Түркия жаз маусымында туристерді қабылдауға дайын

0

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын, деп хабарлайды Olzha.kz.

2020 жылдың маусымында беріле бастаған Қауіпсіз туризм сертификаты – туристер Түркияға әуежайдан түскен бойда көлікке отыру, діттеген жеріне жету, қонақүйлер мен мейрамханалар және таңдаған демалыс орнында тынығу барысын түгел қамтитын, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде қамтамасыз ететін құжат. Бүгінде аталған сертификат Түркиядағы 9 800 нысан мен көліктерге берілген.

Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой 21-23 мамырда Антальяда жиналған шетелдік миссиялар елшілеріне Түркияның 2021 жылғы жазғы маусымға дайындығы туралы ақпарат берді.

«Түркия әлем бойынша алғашқылардың бірі боп Қауіпсіз туризм сертификатын жүзеге асырды. 2020 жылы елімізде 16 миллион қонақты қабылдадық. Туристердің денсаулығы мен жеке бас қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды. Біз қолданған қауіпсіздік ережелерінің нәтижесінде сертификаттау бағдарламасы өте табысты болды. Алдымен сертификаттау бағдарламасын 30 және одан көп орындық нысандарға міндеттедік. Кейін сол бағдарламаны алғандар халықаралық деңгейге сәйкес болуын қатаң қадағаладық. Бүгінде аталған құжат шеңберінде Түркиядағы туризм саласында жүрген 27 миллион Түркия азаматына ковидке қарсы екпе салынды. Маусым айында екпе салдыратындар саны күрт артады», – деді министр Эрсой.

2021 жыл – түрік туризмінде қауіпсіздік жылы

Министр Эрсойдың айтынша, былтыр туризм саласы қауіпсіздік тұрғысынан өте табысты жылға айналған.

Биыл да бұл үрдіс жалғасады: «2021 жыл біз үшін вакцинация бағдарламасының арқасында барынша қауіпсіз болады. Біз 2021 жылдың жазғы маусымына дайынбыз. Биыл екпе салдырған қызметкерлері бар нысандар саны 10 мыңнан асады. Олар елімізге келетін туристерге халықаралық деңгейде қызмет көрсетуге дайын».

Түркия туралы толығырақ білгіңіз келсе:

http://www.goturkiye.com

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сұрақтарында кездесетін тарихи даталар тізімін жариялады

0

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ  сұрақтарында кездесетін тарихи даталар тізімін жариялады. Сұрақтар тізімінде Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерінен 189 тарихи күннің тізімі түлектерге ұсынылды, деп хабарлайды Olzha.kz.

Қазақстан тарихы пәнінен 89 тарихи дата болса, дүниежүзі тарихы бойынша 100 дата бар.

Айта кетсек, бұл сұрақтар ҰБТ тапсыру кезінде сирек кездесуі мүмкін. ҰБТ сұрақтарында көбінесе есте сақтау қабілетін жақсартуға бағытталған сұрақтар саны азайып, 11 жыл бойғы білімін практика жүзінде қолдануға аса назар аударылған.

Сондай-ақ грантқа түсуші түлектер үшін 15 сәуірде электронды форматта ҰБТ тапсыру басталды. Алдыңғы жылғы түлектер ҰБТ нәтижесін кешкі уақытқа қарай білетін болса, осы жылғы түлектер сынақты тапсырып болғаннан кейін, бірден жауабын  білуге болады. Әр балаға арналған компьютерде бейнекамера орнатылып, онлайн түрде бақыланады. Сондықтан түлектер көшіріп алу секілді қағидаларды бұзуға мүмкіндіктері болмайды.

Асылжан Рымқұл,

Қарағанды облысы Шет ауданы

Ж.Ақылбаев атындағы МГ 11-сынып

Еліміздің жеті өңір “қызыл” аймақта

0

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Olzha.kz.

22 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда жеті өңірі “қызыл” аймаққа енген. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары.

“Сары” аймақта 5 өңір: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстары.

5 облыс “жасыл” аймақта: Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Тағы айта кететін жайт, Қазақстанда өткен тәулікте 2 267 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша : Нұр — Сұлтан қаласы – 351, Алматы қаласы – 521, Шымкент қаласы — 74, Ақмола облысы – 134, Ақтөбе облысы – 68, Алматы облысы – 179, Атырау облысы – 119, Шығыс Қазақстан облысы — 94, Жамбыл облысы — 31, Батыс Қазақстан облысы – 102, Қарағанды облысы — 326, Қостанай облысы — 40, Қызылорда облысы — 27, Маңғыстау облысы — 43, Павлодар облысы – 93, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Түркістан облысы – 36.

Ақерке Көктеубай,

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылы

№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп

11-сынып оқушысы

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеді

0

2021 жылдың 18 мамыр күні Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін айтты, деп хабарлайды Olzha.kz.

“Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды», — деді министр.

Алексей Цойдың мәліметіне сенсек, 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың ең жоғарғы толымдылығын Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы көрсетіп тұр.

«Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында — 49, Алматы облысында — 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында — 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды», — деді министр. 

Асылай Сайрамбай,

Қосан Мамытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Зертас ауылы

Halyk Bank ай сайын 7 пәтерді ұтысқа шығарады

0

Клиенттердің өтініші бойынша Halyk Bank тағы да Алматыдағы “Хан Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерлерді ұтысқа қосты. Банк клиенттері, яғни ұтыс ойынына қатысушылар атаулы тұрғын үй кешеніндегі жеті жаңа пәтердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Ұтыс ойыны 2021 жылғы 11 мамырдан бастап 20 желтоқсанға дейін өткізіледі.

– Былтыр ұйымдастырған науқан клиенттеріміздің көңілінен шықты. Ұтыс ойынды бір уақытта миллиондаған көрермен көріп, мыңдаған жылы пікір қалдырды. Ал ұтыс ойынның жеңімпаздары, яғни “Хан Тәңірі” тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерді ұтып алған банк клиенттері өз өңірінде танымал адамға айналды. Осыған орай, көпшіліктің сұрауымен Halyk Bank тағы Алматыда орналасқан 7 пәтерді ұтысқа қосты.

Сонымен, кредит алу, бөліп төлеуге зат сатып алу жоспарыңызда болса, онда Halyk Bank ұсынған тиімді ұсынысты қолданыңыз. Қандай тиімді ұсыныс десеңіз: ең аз пайыздық мөлшерлеме, 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеу және жаңа пәтер иесі атану мүмкіндігі бар.

Ұтысқа қатысу үшін қарапайым екі шартты орындау жеткілікті. Бірінші – Halyk Bank-тен кредит немесе бөліп төлеу ресімдеу, екінші – Halyk Homebank қосымшасында әр ай сайын қызметтер үшін төлем жасау. Алғашқы пәтердің иесі маусым айында анықталады.

Сонымен№1 шарт. Кредиттің қандай түрлері қатысады?

Бөліп төлеу:

  • Halyk Homebank қосымшасында 24 айға дейін пайызсыз және банк серіктестерінің желісінде артық төлемсіз онлайн бөліп төлеу ресімдеу
  • Halyk Market арқылы 200 000 ₸ бастап 0-0-24 мерзімге бөліп төлеуді ресімдеу

Кепілсіз кредиттер:

  • Halyk Homebank қосымшасындағы 200 000 ₸ басталатын онлайн кредит
  • Бөлімшеде 500 000 ₸ басталатын кепілсіз кредит
  • 1 000 000 ₸ басталатын шұғыл қажеттіліктерге берілетін кредит қатысады

Кепілді кредиттер

  • Ипотекалық қарыз 1 000 000 ₸ бастап (оның ішінде “7-20-25”, “Баспана Хит” мемлекеттік бағдарламалар да қатысады)
  • Автокредит. Серіктестердің автосалонында. Жеңілдікпен берілген кредиттеуді қоспағанда.

Кредитті немесе бөліп төлеуді бір рет алыңыз және барлық 7 ұтыс ойынына да қатысыңыз. Бұл қалай? Ол үшін екінші шартты орындау қажет – Halyk Homebank қосымшасында төлемдер жасау. Ескеріңіз, кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз және екінші шартты орындасаңыз пәтерді ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

№ 2 шарт. Halyk Homebank қосымшасында қандай төлемдер жасау керек?

Науқанның екінші шартын орындау үшін 2021 жылғы мамырдан бастап желтоқсанға дейін (әр айдың 20-күніне дейін) Halyk Homebank қосымшасында 1000 теңгеден басталатын сомаға кемінде бір төлем жасау қажет. Осылайша, Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз төлем жасап, 7 пәтердің бірін ұтып алудың мүмкіндігіне ие боласыз. Ал егер сіз жеңіске жету мүмкіндігіңізді арттырғыңыз келсе, онда айына бірнеше рет және әртүрлі санаттағы төлемдерді жасаңыз. Мысалы, егер сіз ұялы байланыс үшін 1, интернет үшін 1, коммуналдық қызмет үшін 1 төлем жасасаңыз, онда сіз ұтыс тізіміне 3 рет қосыласыз.

Тек бұл ғана емес! Halyk Homebank арқылы қызметтерді төлей отырып, сіз сондай-ақ қосымша жүлделі ұтыс ойынына қатыса аласыз. Әр апта сайын iPhone 12 ұтып алу және коммуналдық қызмет үшін жұмсалған соманы 100% бонус ретінде кері қайтара аласыз. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасында әр апта сайын төлем жасау керек.

Арманыңызды орындау мақсатында ұтысқа қатысып оңтүстік астанада орналасқан жайлы пәтерді ұтып алу мүмкіндігін пайдаланыңыз. “Halyk Bank-тен ай сайын пәтерлер ұтысы” науқаны бойынша кредит алыңыз, Halyk Homebank-те қызметтерге ақы төлеңіз және Алматының беделді ауданы “Хан Тәңірі” тұрғын үй кешеніндегі жаңа пәтерді ұтып алыңыз! Кредитті неғұрлым ерте ресімдесеңіз, пәтерді ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Науқан туралы барлық соңғы жаңалықтарды Halyk Bank-тің желідегі, яғни Instagram (@halykbank.kz), Facebook парақшасында біле аласыз.

* Ұтыс ойынына ең көбі 10 төлем қатысады

** Ұтыс ойынына қатыспайды:

  • Halyk Bank қызметкерлері
  • Банкпен айрықша қарым-қатынастағы тұлғалар
  • Атаулы ұтыс аясында пәтер ұтып алған клиенттер
  • Ұтыс өткізу үшін тізімді қалыптастыру күнінде:
    • Ұтысқа қатысатын кредиті бойынша толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеу
    • Ұтысқа қатысатын кредиттері бойынша ай сайынғы өтеу сомасы кешіккен клиенттер
    • Банктегі кез келген кредиті бойынша өтеу сомасы кешіккен клиенттер.

GGG Мұхаммед Әлиді басып озды

0

Геннадий Головкин әлемдік рейтингте 13 орында тұр. Ол осы уақытқа дейінгі әлемдік чемпиондар тізімінің алдында тұрған Мұхаммед Әли мен Рой Джонсты басып озды.

Сонымен қатар осы кезге дейін IBF бойынша әлем чемпионы атанған Геннадий Головкин WBA  бойынша суперчемпион атағын алған жапониядық Риьта Муратамен болатын жекпе-жектен бас тартпайтынын жазды. Ал бразилиялық сайттардың мәліметі бойынша біздің чемпионмен, 2012 жылғы Олимпиада жүлдегері кәсіби алаңда 5-ші нөмерлі болып саналатын Эснива Фалкаомен де бокс алаңында кездесу өткізбек. Бұл жекпе-жек тамыз айына жоспарланып отыр.

Аружан Шардарбек

Түркістан облысы

Шардара ауданы

Сүткент ауылы

Т.Тәжібаев атындағы

жалпы орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Қазақстаннан үш айда 5 500 адам көшіп кеткен

0

Қазақстанда осы үш айда елден көшіп кеткендердің саны 5 500-ге жеткен, ал тұрақты тұру үшін көшіп келгендер саны 2 мың адамды құрады.

Көші-қон органдарына сілтеме жасаған Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының мәлімдемесі бойынша, 2021 жылы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға 2 066 адам көшіп келсе, 5 519 адам елден көшкен. Көші-қонның айырымы — 3 453 адамды құраған.

Ведомстводан берілген ақпараттарға сүйенсек, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы үлесі 83,1% — 82,0% құрады. Сондай-ақ статистикалық мәліметтерге сәйкес, ел ішінде қоныс аударатындардың саны 9,5% азайған. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).

Көктеубай Ақерке,

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылы

№4 жалпы орта білім беретін мектептің

11-сынып оқушысы

Алматылық блогер көшеде кезіккендердің несиесін жауып берді

0

Танымал блогер Алматы көшелерінде жүрген кездейсоқ жолыққан адамдардың кредиттерін жауып берді.

Нұрбек Нұртазаев есімді Tік-Tок желісінде танымал блогер қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде қайырымдылық жасауды жөн көрген. Ол жолда кезіккен кездейсоқ адамдардан «Кредиттіңіз бар ма?», — деп сұрап қажетті қаржыны сол кісілердің қарызына төлеп, елді тәнті етті.

Ал кейбір тұрғындар бұл блогердің іс-әркетіне сенбей күмәнмен қарғандарын да жасырмады. Видеода көше тазалап жүрген әйелдің 199 934 теңге  кредитін жауып бергені көрсетілген және де бұл блогерді көшеде танып сәлем берген күзетші жігіттің де несиесін толықтай төлеп берген.

Аружан Шардарбек,

Түркістан обылысы

Шардара ауданы

Сүткент ауылы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы

Қарағанды облысында ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды

0

Қызыл жарты ай қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлестікте 130 еріктіні оқытып, оларды 25 мобильді топқа бөлді. Бұл бастама Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған “Qolda 2.0 шұғыл көмек бағдарламасы аясындаұйымдастырылады.

Инфо-Щит жобасының негізгі мақсаттары – Қарағанды ​​облысында волонтерлікті дамыту, азаматтық қоғамның төтенше жағдайларда тиімді әрекет ету қабілетін арттыру және қоғамдық және еріктілер ұйымдарының күш-жігерін үйлестіруді жақсарту.

Еріктілерден құралған мобильді топтар қамтитын аймақтар – Қарағанды қ., Осакаров, Бұқар жырау және Шет аудандары.

Бұл жобаның мәні мынада: біз таңдаған аймақтар төтенше жағдайларға өте сезімтал. Бұл елді мекендерде су тасқыны жиі болып тұрады. Алдымен еріктілер арнайы оқудан өтті, кейін олар ауыл тұрғындары үшін онлайн-тренингтер өткізді. Тренингтер барысында әр елді мекен үшін қауіп-қатер картасы әзірленді. Сол карталардың көмегімен тұрғындар өз елді мекендерінде төтенше жағдай қаупін анықтай алады және алдын алуға тиісті әрекет жасай алады», — дедіҚызыл жарты ай қоғамы” ҮЕҰ Қарағанды ​​облыстық филиалының жетекшісі Татьяна Абрамова.

2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың сәуір айы аралығында мобильді топтар бірқатар рейд мен акцияларды өткізді, сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі туралы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан тұратын отбасыларға арналған 116 дана жоспар құрды. Жоба Қарағанды ​​қаласы, Осакаров, Бұқар жырау және Шет аудандарында тұратын 50 000 адамды қамтыды. Сондай-ақ, Қарағанды ​​облысының тұрғындарына COVID-19 туралы 70 000 дана ақпараттық парақшалар таратылды. 

Инфо-Щит” жобасы барысында ауыл-аймақ тұрғындарының төтенше жағдайлармен COVID-19-дың денсаулыққа тигізетін негативті әсерін азайтуға қажетті дағдыларды қалыптастыруға және стресстік жағдайда жедел әрекет ету қабілеті сияқты жеке қасиеттерді дамытуға ерекше назар аударылды.

Инфо-Щит” жобасының соңында Мемлекет пен Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы апат кезінде әрекет ету тиімділігін арттыру. Төтенше жағдайға дайындық кезіндегі еріктілердің рөлітақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында жобаның қатысушылары мен еріктілері марапатталды.

Qolda шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

“Шеврон” – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі табысты да тұрақты әлем құруда зор деп санаймыз. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.

Теңізшевройл – Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші

0

RANDSTAD EMPLOYER BRAND RESEARCH ЗЕРТТЕУІ ӘЛЕМНІҢ 34 ЕЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ ЖӘНЕ ЕҢ ТАРТЫМДЫ САЛАЛАР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІ АНЫҚТАЙДЫ. «ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ. ТШО-ДАН БАСҚА, МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ 3 ҮЗДІК КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ҚАЗМҰНАЙ ГАЗ ЖӘНЕ «ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ» КОМПАНИЯЛАРЫ ЕНДІ, деп хабарлайды Olzha.kz.

«Бұл марапат — біздің брендтің жоғары бәсекелі еңбек нарығындағы тартымдылығын мойындау. Біз инвестицияны қызметкерлерімізді дамытуға, қауіпсіз жұмыс ортасын құруға және салауатты корпоративті мәдениетті сақтауға саламыз, өйткені ТШО қызметкерлері компаниямыздың алға қойған мақсаттарына жетуде көмектесетін ең құнды капитал және қозғаушы күш», – деді АРБ бас менеджері Камшат Байжанова.

Randstad жұмыс беруші брендінің сауалнамасы – бұл мыңдаған компаниялардың ішіндегі ең тартымды жұмыс берушілерді анықтайтын әлемдегі ең жан-жақты, тәуелсіз және терең зерттейтін жұмыс берушілерге арналған сауалнама. Іріктеме 18-ден 65 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті халықтың пікірін көрсетеді. Зерттеуге сәйкес, жақсы жұмыс берушінің маңызды өлшемшарттары арасында жауап берушілер келесілерді атап өтті: жақсы жалақы – 79%, қаржылық тұрақтылық – 72%, мансаптық өсу – 67%, жағымды жұмыс атмосферасы және қызықты жұмыс – 61%.

«COVID-19 пандемиясы кезінде қауіпсіз жұмыс ортасын құру барлық топтар үшін жұмыс берушілерді таңдаудағы ең маңызсыз өлшемшарт болып шықты (32%), бірақ бұл ерлерге қарағанда әйелдерді көбірек алаңдатады. Мансаптың өсуі әйелдер үшін, 25-34 жас аралығындағы адамдар үшін, сондай-ақ жоғары білімі бар адамдар үшін маңызды өлшемшарт болып табылады», – деді ANCOR Орталық Азияның бас директоры Валерия Петрунина.

2020 жылдың соңында ТШО-ның негізгі өндірісіндегі штаттық қызметкерлердің үлесі 92% құрады, ал ТШО-ның негізгі өндірісіндегі қазақстандық менеджерлердің үлесі жалпы басшылар тобының 85% құрады. Компания ұжымдағы еңбек және өндірістік қатынастарды реттеу, жалпы еңбекақы төлеудің тиімді жүйесін құру, қызметкерлерді дамытуға мүмкіндіктер беру және олардың әлеуетін ашуға көмектесетін оқытудамыту бағдарламалары арқылы қызметкерлерді әлеуметтік қорғанышпен қамтамасыз етеді; сонымен қатар әртүрлі тағылымдамалар, кадрлық резервті жоспарлау, әлеуметтік бағдарламалардың кеңейтілген пакеті, корпоративті мәдениетті сақтауға бағытталған жеңілдіктер мен бастамалар, компанияның құндылықтары мен стратегиясына қызметкерлердің адалдығын ұсынады.

Соңғы жазбалар