Биыл сауықтыру лагерьлері қалай жұмыс істейді?

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті еліміздегі санитарлық талаптар мен гигиеналық нормативтердің қағидаларына сай келетін 12 сауықтыру лагерьінің тізімін бекітті, деп хабарлайды Qainar.info.
Олар Алматы, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында орналасқан.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылдың 26 мамырында бекіткен қаулысына сәйкес стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналына жұмыс басталғанға дейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтама немесе коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алғанын растайтын құжат болған жағдайда ғана қызметке кірісуге рұқсат беріледі. Жалпы балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі өзге әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерімен бекітілген. Мысалы, жасыл аймақтағы облыстардағы жазғы лагерьлер шектеусіз, сары аймақтағылар 50%, қызыл аймақ лагерьлері 30% жүктемемен қызмет істейді.
Балалар лагері сауықтыру маусымы басталғанға дейін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға міндетті. Ал лагерьге келетін әрбір бала денсаулық жағдайы туралы құжатты, коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастармен байланысы жоқ екендігін растайтын анықтамаларды, лагерьге дейінгі 72 сағат алдыңғы ПТР тесттің теріс нәтижесін алып келуі керек.

Жазира Бекболатова
Түркістан облысы, Шардара ауданы
Қ.Аманжолов мектебінің 11-сынып оқушысы