Журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады

0

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады, деп хабарлады Qainar.info.

21 наурыз — Халықаралық орман күні! Жер құрсауы босап, табиғат-ана түлей басталған кез. Айтулы күнде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын алғашқылардың бірі болып бастады.

Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында Междуреченск орман тұқымбағының аумағында қырым қарағайы мен қайың ағаштары отырғызылды.

Сондай-ақ, шара барысында «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, зертхана жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін интерактивті карта таныстырылды.

Баспасөз-тур барысында орман шаруашылығына байланысты атқарылған жұмыстар, брендтік жобалар жайында да ақпарат берілді.