өтті.

Вебинарда «Заң талабы» құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Жанұя» отбасы институты қоғамдық бірлестігі, медициналық республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері атқарылып жатқан жұмыстарының барысын айтты.

Сондай-ақ жасөспірімдердің суицидке баруы, агрессорлардың зорлық-зомбылығына ұшыраған жандарға қол ұшын созу, отбасы институтының қоғамдағы рөлі, тұрғындардың психологтарға жүгіну әдебін қалыптастыру, балалар психологтарының рөлін арттыру, коронавирус пандемиясымен күресу аясында медицина саласында волонтерліктің дамуы және қоғамдағы тағы басқа қазіргі таңдағы келелі мәселелерге тоқталды.

Журналистер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Антальяға барсаңыз The Land of Legends орталығына соғыңыз

0

Туризмнен жылына 60 млрд табыс табатын Түркия елінің бұл жетістікпен тоқтап қалғысы келмейтіні анық байқалады. Өйткені теңіз, жағалау, пальма мен қонақүйлердегі керемет қызмет көрсету сапасынан бөлек архитектурасы ерекше, өткен ғасырдан сыр шертетін ескі қалалары да, заманауи танымыңды арттыратын демалыс орындары да жетерлік екен. Солардың бірі — The Land of Legends орталығы. Бір шеті балалармен қоса ересектерді де зеріктірмейтін саябақ болса, екінші бөлігінде әлемнің брендтерінің түйіскен жері ірі сауда орталықтары орналасқан.
Орасан үлкен аумақты алып жатқан The Land of Legends орталығына бір кірген адам бір күнін арнайтындай көретін кереметтері өте көп. Антальяның Белек ауданында салынып, пайдалануға берілгеніне үш жылдан асқан The Land of Legends орталығына келушілердің де қатары өте көп екен. Соған қарамастан санитарлық, дизенфекциялық жұмыстар өте жақсы сақталған.
Парктың бір бөлігі түрлі әлемдік брендті киімдер дүкеніне, қонақүй мен мейрамханаларға арналса, қалған бөлігі балаларға арналған ірі шоу бағдарламасы бар, аттракционды орталыққа арналған. Ертегі әлеміне енгендей әсер беретін бұл орталықты тек көзбен көру керек. Екі мың жыл бұрын сәулетті қала тұрғыза білген түрік ұрпағының бүгінгі күні одан кем құрылыс салуға тиіс емес екенін еріксіз мойындайсың…

Түркия туристерге есігін айқара ашты

0

Әлемді жайлаған пандемиялық ахуал Түркия туризмінің аяғын тұсаулағандай болғаны рас. Алайда 1 шілдеден бастап түрік ағайындар жан жақтан ағылатын туристерге есігін айқара ашты, деп хабарлайды Qainar.info.
Тарихы бай ескі қалалар, асханасы алуан түрлі түрік тағамдары, әдемі жағалау, тұзды теңіз сол елдегі демалысты естен кетпестей есте қалдыратыны сөзсіз.
Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен, GoTurkiye туризмді дамыту және ілгерілету агенттігінің ұйымдастыруымен Анталья қаласында журналистер мен блоггерлердің басын қосқан бес күндік саяхат көңілде – Түркия мен туризм егіз ұғымдай әсер қалдырғаны да рас. Екі мың жылдық тарихы бар, әлі күнге жұрнағы сақталып қалған ескі қалаларымен туристерді еріксіз арбайтыны бөлек тақырып. Курортты қалаларындағы жоғары қызмет көрсету үлгісі, әлемдегі пандемиялық жағдайға қарамастан қауіпсіздік пен жайлылықты қатар сезінтіп, демалыс кезінде денсаулығыңа алаңдамауға кепілдік береді. Туристік орындардың қызметі Түркияның туризм саласын әлдеқашан жолға қойып алғанын аңғартады.
Бір таң қалдырған нәрсе қай жерде болмасын түріктердің ұлттық тағамдары сан алуандығымен, дәмділігімен баурап алады. Яғни сырттан келетін туристерге де алуан түрлі бай дастарханымен тойдырып, ұлттық асханасының алуан түрлілігімен кез келген қонақты тамсанта алатыны байқалады.
Атап айта кетер жайт, туристердің қауіпсіздігіне аса қатты мән беріліп, жағалауларына дейін антисептикпен, маскалармен қамтамасыз етілген. Қонақүйден басталған дизенфекциялау шаралары жағалауда да, асханаларында да, таксилерінде де тіпті сауда орталықтарында да мұқият қадағаланады екен. Яғни індетке орай індет жұқтырып алуға қорқыныш болғанымен, қаладағы мұқият жасалынатын тазалық шаралары көңілдегі күдікті серпіп тастайды.
Коронавируспен байланысты шектеулерді біртіндеп алып тастаудың арқасында Анталиядағы жазғы туристер ағыны көбейіп келеді. Осы жылдың қаңтар-маусым айларында мұнда 1,5 миллионға жуық шетелдік қонақ келіпті.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан Анталияға 41 114 турист келген. Дегенмен Анталья мұнымен шектеліп қалмай, туризмімен талай елді таң қалдырып, елге келетін туристер санын арттыра беруді мақсат етіп отырғаны байқалады.

Halyk Bank Қазақстанда қашықтан жанармай құю қызметін іске қосты

0

Halyk Bank Қазақстанда бірінші болып Halyk Homebank қосымшасында қашықтан жанармай құю қызметін іске қосты, деп хабарлайды Qainar.info.
Атаулы қызмет Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда, Талғар және Қапшағай қалаларында Сompass ЖҚБ-нің 14 филиалы арқылы іске қосылды.
Енді Compass жанармай құю бекетіне жеткенде көліктің салонынан шығып, кассада төлем жасау үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ. Halyk Homebank арқылы көліктен шықпай-ақ ұялы телефон көмегімен жанармай құюға болады. Бұл ретте құю процесін ЖҚБ операторы жүзеге асырады.

“Біз жаңа инновациялық қашықтан қызмет көрсету сервистерін түсінікті әрі клиенттерге ыңғайлы болу үшін әзірлеп, оларды өз қызметімізге енгізуді тоқтатпадық, – деп Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Смағұлов атап өтті, – Серіктесіміз Compass ЖҚБ желісімен дебюттік жоба – бұл тек бастамасы ғана. Жақын болашақта біз оны бүкіл ел бойынша қамтуды жоспарлап отырмыз, бұл автокөлік иелеріне бүкіл Қазақстан бойынша үлкенді-кіші ЖҚБ желілерінде атаулы мүмкіндік пен артықшылықты пайдалануға жол ашады”.

Енді Compass автожанармай құю станциясының кез келген филиалына келіп, Halyk Homebank қосымшасына кіріп, “Төлемдер” бөліміне өтіп, одан әрі “Жанармай құю” бөлімінде таңдаңыз:
– ЖҚБ;
– баған нөмірі;
– жанармай нөмірі, құю көлемі немесе сомасы;
– кез келген банктің картасын байланыстырыңыз және төлем жасаңыз.

Halyk Bank-тің жаңа қашықтан жанармай құю қызметін қолдана отырып, әр жанармай құю кезінде жұмсалған жалпы соманың 5%-ын бонусын ретінде ала аласыз, оны кейіннен Halyk Club бонустық бағдарламасының серіктестерінің желісінде жұмсауға болады.

Halyk Bank Қазақстанның Олимпиада құрамасына қолдау көрсетті

0

Halyk Bank Қазақстан Олимпиада құрамасының спортшылары мен жаттықтырушыларына 40 миллион теңгеден астам демеушілік көмек көрсетті, деп хабарлайды Qainar.info.

Токиоға аттанған Қазақстан құрамасының ресми серіктесі Halyk Bank қазақстандық құрамаға кірген әрбір спортшы мен оның жаттықтырушысына демеушілік көмек көрсетті. Қаражат әлемдік спорттық іс-шараға шығарған бірегей олимпиадалық дизайны бар Halyk Bank-тің Visa картасына аударылды.

«Біздің спортшылар Токио Олимпиадасына қатысу үшін Жапония астанасына келді. Әлем тарихында тұңғыш рет Олимпиада көрерменсіз өтеді. Биыл біздің спортшылар үшін әрқайсымыздың және бүкіл еліміздің қолдауы өте маңызды. Баршамыз спортшылардың ойыны мен өнерін мұқият қадағалап, оларды қолдап, әрқайсысы үшін жанкүйер боламыз. Біздің құраманың жеңіске жететініне сенімдімін. Спортшыларымызда бәрі бар – ең үздік дайындық, керемет форма және жеңіске деген берік ұмтылыс. Бүгін Halyk Bank және барлық қазақстандықтар ел құрамасымен бірге. Біз шын жүректен жеңіс, тамаша нәтижелер тілейміз. Спортшыларымызға сенеміз және елге медальдармен оралуды асыға күтеміз», – деп ҰОК халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті, Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

Қазақстанның олимпиадалық делегациясының барлық мүшелеріне, оның ішінде спортшылар мен жаттықтырушыларға қызмет көрсетудің ерекше мүмкіндігі бар карта берілді.

«Кез келген спортшының мансабындағы маңызды старттар қарсаңында отандастарымыздың қолдауын сезіну өте маңызды. Және де біз қолдауды расында сезіндік. Барлық қазақстандықтардың тілеген тілегі, батасы және спортшыларға білдірген сенімі үшін алғыс айтамыз. Токиоға баратын жолға дейінгі жүріп өткен жолымыз қаншалықты ұзақ, қиын болғанымен ҰОК бізді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етті – кешендік-ғылыми топтар, сапалы жаттығумен айналысуға арналған жағдай, қиын уақытта шетелдік сапарлар мен бірлескен жиындар ұйымдастырды. Жаттықтырушылар штабының атынан, олимпиадалық команданың атлеттері атынан Halyk Bank-тің қаржылай көмегі үшін алғыс білдіреміз. Енді біздің негізгі міндетіміз – Жапониядағы жарысқа бар күшімізді салу», – деп бокстан ұлттық команданың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, арнайы Олимпиадалық дизайны бар карталарға қызмет көрсету тегін. Шетелде, Halyk Bank желісінде, еліміз бойынша кез келген қазақстандық банктер банкоматы желісінде қолма-қол ақша алу тегін, яғни комиссиясыз. Бұдан басқа, Halyk Bank және басқа қазақстандық банктердің POS/Epay терминалдары арқылы “Спорт дүкендерінде” арнайы берілген картамен төлеу кезінде, сондай-ақ шетелде транзакция жасау кезінде бір жылдың ішінде 1% мөлшерінде науқандық бонус есептеледі.

Halyk Bank Олимпиада және Паралимпиада ойындары үшін олимпиадалық дизайны бар картаны шығаруды дәстүрге айналдырды. Бұл банктің қазақстандықтар арасында спорттық рухты көтеру және салауатты өмір салтын насихаттаудағы ұмтылысын білдіреді.

Halyk Bank көптеген жылдар бойы Қазақстандағы спорттық және дене шынықтыру қозғалысын белсенді қолдайды, Токио қаласындағы (Жапония) XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы – отандық құрама командасының ресми серіктесі. Команда 23 шілдеде XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтетін Күншығыс еліне аттанды.

Соңғы жазбалар