Көпбалалы әке Halyk Bank-тен жаңа пәтер ұтып алды

0

Степногорск қаласында жүргізуші болып жұмыс істейтін көпбалалы әке Halyk Bank-тен жаңа пәтер ұтып алды, деп хабарлайды Qainar.info.

Halyk Bank «Ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» ауқымды акциясы аясында жеті пәтердің алғашқысын ойнатты.
Естеріңізге сала кетсек, биыл ойнатылатын «Хан Тәңірі» ТК жеті алматылық пәтердің алғашқысының ұтыс ойыны «31 арна» эфирінде көрсетілді.
Нәтижесінде осы жылдың алғашқы жеңімпазы да анықталды – Степногорск қаласында жүргізуші болып жұмыс істейтін Виктор Покоев Halyk Bank-тен Алматы қаласында экологиялық таза ауданында орналасқан жаңа пәтердің иесі болды және төрт баланың әкесіне салтанатты түрде оңтүстік астанадағы пәтердің кілті табысталды.

– Шынын айтқанда Halyk Homebank-те онлайн кредит ресімдеп жатып, смартфон ұтып алғым келген. Сол себепті Алматыдан пәтер ұтып алдың деген хабар мен үшін күтпеген жаңалық болды, қатты таң қалдым, әрине, сосын өте қуандым. Отбасымның, балаларымның да қуанышында шек жоқ. Мен Halyk Bank-ке үлкен алғысымды білдіремін, себебі осындай науқандардың арқасында адамдарда пәтерге ие болу мүмкіндігі пайда болды. Бұл өте керемет мүмкіндік. Сондықтан мен барлығына өз мүмкіндігіңді сынап, осы науқанға қатысуға кеңес бергім келеді. Жыл аяғына дейін тағы 6 пәтер ойнатылатынын айтты. Әйеліме бөліп төлеу арқылы кір жуатын машина алғым келеді, енді Halyk Homebank-те бөліп төлеуді міндетті түрде ресімдеймін, мүмкін тағы ұтып қалармын, — дейді ол.

Әрбір адам Алматы орталығынан жайлы пәтер ұтып ала алады. Ол үшін Halyk Bank-тен бір рет тиімді талаптармен кредит немесе бөліп төлеуді ресімдеу және науқанның бүкіл кезеңінде Halyk Homebank қосымшасы арқылы ай сайын қызметтер үшін төлем жасау жеткілікті. Неғүрлым көп төлем жасасаңыз, соғұрлым жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

Науқанға қатысу үшін 2021 жылғы 11 мамыр мен 19 желтоқсан аралығында екі-ақ шартты орындау қажет:
1. 200 000 теңгеден артық сомаға бір рет кредит алу немесе бөліп төлеуді ресімдеу;
2. Ай сайын Halyk Homebank қосымшасында 1000 теңгеден артық сомаға қызметтерді төлеу.

Halyk Bank-тен алғашқы теңдессіз науқан былтыр басталған. Ол жолы 3 пәтер ойнатылған. Үш ұтыс ойынына шамамен 150 000 адам қатысқан. Қатысушылардың үшеуі – Алматы облысының Ұлан ауылы, Қарағанды облысының Ақжарық ауылы және Шымкент қаласы мектебінің мұғалімдері жеңімпаз атанып, «Хан Тәңірі» ТК орналасқан пәтерге ие болды.
Сіз де өз арманыңызға қол жеткізудің жаңа мүмкіндігін пайдаланып, оңтүстік астанадан жайлы пәтер ұтып алыңыз. «Halyk Bank-тен ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» науқаны бойынша кредит алыңыз, Halyk Homebank қосымшасында қызметтер үшін төлем жасау да Алматының беделді ауданында орналасқан «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер ұтып алыңыз! Кредитті ертерек ресімдесеңіз, пәтер ұтып алу мүмкіндігі жоғары болады.
Науқан туралы және кезекті ұтыс ойынның өтетін күні мен оның нәтижесі туралы соңғы жаңалықты Halyk Bank-тің Instagram (@halykbank.kz), Facebook парақшалары арқылы біле аласыз.

«QOLDA» бағдарламасының үшінші кезеңіне арналған гранттық байқаудың нәтижелері жарияланды

0

Орталық Азияның Еуразия Қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған «QOLDA» жедел жәрдем бағдарламасы шеңберіндегі гранттық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Qainar.info.

«Qolda 3.0» жобасының үшінші кезеңі азаматтық қоғамның әлеуметтік мәселелерді шешу мен төтенше жағдайлар кезінде өзекті тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.
Байқауға барлығы 66 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) қатысты. Грант комитеті Қазақстанның 14 аймағынан 16 ҮЕҰ жобаны таңдады. Жобаларды 6 ай ішінде, 2021 жылдың 21 шілдесінен 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін жүзеге асыру жоспарланған.

“Qolda 3.0” бағдарламасының үшінші кезеңінде жеңіске жеткен ұйымдар:
1. Аймақтардағы төтенше жағдайлар кезінде халықты ақпараттандыру мен қолдаудың ұзақ мерзімді және онлайн шешімдерін әзірлеу, аймақтық ҮЕҰ-ның төтенше жағдайларға ден қою қабілетін арттыру, аймақтарда волонтерлікті дамыту бойынша жобалар:
• Қызыл Ай Қоғамы Қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы. Қамту аймағы – Павлодар облысы;
• «Локо» оқу-кеңес орталығы» ЖМ. Қамту аймағы – Ақтөбе қаласы;
• «Ардос-Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ. Қамту аймағы – Петропавл қаласы;
• «Ұлағат» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – ШҚО және Алматы облысында жобаны кеңейту.
2. Ауылдық аймақтардағы әртүрлі зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жобалар:
• «Verum Foundation» қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Қазақстанның 10 аймағы;
• «Заң талабы» құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Түркістан облысы;
• «QazYmCenter» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Өскемен қаласы.
3. Эко-білім беру және эко-волонтерлікті дамытуға бағытталған жобалар:
• «Green Help» Қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Петропавл қаласы;
• «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қайырымдылық үйі». Қамту аймағы – Қызылорда қаласы;
• «Центр семьи» қоғамдық қоры. Қамту аймағы – Семей қаласы;
• “Новое время” ЖМ. Қамту аймағы – Қарағанды қаласы.
4. Еңбек нарығында жұмыссыздарды қалпына келтіруге, микро және нано бизнесті бастауға арналған жобалар:
• «Белес-Жетысу» қоғамдық қоры. Қамту аймағы – Алматы облысы;
• «Colden Hearts» қоғамдық бірлестігі. Қамту аймағы – Петропавл қаласы.
5. Aдвокаттық жобалар:
• «Ты – не один» қоғамдық қоры, Республикалық маңызы бар жоба;
• «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Республикалық маңызы бар жоба;
• «Tandau Foundation» қоғамдық қоры, Республикалық маңызы бар жоба.

8 адамнан тұратын грант комитеті келесі критерийлерді басшылыққа алды:
• Қолдану идеясының «Qolda 3.0» мақсатына, міндеттеріне және талаптарына сәйкес келуі;
• Жобаның орынды және нақты бюджеті;
• Әлеуметтік нәтиже және оның ұзақ өмір сүруі;
• Жобаның тұрақтылығы;
• Жоба тобының біліктілігі.

«Qolda» жоба жайлы толығырақ ақпаратпен http://qolda.org/ ресми сайтында және https://www.instagram.com/efca_kz/ әлеуметтік парақшасында таныса аласыздар.
Еске сала кетейік, бағдарламаның бірінші кезеңі 2020 жылдың 23 сәуірінде басталып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын қамтыды.
Негізгі мақсат халықтың әлеуметтік осал топтарына азаматтық және волонтерлік ұйымдарының көмегін үйлестіру арқылы карантиндік және төтенше жағдайлардың халыққа теріс әсерін азайту болды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазақ тілінде пандемия мен карантин туралы сапалы мазмұндағы материалдар саны айтарлықтай өсті.
«QOLDA» бағдарламасының бірінші кезеңінің гранттары (Qolda 1.0) Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан 11 ҮЕҰ-ға, сондай-ақ 7 БАҚ-қа берілді. 2020 жылдың 23 сәуірі мен 23 тамызы аралығында 11 ҮЕҰ 2000-ға жуық мұқтаж отбасыларына көмек көрсетті, шағын және орта бизнес өкілдеріне 1400-ден астам консультациялар, 5 диспансерлік емханаға 2300 түскі және кешкі ас
берілді.
2020 жылдың 9 қарашасында «QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының екінші кезеңі (Qolda 2.0) басталды. Қазақстанның 8 облысынан 12 ҮЕҰ грант жеңіп алды. Үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның 14 аймағындағы 27752 бенефициарға қолдау көрсетті. 5 194 отбасы гуманитарлық көмек алды, оның ішінде аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, көмекке мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, ВИЧ-пен өмір сүретін адамдар, онкологиялық науқастар, толық емес немесе көп балалы отбасылардағы бұрын сотталған азаматтар. Өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне барған зорлық-зомбылық құрбандары – әйелдер мен балалар, суицидке бейім адамдар, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жалпы саны 1 788 психологиялық терапия өткізілді. 3 қоғамдық өзара көмек көрсету қызметі құрылды.
________________________________________
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.

Құрбан айт намазы қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып оқылады – Бас мүфти

0

Биыл 20 шілде күні сағат 07.00-де республика аумағында қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда Құрбан айт намазы оқылады. «Қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды Qainar.info.

Еліміздің өңірлерінде құрбан шалу рәсімін өткізу екі жолмен жүзеге асырылады.
«Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өтеді. Ал «қызыл» аймақтарда – қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асырылады», – деді Бас мүфти.

Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар qurban2021.kz сайты арқылы 2021 жылғы 15 шілде сағат 15.00-ден бастап (сайт 2021 жылдың 15 шілдесінде іске қосылады және 15-22 шілде аралығында тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді) тапсырыс бере алады.

Сайтта құрбан шалуға онлайн өтініш берген азаматтарға ҚМДБ жұмыс тобы мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы толық есеп береді.

Мұқтаж отбасылардан құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш қабылданады.

Елімізде ешкі сүтіне сұраныс артып келеді

0

Ақмола облысындағы «Зеренді» асыл тұқымды мал шаруашылығы
ЖШС-інде жылына 350 тонна ешкі сүті өндіріледі, деп хабарлайды Qainar.info.

«Зеренді» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы 2016 жылы Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында құрылды. Бүгінгі таңда бұл елдегі ең ірі, ең жақсы генетикалық салдары бар ешкі фермасы саналады. Алғаш
құрылған кезде фирмаға Нидерландтан үш жүзден астам ешкі сатып алынды.
Бүгінде ешкі саны мыңнан асады, оның 700-і сауылады. Заманауи жабдықтардың арқасында ферманың сүт зауытында
толық циклімен жылына 350 тонна сүт өндіріледі. Бұл өз кезегінде табиғи
қатты және жұмсақ ірімшіктер, сүзбе, йогурт, классикалық айран тәрізді
ешкі сүті өнімдерінің 42 түрін шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

«Біздің ішкі нарықты дамыту үшін де, сыртқы нарықта шығу үшін де әлеуетіміз жоғары. Ешкі сүтінен жасалған өнімдер үлкен экспорттық әлеуетке ие», — дейді серіктестік басшысы Ермек Ұлықбанов.

Толғанай Амангелді
Жамбыл облысы,
Шу ауданы,
Жайсан ауылы
Жайсан орта мектебінің
11-сынып оқушысы

Биыл сауықтыру лагерьлері қалай жұмыс істейді?

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі санитарлық талаптар мен гигиеналық нормативтердің қағидаларына сай келетін 12 сауықтыру лагерьінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Qainar.info.
Олар Алматы, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында орналасқан.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылдың 26 мамырында бекіткен қаулысына сәйкес стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналына жұмыс басталғанға дейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтама немесе коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжат болған жағдайда ғана қызметке кірісуге рұқсат беріледі. Жалпы балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі өзге әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерімен бекітілген. Мысалы, жасыл аймақтағы облыстардағы жазғы лагерьлер шектеусіз, сары аймақтағылар 50%, қызыл аймақ лагерьлері 30% жүктемемен қызмет істейді.
Балалар лагері сауықтыру маусымы басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға міндетті. Ал лагерьге келетін әрбір бала денсаулық жағдайы туралы құжатты, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастармен байланысы жоқ екендігін растайтын анықтамаларды, лагерьге дейінгі 72 сағат алдыңғы ПТР тесттің теріс нәтижесін алып келуі керек.

Жазира Бекболатова
Түркістан облысы, Шардара ауданы
Қ.Аманжолов мектебінің 11-сынып оқушысы

Әлемде жаңа саяхат түрі пайда болды

0

2021 жылы әлемде саяхаттың жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Бұл жайында ресейлік «Розовый слон» туристік агенттігінің бас директоры Алексан Мкртчян мәлімдеді, деп хабарлайды Qainar.info.
Жаңа бағыт 2020 жылы COVID індетіне шалдыққандарды қызықтырмақшы. Туроператорлар коронавируспен ауырып, емделіп шыққандардың денсаулығын қалпына келтіруге және инфекцияның алдын алуға арналған процедуралары бар курорттар қарқынды дамиды деп отыр.
Емдеу курсы 10 күн мен екі апта аралығында. Қалпына келтіру бағдарламасына оңалту курстары, иммундық жүйені және жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайту ем-шаралары кірмек.
Мұндай бағыттарға Болгария, Словакия, Германияның демалыс орындары дайындалып жатыр екен.
Аружан Шардарбек
Түркістан облысы
Шардара ауданы
Сүткент ауылы
Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар оқшаулау режимін бұзғаны үшін жазаланады

0

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін айыппұл салынады Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Qainar.info.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Денсаулық сақтау министрлігімен коронавирус жұқтырған науқастар мен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелер бекітілгенін хабарлайды. Осы талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылдың 10 маусымында күшіне енеді», — делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығына сәйкес, оқшаулау режимін бұзғандар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Карантиндегі науқастың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жаза қолдануға себеп болады.
Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған адамға 30 АЕК немесе 87 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.
«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті барлық қазақстандықты карантин талаптарын сақтауға шақырады және әкімшілік айыппұл қауіпті жұқпалы вирустың таралуын бақылауға мүмкіндік береді деп үміттенеді», — деді ведомство өкілі.

Айгерім ЕСІМХАН
№12 орта мектеп-гимназиясының
11-сынып оқушысы

Теңізшевройл жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауытын іске қосты

0

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауытын іске қосты, деп хабарлайды Qainar.info.
Ол нысандардағы өндірілетін шамамен барлық сұйық күкіртті өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл өз қатарына экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтады. Айына 40,000 тонна күкірт өндіру қуаты бар түйіршіктелген күкірт өндіретін жаңа зауыт басқа құрылғылар істен шыққан кезде күкірт өндірудің қажетті деңгейін сақтауға жағдай туғызады.

«ТШО-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында,командамыз күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырды», – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Жергілікті компанияларды дамыту ТШО-ның негізгі стратегияларының бірі болып табылады, сондықтан жобаны қазақстандық компания толығымен жүзеге асырғаны және жаңа нысанның барлық мамандары жергілікті кадрлармен толықтырғаны қуантады.

Жаңа зауыт жергілікті тұрғындарға 60-тан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Пандемияныңқиыншылықтарына қарамастан ТШО мен «Caspian Group Construction» ЖШС-і бірігіп 2 жылдан аз уақыт арасында жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстарын сәтті аяқтады.

“Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жақсы технологиялар мен ресурстарды қолданып, оларды Қазақстанға жеткізді“, – деді Галиаскар Итишев, түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері.

Қазақстан нарығынан басқа ТШО түйіршіктелген күкіртті Африка, Еуропа, Қытай және басқа да нарықтарына экспорттайды.

Елордада жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды

0

Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй қоры «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qainar.info.

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына келесі санаттар жатады:

1) жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) 1 және 2-топтағы мүгедектер;

4) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

5) кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

6) жасына байланысты зейнеткерлер;

7) жетім балалар;

8) қандас;

9) экологиялық зілзалалар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

10) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

Пәтерлердің жалпы саны 100, оның ішінде 30 пәтер “Жетім балалар” санатына ғана арналған:

12 — бір бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш. м.);

18 — екі бөлмелі пәтер (44,7-50 ш. м.);

Қалған 70-і “Әлеуметтік жағынан осал топтар” санатына арналған:

28 — бір бөлмелі пәтер (37,8-38,2 ш. м.);

42 — екі бөлмелі пәтер (44,7-50 ш. м.);

Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

Орналасқан жері: “Пригородный” тұрғын алабындағы ЖТҮ, Сарытоғай көшесі;

Ай сайынғы жалдау ақысы: 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін;

Қабылдау күні: 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығы;

Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүргізіледі;

Шарттары: «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.

Іріктеу «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санаты бойынша тұрғын үй кезегіне қою күні мен отбасы құрамы бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.

Өтініш беру үшін Сізге:

1) ЭЦҚ кілті;

2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Текеліде туризм дамиды

0

Алматы облысына қарасты Текелі қаласы – өнеркәсіптік моноқалалардың бірі. Табиғаты туризмге сұранып тұрған шап-шағын қаланың тұрмыс-тіршілігімен БАҚ өкілдерін таныстыру үшін Алматы облысы “Jetisu Media” пресс тур ұйымдастырды, деп хабарлайды Qainar.info.

Шара барысында қала әкімі Батыр Молдахметов мырзамен кездестік.

Әкімнің айтуынша, Текеліде өнеркәсіптік өндірісті дамыту бойынша бірнеше мәселе бар:

«Мұның себебі: өндірістік аймақта бос жерлердің болмауы, өндірістің маусымдылығы және жабдықтардың тозуы. Осыған байланысты туризм саласын қала экономикасын дамытудағы басты бағыттардың бірі деп санаймыз».

Текеліні туристік ХАБ ретінде қалыптастыру үшін «URBAN STYLE» жетекшісі, елімізге танымал архитектор Любовь Нысанбаевамен келісім жасалған.

Бүгінде 34 мыңнан астам тұрғын бар Текеліде ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік мол.

Айталық, қала маңында тарихы тереңнен бастау алатын Черкассай, Солдатсай және Қора шатқалдары орналасқан. Қора шатқалына кіреберісте Будда тасы бар. Шатқалдың бойымен созылған жолдың 50-шақырымында Орталық Азиядағы ең үлкен сарқырамалардың бірі – Бұрхан-бұлақ ағып жатыр.

Биыл жергілікті туризмді дамыту үшін Балалар мен жасөспірімдердің өлкетану және туризм орталығына 28,5 миллион теңгеге автобус, квадроцикл және шаңғы сатып алыныпты. Батыр Қайыркенұлы келешекте Текеліге Смарт сити технологиясын енгізе отырып, туристік ХАБ ретінде қалыптастыруды жоспарланып отырғанын айтты: «Қала бойынша тач скрин жүйесі бар интерактивті ақпараттық жабдықты орналастыруды және Бұрхан бұлақ сарқырамасына дейінгі барлық туристік бағыттар бойынша free Wi-Fi тегін интернетпен қамтамасыз етеміз».

Туризмді дамыту мақсатында қала аумағында 4 учаскені абаттандыруды жобалау басталған. Олардың біріншісі: LED-экран, тач скрин функциясы бар интерактивті-ақпараттық жабдық, полицияның модульдік посты, сауда павильондары, аялдама, тұрақ және санитарлық тораптар орнатумен қалаға кіруді (ауданы – 0,9 га) абаттандыру. Осы мақсатта, LED-экран сатып алу және орнату үшін 14,2 млн теңге қаражат қажет. Екіншісі: жаяу, вело-туризм, мото-туризм, қысқы спорт түрлері, парапланеризм, құзға шығу бойынша федерацияларды орналастыруға арналған 1 гектар көлемдегі аумаққа орналасқан модульдік үй-жайлары бар “Горняцкий” шағын ауданындағы жер учаскесін абаттандыру, сондай-ақ гидтер мектебін орналастыру жоспарланған. Үшіншісі: Қора өзеніндегі жарты гектарлық жердегі бұлақты абаттандыру. Қора шатқалы бойымен Бұрхан бұлақ сарқырамасына дейінгі туристік маршрутты отандық және шетелдік туристерге насихаттай отырып, Будда тасы мен ежелгі петроглифтерге бару арқылы шағын сәулет нысандарын орнату. Төртіншісі: Текелі аумағында республика бойынша ең ұзын көше – Дінмұхаммед Қонаев атындағы көшені (ұзындығы – 38 шақырым) абаттандыру . Осы мақсатта арнайы конкурс өткізіліп, «Ремстройпроект» ЖШС, “Қазақстан-Қытай мұнай-Газэнергопроект» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.  Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті сома – 18,5 миллион теңге.

Нәзия Жоямергенқызы,

Түркітілдес журналистер қоры

Соңғы жазбалар