Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанды

0

SME Banking Club 2021 Digital Forum-да ТМД және Кавказ елдеріндегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банк – Mobile Business Banking 2021 және Business Online Banking 2021 бойынша зерттеу нәтижесін таныстырды. Halyk Bank Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінде үздік атанып, сондай-ақ ТМД және Кавказ елдеріндегі ТОП-20 үздік мобильді банк қатарына енді, деп хабарлайды Olzha.kz.

Зерттеу нәтижелері өңірдегі бизнеске арналған мобильді және интернет-банктердің функционалын, ШОБ клиенттері үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ескерді. Атап айтқанда, сарапшылар әр елдің үздіктерін анықтады және олардың қатарында Halyk Bank-тің бизнеске арналған Onlinebank қосымшасы аталдыБұл банк командасының Бір терезе” қағидаты бойынша жұмыс істейтін функционалдық және заманауи мобильді қосымшасын жасай алғанын дәлелдейді.

Onlinebank-ке тіркелгеннен кейін бірден жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге және шот ашуға болады. Әрі қарай қосымшада сіз тегін жеткізу қызметі бар корпоративтік картаны аша аласыз немесе Apple Pay және Samsung Pay-ге байланыстыруға болатын цифрлы картаны шығаруға боладыЦифрлы карта – бұл Onlinebank-те әп-сәтте шығарылатын және толығымен қолдану тегін бірегей банк өнімі.

Қосымшада ақша айырбастауға болады, ал кәсіпкерлер үшін “Сауда сигналы” функционалы қолжетімді, яғни күтілетін бағамды көрсетіп, одан ары нарық өзгеріп, қажетті бағамға жеткен кезде банк клиентке push-хабарлама жолдау мүмкіндігін қарастырған. Onlinebank-те сондай-ақ рубльмен ақша аударудың жеңілдетілген түрі бар. Енді алушының деректемелері автоматты түрде толтырылады. Бұдан басқа “Бағдаршам” сервисі іске қосылды, онда сервис базасы әріптестердің сенімділігін тексереді.

Onlinebank қосымшасы қызметіндегі үлкен серпілістің бірі – бұл телефон нөмірі бойынша жеке тұлғалар да, бизнес-серіктестер де 24/7 режимінде комиссиясыз заңды тұлғалар мен ЖК шоттарына ақша қаражатын аудару мүмкіндігі. Бұл қызметті қолдану үшін бизнес иесі сенімді нөмірді Onlinebank қосымшасындағы компанияның шотына тіркеуі тиіс.

Бұл жетістік – Halyk Bank командасының еңбегі. 2020 жылы күрделі коронавирус кезеңде тек жұмыла жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлер карантиндік шектеулер жағдайында белсенді қолданған инновациялық және практикалық онлайн-сервистер мен өнімдерді әзірлеу және оны енгізу үшін өзінің цифрлық әлеуетін шоғырландырды. Бүгінгі жетістігіміз Halyk Bank және Halyk тобындағы барлық компаниялар ұсынатын онлайн-қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосымша ынта беретіні сөзсіз“, – деді Halyk Bank төрағасының бірінші орынбасары Антон Мусин.

Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 1 миллионнан асты

0

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша 2021 жылдың 10 мамырындағы жағдай бойынша елімізде 1 686 733 адам вакцинацияланған.

Ал вакцинацияланған азаматтар саны бойынша көш бастап тұрған – Алматы қаласы. Бірінші компонентті 253 мың 174 азамат екпе алса, екіншісін — 122 мың 625 адам вакцинацияланған.

Ал тізімді ең аз вакцинацияланған Маңғыстау облысы аяқтайды. Онда вакцинаның бірінші компонентін 32 453 адам қабылдаса, екінші компонентті 10 595 азамат қабылдаған.

Айта кетейік, 2021 жылы 1 ақпанда Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы COVID-19 ерікті вакцинация науқаны басталған болатын.

Сәлімбек Аққу

Солтүстік Қазақстан облысы,

Айыртау ауданы

Бірлестік орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи жабдықтар сыйға берілді

0
Halyk Bank және AYALA қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына заманауи реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігіноның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді.

«Бұл өте маңызды қайырымдылық жобасебебі әңгіме біздің еліміздің болашақ ұрпағысәбилердіңжаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отырСондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіпдүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенімдіміз», – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығыеліміздегі ең ірі перзентханаЖыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанадыоның 12 пайызы –мерзімінен бұрын босанатындар.

«Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастадыБірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескіргенсондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіпжиі істен шығадыБізде орнатылған көптеген модель өндірістен алынып тасталдыбұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатадыӘсіресеқұрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзектіЕнді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауының арқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылдыДәрігерлердіңірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі»,- деп атап өтті Алматы қаласы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Лисогор.

Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені болған.

Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі жаңа туған нәрестелердің дене температурасынқажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін бір қалыпты ұстайды.

Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұру үшін арнайы құрылғанӘдетте олар шала туады (салмағы өте аз) және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстауы керекДененің қалыпты температурасы 37,5С аспауыал іш температурасы 36,2 – 36,5С шегінде болуы тиісАшық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін кереуеттіңауаныңтемпературасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді.

Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелерді емдеуге көмектеседі. Сәби терісінің сарғаюыбұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әсер ететін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюыӘсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседіҚандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістердіатетоидты церебралды сал ауруынішінара немесе толық сал ауруынқұрысудыесту проблемаларын қоса алғандабаланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.

Қазақстанда бір күнде 2 894 адам коронавирус жұқтырды

0

Қазақстан бойынша ковидпен ауырып жатқандар саны қанша? Бұл індет ел арасында қаншалықты жылдам таралуда?

Бүгін елімізде коронавирустық пневманиядан 26 адам қайтыс болды. Тағы 689 науқастың жағдайы нашар көрінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазіргі уақытта короновирус инфекциясынан 40 441 адам ем қабылдап жатыр екен. Ал бір күнде Қазақстанда 2 894 адам коронавирус жұқтырғанын ПТР тесті арқылы ал COVID-19 белгілері бар пневманияға 107 адам шалдыққаны анықталып отыр.

Аружан Шардарбек,

Түркістан облысы

Шардара ауданы

Сүткент ауылы

Т. ТӘЖІБАЕВ атындағы

жалпы орта мектептің

11-сынып оқушысы

Мемлекет басшысы Асқар Мамин мен Алексей Цойды қабылдады

0

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Премьер Министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды Olzha.kz.

Кездесу барысында еліміздің санитарлық-эпидимиялық ахуалы, вакцинация және республиканың әлеуметтік экономикалық дамуының өзекті мәселелері жайында баяндалды.

Премьер-Министр мен министр өз тараптарынан атқарылып жатқан істерді тілге тиек етті.

Атап айтсақ, денсаулық саласына байланысты 26 сәуірден бастап «ASHYQ» қосымшасы іске қосылмақ.

Үкімет басшысының сөзіне сенсек қосымшада қызыл және де сары аймақтарда экономиканың әртүрлі секторларында қауіпсіз жұмыс жасауға мүмкіндік бермек.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы отандық вакцина өндіру ісін артыруды және вакцинацияны халыққа қолжетімді етуді тапсырды.

Нұрбақыт Тұтқышбеков,

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

Шоқай ауылының №3 орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Қазақстандық вакцинаның қауқары қандай?

0

Әлемді дүрліктірген пандемия жайлағалы ғылымның жаңа дәуірі басталғандай. Қауіпті инфекцияның таралуын тоқтатуға ғылымның ғана қауқары жетеді.

QazCovid-in вакцинасының субстанциясын Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институттары әзірлейді.

Қазақстандық ғалымдар бес түрлі вакцина әзірледі.

Отандық вакциналардың біріншісі — инактивтелген немесе өлтірілген вакцина, екіншісі — суббірлікті, яки ақуыздық вакцина. Үшіншісі — рекомбинатты (векторлы), яғни генді-инженерлік вакцина, төртінші вакцина да — векторлы. Бесіншісі — тірі вакцина.

Қазақстандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина індетке қарсы иммунитетті қалыптастырады.

Айта кетейік, QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталады.

Толғанай Амангелді

Жамбыл облысы,

Шу ауданы,

Жайсан ауылы

Жайсан орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Никотині бар өнімдерді сатуды шектеу туралы жобаның нәтижесі жарияланды

0

Қазақстанның сауда кәсіпорындарының қауымдастығы кәмелеттік жасқа толмағандарға құрамында никотин бар өнімдер сатуды шектеу туралы “Adal nietpen” жобасының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Olzha.kz.

Аталған жобаның басты мақаты – кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі және құрамында никотин бар өнімдерді (ҚНБӨ) өткізудің алдын алу мақсатында бөлшек сауда дүкендеріндегі сатушылардың жауапкершілігін арттыру.

Жоба үй жанындағы дүкендердің өкілдеріне, соның ішінде меншік иелеріне, сатушыларға, кассирлерге – ҚНБӨ және 21 жасқа толмаған азаматтармен байланыс орнататын барлық адамдарға бағытталған.

«9 ай ішінде біз көп нәрсе жасадық: Адал нарық қатысушыларының қоғамдық декларациясын жарияладық және барлық мүдделі тараптарды оған қосылуға шақырдық. Біз Instagram платформасын (100 мың жазылушы) іске қостық, ол арқылы бөлшек сауда өкілдеріне арналған маңызды жаңалықтармен бөлісеміз. Жобаның жақсы нәтижесі ретінде Adal Uzdigi байқауын атап өтуге болады, оның аясында еліміздің әр өңіріндегі ең жауапты дүкендер анықталды. Байқауға 44 сауда орны қатысты. Нәтижесінде еліміз бойынша 15 жеңімпаз іріктелді», – деп атап өтті ҚНБӨ басқарма төрағасы Жібек Әжібаева.

Сондай-ақ, жоба аясында Қауымдастық Alvin Market агенттігімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың (21 жасқа дейінгі) никотині бар өнімдерге қолжетімділігі мәселелері бойынша сатушылардың пікірін білу үшін зерттеу жүргізді.

Зерттеудің негізгі қорытындылары:

— Темекі мен алкогольді ішімдіктер ең зиянды өнімдердің қатарына енуді жалғастыруда. Бұл ретте темекі қыздыруға арналған құрылғылардың зияндылығын бағалау біршама төмендеді.

— Барлық сатушылар 21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғанын біледі. 10 сатушының 9-ы осы санаттағы сатып алушылар жүгінген кезде темекі өнімдерін сату қағидаларының толық сақталуын мәлімдейді.

— Сонымен қатар, сатушылардың тек 36%-ы темекі өнімдерін кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салуды темекіге қарсы күрестің тиімді шарасы деп санайды, бұл өткен жылдың деңгейінен сәл өзгеше.

— Кәмелетке толмаған жастар арасында темекі шегуге және никотинге тәуелділікке қарсы күрес үшін негізгі жауапкершілікті сатушылар бірінші толқынның нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына жүктеуді жалғастыруда.

— Көптеген сатушылар қалалық дүкендерде кәмелетке толмағандарға темекі сату жағдайлары туралы естіді және бір дүкеннен бас тартқаннан кейін кәмелетке толмаған сатып алушы темекіні басқа сауда нүктесінен сатып ала алады деп санайды. Сатушылардың көпшілігі сатушы осы тыйымды сақтамағаны үшін жауапқа тартылған жағдайлар туралы сирек естиді. Бұл көрсеткіштер 2020 жылмен салыстырғанда аздап өзгерді.

Түркияда туризм секторының қызметкерлерін вакцинациялау жазғы туризм маусымына дейін аяқталады

0

Түркияда «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы аясында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Түркия туризмін насихаттау және дамыту агенттігінің (TGA) үйлестіруімен туризм секторының қызметкерлерін вакцинациялау жүйесі жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Olzha.kz.

Барлық туризм индустриясының қызметкерлерін вакцинациялау 2021 жазғы туризм маусымы басталғанға дейін аяқталады.

Вакцинация бағдарламасы авиакомпанияларды, әуежайларды, орналастыру мекемелерін, туристік агенттіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ, кәсіби гидтерді қамтиды. Бағдарлама алдағы жазғы маусымда шетелдік саяхатшыларды қарсы алуға және туризм қызметкерлері мен тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

COVID-19-пен күресу және әлемдегі ең қауіпсіз жерлердің бірі ретінде өзінің позициясын одан әрі нығайту бойынша өзінің тұрақты күш-жігері аясында Түркия «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасына инвестиция салуды жалғастыруда. Бұл бағдарлама 2020 туристік маусымда эпидемиямен күрестің басты ұстыны ретінде қонақ үйлерде, қоғамдық көліктерде, қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде бастау алды. Құжат 30-дан астам нөмірі бар барлық қонақ үйлер үшін міндетті болып табылады. Бүгінгі таңда 8 мыңнан астам нысан сертификатталған.

Түркия туралы:

Жерорта теңізінде орналасқан, Азия мен Еуропа құрлықтарын байланыстырып тұрған әйгілі Босформен бөлінген Түркия – бұл өткен жылы 50 миллионнан астам турист тамашалаған бірегей ел.

Әрдайым мәдени өзара әрекеттесу орталығы болған ел бүгінде келушілерді өзінің тарихымен, табиғатымен және ғасырлар бойы өркениеттердің алуан түрлілігін көрсететін гастрономиясымен қызықтырады.

Мәдениеттер тоғысында түйіскен Түркия дәстүр мен қазіргі заманның синтезі болып табылатын өнер мен сәннің ерекше түрін ұсынады, сауда және ойын-сауық кезеңі бүкіл әлем қонақтарын қызықтырады.

Түркия туралы көбірек білу үшін мына сайтқа кіріңіз: www.goturkiye.com

Туризмді дамыту және ілгерілету агенттігі (TGA) туралы:

Түркия туризмді дамыту және ілгерілету агенттігі (TGA) ел экономикасындағы туристік инвестициялардың үлесін арттыру және түріктің ішкі және халықаралық туристік нарығында, материалдық және материалдық емес табиғи нарықта қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыс істейтін брендке айналды, мәдени, биологиялық және техногендік мұраларды табу, Түркияның туристік әлеуетімен қысқа, орта және ұзақ мерзімді байланыс маркетингтік әрекеттерді әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады .

Агенттік Түркиядағы туризм саласындағы мақсаттарға сәйкес Мәдениет және туризм министрлігі анықтаған стратегия мен саясат шеңберінде жылжыту мен маркетингке, сондай-ақ әлеуетті туристік мүмкіндіктерді дамыту мен сатып алуға байланысты барлық жарнамалық / маркетингтік / коммуникациялық қызметтерді жүзеге асырады.

Түркиядағы қауіпсіз туризм

0

О, Стамбул, жанымды гүлге ораған,
Табиғатың жып-жылы жыр бораған.
Жайсаңдардың көптігі баурыңдағы,
Аман қалсаң қаншама зіл-заладан.
Айналғанда шындыққа арман, лебіз,
Тартты өзіне мөлдіреп Мәрмәр теңіз.
Кемеңменен жүзгізіп, шаттық құйдың,
Тоғысқанда көңілдер арнаңда егіз.
…Мөлдір ме едің сұлудың жанарындай,
Кеп жүргенін қарашы, қайта барғым!   

 — бұл  сырлы  да, сиқырға толы  Стамбұл туралы жазған  Бауыржан Әлқожаның  өлеңі.  Рас,  Стамбұлға бір барған адам, қайта барғысы келіп тұрады… 2021 жылдың  наурыз айында  Алла сәтін салып,  Түркияның туризм министрлігі ұйымдастырған  Қазақстандағы Түркітілдес журналистер Қоры   үйлестірген   «Стамбұл — Бұрса» бағдарламасына қатыстым.  Қазақстан журналистерін   Қор Президенті Нәзия Жоямергенқызы бастап барды.  Нәтижесінде  Стамбұл, Бұрса, Изник, Гөлйазы қалаларында, Жұмалықызық ауылында, Ұлыдағ (Ұлытау) тау-шаңғы курортында болып, сол елді мекендердегі тарихи – мәдени жерлерімен таныстым.     Тегін  сапар қатысушысы болғаным үшін қос тарап ұйымдастырушыларына   алғысымды білдіріп, көргенімді  рет-ретімен айтып, әсеріммен бөлісейін. Түркияға барып жатсаңыз, бұл ақпараттар сізге де керек болып қалар, достым.   

 

Пандемия кезінде Түркияда  сапарлау  қаншалықты қауіпсіз?   

Туризм  саласы – Түркия экономикасының драйвері десем артық айтпаспын. 2019  жылы Түркия 50 миллион турист қабылдаса, пандемия кесірінен  2020 жылы олардың саны 16 миллион  болды.   Дегенмен, пандемия кезеңінде бүкіл әлем елдері 74 %  турист жоғалтса,  Түркия елінде шығын әлдеқайда аздау болды, яғни басқа мемлекеттерге қарағанда жыл  табысты аяқталды.    Биыл  бұл ел  32 миллион  турист  қабылдамақ.  Сондықтан,    шетел туристерінің   қауіпсіздігіне кепілдік беретін,  қауіпті індет жұқтырып алмас үшін «Қауіпсіз туризм  сертификаты» бағдарламасы қолға алынды.  Ол 150 критерий мен ережеден тұрады. Бағдарлама   — туристің Түркияға аман  — келіп, есен  — еліне қайту мақсатын  көздейді.  Сол үшін   туристің  алаңсыз жүріп-тұруына бар жағдай жасалады.  Ай сайын осы қауіпсіздік сертификатын алған қонақ үйлер мен мейрамханалар   тексеріліп отырады.  «Қауіпсіз туризм  сертификаты» бағдарламасы бар  объектілер  туристер үшін қауіпсіз, яғни ол қонақ үй,  мейрамхана мен кафеде  санитарлық- гигиеналық нормалар сақталған,   туристер үшін   қауіпті індет жұқтырып алуға қауіп жоқ.    Ал, «Қауіпсіз туризм  сертификаты» жоқ қонақ үйлер мен мейрамханалар шетелдік туристерге қызмет көрсете алмайды.    Басты 3 ережені әр ел тұрғыны, әр турист ұстануға міндетті. Ол  — маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық  пен тазалық сақтау.     Түркия мемлекеті туризм  саласында жұмыс істеп,  көпшілікпен   байланысқа түсетін қызметкерлерге вакцина егу жұмыстарын  бастады.  Түркияның  туризмді насихаттау және дамыту  Агенттігінің басқарма мүшесі Еркан Йаккының пікірінше   вакцина егу  мен «Қауіпсіз туризм  сертификаты» бағдарламасы нәтижесінде  елдегі туризм  саласы жанданады.  

Түркия еліне кіру үшін 72 сағат бұрын арнайы форма толтырып, COVID-19-тен «таза» деген мөр басылған құжатыңыз болуы керек. Мен  ПТР тестті Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханалық клиникалардың бірінде тапсырып, нәтижесі дайын болған соң, сол кеңсеге барып мөр басылған үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс) қағазын шығартып, сапар бойы өзіммен алып жүрдім. ПТР тест нәтижесі сіз толтыратын арнайы формада көрсетіледі. Түркиядағы әуежай,  қонақ үй, сауда орталықтары, музей, дүкен, мейрамхана, кафелерде осы форма талап етіледі. Онсыз қалаған жеріңізге кіре алмайсыз. Сондықтан, форманы (қағаз нұсқасын) өзіңізбен алып жүріңіз, электронды нұсқасын телефоныңызға жүктеп алсаңыз артық болмайды. Қазақ елінің талабы бойынша елге кірген кез келген  азаматта  ПТР тесттінің теріс нәтижесі болуы шарт. Түркияда ПТР тест бағасы – 250 лира. Қазақстандық валютада ол  14.000 теңгеге тең. 

 

Стамбұлдағы Галата мұнарасы

Бұл мұнара – ортағасырлық архитектура. Стамбұлдың көрікті жерлерінің бірі.  Туристер  көптеп ағылатын тастан қашалған, ішінде музейі бар  9 қабатты   ерекше  мұнара. Оның  биіктігі 67 метр.  Теңіз деңгейінен 140 метр жоғары орналасқан.  Галата мұнарасының жоғары жағына шықсаңыз, шексіз көрінетін Стамбұл қаласының панорамасын тамашалай аласыз.  Ұшан  теңіз бен алып кемелерді көресіз. Бұл әдемілікті  көргенде көз сүйсініп, көңіліңіз жайланады. 

Тынымсыз Таксим ауданы

Стамбұлдағы Таксим ауданы  — тынымсыз қозғалыс мекені.  Туристік марштруттардың   тоғысатын жері. Мұнда жастар көп жүреді. Таксим орталық алаңында «Республика» монументі орналасқан.  Оның биктігі 11- 12  метр.  Монумент Түркияның  республика болып жариялануының 5 жылдығына орай  қойылған. Онда  тәуелсіз  елдің құрылуына негіз болған   қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік пен оның жақтастары және революцияға қатысушылар бейнеленген. Бұл ауданда киім-кешек пен  тәттілер   сататын дүкендер  көп. Туристердің көңілдерін көтеріп, көше бойында   тұрып, ән айтатындар  да аз емес.  Ауданда туристер де, жергілікті тұрғындар да көп шоғырланатындықтан  тыныштық пен тәртіпті қадағалайтын күзетшілер,  тәртіп сақшылары  көп. 

Әулие Антоний  шіркеуі

Бұл жер Таксим ауданында Галата мұнарасына жақын жерде орналасқан. Шіркеу  католиктер үшін  қастерлі саналады.   Оның  қабырғасы   1906 жылы қаланып, 1912 жылы ашылды. Тарихта    әулие Антоний кедейлерге қамқор, көп адамды зұлымдықтан құтқарған, жүрегі кең адам болған деп айтылады. Қызыл  кірпіштен салынған   әсем ғимарат ауданға көрік беріп тұрады.  Венециялық стильде салынған шіркеудің  ішкі безендірілуі де ерекше. Туристерге   көруге кеңес берер едім. 

Бурса

Бурса  — Осман империясының алғашқы астанасы. Бұл қала  —  Түркиядағы Стамбұл, Анкара, Измир   қалаларынан кейінгі   ірі шаһар. Стамбұл мен Бурса арасы 3 сағаттық жер.  Тарихы терең қала   сәулеті осман архитектурасына тән   мешіттер мен тарихи ескерткіштерге  бай.  Осман империясының негізін қалаушы әйгілі Осман гази мен оның ұлы Орханның мазары осы қалада орналасқан.  Өңірде  автокөлік секторы мен  жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Мұнда   сапалы киім-кешек  тігетін фабрикалар да көп. Жібек матаның түр-түрін осы қалада табуға болады.  Температурасы 40 градус болатын  термалды емдік суы тағы  бар. 35 шақырым жерде  Ұлыдағ  тау-шаңғы курорты бар.   Бір сөзбен айтқанда,   ел-жер мен әлем тарихына қызықсаңыз   Бурсаға саяхаттап қайтыңыз. Жақсы әсер алатыныңыз сөзсіз. 

Бізді (қазақ журналистерін)   Бурса  қаласының   мәдениет және туризм бойынша  директоры Камил Озер  қарсы  алды.  «Бурса – тарихқа бай, жасыл әдемі қала.  Осыны өз елдеріңіздегі туристерге жеткізсеңіздер екен. Біз әрдайым сіздерді құшақ жая қарсы аламыз.  Осы  мекенге елдер  8 500 жыл бұрын    қоныстанған.   Осман империясы кезінде бұл қала – астана саналатын.   Біз  мұнда екі түске қатты мән береміз. Ол ақ және жасыл түс.  Неге дейісіз ғой?  Осы жақтағы таулардың шыңын  аппақ қар басқан. Сонымен қатар Бурса —  жасыл қала.  Жаз мезгілінде бұл жақ орманға бай, жап — жасыл болады.   Бурса маңында тау- шаңғы курорты  мен теңіз бар.  Көп адам келіп демалады.  Тағы бір ерекше атап өткім келетіні , Бурса қаласында тағамның түрі көп әрі ол өте дәмді, тіл үйіреді»,-деді  Камил Озер. 

Біз Бурсадағы  Альмира қонақ үйінде тоқтадық.  Ол  — ескі қонақ үйлердің бірі.  Іші тап- таза.  Барлық санитарлық —  гигиеналық нормалар  сақталған. Туристке ыдыстары мен тағамдары қапталған күйде ұсынылады.    Қонақ үй  жақында  ғана жөндеуден өтіпті.  Мұндағы тағам мәзірі дәстүрлі.   Жоғарыда айтқанымдай  Бурса қаласында  ем болатын  термалды су бұлағы  бар.   Ол шипалы суды  осы қонақ үйде тоқтайтын туристер де пайдалана алады. Оның температурасы 40 градус. 

 Осман гази  мен Орхан  мазарлары

Мен түріктер түсіріп жатқан  Осман  тарихи- сериалын  көріп жүремін. Әр бөлімін асыға күтемін. Осы сапарда  алғашқы сұлтан, осман империясының негізін қалаушы   Ертұғрұлдың  ұлы  Осман газидің жатқан жеріне баратынымызды біліп,  қатты қуандым.   Осман мен оның ұлы Орхан  мазарлары қатар орналасқан. Олардың қасында жанұя мүшелері де жатыр. Ол жер түріктер үшін өте қастерлі саналады. Мазарға кіруге рұқсат берілген. Осман жатқан жердің есік алдында екі сарбаз тұрса, ішінде тәулік бойы жанды дауыспен құран оқылады.    Мазар жанында   Абдұлхамитке арналған  «Сағат мұнарасы»   бой көтерген.  Сол маңайдан Бурса қаласы алақандағыдай көрінеді. 

«Панорама 1326» музейі

Бурса қаласына жолыңыз түссе   осман империясының қалыптасу жолындағы шайқастар мен Бурсаны жеңіп алу сәттері  картинамен   көрсетілген «Панорама 1326» музейіне барыңыз. Ғимараттың архитектурасы  ерекше.  Жоғарғы қабатында күмбез орналасқан.   Онда Бурса қаласын жеңіп алу сәттері, сол кездегі халықтың тұрмыс – тіршілігі 3D графикамен  салынған.  Күмбезке қарап,  кино көргендей әсерде боласыз. Ол суретті 4 жыл бойы 8 суретшы салыпты. Оның бірі әзірбайжан, бірі  украин  елінің шеберлері  болса, қалғандары түрік суретшілер. 

Ұлыдағ

Ұлыдағ (Ұлытау) – тау-шаңғы курорты Бурса қаласынан 30- 35, Стамбұлдан  160  шақырым жерде орналасқан.  Бір қарағанда өзіміздің Алматыдағы Шымбұлаққа ұқсаттым.  Мұнда ауа жұп-жұмсақ, орман – қалың, қар – аппақ. Бұл жерде  қар  желтоқсаннан сәуір айларына дейін жатады. Ұлыдағ тауының биіктігі  2543 метр.  Бұрын бұл мекен «Кіші Олимп» аталатын. Арқан жолы 9 шақырымдай.    Кәсіби шаңғышы болсаңыз, онда  Ұлыдағ тау- шаңғы курортына баруды жоспарлаңыз. Бағалары әр түрі 80 лирадан басталып , 150, 200-ге дейін барады. Ол – таңдаған қызметіңіз бен  сағатына байланысты. 

Koza Han базары

Біз, әйелдер қауымы,  бас орамалдарға қызығатынымыз рас. Тіпті, көп қылып сатып алып, үйге келген қонаққа ұстататынымыз  да бар.      Бурса қаласына жасаған сапар кезінде жібек базары аталып кеткен  Koza Han базарына бардық. Онда  таза жібек орамалдар мен маталардың түр-түрі бар.   Жібек орамалдар әлемі десем де болады.  Орамалдарды  қолыңызбен ұстап, сапасын көрсеңіз,  елдегі құрметтейтін қыз-келіншектердің бәріне сыйлық ретінде алғыңыз келіп кетеді.   Көлемі  бойынша да, түстері  бойынша да   қалғанын тауып, таңдай аласыз.  Бір орамал бағасы  -80-  100 лира. Біздің елдің валютасымен 5 000- 6000 теңге. Бірақ жеңілдіктер көп мұнда. Көп орамал алсаңыз  бағасын түсіріп береді. Мен  қызыққан 100 лиралық орамалдарды , бар болғаны 30 лираға алдым (2 000 теңге). Қуандым. Елге әкеліп, үйдегілерді де қуанттым. 

Жұмалықызық  ауылы

Бурса қаласының маңында,   Ұлыдағ тауының етегінде  әп-әдемі, көне Жұмалықызық  ауылы орналасқан.  700 жыл бұрын пайда боған елді мекен.  Бұл жер маған қатты ұнады.  Ескі үйлерінің өзінен  бір жылулық сезіледі.   Көшеде сызықтатып,   сылдырлап су ағып жатыр. Ауылдың жеке кәріз жүйесі бар.  Бұл жерде 2000 жылдары телеарналардан көрсетілген «Қыналы қар» телехикаясы түсіріліпті.  Жұмалықызық  ауылында   300 үй бар,    1000 жуық  адам тұрады. 

 

Қарагөз музейі 

Фольклорлы- қуыршақ театры бар Қарагөз музейі.  Онда  бірі ақылды, екіншісі сәл ашықауыздау   Қарагөз бен Хадживат деген екі достың хикаялары комедия жанрында  көрсетіледі.   Бұл персонаждардың  өмірде болған/ болмағанын ешкім білмейді.  Аңыз бойынша екі дос   мешіт  құрылысына ат салысқан. Дегенмен жұмыс уақытында  ылғи қалжындасып, қойылымдар  қоятын.     Құрылыс  жұмыстары  уақытында аяқтай алмай  басшылық (әлде сұлтанның ба) қаһарына ұшыраған. Кейін    солардың құрметіне қуыршақ театрын көрсеткен.      Қуыршақтар сиыр мен түйе терісіннен  қиылып жасалған.       Музей  2007 жылы ашылды.  Брусада болсаңыз, бұл жерге баруды жоспарлаңыз.  

 

Гөлйазы қаласы

Бурса маңындағы көрікті жерлердің бірі  — Улубат  кішігірім  аралында орналасқан Гөлйазы қаласы.  Оның негізі б.д.д 600 жыл бұрын қаланған.  Бұл шаһар Бурса маңында орналасқан көне аймақ саналады. Бұл жерде  түріктер қатты қастерлейтін, тамыры терең бойлаған    747 жыл бұрын салынған    биіктігі 25 метрге жететін  Шынар (Чинар) ағашы бар.  Бұл жерде әдемі әшекейлермен безендірілген қайықтың түр-түрімен  серуендеуге болады. 

 

Изник қаласы

Түркияның мен көрген тағы бір әдемі қалаларының бірі  — Изник.   Осман сериалын көретіндер біледі.  Онда  Император  отырған  Никея қаласының аты жиі аталады.   Сол  бұрынғы Никея – қазіргі Изник.  Қала Изник көлінің шығыс жағалауында орналасқан.  Инзик  — керамикасымен танылған мекен.  Бұл қалада шығарылған керамикалық бұйымдар елдегі талай мешіттер мен ғимараттардың  ажарын ашады, Сарайлардың сәнін келтіреді. 

 

«Стамбұл — Бұрса»  жобасын үйлестірген  Түркияның  туризмді насихаттау және дамыту  Агенттігі (TGA).  Агенттік  ел экономикасына  туристік инвестицияларды көбейтіп,  ішкі және халықаралық туризм нарығында қызмет көрсету сапасын жоғарлатумен айналысады.   Ведомства  Түркияның туристік әлеуетінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, маркетингтік  байланыстарды дамытуда    бренд саналады. Түркияның  туризмді насихаттау және дамыту  Агенттігі (TGA)  мемлекеттің мәдениет және туризм министрлігінің  саясаты мен стратегиясы аясында, туризм саласын дамыту мақсатында   барлық жарнамалық, маркетингтік, коммуникациялық шаралар атқарады. 

Ләззат Ноғайбай

Елорда тұрғындарына газ қосу үшін пайызсыз несие беріледі

0

Елордада Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу бойынша жоба іске қосылды, деп хабарлайды Olzha.kz.

Жоба Halyk Bank-тен елордада алғашқы жүз тұрғынның үйлерін газбен жабдықтаудың орталық желілеріне қосу үшін пайызсыз кредит беруді көздейді.

Осыған байланысты Halyk Bank аса ірі әлеуметтік жауапты қаржы институты ретінде өз үйлерін газға қосуды қалайтын бірінші жүз абонентке пайызсыз кредит бере отырып «ECOJER» қауымдастығының бастамасын қолдады.

Бағдарлама шарттары бойынша елорда тұрғындары 750 000 теңгеге дейінгі сомаға, 18 айға дейінгі мерзімге жылдық 0%-бен кредит ала алады (қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия небәрі 0.1%-ды құрайды).

Айта кетейік, бұл әлеуметтік маңызы бар жоба Мемлекет басшысының елорданы газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындауды қолдау мақсатында іске асырылып жатыр.

Пайызсыз несие алу үшін бағдарламаға қатысушылар:

– кеңес алу, өлшеу мен құнын есептеуді жүзеге асыру үшін жақын жердегі ұйымға («Capital Construction 2020» ЖШС) жүгінуі;

– газды қосу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арқылы техникалық шарттар алуы;

– жеткізушімен шарт жасап, «ECOJER» қауымдастығының «Жасыл сертификатын» алуы;

– шартпен және сертификатпен Halyk Bank-тің екі бөлімшесінің біріне (Жеңіс даңғылы, № 72 үй және Бейбітшілік көшесі, № 24 үй, № 4 т.е.ж.) пайызсыз кредит алу үшін жүгінуі керек.

Толығырақ ақпарат halykbank.kz және ecojer.kz сайттарынан алуға болады.

Соңғы жазбалар