Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалі өтті

0

«Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.
12-14 қазан аралығында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясында өнертану ғылымдарының докторы Әсия Мұхамбетованың 80 жылдығына арналған Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасының фестивалі және халықаралық ғылыми практикалық конференциясы өтті.

Салтанатты кешке шет елдерден ғалымдар мен өнер майталмандары қатысты.
Ашылу салтанатынан кейін пленарлық отырыста қатысушы ғалымдар: Ұлыбритания, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан ел өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Конференцияның ашылу салтанатында мерей той иесіне Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың арнайы құттықтау адресаты тапсырылды. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясының ректорының құттықтауын оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Шәріпбек Әмірбеков жеткізді.
Мерейтойға өнер ордасынан басқа Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Чайковский атындағы Алматы музыкалық коледжі, М.Әуезов атындағы әдебиет өнер инстуттары өз құттықтауларын жолдады. Ғылыми конференцияның бірінші күнін «Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкасы» атты фестиваль-концерт қорытындылады.

Мырзахан Аяулы
Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясының 1-курс студенті