Halyk Homebank қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

0

Halyk Bank цифрлы сервистерді одан ары дамытуды жалғастыруда. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қолдауымен жаңа қызметті іске қосты: Банктің клиенттері Halyk Homebank қосымшасында өзінің цифрлы құжаттарын тұрақты түрде қолдана алады, деп хабарлады Qainar.info.

“Цифрлы құжаттарды” бүгінгі таңда шамамен 10 млн қазақстандық қолдануда. Бұл өте ыңғайлы әрі өзіңізбен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүрудің қажет жоқ. Атаулы қызметті пайдалану бұрыннан да ыңғайлы болу үшін біз бұл сервисті қазақстандық танымал платформаларға шығарамыз, бірақ бұл функционал тек азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады” – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

“Бұл қызмет түрі әлемде баламасы жоқ бірегей формат. Клиенттер үшін Halyk Homebank қосымшасында цифрлы құжаттар 24/7 режимде қолжетімді болады және оларды мемлекеттік, банктік және басқа қызметтерді алу кезінде пайдалана алады“, – деп атап өтті Halyk Bank Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Мысалы, Қазақстанның барлық әуежайларында ішкі рейске билет алу және ұшаққа отыру, “Қазақстан темір жолы” АҚ теміржол вокзалдарында вагонға отырғызу кезінде, ХҚКО, банкке барғанда және нотариустарда қызмет алу кезінде осы цифрлы құжаттарды Halyk Homebank арқылы көрсетіп емін-еркін қызметті қолдануға болады.

Жаңа сервисті пайдаланудың маңызды шарты мемлекеттік дерекқорларда цифрландырылған мәліметтер болуы керек. Halyk Homebank қосымшасының клиенті келіскен жағдайда цифрлы құжатты сұраған тарапқа QR-кодты немесе цифрлы құжаттың қысқа кодын көрсеткеніңіз жеткілікті.

Айта кету керек, құжаттар тікелей egov.kz мемлекеттік қызметтер порталынан жүктеледі және Halyk Bank клиенттері өздерінің дербес деректерінің қорғалғанына сенімді бола алады. Цифрлы құжаттар иесінің келісімінсіз бұл қызметті қолдану мүмкін емес.

Halyk Homebank қосымшасындағы цифрлы құжаттарды қарау үшін басты беттегі “Мемлекеттік қызметтер” бөлімінде “Менің құжаттарым” тармағын таңдап, одан ары SMS арқылы жеке дербес деректерді қолдануға келісім беру қажет. Сұраған тарапқа QR-кодты немесе цифрлы құжаттың қысқа кодын көрсеткеніңіз жеткілікті. Қысқа код арқылы банк қызметтерін, яғни Halyk Bank бөлімшелерінде пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта Halyk Homebank қосымшасында цифрлы құжаттардың 18 түрі бар, олардың ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР-тест, туу туралы куәлік, әлеуметтік куәлік бар. Жақын арада цифрландырылған диплом ұсыну мүмкіндігі пайда болады.

Журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады

0

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады, деп хабарлады Qainar.info.

21 наурыз — Халықаралық орман күні! Жер құрсауы босап, табиғат-ана түлей басталған кез. Айтулы күнде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын алғашқылардың бірі болып бастады.

Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында Междуреченск орман тұқымбағының аумағында қырым қарағайы мен қайың ағаштары отырғызылды.

Сондай-ақ, шара барысында «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, зертхана жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін интерактивті карта таныстырылды.

Баспасөз-тур барысында орман шаруашылығына байланысты атқарылған жұмыстар, брендтік жобалар жайында да ақпарат берілді.

Алматы облысында Наурыз мерекесіне орай бәйге өтті

0

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды, деп хабарлады Qainar.info.
Жарыс барысында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді.
Жалпы, республика деңгейінде өткен бәйгеге еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы мен Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты. Соның ішіндегі 25 шақырымдық “Аламанға” – 50 сәйгүлек, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40, 8 шақырымдық құнан бәйгесіне — 50, 4 шақырымдық тай жарысына – 30 ат шабысқа жіберілген.
Жалпы есеп бойынша 100-ден астам тұлпар қатысқан топ бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнан бәйгесінен – Ескелді ауданы, тайбәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болса, ал аламан бәйгесінен – Қордай ауданы бас жүлдені жеңіп алып, тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады.
Ардақ Қасымхан, Қапшағай қаласы

Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тергеудің басталғаны рас па

0

Әлеуметтік желілерде Иманғали Тасмағамбетовке қатысты ақпарат тарады.
Kozachkoff telegram арнасы Иманғали Тасмағамбетов сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін мәлім етті, деп хабарлады Qainar.info.

Онда Алматы, Астана әкімдері және Қорғаныс министрі қызметтерінде болған кезеңдері тексеріледі деп жазған болатын.

Осы ақпараттың анық-қанығын тексеруді жөн көрдік.

Бұл туралы Бас прокуратура да мәлімдеме жасады.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тергеу тобы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатысы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген Бас прокуратура мәлімдемесінде.

Ақпарат расталмады.

Алматыда «Zertte Studio» STEAM зертханасы ашылды

0

Қазақстандағы «Zertte Conference» заманауи білім, ғылым және технологиялар туралы конференциясы шеңберінде Алматы қаласында «Zertte Studio» STEAM зертханасы ашылды. Жобаны «Caravan of knowledge» білім беру ұйымы «Шеврон» компаниясымен және Республикалық физика-математика мектебімен (РФММ) серіктестікте ұйымдастырды, деп хабарлады Qainar.info.

Zertte Studio – кез келген оқушы тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен қажетті техникалық дағдыларды игере алатын, конкурстар мен олимпиадаларға дайындалатын, шығармашылық және инженерлік идеяларын көп мектепте бола бермейтін жаңа жабдық арқылы іске асыратын бірегей зертхана. Бұл зертхана РФММ ғимаратында орналасқан және ол жерде кез келген мектептің оқушылары мен педагогтары осы мектептің педагогтары өткізетін сабақтарға қатыса алады.

«Шеврон» компаниясы жұмыс істейтін елдердегі әлеуметтік жауапты азамат. Біз үшін білім беру Қазақстандағы ең басты әлеуметтік инвестиция бағыттарының бірі. Біз Республикалық физика-математика мектебімен, Caravan of Knowledge ұйымымен және Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігімен жемісті серіктестігімізді мақтан тұтамыз және оның нәтижесінде осындай Zertte Studio атты керемет зертхана пайда болды. Мұндай зертханалар болашақта Қазақстанның барлық мектептерінде ашылады деп үміттенеміз», – дейді Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.

Қазіргі таңда Zertte Studio төмендегідей үйірмелерді басқарады:

● Робототехника және 3D-үлгілеу; Сондай-ақ қатысушылар робототехника бойынша халықаралық жарыстарға дайындалады;
● Ғылыми ойлау – бұл жерде салааралық жобаларды мысалға ала отырып математиканы, физиканы, химияны және биологияны оқиды;
● Ракета жасау;
● Авиамодельдеу;

Оған қоса Zertte Studio олимпиадаларға дайындалу курстарын, ғылыми, инженерлік және шығармашылық тақырыптар бойынша ашық дәрістер, шеберлік сабақтарды өткізуді жоспарлап отыр. Зертхананың барлық жұмыстары STEAM әдістері (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics — ағыл. тілінен ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) бойынша өтеді. STEAM әдістері оқуға кешенді көзқарас қалыптастырады, бұл жерде кез келген жоба немесе тақырып әртүрлі пән тұрғысынан қарастырылады.

Мысалы, ракета жасау сабақтарында балалар ракетаны басынан бастап жасап ұшырады,компьютерде модельдейді, қосалқы бөлшектерін 3D-принтеріне басып шығарады, метеостанцияларды жинап, оны ракетаға жалғайды және ол арқылы ауа райы туралы деректер жинайды және көптеген басқа іспен айналысады. Осылайша олар микроэлектрониканы, робототехниканы, 3D-үлгілеуді, бағдарламалауды, экологияны, астрономия негізін кешенді түрде және шынайы мысалдармен үйренеді. Жабдықтың және Zertte Studio тәлімгерлерінің көмегімен балалар кез келген инженерлік және шығармашылық идеяларды іске асыра алады.

«2022 жылы 50-жылдық мерейтойын тойлап отырған Республикалық физика-математика мектебі жинаған тәжірибесін әрқашан қуана бөлісуге дайын болады. Сондықтан Zertte Studio тек РФММ оқушыларын ғана емес, басқа мектеп оқушыларын және бүкіл Қазақстан мұғалімдерін де асыға күтеді және тәжірибесін бөлісуге дайын. Осындай бірлескен жұмыс пен қарым-қатынас – үлкен нәтижелердің, ең бастысы елдегі техникалық білімді шынайы дамытудың кілті», — дейді Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебі директорының м.а. Алмас Ордабаев.

Балалар көркемсурет мектебінде 1200-ден астам бала оқиды

0

Алматы Балалар көркемсурет мектебі 1981 жылы – Алматыдағы алғашқы мамандандырылған бастауыш көркем білім беретін оқу орны негізінде құрылды. 1997 жылы мектепке қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

2018 жылдың қысында мектеп жекешелендіру аясында «Ә. Қастеев атындағы өнер жәнедизайн мектебі» болып қайта құрылды.

2005 жылдың ақпан айында Париждегі ЮНЕСКО Клубтарының Бүкіләлемдік ассоциациясының шешімімен мектепке ЮНЕСКО-ның бірінші қазақстандық клубы мәртебесі берілдіБүгінгі таңда мектепте және барлық филиалдарда 1200-ден астам бала оқиды.

2021 жылдың жазынан бастап, жан басына қаржыландыру бағдарламасының арқасында біздің оқушыларымыз 5 жастан 18 жасқа дейін тегін оқу мүмкіндігіне ие болдысоның салдарынан бізде оқуға деген сұраныс күрт өстіБізден ваучерлер бойынша тегін оқу үшін ата-анаға өзін және балаларын artsport.edu.kz сайтында тіркеу жеткіліктіӘрі қарайваучерге 10 күн ішінде өтініш беру керек жәнебіз оны іске қосамызТиісінше, бала топтарда бос орындар болған жағдайда бірден мектепте сабақ ала бастайдыӨкінішке қарайсоңғы уақытта бізге жету және топта бос орын табу қиындай түсті, осыған байланысты біз Алматы қаласының түкпір-түкпірінде 5 филиал аштықтаяуда қаланың жоғарғы бөлігінде – “Хан Тәңірі” шағын ауданында жаңа филиал ашылды.

Біз 5 жастан бастап балаларға академиялық көркемдік білім беремізоған көркемдік-эстетикалық цикл пәндері кіредісуреткескіндеме, композиция, сәндік-қолданбалы өнерөнер тарихымүсін, пленэр немесе жазғы практика және т. б.

Білім беру бағдарламасы бойынша негізінде мектепте 4 сатылы оқыту енгізілді:

саты — “Радуга” тобы (5-6 жас), “Семицветик” тобы (7-8 жас), “Палитра” тобы (9-10 жас); Бұл бағдарлама сурет салу, мүсіндеу және сәндік-қолданбалы өнердегі бастапқы дағдыларды игеруге арналғаннегізгі техникалармен және материалдармен таныстырады.

Егер сіздің балаңыз сурет салу дағдыларына байыпты және терең енсе және өз кәсібін байланыстыруды жоспарласаонда сіз алдын

ала кәсіби бағдарламаға түсе аласыз:

II саты – ”0” курс (Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сынып базасындағы дайындық топтары);

III саты – ”I“- ден ”IV”-ге дейінгі курстар (негізгі оқыту курсы, 12-16 жас). Мұнда біз ата-аналарға сағат көлемінің ұлғаюына байланысты үйірмелердің басым бағыттарын таңдауға және 2 үйірмеден артық жүргізбеуге кеңес беремізөйткені жалпы білім беретін мектепте оқу жүктемесі әлі де бар және ол жыл сайын өсіп келеді.

IV кезең – ”V” курсы (жеделдетілген бағдар, 15 жастан бастап және шектеусіз). Бізде курс 15 жастан асқан және бізге 30-40-50 жаста келетін, “жан үшін шығармашылық шеберлігін игергісі келетіндердің барлығына нөлден бастап кескіндемесурет және композиция бойынша оқыту ретінде үлкен сұранысқа иеБұл курстарды мектептің тәжірибелі мұғалімдері жүргізедіолардың білімі мен жаңадан келген суретшінің немесе дизайнердің “қолжазбасын” қалыптастыру тұрғысынан қымбат тұрады.

Біздің мектеп көптеген оқушылар үшін шығармашылық даму және өзін-өзі көрсетубейнелеу өнерінде жаңа білім алу алаңына айналдыБалалар жаңа достар табадыбейімделуді үйренеді және көкжиегін кеңейтедісонымен қатар жазғы пленэрге қатысадыПандемияға байланысты біз шетелдік пленэрды тоқтата тұруға мәжбүрмізбірақ болашақта жағдай өзгереді деп үміттенемізОқу комиссиясы жылына екі рет беделді педагогтар құрамымен оқушылардың да, педагогтардың да жұмыстарын бағалау бойынша қараулар өткізедіҮздік жұмыстарды бізмектептің бірегей әдіс-қорындажаңа әдістерді әзірлеуге арналған тарихи деректерде де, болашақ оқушыларға арналған мысалдарда да қалдырамызБіз студенттерімізді мақтан тұтамызөйткені олар гаджеттердің артында күні бойы отыратын басқа құрдастарына қарағанда керемет шыдамдылық пен зейінділікжауапкершілік пен ынта танытадыБіздің мектептің оқушылары арасында халықаралық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарымен лауреаттары аз емесОларды және мектеп өмірі туралысоңғы хабарландыруларды біздің Instagram-да көруге болады: @kasteyev.kz.

Бізге оқуға түсу емтихандарын тапсыру арқылы Қазақстанның кез келген азаматы немесе кескіндемесурет және композиция бойынша өз жұмыстарын ұсынатын кез келген қабілетті бала түсе алады.

2021 жылдың қыркүйегінде біз алғаш рет 5-6 жастағы балалар үшін қазақ  тобын аштық.

Рамазан Тұңғышбаев, Ә.Қастеев атындағы көркем өнер және дизайн мектебінің директоры

Халықты вакцинация арқылы чиптейтіні рас па

0

Әлеуметтік желілерде халықты вакцинация арқылы жаппай чиптеу туралы ақпарат шыққан болатын. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды, деп хабарлады Qainar.info.

«Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация адамды чиптеумен байланысты емес. Вакцинация жасамас бұрын әрбір адам вакцина құрамы туралы ақпарат беретін нұсқаулықпен танысуға құқылы», — делінген комитет жауабында.

Алтай Көлгінов Өндіріс елді мекенінің тұрғындармен кездесті

0

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 24 қаңтар күні Өндіріс елді мекеніндегі тұрғындармен кездесті. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Qainar.info.
«2021 жылдың қыркүйегінде Өндіріс елді мекенінде біз бес қабатты мектеп аштық. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі №23 орта мектеп аумағына салынды. Ескі мектепте асхана, акт залы, мұғалімдер, әдістемелік кабинеті болмаған еді. Аталған проблемалардың бәрі, сол сияқты тығыздалған режим мәселесі де шешілді.
Былтыр сорғы-сүзгі станциясының (ССС) құрылысы басталған болатын. ССС-3 жұмысының бірінші кезеңі биыл күзде басталады. Ал 2023 жылы толық аяқталады. Сорғы-сүзу станциясы қаланың алдағы уақытта құрылыс жұмысы жүретін аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның қуаттылығы – тәулігіне 105 мың текше метр. Бұл – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды стратегиялық нысан», — деп жазды А.Көлгінов.

Алтай Көлгіновтің осы мәлімдемесіне фактчек жасап көрейік.
1) 2021 жылы 1 қыркүйекте Өндіріс елді мекенінде 1 200 балаға есептелген мектеп ашылған. Елді мекендегі оқушы саны не Байқоңыр ауданының сайтында, не қалалық Білім басқармасының сайтында көрсетілмеген.
Үкім: шындық

2) 2021 жылдың 26 қазанында Алтай Көлгінов сорғы-сүзу станциясының құрылысымен танысқан. Жаңа жобаның қуаттылығы – тәулігіне 105 мың текше метр болмақ.
Үкім: шындық

«QOLDA» үкіметтік емес ұйымдардан байқауға қатысуға өтінім қабылдайды

0

Орталық Азияның Еуразия қоры “Шеврон” компаниясымен серіктестікте “QOLDA” жедел көмек бағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты, деп хабарлады Qainar.info.

Бағдарламаның төртінші кезеңі азаматтық қоғамның төтенше және дағдарыс жағдайларға инновациялық және тиімді әрекет ету қабілетін цифрлық технологиялар мен адвокация арқылы арттыруға жәрдемдесуге бағытталған.

“Qolda 4.0″ байқауына қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. 2022 жылдың сәуірінен қазан айына дейінгі кезеңде жобалардың іске асыру мерзімі 7 айға дейінгі 11 бастаманы қолдау жоспарланып жатыр.

Үкіметтік емес ұйымдардан өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:

1. Экономикалық бағыттағы жобалар;

2. Экологиялық бағыттағы жобалар;

3. Қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен қалалар мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша жобалар (Алматы қ. және Түркістан облысы).
Толығырақ ақпаратты байқаудың qolda.org сайтынан табуға болады. Өтінімді жіберу мерзімі 2022 жылдың 28 ақпаны сағат 23.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша). Нәтижесі 2022 жылдың 18 наурызынан кешіктірілмей жарияланады.

Сұрақтар туындаған жағдайда оларды келесі электронд ымекенжайларға жіберуге болады: aliya@ef-ca.org, aizhan@ef-ca.org. Сондай-ақ, барлық мүдделі ұйымдарды жобаның Telegram-арнасына қосылуға шақырады: https://t.me/Qolda_project.

Есіңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орталық Азияның Еуразия қоры және “Шеврон” компаниясы “Qolda” жедел көмек бағдарламасын жүзегеасырып келеді. Бағдарлама мақсаты – халыққа COVID-19 пандемиясының жағымсыз салдарын еңсеруге көмектесу.

2020 жылғы сәуірінен 2021 жылғы желтоқсанына дейін “Qolda” Қазақстан бойынша 39 ҮЕҰ және 7 БАҚ жобаларын қолдады. Бенефициарлардың жалпы саны 56 569 адамға жетті, ҮЕҰ 6000 волонтерді және 182 серіктесті тартты. Бағдарламаның негізгі көзделген аудиториясы – халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар балаларға ие отбасылар, мұқтаж ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар, толық емес не көпбалалы отбасысы бар бұрын сотталған адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары. Бағдарлама аясында 4 өзара көмек көрсету қоғамдық қызметі құрылды және екі мобильді қосымша әзірленді.

«Qolda» жедел көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.

Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнай-химия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты chevron.com сайтынан табуға болады.

Қазақстанда жыл сайын 36 мың адам қатерлі ісікпен ауырады

0

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі, деп хабарлады Qainar.info.

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа оқиғаларs тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңнан астам қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады.

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыры. Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

«2019 жылы Павлодар қаласында жоғары технологиялық желілік үдеткіші бар жаңа онкологиялық орталық іске қосылды, қазіргі уақытта аппаратта сәулелік терапия қызметтері көрсетіледі. 2020 жылы жаңа Маңғыстау облыстық орталығы іске қосылды, қазіргі уақытта онда заманауи жабдықтар (КТ, МРТ, желілік үдеткіш) орнатылды. 2019 жылдан бастап ҰҒМО мамандандырылған көмек көрсетеді, қазіргі уақытта Протон орталығын және басқа да жоғары технологиялық бөлімшелерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2021 жылы Өскемен қаласында (ШҚО) желілік үдеткіш іске қосылды. Сондай-ақ 2021 жылдың қазан айынан бастап ҚазОжРҒЗИ базасында Томотерапия орталығының жұмыс істеуі басталды.
Республикалық ұйымдарда қашықтан жоғары технологиялық сәулелік терапия (Томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT), интраоперациялық сәулелік терапия, ағзалар мен тіндердің биотрансплантациясы, аз инвазивті хирургия дамып, пациенттерге ұсынылады. Клиникалық практикада әртүрлі биологиялық маркерлерді (иммуногистохимия, молекулярлық-генетикалық зерттеулер) айқындау бойынша қызметтер ұсынылады, бұл онкологиялық науқастарды дербестендірілген емдеуді жүргізуге мүмкіндік береді және ҚІ молекулярлық-биологиялық ерекшеліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді», – деді ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» Акционерлік қоғамының басқарма төрайымы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова.

Кешенді жоспарда Нұр-Сұлтан, Семей, Шымкент және Ақтөбе облыстарында қосымша ПЭТ-орталықтарын ашу жоспарланған. 2021 жылдың сәуір айында Семей қаласында радиоизотопты диагностика мен радионуклидті терапияны қолдана отырып, Қазақстандағы алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды. Онда радиойод терапиясы жүргізіледі.

Қазақстанда жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ГОБМП) кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған.

Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі:

1) сүт безі қатерлі ісігінің скринингі
2) жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі
3) колоректальды қатерлі ісік скринингі

ҚазОжРҒЗИ қатерлі ісікті зерттеу бойынша халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда: қазіргі уақытта ТМД және Еуропаның жетекші ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимыл және өзара ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. ҚазОжРҒЗИ халықаралық клиникалық зерттеулерге белсенді қатысады. Институтта үнемі халықаралық конференциялар, шеберлік-сағаттар, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу өткізіліп тұрады.

БАҚ өкілдерімен өткен онлайн баспасөз мәслихатына қатерлі ісікпен ауырып, отандық дәрігеплердің көмегімен құлан-таза жазылып шыққан азамат, Қазақстанның құрметті ұшқышы Рахман Оспанов азаматтарды дер кезінде тексерілуге және емделуге кеңес берді.

Соңғы жазбалар