Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сұрақтарында кездесетін тарихи даталар тізімін жариялады

0

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ  сұрақтарында кездесетін тарихи даталар тізімін жариялады. Сұрақтар тізімінде Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерінен 189 тарихи күннің тізімі түлектерге ұсынылды, деп хабарлайды Olzha.kz.

Қазақстан тарихы пәнінен 89 тарихи дата болса, дүниежүзі тарихы бойынша 100 дата бар.

Айта кетсек, бұл сұрақтар ҰБТ тапсыру кезінде сирек кездесуі мүмкін. ҰБТ сұрақтарында көбінесе есте сақтау қабілетін жақсартуға бағытталған сұрақтар саны азайып, 11 жыл бойғы білімін практика жүзінде қолдануға аса назар аударылған.

Сондай-ақ грантқа түсуші түлектер үшін 15 сәуірде электронды форматта ҰБТ тапсыру басталды. Алдыңғы жылғы түлектер ҰБТ нәтижесін кешкі уақытқа қарай білетін болса, осы жылғы түлектер сынақты тапсырып болғаннан кейін, бірден жауабын  білуге болады. Әр балаға арналған компьютерде бейнекамера орнатылып, онлайн түрде бақыланады. Сондықтан түлектер көшіріп алу секілді қағидаларды бұзуға мүмкіндіктері болмайды.

Асылжан Рымқұл,

Қарағанды облысы Шет ауданы

Ж.Ақылбаев атындағы МГ 11-сынып