Алтай Көлгінов Өндіріс елді мекенінің тұрғындармен кездесті

0

Елорда әкімі Алтай Көлгінов 24 қаңтар күні Өндіріс елді мекеніндегі тұрғындармен кездесті. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Qainar.info.
«2021 жылдың қыркүйегінде Өндіріс елді мекенінде біз бес қабатты мектеп аштық. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі №23 орта мектеп аумағына салынды. Ескі мектепте асхана, акт залы, мұғалімдер, әдістемелік кабинеті болмаған еді. Аталған проблемалардың бәрі, сол сияқты тығыздалған режим мәселесі де шешілді.
Былтыр сорғы-сүзгі станциясының (ССС) құрылысы басталған болатын. ССС-3 жұмысының бірінші кезеңі биыл күзде басталады. Ал 2023 жылы толық аяқталады. Сорғы-сүзу станциясы қаланың алдағы уақытта құрылыс жұмысы жүретін аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жобаның қуаттылығы – тәулігіне 105 мың текше метр. Бұл – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды стратегиялық нысан», — деп жазды А.Көлгінов.

Алтай Көлгіновтің осы мәлімдемесіне фактчек жасап көрейік.
1) 2021 жылы 1 қыркүйекте Өндіріс елді мекенінде 1 200 балаға есептелген мектеп ашылған. Елді мекендегі оқушы саны не Байқоңыр ауданының сайтында, не қалалық Білім басқармасының сайтында көрсетілмеген.
Үкім: шындық

2) 2021 жылдың 26 қазанында Алтай Көлгінов сорғы-сүзу станциясының құрылысымен танысқан. Жаңа жобаның қуаттылығы – тәулігіне 105 мың текше метр болмақ.
Үкім: шындық