«Halyk Life» қосымшасы жаңа функциямен толықтырылды

0

2022 жылдан бастап «Halyk Life» мобильді қосымшасы сақтандыру компаниясының клиенттері үшін бұрынғыдан да ыңғайлы болды, деп хабарлады Qainar.info.

«Халық-Life» АҚ-ы өзінің мобильді қосымшасын жаңа маңызды функциямен – сақтандыру жағдайының басталғаны жөнінде хабарламаны беру мүмкіндігімен толықтырды. Енді компания клиенттеріне сақтандыру шартының орын алған оқиғаны өтейтіні жөнінде анықтау үшін қоңырау шалуға немесе кеңсеге келудің қажеті жоқ. Хабарламаны «Halyk Life» мобильді қосымшасы арқылы бір-екі қимыл жасап-ақ, беруге болады, сонымен бірге хабарламаның қаралу мәртебесін өтінішті тіркеген сәттен бастап, сақтандыру өтемін төлеген сәтке дейін қадағалауға болады.

«Бүгінде әр адамға қандай да бір ақпаратты жедел алу өте маңызды, әрі клиенттер компаниялардың оларға 24/7 режимінде қызмет көрсететініне үйренген. Біз де клиенттерімізге ыңғайлы болуы үшін өз бизнес-үдерістерімізді жетілдеруге және автоматтандыруға және барынша оларды онлайн режимге шығаруға бар күшімізді жұмсаудамыз. Мобилді қосымшадағы жаңа функция жайлы айтар болсақ, бұдан былай клиенттерімізге сақтандыру шартының қандай да бір сақтандыру жағдайды өтейтіндігін анықтау үшін кеңсеге келуге және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлама жазуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Хабарламаны мобильді қосымша арқылы қашықтан қалдыруға болады. Бұдан басқа, біз, клиент үшін сақтандыру жағдайын реттеу процедурасының компанияда қаралу мәртебесін өзі қадағалап, бақылап отыру маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан біз істі қадағалау процесін қарапайым әрі баршаға түсінікті етіп жасадық», – дейді «Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы Ж.Жұбаниязова.

Компанияны хабардар етуге және сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны «Halyk Life» мобильдік қосымшасының «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде беруге болады. Клиент мәзірден полистің, сақтандырылған адамның шарт нөмірін, болған оқиғаны, күнін, орнын және болған жағдай туралы ақпараттарды толтырып, содан кейін «Жіберу» түймесін басуы керек. Жолданған хабарламаның компанияда қаралу мәртебесі «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде қолжетімді болады.

Хабарламаны алғаннан кейін компания менеджерлері бір күн ішінде клиентпен байланысып, болған оқиғаның мән-жайын және оның сақтандыру жағдайына жататындығын анықтайды, содан кейін өтінімді өңдеу процесін бастайды. Оқиға сақтандыру жағдайы болып табылса және ол расталғаннан кейін бұл өтінімге нөмір қойылады және өтінім беруші барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде өтінімнің қаралу мәртебесі сақтандыру төлемін жүзеге асыру сәтіне дейін көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Халық-Life» АҚ компаниясы өмірді сақтандыру компаниялары арасында нарықта бірінші болып IOS және Android базасында мобильдік қосымшаны шығарды. Бірегей мобильдік сервистің арқасында компанияның клиенттері әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде өз сақтандыру шарттарының жағдайын қадағалап, жарналарды төлей алады, компания қызметі туралы жаңалықтар алып, басқа да қызметтерді орындай алады.

«Халық-Life» АҚ АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен қаржылық тұрақтылықтың «B+» деңгейіндегі рейтингісіне, сондай-ақ өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасындағы «bbb -» деңгейіндегіең жоғарғы кредиттік рейтингке ие. Компания биыл, сондай-ақ World Economic Magazine беделді халықаралық басылымымен аталып өтілді және World Economic Magazine Awards 2021 жыл сайынғы сыйлығының Best Life Insurance Company Kazakhstan 2021 (“Қазақстанның өмірді сақтандыру бойынша үздік компаниясы 2021”) номинациясының жеңімпазы болды.

Halyk Bank екінші деңгейлі банктердегі әріптестеріне көмек көрсетіп жатыр

0

Halyk Bank апта басталғалы Семей қаласындағы бірнеше екінші деңгейлі банктерге ортақ көмек көрсетуде, деп хабарлады Qainar.info.

Банк қызметкерлері Halyk Bank еншілес құрылымындағы әріптестерімен бірге кейбір қаржы институттарына ақша жеткізуді қамтамасыз етуде. Мәселен, 10 қаңтарда одан әрі жұмыс істеу үшін ЦКБ-ке, ал бүгін қажетті қаражат Jusan Bank-ке жеткізді.

Halyk Bank атап өткендей, бұл қадам әріптестерге тек кәсіби қолдау көрсету мақсатында ғана емес, жалпы еліміздегі бүкіл қаржы секторының жұмысын жедел қалпына келтіру үшін де жасалуда.

«Шеврон» компаниясы Қазақстандағы Тікелей инвестиция қорының веб-сайтын іске қосты

0

“Шеврон” компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі “Шеврон Мұнайгаз Инк.” бүгін Қазақстандағы Тікелей инвестиция қорына қатысты веб-сайтты іске қосты, деп хабарлады Qainar.info.
Веб-сайт цифрлық платформа ретінде қазақстандық бизнес-қауымдастыққа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінім тапсыру үшін инвестициялық мүмкіндіктер мен Қор қызметі туралы ақпарат беруге арналған.
“Веб-сайтты іске қосқанда, “Шеврон” жергілікті қазақстандық кәсіпкерлерге өз ісін бастауға немесе дамытуға, өнімдері мен қызметтерін дамытуға қаржыландырудың жаңа ресурсы пайда болады”, – деді “Шеврон” компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен “Шеврон” компаниясы 2021 жылғы 11 қазанда 248,5 млн АҚШ доллары көлемінде Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қор “Шеврон” компаниясының цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық саласына тауар өндіру және қызмет көрсету сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасына қолдау көрсету құралы.
Шеврон – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі.

Түркияның Гемлик қаласында ақпарат құралдарының медиа форумы өтті

0

Анадолы спорт журналистері ассоциациясының 12-құрылтайы мен Анадолыдағы ақпарат құралдарының медиа форумы Түркияның Гемлик қаласында 10-12 желтоқсан арасында өтті, деп хабарлады Qainar.info.
Шарада Анадолы спорт журналистер ассоциациясының атауы Анадолы журналистері мен спорт тілшілері ассоциациясы боп өзгерді. Төраға Ибрахим Ердоған Ассоциациясының 9 жаңа мүшесімен кеңейтілген тізім арқылы бірауыздан қайта сайланды.
Бурсаның Гемлик ауданындағы “Atamer Doğa Resort” қонақүйінде өткен медиа форумға Түркия Республикасы Ұлттық Мәжіліс депутаты Атилла Сертел, CHP партиясы төрағасының орынбасары Сейіт Торун, Гемлик қаласының губернаторы Мехмет Уғур Сертаслан, Нилүфер ауданының губернаторы Тургай Эрдем, саяси қайраткерлер, Түркияның барлық қала, аймақтарынан БАҚ өкілдері қатысты.
Медиа форумда “Түркі әлемі, Ататүрік және медиа” тақырыбына баяндамалар жасалды. Медиа форумға қазақстандық БАҚ делегациясын бастап барған Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Алаш арыстарының қазақ баспасөзін қалыптастырудағы рөлін айта келе, “Әлемдегі барлық ақпарат құралдары Ахмет Байтұрсынұлы үндегендей, “халықтың көзі, құлағы һәм тілі болуға міндетті”, — деді. Н.Жоямергенқызы түркі әлемі журналистерінің бірлігін арттыру үшін кәсіби алаңда ортақ жобалар жасау, маңызды ақпараттарды бір-біріне жедел жеткізу, кәсіби тұрғыда тәжірибе алмасу, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихын және түркі мемлекеттеріндегі танымал тұлғаларды БАҚ арқылы насихаттау туралы айтты.

Өз кезегінде түркиялық журналистер Йүксел Байсал мен Нежати Картал түрік және әлемдік медианың жаңа үдерістері, бәсекеге қабілетті болу жолдары жайлы айтты.
Шара соңында 2022 жылы жүзеге асырылатын жобалар талқыланды.

«Экопатруль» жобасы Семейдегі экологиялық проблемаларды көтереді

0

Балалар мен ересектерге экологиялық білім беру саласындағы «Экопатруль» жобасы экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамдық белсенділердің, волонтерлердің және қаланың білім беру мекемелерінің күштерін жұмылдыруда. Жоба Орталық Азияның Еуразия қорының «Шеврон» компаниясымен әріптестікте әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында «Отбасы орталығы» қоғамдық қорымен жүзеге асырылып келеді, деп хабарлады Qainar.info.

Жоба аясында қаланың қоғамдық топтары ШҚО Жол картасы бойынша экологиялық мәселелерді талқылауға қатысты. Жол картасы жаңа қоқыс өңдеу зауытының қызметі, қоқыс полигонының жерлерін пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, қайта пайдалану және кәдеге жарату, білім беру мекемелеріндегі тұрақты эко-білім беру алаңдары сияқты аспектілерді қамтиды.

Талқылау диалогтық алаңдар, қоғамдық пікір көшбасшыларының, ұйым кураторлары мен мектеп меңгерушілерінің қатысуымен онлайн және офлайн семинарлар сияқты түрлі форматтарда өтті. Іс–шараларға тікелей 500 адам қатысты, оған қоса 10 000 адам жанама қатысты.

«Экопатруль» жобасы бұрын жыл сайын әкімдіктің қолдауымен өткен «Гүлдердегі қала» қалалық акциясын өткізу дәстүрін жандандырды. ПИК және мекемелер қоқысты сыртқы дизайнда және аулаларды көгалдандыруда қайта пайдалану бойынша креативті идеяларды ұсынды.

«Инновациялық педагогикалық идеялардың әдістемелік жинағы» акциясының арқасында жоба командасы Семей қаласының балабақшаларын, мектептері мен колледждерін білім беру ұйымдарын экологияландыру және оқушылардың эко ойлауын қалыптастыру қозғалысына тартты. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату, балалар мен ұжымды экологиялық бастама төңірегінде біріктіру бойынша білім беру ұйымдарының жетістіктері Семей қаласы мектептерінің айрықша белгісіне айналды.

Жоба сонымен қатар оқушыларды ғылыми зерттемелерге шабыттандырды. «Менің көміртегі ізім» акциясы аясында Семей қаласының радиотехника және байланыс колледжінің студенттері жеке көміртегі ізін есептеуге арналған онлайн-калькуляторды таныстырды. Бұл – барлығына ресурстарды тұтынудың өзіндік мөлшерін есептеуге мүмкіндік беретін үлкен жұмыс нәтижесі.

Жобаның басты жетістігі Шығыс Қазақстан облысында Бородулиха әлеуметтік қызмет көрсету орталығында алғашқы экотерапия бөлмесінің ашылуы болды. 105 адамды сыйдыра алатын экобөлме мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдар үшін жаңа әрі сергітерлік тәжірибеге айналды.

«Экотерапия бөлмесінің ашылуы әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі микроклиматты және қамқорлықтағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді. Экобөлме білім беру мекемелерінің эковолонтерлері кездесе алатын аумақ болды», – деп атап өтті қор координаторы Николай Лылык.

Жоба жетекшісі Жанна Жибраева алдағы жоспарларымен бөлісті: «Қараша айының соңында біз психоневрологиялық аурулары бар 400-ден астам адам тұратын №1 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тағы бір экобөлмені ашуды жоспарлап отырмыз. Бөлменің орналасуы одан әрі ауқымды және ойластырылған болады».

Желтоқсан айында жобаны қорытындылау ретінде «2021 эковолонтерлер форумын» өткізу жоспарлануда. Онда «Экопатруль» қозғалысының ең белсенді азаматтары мен мүшелерінің еңбегі атап өтіледі. Іс-шараны ұйымдастыруға қордың серіктестері ғана емес, қалалық және облыстық әкімдіктер де тартылған.

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

0

2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден 14:00-ге дейін халыққа арналған ашық есік күндері өтеді. Акция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған, деп хабарлады Qainar.info.

Акция шеңберінде жетекші онколог мамандардан халықтың келесі санаттары тегін кеңестер ала алады:

– 18-25 жастағы қыздар мен әйелдер: онкогинекологтың консультациясына, онкоцитологияға сүртінді алу және кіші жамбас ағзаларының УДЗ көрсетілімдері бойынша АПВ-тест тапсыра алады;

– Асқазанның созылмалы аурулары бар немесе жоқ 40 жастағы немесе 40-тан асқан ерлер мен әйелдер, бейнеэзофагогастроскопия зерттеуінен (зерттеу аш қарынға жүргізіледі);

– 50 мен 70 жастағы ерлер мен әйелдер-онкологтың консультациясын, кеуде қуысы ағзаларының төмен мөлшерлі компьютерлік томографиясынан өте алады.

Консультациялар мен тексерулер тегін жүргізіледі.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91, Шәріпов көшесінің қиылысы (кіреберіс Абай жағынан).

Байланыс орталығының телефоны 8727 349 61 16.

Қызылордада тарихи-мәдени ескерткіштер цифрландырылды

0

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында жарияланған шағын грант байқауы бойынша Экономика және құқық институты, Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Ағжан Карбозованың ғылыми жетекшілігімен ФКС-18-3 оқу тобы студенті Мұрат Төлеудің «Тарихи және мәдени жәдігерлерді цифрландыру» тақырыбындағы жобасы Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылында жүзеге асырылды, деп хабарлады Qainar.info.
Жобаның мақсаты — Қ.Пірімов ауылының тарихи-мәдени ескерткіштерінің дамуына үлес қосып, цифрландыру жұмыстарын жүргізу.
Жоба бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тек есімін ғана біліп қоймай, олардың фото, видеоларын өз смартфондары арқылы оңай танып білу мүмкін болды.

Жоба нәтижесінде ауыл ескерткіштерінде ескерткіш туралы QR код тақтайшасы орнатылды. Ауыл жастары QR кодты ұялы телефондарымен ашу барысында ауылдан Қ.Пірімов ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанған, ерлік көрсеткен батырлар туралы мәліметтерді, фотоларды көре алады. Өйткені өскелең ұрпақ өз ауылынан шыққан батыр ата-бабаларының бет-бейнесін, олардың елін, жерін қорғау мақсатында қан майданда ерлікпен қаза тапқандығын білуі тиіс. Жоба нәтижесінде ауыл көшелерінің аталу тарихын жастарға насихаттау жүзеге асырылды.

Мұрат ТӨЛЕУ,
Қорқыт ата атындағы ҚУ студенті

Алматыда республикалық «Media Құрылтай» өтеді

0

25 қарашада Алматыда медиа индустрияның негізгі ойыншыларының кәсіби пікірталас алаңы және қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы жетекші салалық конференция — XIII республикалық «Media Құрылтай» өтеді, деп хабарлайды Qainar.info.
Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастыратын жиын барысында қатысушылар нарықтың ең күрделі мәселелері мен сын-қатерлерін талқылайды, консенсус пен шешімдер жолын қарастырады, медиа-бизнесті дамытудың табысты стратегияларына тиесілі тәжірибесімен бөліседі және тиімділігі жоғары networking қамтамасыз етіледі.
«Media Құрылтай 2021» пандемияға байланысты медиа индустрияға серпін беру, БАҚ-қа сенім, заңнама, медиа-бизнесті басқарудағы жаңа үдерістер т.б. мәселелерге арналады.

«Media Құрылтай» өткізілген 12 жыл ішінде оған 2 мыңнан астам адам қатысты. Аталған жиынды қатысушылар, сарапшылар және БАҚ өкілдері жоғары бағалады.
Media Құрылтайда ұйымдастырушылар саланың даму барысын анықтайтын кәсіби аудитория – құрылтайшылар, меншік иелері, БАҚ редакторлары, мемлекеттік құрылымдар жиналады.

БАҚ-тың жұмыс тәжірибесінде, коммуникацияларда және GR, бизнесте қолданылатын, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттері мен сарапшылар зерттейтін жоғары кәсіби контентті ұсынады. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты онлайн және оффлайн форматта қатар өтетін шараға тіркелу жүріп жатыр.

Алматыда Ғазиз Байтасовты еске алды

0

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Халық қаҺарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған іс-шара өтті, деп хабарлады Qainar.info.
ҚАЖД жеке құрамы бүгінгі күннің батыры Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздік жариялап еске алды.

Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов ішкі істер органына берген антына адалдық танытып, небәрі қырық жасында қауіпті террористі ұстау барысында ерлікпен қаза тапқан болатын. Биыл Ғазиз Байтасовтың ерлігіне 10 жыл толды. Бүгінде оның ерлігі құқық қорғау саласында қызмет істеп жүрген әрбір азамат үшін ерліктің үлгісі болып саналады. Өзінің батыл әрекетімен қаншама бейбіт тұрғынның өмірін құтқарып қалған Ғ.Байтасовтың есімі әріптестерінің жадынан ешқашан өшпейді.

Ғ.Байтасовты еске алу шарасы кезінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖД жеке құрамы бүгін ЛА-155/6 мекемесінде қызмет атқарып жүріп, сотталғандардың қашуына жол бермеймін деп, өзі солардың қолынан қаза тапқан ішкі қызмет лейтенанты А.Сабырбековке қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, антына адал әріптестерін де еске алды.

«Халық-Life» АҚ компаниясы биылғы 3 тоқсанның қорытындысын жариялады

0

«Қазақстан Халық банкінің «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ 2021 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлады Qainar.info.
2021 жылдың 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 92,8 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 88%-ға ұлғайды. Компанияның 01.10.2021 жылғы нарық үлесі 33,6%-ды құрады. Осы кезеңде клиенттерге сақтандыру төлемдері де өсті, тек 9 айдың ішінде 8,2 млрд теңгеден астам төлем жүргізілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артты.
Дәл осы сәтте компания Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының бүкіл тарихында алғаш рет жыл басынан бері 100 млрд теңге көлемінде сақтандыру сыйлықақыларының рекордтық көлемін жинады.

Жалпы, 01.10.2021 ж. жағдай бойынша, компания Қазақстан Республикасында өмірді сақтандыру компаниялары арасында келесі көрсеткіштер бойынша көшбасшы орындарға ие:
Көлемі бойынша 1-ші орын:
• жиналған сақтандыру сыйлықақылары бойынша (92,8 млрд теңге, нарық үлесі -34% құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 88%-ға немесе 43,4 млрд теңгеге өсті);
• меншікті капитал (44,5 млрд теңге, нарық үлесі -32% құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 25%-ға немесе 9,0 млрд теңгеге өсті );
• жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері (8,2 млрд теңге, нарық үлесі — 37% құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 16%-ға немесе 1,2 млрд теңгеге өсті).
Көлемі бойынша 2-ші орын:
• таза пайда (6,8 млрд теңге, нарық үлесі — 21% );
• активтер (217 млрд теңге, нарық үлесі — 31%, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 15%-ға немесе 28 млрд теңгеге өсті);
• сақтандыру резервтері (164 млрд теңге, нарық үлесі – 32%, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 15%-ға немесе 22 млрд теңгеге өсті).

«9 айдың жұмыс нәтижелері кезекті рет Компаниямыздың оң даму динамикасын, сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ ұсынылатын сақтандыру өнімдеріне қажеттілікті айқындады. 2020 жыл ел тұрғындарына шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда сақтандыру арқылы қорғаныс түріндегі «қауіпсіздік көпшігінің» маңыздылығын көрсетті. Осыған байланысты компанияның алдағы жылдарға арналған стратегиясы өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерін кеңейту түрінде ұзақ мерзімді қорғау бағдарламаларын іске асыруға және дамытуға бағытталатын болады. Осы өнімдер қаржылық қорғанысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және болашақта қосымша сенімділік береді, ал шарт мерзімі аяқталған сәтте біздің клиенттеріміз үшін қаржылық жинақтардың қалыптасуына кепілдік береді. Тәжірибе көрсеткендей, біздің Компания ұсынатын ыңғайлы сервистер мен бағдарламалардың арқасында клиенттер мұндай жинақтарды ең маңызды өмірлік жоспарларды іске асыруға: меншікті капиталды көбейтуге, баланың білім алуына немесе өз балаларының жинақтарын мұраға қалдыру үшін негіз жасауға бағыттайды. Сонымен қатар, жинақтаудың бұл түрі девальвация тәуекелдерінен және валюта бағамының ауытқуынан сенімді қорғалған», — деп атап өтті басқарма төрайымы Ж. Жұбаниязова.
Компания 2020 жылы нарыққа өмірді жинақтаушы сақтандырудың ең табысты өнімдерінің бірін «Халық-Қазына» валютада 3,52%-ға дейін шығарғанын естеріңізге саламыз. Жыл басынан бері бұл бағдарлама Компанияға 13,8 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру сыйлықақыларын тартуға мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы компания өз клиенттеріне компания сайтында 5 минут ішінде онлайн сатып алуға болатын «COVID-19» және «Life-Персона» өмірді сақтандыру бойынша өнімдерді ұсынды. «Life-Персона» сақтандыру бағдарламасының негізгі артықшылығы сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін қандай жағдай болмасын клиенттің сақтандыру жарналары қайтарылады.
Ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «Халық-Life» компаниясы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу мақсатында онлайн сервисті іске қосты. Енді қызметкерлерінің саны аз жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да бір-екі қимылмен, офистен шықпай-ақ өз қызметкерлерін жедел сақтандыра алады.
«Біз сақтандыру сервисін жетілдіру және әлеуетті клиенттерімізге барынша қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылатын қызметтердің түрін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Енді жұмыс берушілерге компания менеджеріне қоңырау шалудың, жалпы күту үшін уақыт жұмсаудың және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) бойынша шарт жасасу үшін кеңсеге келудің қажеті жоқ. Оларға электронды сандық қолтаңбаның болуы (ЭСҚ) және бірнеше минут ішінде компанияның сайты арқылы барлық қажетті қадамдардан өтудің өзі жеткілікті. Біз бұл қызметті шағын бизнес басшылары арасында жоғары сұранысқа ие болады деп үміттенеміз», — деді Басқарма төрағасының орынбасары А. Жексембаев.

Сондай-ақ осы жылдың басында Халык-Life клиенттерге барынша ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін нарықта бірінші болып IOS және Android негізіндегі мобильді қосымшаны шығарды. Бірегей мобильдік сервистің арқасында компанияның клиенттері әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде өз сақтандыру шарттарының жағдайын қадағалап, жарналарды төлей алады, компания қызметі туралы жаңалықтар алып, басқа да қызметтерді орындай алады.

«Халық-Life» АҚ АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен қаржылық тұрақтылықтың «B+» деңгейіндегі рейтингісіне, сондай-ақ өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасындағы «bbb -» деңгейіндегі ең жоғарғы кредиттік рейтингке ие. Компания биыл, сондай-ақ World Economic Magazine беделді халықаралық басылымымен аталып өтілді және World Economic Magazine Awards 2021 жыл сайынғы сыйлығының Best Life Insurance Company Kazakhstan 2021 («Қазақстанның өмірді сақтандыру бойынша үздік компаниясы 2021») номинациясының жеңімпазы болды.

Соңғы жазбалар