«Халық» қайырымдылық қоры медицина қызметкерлеріне сыйақы тағайындады

0

Коронавирустық пандемия – бұл қазақстандықтар үшін нағыз сынаққа айналған тәжірибе, сонымен қатар 2020 жылы қазақстандық медицина үшін бұрын-соңды болмаған сынақ.

«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ алдыңғы қатарда болып, отандастарымыздың денсаулығы мен өмірін кәсіби шеберлігімен қорғаған адамдардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдіреді.

Halyk қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева медицина қызметкерлері мен ұйымдарды медицина саласындағы жоғары кәсіби шеберлігі үшін, сондай-ақ Қазақстандағы COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі елеулі үлесі үшін мадақтау мақсатында HALYQ QURMETI-2020 сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылдады:

«Біздің дәрігерлер – үлкен қиындықтар мен жұмыстың ауыртпашылығына, ауруды жұқтыру қаупі мен моралдық стресске қарамастан қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірі үшін нағыз батырлар тәрізді күресті. Бұл нағыз ерлік, ол шексіз алғысқа лайық», – дейді қордың қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаева.

HALYQ QURMETI-2020 сыйлығының лауреаты атанған медицина қызметкерлері мен ұйымдары Halyk қайырымдылық қорынан ақшалай сыйақы алады. Жүлденің жалпы ақшалай қоры 220 миллион теңгені құрайды.

Еліміздің барлық аймақтарынан келген медицина мамандары мен медициналық ұйымдар сыйлықтың лауреаттары бола алады. Сыйлыққа үміткер болу үшін сізге Ережемен танысып, барлық қажетті құжаттарды www.halyqqurmeti.kz ресми сайтында тіркеу қажет.

Объективті және ашық таңдау үшін лауреаттарды таңдау бірнеше кезеңнен тұрады, оның біріншісі – сыйлықтың ресми сайтындағы ашық дауыс беру. Екінші кезең – сыйлықтың арнайы Сараптамалық кеңесінің ашық дауысы болады. Жүлденің Сараптамалық кеңесінің құрамына медицина саласындағы танымал қайраткерлер, медициналық әріптестер құрметтейтін және мойындайтын, медициналық қоғамдастықта күмәнсіз бедел мен сенімге ие медициналық кәсіподақтардың, ұйымдар мен университеттердің өкілдері кіреді.

Үміткерлерден өтінімдер қабылдау және ашық дауыс беру 25 желтоқсанға дейін жалғасады, содан кейін Лауреаттар марапатталады.

«Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ біздің еліміздің барлық медицина қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіреді. Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап «Halyk» қайырымдылық қоры» ЖҚ COVID-19 салдарымен күресуге және оларды жоюға бағытталған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттерін өтеусіз беру, медициналық қызметкерлерге ақшалай төлемдер және қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді беру түрінде көмек көрсетіп, көптеген жұмыстарды атқарды. «Халық» қайырымдылық қоры» ЖҚ медицина қызметкерлеріне 220 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындады.