Журналистер “Шеврон»-ның әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесті

0

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен отандық БАҚ өкілдері “Шеврон” компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Qainar.info.

Аталған шара Түркітілдес журналистер қоры мен “Шеврон” компаниясының серіктестігінде жүріп жатқан “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” тақырыбындағы вебинарлар сериясы шеңберінде өтті.

Вебинарда «Заң талабы» құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Жанұя» отбасы институты қоғамдық бірлестігі, медициналық республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері атқарылып жатқан жұмыстарының барысын айтты.

Сондай-ақ жасөспірімдердің суицидке баруы, агрессорлардың зорлық-зомбылығына ұшыраған жандарға қол ұшын созу, отбасы институтының қоғамдағы рөлі, тұрғындардың психологтарға жүгіну әдебін қалыптастыру, балалар психологтарының рөлін арттыру, коронавирус пандемиясымен күресу аясында медицина саласында волонтерліктің дамуы және қоғамдағы тағы басқа қазіргі таңдағы келелі мәселелерге тоқталды.

Журналистер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.