Жыл басынан бері 200 миллионға жуық кибершабуыл тіркелген — Әбдіқалықов

0

Пандемия кезінде әлеуметтік саладан басқа, цифрлық инфрақұрылымд да зардап шекті. Мемлекеттік интернет-ресурстарға қолжеткізудегі проблемалар цифрландыру саласындағы ұйымдастырушылық және технологиялық базаның кемшіліктерін көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов айтты, деп хабарлайды Qainar.kz.

Оның айтуынша, киберқауіпсіздіктің негізгі принциптері — құпиялылық, тұтастық және қолжетімділік. Соңғы аталғандармен проблемалар туындады.

«Түсінікті болуы үшін айтайын, электронды үкіметті ақпараттандырудың әрбір ірі объектісі, бұл қаржы секторына да қатысты, үнемі түрлі кибершабуылдардың ықпалында болады, жыл сайын ақпараттық қауіпсіздіктің миллиардтаған оқиғасы тіркеледі, биыл шамамен 4 млрд оқиға және миллиондаған кибершабуыл — шамамен 200 млн шабуыл тіркелген. Осы тұрақты теріс әсерлерден басқа, пандемия кезінде және қашықтан жұмыс істеуге көшу кезеңінде цифрлық инфрақұрылымға түскен жүктеме күрт артты, біз бұған дайын болмай шықтық», — деді спикер.

«Халық» қайырымдылық қоры медицина қызметкерлеріне сыйақы тағайындады

0

Коронавирустық пандемия – бұл қазақстандықтар үшін нағыз сынаққа айналған тәжірибе, сонымен қатар 2020 жылы қазақстандық медицина үшін бұрын-соңды болмаған сынақ.

«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ алдыңғы қатарда болып, отандастарымыздың денсаулығы мен өмірін кәсіби шеберлігімен қорғаған адамдардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіреді.

Halyk қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева медицина қызметкерлері мен ұйымдарды медицина саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі елеулі үлесі үшін мадақтау мақсатында HALYQ QURMETI-2020 сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады:

«Біздің дәрігерлер – үлкен қиындықтар мен жұмыстың ауыртпашылығына, ауруды жұқтыру қаупі мен моралдық стресске қарамастан қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін нағыз батырлар тәрізді күресті. Бұл нағыз ерлік, ол шексіз алғысқа лайық», – дейді қордың қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.

HALYQ QURMETI-2020 сыйлығының лауреаты атанған медицина қызметкерлері мен ұйымдары Halyk қайырымдылық қорынан ақшалай сыйақы алады. Жүлденің жалпы ақшалай қоры 220 миллион теңгені құрайды.

Еліміздің барлық аймақтарынан келген медицина мамандары мен медициналық ұйымдар сыйлықтың лауреаттары бола алады. Сыйлыққа үміткер болу үшін сізге Ережемен танысып, барлық қажетті құжаттарды www.halyqqurmeti.kz ресми сайтында тіркеу қажет.

Объективті және ашық таңдау үшін лауреаттарды таңдау бірнеше кезеңнен тұрады, оның біріншісі – сыйлықтың ресми сайтындағы ашық дауыс беру. Екінші кезең – сыйлықтың арнайы Сараптамалық кеңесінің ашық дауысы болады. Жүлденің Сараптамалық кеңесінің құрамына медицина саласындағы танымал қайраткерлер, медициналық әріптестер құрметтейтін және мойындайтын, медициналық қоғамдастықта күмәнсіз бедел мен сенімге ие медициналық кәсіподақтардың, ұйымдар мен университеттердің өкілдері кіреді.

Үміткерлерден өтінімдер қабылдау және ашық дауыс беру 25 желтоқсанға дейін жалғасады, содан кейін Лауреаттар марапатталады.

«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ біздің еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіреді. Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап «Halyk» қайырымдылық қоры» ЖҚ COVID-19 салдарымен күресуге және оларды жоюға бағытталған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттерін өтеусіз беру, медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер және қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді беру түрінде көмек көрсетіп, көптеген жұмыстарды атқарды. «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындады.

Анкарада Президенттік симфониялық оркестр ғимараты ашылды

0

Әлемдегі ең көне оркестрлердің бірі Президенттік симфониялық оркестр (ПСО) 2020 жылдың 3-4-5 желтоқсанында есігін гала концертпен ашты. Екі ғасырға жуық тарихы бар оркестр рухани ортаға жаңаша серпін берері сөзсіз, деп хабарлайды Qainar.kz.

Түркия – әлемдік мәдениеттің күретамырына айналған ел. Ешбір мемлекетке ұқсамайтын бірегей тарихы, табиғи сұлулығы мен уақыт ағынына ілесіп отыратын тамаша тұрмыс-тіршілігіне Азия мен Еуропаның қақ ортасына орналасқан географиялық ерекшелігін қосыңыз. Бұл – мәдениет пен өркениетке қосқан үлестің бір бөлігі ғана.

3 желтоқсанда Түркияның астанасы Анкара қаласында Президенттік симфониялық оркестрдің жаңа ғимараты ашылды. 1826 жылы іргетасы қаланған Оркестрдің аталған салтанатты шарасына Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мен Түркияның Мәдениет министрі Мехмет Нури Эрсой қатысты.

Жаңа ғимараnтың орталық залында 2 023 орын бар. Кіші залда – 500 орын. Ғимарат жанынан Президенттік симфониялық оркестрдің музейі мен 10 мың адам сыятын концерттік алаң ашылған.

COVID-19 вирусына қарсы қауіпсіздік ережелері қатаң сақтала отырып өткен салтанатты шараға жергілікті және шетелдік қонақтар, өнерпаздар, БАҚ өкілдері мен Түркияның Мәдениет және туризм минисрлігінің арнайы қонақтары шақырылды.

«Үлкен зал», «Көгілдір зал», «Президенттік симфониялық оркестрдің тарихи залы» қамтылған мәдениет пен өнер орталығы жыл сайын түрлі шараларға толы болады.

Түркия туралы толық ақпарат алғыңыз келсе: http://www.goturkey.com

2021 жылдың діни күндер кестесі белгіленді

0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2021 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Qainar.kz.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Димаш Құдайберген алғаш рет онлайн концерт өткізеді

0

Димаш өзінің алғашқы онлайн концертін американдық Tixr.com платформасында өткізеді. Билет сатылымынан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады, деп хабарлайды Qainar.kz.

Бұл пандемия басталғалы әншінің алғашқы жаһандық қойылымы болмақ. Концерт әншінің перформанс шеңберіндегі жаңартылған бағдарламаның жаңа диджитал-форматтағы тұсаукесері. Шоуда заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар интеграцияланатын болады. Бұл көрерменге әртістің жанды қойылымының атмосферасына барынша енуге мүмкіндік береді.

Димаш Құдайбергеннің онлайн концертін ұйымдастыру үшін 140 адамнан тұратын интернационал команда еңбек етіп жатыр. Концерт барысында Димаш бірнеше тілде ән айтады.

«Димаш шығармашылығының жанкүйерлері үшін қызықты нәрсе жасауға тырыстық. Бірнеше ай бойы есте қаларлық және ерекше дүние жасау үшін үздіксіз еңбек еттік. Бұл концерт барлық көрерменге қуаныш сыйлап, соңғы уақытта барлығымызға қатты әсер еткен жағдайдан арылуға көмектессе деген тілегіміз бар», – деп бөлісті «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі, жобаның продюсері Қанат Айтбаев. 

Концерт жөнінде Димаш былай дейді:

«Ең алдымен осы концертті ұйымдастырумен айналысатын бүкіл командаға, сондай-ақ өз шығармашылығының жанкүйерлеріне үлкен қолдауы үшін алғысымды жеткізгім келеді. Мен қайтадан сахнаға шығып, көрерменмен кездесуді асыға күтемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін».

2013 жылдан бастап TIXR кез келген ауқымдағы іс-шараны жоспарлауды, қайда не болатыны және билет индустриясын дамытудың жаһандық орталықтарының бірі саналады. Tixr компаниясы онлайн концерттер әлеміне қашықтан билет сату мақсатында құрылды.

Tixr платформасы – әлемдегі жетекші клубтардың, фестивальдер, конференция және басқа да көптеген ұйымдардың серіктесі.

Компанияның қуатты функциялары, цифрлық жүйені тиімді пайдалану әдісі, кешенді шешімдері ең мықты бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл платформаның өзі Санта-Мониканың жүрегі Калифорнияда орналасқан.

Осы платформаны 4 дүркін Грэмми Дрейк иегері, музыкант, актер және продюсер, бірнеше платина сыйлығын алған орындаушы Снуп Догг, аты аңызға айналған KISS рок-тобы және басқалар пайдаланған.

Ақтоты Райымқұлова қазақстандық патриоттарға мемлекеттік туды қайда орналастыруға болатынын түсіндірді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айының соңында мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда Туды пайдалану ережелерін қайта қарауды тапсырды. Бір айдан кейін Үкімет қаулысымен өзгерістер енгізіліп, желтоқсан айында күшіне енді. Нормаларды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде түсіндірді, деп хабарлайды Qainar.kz.

«Енді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін. Бұдан басқа, енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке тұлғаларға ғимараттың сәулеттік ерекшеліктеріне қарамастан, оны бір қабатты және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлік нұсқада орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану мүмкіндігі берілді», — деді министр.

Ал қазақстандықтарға ғимаратқа ілініп тұрған ту үшін жарық орнатудың қажеті жоқ. Бұл талап тек заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға қатысты.

«Жалпы, жоғарыда аталған өзгерістер еліміздің Мемлекеттік Туын қолдану аясын едәуір кеңейтеді, қоғамдағы патриотизм рухын нығайтуға бағытталған оның символдық капиталын жаңаша түсінуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді А.Райымқұлова.

Шымкентте барлық елді мекендер сумен қамтамасыз етіледі

0

Ауыз сумен қамту деңгейін 95,6%-ға жетеді. Қазіргі кезде 2 магистральдік жүйе салу жұмыстары аяқталып қалды. Нәтижесінде 11 елді мекен, 6 ауылдық жер сумен жабдықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Qainar.kz.

«Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету — өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе Үкіметтің қолдауымен шешіледі. Президент ендігі жылы Шымкент қаласының елді мекендерін сумен қамтуды 100 пайызға жеткізуді тапсырды. Қазіргі кезде жобалық сметалық құжаттар дайын. 2021 жылға қаржы қарастырылды. Келер жылы жұмыстар басталады. Нәтижесінде әр ауылға сапалы су жеткізіледі. Бұл мәселе 2021 жылы толық шешіледі», — деді М.Әйтенов өз жауабында.

Президентке коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы баяндалды

0
Фото: akorda.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Qainar.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндалды.

Премьер-Министр Президентке 29 қараша күні клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады.  

Сонымен қатар Мемлекет басшысына осы жылдың соңына дейін 2 миллион мөлшер көлеміндегі отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылатыны туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысының Ресей Президенті Владимир Путинмен жасаған келісіміне сәйкес осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады. 2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдіріп, дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қолжетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды.  

Halyk Bank халыққа тегін газ орнатты

0

Halyk Bank әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға тегін газ қосты, деп хабарлайды Qainar.kz.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 2 800-ге жуық жеке тұрғын үй газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Қыстың күні көмір жағу арқылы үйді жылыту қаланың экологиялық жағдайына кері әсерін берсе, отбасы үшін артық шығын және әуреге салатыны айдан анық. Осы жылдың басында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының үйлерін газға қосу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы кредит беру мүмкіндігін қарастыруды тапсырған. Осы орайда, Halyk Bank әкімдіктің бұл бастамасын қолдап, газ орнатуға пайызсыз кредит беруден бөлек, тұрмысы төмен отбасыларға газды тегін орнату жобасын бастап кетті.

«Жоба халықтың әлеуметтік осал тобына жататын және өз үйлерін газбен жабдықтағысы келетін басқа да қала тұрғындарын қамтиды. Көмір жағу қаланың ауа тазалығына кері әсерін беретінін білеміз, сондықтан Halyk Bank халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына жататын тұрғындардың үйлеріне газды тегін қосады. Алматы әкімдігі ұсынған тізімге сәйкес, үйге газды тегін қосу ғана емес, онымен қоса барлық қажетті газ жабдықтарын сатып алуға да көмектесеміз. Ал әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы қатарына жатпайтын алматылықтар үшін пайызсыз кредит ұсынамыз. Бұл біздің қаламыздың әуе бассейнін тазартуға қосқан үлкен үлесіміздің бірі», – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

«Әрбір үйге газ орнату бойынша қажетті жұмыстарды Temel Group Stroy компаниясы атқаруда. Атаулы ұйымның атқарушы директоры Аслан Төлеутаевтың айтуынша, газ орнату жұмысы жеке қаралады. Мәселен, кейбір үйлерде пеш орнатуға арналған бөлек бөлме салу қажет болса, ал кейбір үйде есік немесе терезені ауыстыруға тура келеді. Яғни, газ орнатуға қажетті жабдықтардан бөлек, басқа қажетті тауарды алу, оны орнату жұмыстарын да атқарамыз», – деді Аслан Төлеутаев.

«Мен үйді жиырма жыл бойы көмір жағып, жылытып келемін. Маған бұл өте қиын еді, өйткені аяғым ауырады. Енді, міне Halyk Bank-тің арқасында менің арманым орындалды, бүгін менің үйіме газ қосылды. Бұл игі іске ризашылығым шексіз», – деді зейнеткер, 3-топ мүгедегі Галина Гончарова.

Жалғызбасты ана Гүлбахрам Бултакова: «Бұрын қызым екеуміз бөлменің дәл ортасында тұрған пешті жағуымыз керек еді. Банктің қолдауының арқасында үйге газ жеткізіліп, үйге жылу жүйесі орнатылды. Олар пеш тұратын бөлмені де өздері тұрғызды, мен Банкке шын жүректен ризамын».

Тұрмысы төмен отбасылардың үйіне газ қосу үшін Halyк Bank 60 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Бүгінгі күні 10 отбасыға газ тегін орнатылды, жыл соңына дейін Наурызбай және Алатау ауданы бойынша 70-тен астам үйге тегін газ тарту жоспарланған.

Онымен қоса, кез келген Алматы қаласының тұрғыны газ жабдығын орнату үшін пайызсыз кредит алу мүмкіндігі де бар:

✓ Сыйақы мөлшерлемесі – 0%;

✓ Займды ресімдегені үшін комиссия 0,1%;

✓ Кредиттеу мерзімі – 18 айға дейін;

✓ Бір жеке тұлға үшін займның сомасы 309 000 ₸мөлшерінде.

Пайызсыз кредит алу үшін азаматтар келесі қадамдарды орындауы қажет:

– қажетті құжаттардың тізімімен кеңесу үшін аудан әкімдіктерімен байланысу қажет;

– газды қосудың техникалық шарттарын алу және қызметті ұсынатын компаниялармен келісім жасау;

– осы келісіммен кредит алу үшін келесі мекенжайлардағы Halyk Bank–тің екі бөлімшесінің біріне хабарласу қажет:

✓ Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі;

✓ Әуезов ауданы,  «Жетысу-4» шағын ауданы, 13 «А» үй, Halyk Bank, 30 ЖСО

Бағдарлама туралы толығырақ Банк сайтынан танысуға болады.

«Шеврон» компаниясы Қазақстанға дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жеткізді

0

«Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолғап жеткізді, деп хабарлайды Qainar.kz Түркітілдес журналистер қорына сілтеме жасап.

«Шеврон» компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада дәрі-дәрмектің 70 000 қаптамасы жеткізілді, олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі.

«Шеврон» корпорациясы — әлемдегі жетекші біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі. Компания бүкіл әлемде энергетика саласының барлық түрлеріне қатысады. «Шеврон» шикі мұнай мен табиғи газды зерттейді, өндіреді және тасымалдайды, мұнай өнімдерінің маркетингімен және оларды өткізумен айналысады; мұнай-химиялық заттарды өндіреді және сатады; қуат өндіреді, компания қызметінің барлық салаларындағы тиімділікті арттыру технологияларын әзірлейді және қолданады. «Шеврон» компаниясының бас кеңсесі Сан Рамон қ., Калифорния штатында орналасқан.

Соңғы жазбалар