Антальяға барсаңыз The Land of Legends орталығына соғыңыз

0

Туризмнен жылына 60 млрд табыс табатын Түркия елінің бұл жетістікпен тоқтап қалғысы келмейтіні анық байқалады. Өйткені теңіз, жағалау, пальма мен қонақүйлердегі керемет қызмет көрсету сапасынан бөлек архитектурасы ерекше, өткен ғасырдан сыр шертетін ескі қалалары да, заманауи танымыңды арттыратын демалыс орындары да жетерлік екен. Солардың бірі — The Land of Legends орталығы. Бір шеті балалармен қоса ересектерді де зеріктірмейтін саябақ болса, екінші бөлігінде әлемнің брендтерінің түйіскен жері ірі сауда орталықтары орналасқан.
Орасан үлкен аумақты алып жатқан The Land of Legends орталығына бір кірген адам бір күнін арнайтындай көретін кереметтері өте көп. Антальяның Белек ауданында салынып, пайдалануға берілгеніне үш жылдан асқан The Land of Legends орталығына келушілердің де қатары өте көп екен. Соған қарамастан санитарлық, дизенфекциялық жұмыстар өте жақсы сақталған.
Парктың бір бөлігі түрлі әлемдік брендті киімдер дүкеніне, қонақүй мен мейрамханаларға арналса, қалған бөлігі балаларға арналған ірі шоу бағдарламасы бар, аттракционды орталыққа арналған. Ертегі әлеміне енгендей әсер беретін бұл орталықты тек көзбен көру керек. Екі мың жыл бұрын сәулетті қала тұрғыза білген түрік ұрпағының бүгінгі күні одан кем құрылыс салуға тиіс емес екенін еріксіз мойындайсың…