Қарттар үйіндегі қайырымдылық концерт

0

Өнер академиясының студенттері «Қамқор» әлеуметтік үйінде қайырымдылық іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Qainarinfo.
Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары бар, сонымен бірге іс-шаралар да өткізіліп тұрады. Өнер академиясы мен «Қамқор» әлеуметтік үйінің бірлесіп ұйымдастырған қайырымдылық концертіне Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Н.Тоғызбаева, Өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі А.Әлімжанова мен студенттер, аға оқытушылар Қ.Тауенов пен М.Жұмағұлов қатысты.
Ізгі шараның негізгі мақсаты – қарттарға көмек көрсету және қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Іс-шарада өнер ордасының «Музыкалық өнер», «Хореография», «Театр өнері» факультетінің талантты жастары өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар халық әндері мен күйлері орындалды. Әлеуметтік үйдің қарт тұрғындары өткізілген мерекелік іс-шараға өздерінің алғысын білдірді. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалдыны қайырымдылық іс-шарасын қолдаудағы әрі бұл саланы дамытудағы қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.
Осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жансая Иманжан,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 1-курс студенті