Қазақстаннан үш айда 5 500 адам көшіп кеткен

0

Қазақстанда осы үш айда елден көшіп кеткендердің саны 5 500-ге жеткен, ал тұрақты тұру үшін көшіп келгендер саны 2 мың адамды құрады.

Көші-қон органдарына сілтеме жасаған Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының мәлімдемесі бойынша, 2021 жылы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға 2 066 адам көшіп келсе, 5 519 адам елден көшкен. Көші-қонның айырымы — 3 453 адамды құраған.

Ведомстводан берілген ақпараттарға сүйенсек, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы үлесі 83,1% — 82,0% құрады. Сондай-ақ статистикалық мәліметтерге сәйкес, ел ішінде қоныс аударатындардың саны 9,5% азайған. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).

Көктеубай Ақерке,

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылы

№4 жалпы орта білім беретін мектептің

11-сынып оқушысы