Түркияда Түркі әлемі кино саммиті басталды

0

Түркияның Бұрса қаласында «Қорқыт Ата» түркі әлемінің фестивалі шеңберіндегі Түркі әлемі кино саммиті басталды, деп хабарлады Qainarinfo.kz.
Түркия Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан ұйымдастырылған шараның басты мақсаты — түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, рухани байланыстарды нығайту, кино саласындағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ортақ жобалар жасау, кәсіби бірлікті арттыру.
Шараға түркі мемлекеттерінің мәдениет министрліктерінің өкілдері, Түркі әлемі фильм фестивалі шеңберінде Қазақстан киносының күндері өтіп жатыр.
Шараға Қазақстанның Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жанна Қуанышева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақан Сатаев, Азамат Сатыбалды, Жайдарбек Күнғожинов, Сатыбалды Текеев, продюсерлер Анара Қашағанова, Айгүл Байбек, Алмагүл Тілеуханова, Айгүл Черендинова, режиссер Бекарыс Елубай т.б. қатысуда.
2022 жылдың 1 қарашасында басталған Түркі әлемі фильм фестивалі 6 қарашаға дейін жалғасады.
Шетелдік көрермендер назарына «Дос-Мұқасан» көркем фильмін, «Мұқағали» өмірбаяндық драмасын, «Ұлы Дала Таңы» және «Ақ боз үй» тарихи таспаларын, «Еуразия билеушілері» деректі фильмін, «Мұзбалақ» анимациялық картинасын және Қазақстан мен Татарстан бірлесіп шығарған «Тарлан» картинасын ұсынылған.

«Спорттық күресті дамыту қоры» Президентке ашық хат жазды

0

Коммерциялық емес ұйым «ескі» Қазақстан кезеңінде Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп 3 жыл ішінде жеке қаражат есебінен жүзеге асыруға тырысқан балаларға арналған қайырымдылық жобасын «жаңа» Қазақстан кезеңінде жергілікті билік ақыры саботаж жасады.

«Спорттық күресті дамыту қоры» қоғамдық қоры 2018 жылы 100 миллион теңге демеушілік қаражат тартып, Алматы қаласының әкімдігімен Балалар күрес клубы қорының қаражаты есебінен құрылыс үшін 1500 шаршы метр жерді жалға беру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қазір бұл жобаны әкімдік ешқандай себепсіз жауып тастады, ал Қор қажетті құрылыс материалдарының 80%-ын сатып алып, жергілікті бюрократияның жаңа шеңберлерінен өтуге мәжбүр.

«Осы уақыт ішінде мемлекеттік аппарат сабақтастықтың жоқтығын, жауапкершілікті өз мойнына алуға құлықсыздықты және өз пайдаңсыз бір нәрсені қалай жүзеге асырғың келетінін жай ғана немқұрайлылық пен түсінбеушілікті көрсетті», — деп «Спорттық күресті дамыту қоры» Қоғамдық қоры ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевқа ашық хатта жүгінеді.

Қордың Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерімен жүргізген жұмысы аясында 2019 жылы балалар спорт клубын салу үшін жер телімі табылды. 2019 жылы жер телімдерін беру жөніндегі комиссия Алматыда Балалар күрес мектебін салу үшін аталған учаскені бөлу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, 06.02.2020 ж. жер комиссиясының отырысында аталған жобаны Қор іске асыру үшін осы объект қайта айқындалды, содан кейін әкімдіктің ұсынысы бойынша жер телімі «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ға берілді.

«Қаңтар айындағы қайғылы оқиғадан кейін Сіз ӘКК арқылы жер телімдерін беру тәртібін белгілеуді тапсырдыңыз. Ал, сыбайлас жемқорлық схемаларына қарсы күрес аясында бізді алғашқылардың бірі болып құрбан етті», — деп жазады Қор ҚР Президенті Тоқаевқа жолдаған хатында.

2022 жылғы 27 тамызда Қор Алматы ӘКК-ның қатысуымен «Спорттық күресті дамытудың балалар клубының құрылысы» жобасын іске асыру мүмкін емес екендігі туралы хабарлаған хат алды.

Бұл хатта Жобаны іске асырудың мүмкін еместігінің нақты жағдайлары мен себептері көрсетілмейді, тек Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі инвестициялық болып табылмайтын жобалар бойынша жер телімдерін алуға өтінім беру тәжірибесін тоқтату және тиісті шарттар жасасу туралы хатына сілтеме жасалады.

Қордың 2022 жылғы 7 қыркүйектегі Алматы қаласы бойынша БҚжДА-нің департаментіне сұрау салуы Алматы ӘКК-на қайта бағытталды.

«Өкінішке орай, біздің тәжірибемізге сүйене отырып, Қазақстанда мемлекетпен ынтымақтастықта қайырымдылықпен айналысудың келешегі жоқ сияқты — тек қайғылы тәжірибе жинақтай отырып, уақыт пен ақшаны жоғалтуға болады», — дейді қор директоры Альфия Ищанова.

«Президент мырза, сіз балаларға арналған мектептер, спорттық нысандар құрылысына жеке қаражаттың қатысу қажеттілігі туралы жиі айтасыз — біз әлі де балаларға арналған күрес клубының құрылысын қордың қаражаты есебінен бізге жалға берілген жерге қайырымдылық жобасы ретінде іске асыруға дайынбыз»,- дейді Қор.

Альфия Ищанова, «Спорттық күресті дамыту қоры» қоғамдық қорының директоры

Қазақстандағы ШОБ үшін Halyk Bank үздік банк деп танылды

0

Global Finance халықаралық басылымы екінші жыл қатарынан Halyk Bank-ті «Best SME Bank in Kazakhstan 2023» номинациясы бойынша Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік банк деп атады, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

2021 жылғы 1 сәуір мен 2022 жылғы 31 наурыз аралығында Global Finance беделді халықаралық басылымының сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша Halyk Bank екінші жыл қатарынан «2023 Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік Банк» (Best SME Bank in Kazakhstan 2023) номинациясы бойынша беделді марапаттың жеңімпазы болып танылды.

Жыл сайын өтетін SME Bank Awards 2023 сыйлығының жеңімпаздары Африка, Азия-Тынық мұхиты және Кариб теңізі аймақтарының, Орталық және Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерін қоса алғанда, 69 ел мен АҚШ-тың 6 аймағындағы индустрия инсайдерлерінің, басшылары мен техникалық сарапшыларының қатысуымен жүргізілген тәуелсіз зерттеулердің және банктердің өтінімдері негізінде анықталды.

Global Finance сарапшылары өз алгоритмін пайдаланды, мұнда ең маңыздысы нарық пен бизнес қажеттіліктерін білу, өнімдер мен қызметтердің ассортименті, банктің нарықтық позициясы және инновациялар сияқты критерийлер болды. Сонымен қатар, өз өңірлерінде ШОБ-тың мамандандырылған қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратын банктер жеңімпаз атанды.

Global Finance баспагері және редакциялық директоры Джозеф Джаррапуто: «ШОБ бүкіл әлемде экономика үшін қозғаушы күш болып табылады, бұл сегмент әр салаға, секторға және географияға ғана тән қажеттіліктері бар кәсіпорындардың кең ауқымын қамтиды», – дейді, – Осы сегментке назар аударатын және өз елінде де, одан тыс жерлерде де ШОБ клиенттеріне қызмет көрсететін үздік қаржылық серіктестерді атап өту арқылы Global Finance өз бизнесінің көкжиегін кеңейтуді қалайтын тәжірибелі кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашады».

«Біз беделді халықаралық басылымның сарапшыларына Halyk-тың Қазақстанның кәсіпкерлері үшін инновацияларды, қызметтер мен өнімдерді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін ризамыз, – деп атап өтті Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова, – Біздің негізгі серіктестеріміз –отандық экономиканың түрлі салаларында белсенді жұмыс істейтін және дамытатын шағын және орта бизнес кәсіпорындары. Halyk жүйе құраушы банк ретінде ыңғайлы цифрлық шешімдерді, өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, қаржыландырудың оңтайлы шарттарын ұсына отырып, қазақстандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге ұмтылады. Мысалы, Onlinebank қосымшасы арқылы ЖК-ны қашықтықтан тіркеу және онлайн шот ашу, салық есептілігін және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді тапсыру, цифрлық кредиттеу, сондай-ақ кәсіпкерлердің өмірін жеңілдететін тағы басқалар».
Global Finance қаржы журналы 1987 жылы құрылған, 50 000 дана тиражбен шығады және әлемнің 193 елінде оқырмандары бар. Журналдың аудиториясына инвестицияларға, халықаралық компаниялар мен қаржы институттарының жұмысындағы стратегиялық шешімдерге жауап беретін қаржы және корпоративтік салалардағы басшылар кіреді. Басылымның сайтында халықаралық қаржы нарықтары саласындағы көпжылдық жұмыстың нәтижесі болып табылатын аналитика мен жарияланымдар ұсынылған. Global Finance-тың бас офисі Нью-Йоркте, ал басқа офистері бүкіл әлем бойынша орналасқан. Global Finance жыл сайын банктер мен қаржылық қызметтердің басқа өкілдері арасында қызмет көрсеткіштері бойынша көшбасшыларды іріктейді. Басылым белгілеген марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сапа көрсеткіші ретінде танылады.

Halyk Bank – бөлшек бизнес, ШОБ және корпоративтік банк қызметтерін, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, әртүрлі сегменттерде операциялар жүргізетін Қазақстандағы жетекші банк. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-де 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар. 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдайға сәйкес 13,735.6 млрд. теңге мөлшерінде активтерге ие бола, банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады және клиенттердің ең ірі базасы мен филиалдық желісі бар – ел бойынша 577 бөлімше мен филиал. Банк өз операцияларын Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Өзбекстанда және Тәжікстанда іске асырады.

Halyk Еasy – ата-аналар мен балалар үшін маңызды

0

Осыдан екі жыл бұрын ғана ата-аналар балаларының күнделікті қажеттіліктеріне тек қолма-қол ақша берді. Алайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу біздің өмірімізге тез әрі нық еніп, ата-аналар мен балалардың ақшалай қатынастарына да өз әсерін тигізді. Ересектердің баланың ұсақ шығындарына арналған ақшаны немесе оларға ақшалай қаражат түріндегі сыйлықты баланың банктік картасына аударуы жиілей түсуде. Ал бүгінгі күні банктердің балаларға арналған арнайы карталарды шығару ұсыныстарымен көпшілікті таңқалдыра алмайсыз. Дегенмен, балаларға карта дәл қандай мүмкіндіктер ашатындығы жағынан үлкен айырмашылықтар бар. Осы тұста Halyk Bank Halyk Easy картасын жасап, әдеттегідей, өз клиенттеріне – балаларға да, олардың ата-аналарына да ең жақсы шарттарды ұсынуға тырысты.

Алдымен ата-ана Halyk Еasy картасын Halyk Homebank қосымшасында бірнеше минут ішінде аша алатындығынан бастайық. Halyk Homebank қосымшасын App Store-ден немесе Play Market-тен жүктеп алуға болады. Ата-ана Halyk Homebank қосымшасында «Halyk Easy» таңдап, баланың ЖСН, оның ұялы телефон нөмірін көрсетіп, енгізілген деректерді растауы керек. Halyk Homebank-ке кіру үшін баланың телефонына уақытша SMS-құпиясөз жіберіледі. Ата-ана балаға қосымшаны орнатуға және Halyk Homebank-те авторландырудан өтуге ғана көмектесуі керек болады.

Авторландыру жүзеге асырылғаннан кейін Halyk Еasy картасы бірден баланың смартфонында пайда болады. Бұл оған картаны Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay-ге байланыстыра отырып өзінің телефоны арқылы оңай төлемдер жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ QR арқылы да төлеуге болады: ол үшін Halyk Homebank қосымшасының басты бетінде QR батырмасын басып, камераны Halyk Bank-тің терминалдары желісіндегі QR-ға бағыттау керек. Осылайша, Halyk Easy картасымен пластикалық картаны өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, яғни оны жоғалту қаупі азаяды. Ең бастысы, Halyk Easy арқылы есеп айырыса отырып, балаңыз сүйікті санаттар қатарына кіретін әр жасалған саудадан 5% бонус алатын болады. Сүйікті санаттарға балалар арасында ең танымал орындар кіреді: кинотеатрлар, фаст-фуд, ойыншықтар мен кітап дүкендері, боулингтер, бейне ойындар, аттракциондар, саябақтар, цирк, хайуанаттар бағы және сыйлықтар мен хобби тауарларын сату орындары. Сонымен қатар, жоғары бонустар билеттерді сату қызметтері үшін де, мысалы, kino.kz және Halyk Homebank қосымшасында жасалған төлемдер үшін де есептеледі. Маңыздысы, баланың өзі ғана пайдалана алатын бонустарды жинақтау үшін балаға жеке бонустық шот ашылады.

Halyk Easy арқылы бала алынған немесе сыйға тартылған ақшаны жұмсап қана қоймай, оны, мысалы, велосипед немесе жаңа смартфон сатып алуға үнемдеуге мүмкіндік алады.
Ата-аналар үшін Halyk Easy-дің артықшылықтары ап-айқын. Бұл балаға ақшаны тез аудару мүмкіндігі және оның шығындарының ашықтығы. Тез толтыру үшін ата-анаға Halyk Homebank қосымшасы арқылы баланың телефон нөмірі бойынша жедел аударымдар жіберу жеткілікті. Көптеген адамдар үшін ай сайынғы лимитті онлайн түзету мүмкіндігі ыңғайлы болады. Баланың шығындарына мониторинг жүргізе отырып, картаны ашқан кезде белгіленген қаражат лимитін ұлғайтуға немесе азайтуға болады. Бұл көңілге қонымды, өйткені балалар әртүрлі және олардың шығындары да әртүрлі. Бір бала бүкіл соманы бір күн ішінде жұмсап қоя алады, ал басқа бала жарты жыл ішінде армандағанын сатып алуға ақшасын ойдағыдай жинайды. Айтпақшы, ата-аналар үшін тағы бір артықшылық: Halyk Easy арқылы Сіз баланың қаржылық сауаттылығын дамыта бастай аласыз, оған ақшаны қалай оңтайлы басқаруға болатындығын нақты мысалдармен көрсете аласыз.

Бала алты жасқа толған кезден бастап оған банктік картаны ресімдеуге болады. Бірақ іс жүзінде бұл ата-ананың шотына шығарылған қосымша карта болады. Басқаша айтқанда, балалар картасының балансы ата-аналық шотқа байланыстырылған. Осылайша, ересек адам картадан баланың барлық операцияларын көре алады және қажет болған жағдайда бақылай алады. Бала 16 жасқа толған кезде, ол өзінің жеке шотын өз бетінше аша алады.

Қажет болған кезде, Halyk Еasy пластикалық картасын да алуға болады, бұл үшін ата-ана Halyk Homebank қосымшасының басты бетінде немесе «Шоттар» бөлімінде Halyk Easy Digital картасын таңдап, «Картаға тапсырыс беру» батырмасын басуы керек. Тапсырыс үшін қажетті деректерді толтырғаннан кейін курьермен жеткізуді белгілеу, деректерді растау және SMS-тен кодты енгізу керек. Айтпақшы, карта тегін жеткізіледі.

Көріп отырғаныңыздай, картаны пайдалану барлық жағынан ыңғайлы әрі тиімді. Сонымен қатар, бұл баланың қауіпсіздігін арттырады. Қолма-қол ақшаны жоғалту немесе тартып алу оңайырақ. Ал кодты білмей жоғалған немесе тартып алған картаны пайдалану немесе ұрланған смартфон арқылы сауда үшін төлеу тіпті мүмкін емес.

Halyk Easy-дің тағы бір өте елеулі артықшылығы. Картаны қолдана отырып, бала жас кезінен бастап озық төлем шешімдерімен өзара әрекеттесуді үйренеді және барған сайын неғұрлым инновациялық өнімдердің енгізілуімен бірге өседі. Демек, ол келешекте цифрлық ақшаны оңай пайдаланып, табысты адам болады.

1 қазаннан бастап Halyk Bank жанасусыз төлемдерді комиссиясыз жүргізеді

0

Halyk Bank 1 қазаннан бастап жыл соңына дейін барлық Halyk QR төлемдері, сондай-ақ карталар мен смартфондар бойынша жанасусыз төлемдерді комиссиясыз жүргізеді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Halyk QR және Halyk POS қосымшасы арқылы жанасусыз төлемдерді қабылдайтын кәсіпкерлерге арнайы ұсыныс! Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдай отырып, Halyk Bank Сіз үшін 1 қазаннан бастап жыл соңына дейін науқан ұйымдастырды – барлық Halyk QR төлемдері, сондай-ақ карталар мен смартфондар бойынша жанасусыз төлемдер, оның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay арқылы комиссиясыз жүргізіледі, яғни төлем жүргізу комиссиясы 0 теңгеге тең!

Halyk Bank нарық тенденцияларын үнемі қадағалап отырады және өзінің кәсіпкер клиенттеріне қамқорлық жасай отырып, әрдайым бизнесті дамытуға көмектесетін сапалы және тиімді құралдарды ұсынады. Енді Halyk QR және Halyk POS қосымшасын қолданатын кәсіпкерлер үшін керемет жаңалық пайда болды.

Halyk POS қосымшасы және Halyk QR арқылы кәсіпкерге карталар мен смартфондар арқылы төлемдерді қабылдау өте ыңғайлы. Бұл тегін шешімдер бизнеске жылдамдықты, ұтқырлықты және ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Егер сізде осы уақытқа дейін Halyk Bank ұсынған жанасусыз төлемдердің артықшылықтарын бағалау мүмкіндігі болмаса да, мұны дәл қазір жасауға болады және сонымен бірге жыл соңына дейін жанасусыз төлемдерді қабылдау үшін комиссия болмауының пайдасын толық пайдалана аласыз!

Halyk POS қосымшасын немесе Halyk QR сервисін пайдалана отырып, кәсіпкерлерге науқанның тиімді талаптарына қосылу оңай және тиімді.

Halyk Pos қосымшасының жанасусыз мүмкіндіктерін бірінші рет пайдалану үшін, ол арқылы сатып алушылардан карталар мен смартфондар (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay) арқылы төлемдерді қабылдауға болады, коммерсантқа/кәсіпкерге Банкке барудың қажеті жоқ, қосылу және қызмет көрсету толығымен Online жүзеге асырылады. Onlinebank қосымшасын жүктеп, POS-терминалды қосуға өтініш беру және банк өтінімді мақұлдағаннан кейін, Google Play-ден NFC модулі бар Android смартфонына (8.1-ден жоғары нұсқа) тегін Halyk POS қосымшасын жүктеу қажет. Бар болғаны осы. Бұл жағдайда жай POS-терминалды сатып алу және пайдалану қажеттілігі автоматты түрде жойылады.

Halyk POS қосымшасын пайдаланып, әр түрлі банктердің кез-келген жанасусыз карталарымен, сондай-ақ Google Pay, Apple Pay және Samsung Pay мүмкіндіктері бар смартфондармен төлемдер қабылдау өте ыңғайлы. Бұл ретте Halyk POS қосымшасы алынған төлемдерді басқаруға, қайтаруға, түбіртектерді жіберуге мүмкіндік береді, сонымен қатар бірнеше пайдаланушыны бір Halyk POS жүйесіне қосу мүмкіндігі бар.

Ал Halyk QR қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін кәсіпкердің деректемелері бар екі өлшемді бейнені смартфон камерасымен оқу арқылы QR төлемдерін қалайтын кәсіпкерлер мен клиенттерге арналған. Бұл ретте төлем үшін Halyk QR Onlinebank қосымшасында, жоғарыда аталған Halyk Pos немесе кейбір терминалдарда автоматты түрде жасалады.

Halyk POS қосымшасы және Halyk QR арқылы смартфон арқылы төлемдерді кез келген кәсіпкерлер, стационарлық сауда орындары иелері де, сондай-ақ жұмыста ұтқырлықты қажет ететіндер де қабылдай алады.

Halyk Bank-тің жаңа тиімді науқанын пайдалануға асығыңыз және сатып алушыларыңызға төлемнің әртүрлі нұсқаларын ұсыныңыз – қарапайым карта, Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, және, әрине, Halyk QR, сондай-ақ Halyk Bank карталарымен төлеген кезде қосымша бонустар алу мүмкіндігі.

Есіңізде болсын, осы жылдың соңына дейін Halyk Bank-тің шағын және орта бизнесті қолдау акциясын пайдаланып, сізде ыңғайлы жанасусыз төлем құралдарын алуға ғана емес, сонымен қатар Halyk Bank-тің серіктестері командасына тиімді қосылып, Сіздің бизнесіңіз үшін ай сайынғы көлік ұтып алу мүмкіндігі! Алғашқы жеңімпаздардың бірі болуға асығыңыз.

Ыстамбұлда мәдени орталық қызғылт түспен жарықтандырылды

0

Ататүрік мәдени орталығы (АКМ) сүт безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасына назар аудару үшін үш күн бойы қызғылт жарықпен жарықтандырылды, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Таксим алаңында орналасқан Ыстамбұлдың көрнекті өнер және мәдениет орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу айлығына қолдау көрсету үшін 15 қазанға дейін қызғылт түспен жарқырайды. Таксим алаңына күн сайын миллионға жуық адам келеді екен.

Жоба туралы айта келе, Ататүрік мәдени орталығының бас көркемдік директоры Ремзи Бұхаралы: «Өнер өзінің әсер ету күшімен барлық жағынан бұқараның санасын арттырады. GE Health Care бастамасымен біз AKM ғимаратын жарықтандырудамыз. Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтаудың маңыздылығына назар аудару үшін қызғылт түсті. Әйелдер денсаулығы үшін өте маңызды. Қызғылт шамдар өнер спектакльдерін көруге және Таксим алаңын көруге келген адамдарға көрнекі ескерту ретінде қызмет етеді.

Сүт безінің қатерлі ісігі, әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісік түрі (30%) әрбір сегіз әйелдің 1-і үшін қауіп төндіреді. Дегенмен, бұл ерте диагностикамен қатар алдын алуға және емдеуге болатын ауру. Осы себепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазан айын сүт безі обырына қарсы хабардар болу айы деп жариялағаннан бері сүт безі қатерлі ісігі туралы хабардар болу үшін дүниежүзінде зерттеулер жүргізілуде.

Түркияның ең маңызды мәдениет және өнер мекемелерінің бірі AKM әйелдер денсаулығына қатысты осындай маңызды мәселеге назар аудару үшін үш күн бойы қызғылт түспен жарықтандырылды.

Қарттар үйіндегі қайырымдылық концерт

0

Өнер академиясының студенттері «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Qainarinfo.
Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары бар, сонымен бірге іс-шаралар да өткізіліп тұрады. Өнер академиясы мен «Қамқор» әлеуметтік үйінің бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық концертіне Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н.Тоғызбаева, Өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі А.Әлімжанова мен студенттер, аға оқытушылар Қ.Тауенов пен М.Жұмағұлов қатысты.
Ізгі шараның негізгі мақсаты – қарттарға көмек көрсету және қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Іс-шарада өнер ордасының «Музыкалық өнер», «Хореография», «Театр өнері» факультетінің талантты жастары өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар халық әндері мен күйлері орындалды. Әлеуметтік үйдің қарт тұрғындары өткізілген мерекелік іс-шараға өздерінің алғысын білдірді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалдыны қайырымдылық іс-шарасын қолдаудағы әрі бұл саланы дамытудағы қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.
Осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жансая Иманжан,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 1-курс студенті

Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалі өтті

0

«Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.
12-14 қазан аралығында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясында өнертану ғылымдарының докторы Әсия Мұхамбетованың 80 жылдығына арналған Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасының фестивалі және халықаралық ғылыми практикалық конференциясы өтті.

Салтанатты кешке шет елдерден ғалымдар мен өнер майталмандары қатысты.
Ашылу салтанатынан кейін пленарлық отырыста қатысушы ғалымдар: Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан ел өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Конференцияның ашылу салтанатында мерей той иесіне Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың арнайы құттықтау адресаты тапсырылды. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясының ректорының құттықтауын оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Шәріпбек Әмірбеков жеткізді.
Мерейтойға өнер ордасынан басқа Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Чайковский атындағы Алматы музыкалық коледжі, М.Әуезов атындағы әдебиет өнер инстуттары өз құттықтауларын жолдады. Ғылыми конференцияның бірінші күнін «Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы» атты фестиваль-концерт қорытындылады.

Мырзахан Аяулы
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясының 1-курс студенті

Young Citizen Scientists: оқушыларға арналған жобаның финалы өтті

0

Бүгін Алматы қаласының Бас ботаникалық бағында «Шеврон» компаниясымен серіктестік аясында American Space Almaty (Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының жобасы) ұйымдастырған жобаның қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттаудың соңғы рәсімі өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.
«Young Citizen Scientists» («Жас ғалымдар мектебі») жобасы осы жылдың наурыз айында басталып, Алматы қ. БББ Ботаника және Фитоинтродукция институтының 90 жылдығына орайластырылды.
Жобаны ұйымдастырушылардың басты мақсаты — оқушылардың қоршаған ортаны зерттеуге деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар ботаника саласында теориялық білім ғана емес, практикалық зерттеу дағдыларын алуға мүмкіндік беру. Жобаға қатысушыларды қабылдау конкурстық негізде өтті. Іріктеу нәтижелері бойынша жобаға 14-17 жас аралығындағы 40 оқушы қатысты, бұл ретте әрқайсысы өз бағытын таңдады, ал теориялық оқудан өтіп, өз білімін Ботаникалық бақтың зертханаларында тәжірибеде сынай алды.
Маңызды білім беру бастамасы оқушыларға жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге, биолог-ғалымдардың жұмысын ішінен көруге және Алматының Бас ботаникалық бағының ғылыми қызметкерлері рөлінде өзін сынап көруге бірегей мүмкіндік берді. Қатысушылардың білгірлігі мен ботаникаға деген шынайы қызығушылығы келешекте елімізге ғалымдардың жаңа буынын дарытады.
Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының БАҚ, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңісшісі Ананд Кришна бұл тәжірибе оқушылар мен мұғалімдердің Алматы қаласындағы экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ғылыммен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді деп атап кетті.
«Біздің Young Citizen Scientist жобамыз экологиялық дүниетанымның, экологиялық мәдениеттің және жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал етеді және жобаға қатысушылар экология саласында алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алады, сондай-ақ өз іс-әрекеттерін Жердің әл-ауқаты үшін ықтимал салдарлар тұрғысынан түсініп, бағалай алады деп үміттенеміз», – деп атап өтті «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Жанар Қошпанова.
«Бағдарламаға қатысу үшін ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазу керек болды. Мен «Өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау» тақырыбын таңдадым, себебі бұл қазіргі әлемдегі жаһандық проблема», – деп бөлісті 11-сынып оқушысы, Астана қаласынан келген жоба қатысушысы Ерсұлтан Тоқтамысов.
Жаз бойы жобаға қатысушылар Институттың әртүрлі зертханаларының ғылыми қызметкерлері дайындаған бағдарлама бойынша жұмыс істеді: тұқым шаруашылығы, Микология және альгология, тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханалары. Ғылыми қызметкер, фитопатолог Мәдина Измайлованың жетекшілігімен балалар фитопатология және энтомология негіздерін, қауіпсіздік техникасы ережелерін зерттеді, теориялық білім, практикалық дағдылар алды және табиғатта экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау дағдыларын пысықтады. Ботаникалық бақтағы практикалық сабақтар жас ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырды, олардың барысында олар зардап шеккен өсімдіктерді нақты зерттеді, зиянкестерді анықтап, материалдар жинады, сонымен қатар гербарий материалымен жұмыс істеуді үйренді және жәндіктердің жеке коллекцияларын жасады.
Марк Шкловский, Алматы мектебінің 11-сынып оқушысы бала кезінен бастап футболдың орнына басқа балаларда қорқыныш тудыратын энтомологияға (жәндіктер туралы ғылым) сирек әуестенуді жөн көрді. Сондықтан ол уақыт өте келе жәндіктер басқаларға қызықты емес деген пікірге көнді. «Мен American Space, Шеврон және Алматы Ботаникалық бағының фитопатология және энтомология бөлімшесі бар Young Citizen Scientists жобасын құрғанын көргенде, балалық шақтың арманын іске асыра алатынымды түсіндім! Мен бұған дейін назар аудармаған өсімдіктердің патологиялары туралы көп нәрсе білдім, енді мен еменнің тарихын сенімді түрде суреттей аламын және симптоматология арқылы оған қандай ауру әсер еткенін анықтай аламын», – деп бөлісті Марк өзінің эмоцияларымен.

«ҚазМұнайГаз» және «Шеврон» компаниялары ынтымақтастық орнатты

0

Алматыда KIOGE конференциясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс адами капиталды дамыту және қазақстандық мамандармен білім мен тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Келісім Қазақстанның мұнай-газ секторы мамандарының кәсіби дамуы мен тәжірибе жинақтау мәселесінде ынтымақтастықты көздейді. Ол бойынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері «Шевронның» негізгі бөлімшелерінде тағылымдамадан өтеді деп жоспарланып отыр.

«ҚазМұнайГаз» бен «Шевронды» көп жылдық жемісті ынтымақтастық байланыстырады, біз ірі мұнай-газ жобаларын бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бүгін ынтымақтастық туралы келісімге қол қоя отырып, біздің компаниялар қазақстандық мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және кәсіби дамыту саласында серпінді өзара іс-қимылдың келесі кезеңіне өтті. «Шеврон» компаниясына «ҚазМұнайГазға» көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргім келеді. Еліміздің энергетикалық секторының және жалпы Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ете отырып, әріптестігіміз одан әрі нығая беретініне сенімдімін»,- деп атап өтті ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

«Шеврон» компаниясының Қазақстандағы қызметі сенімділік, ашықтық және серіктестік негізінде құрылады. Біздің берік қарым-қатынасымыз елдің экономикасын дамытуда, жаңа жұмыс орындарын ашуда, жергілікті бизнесті қолдауда, қауымдастықтарды құруда, мүмкіндіктерді арттырып, тұрақты дамуды ілгері жылжытуда катализатор қызметін атқаратынын мақтан тұтамыз, – деді Магнесс мырза. – Серіктестігіміздің басынан бастап біздің негізгі мақсатымыз – Адами Капиталды тұрақты дамыту. Себебі, адамдар – біздің ең құнды ресурсымыз. ҚМГ компаниясымен жасалған келісім қазақстандық мамандардың мүмкіндіктерін арттыруға көмегін тигізетініне кәміл сенеміз».

Соңғы жазбалар