Қызылордада тарихи-мәдени ескерткіштер цифрландырылды

0

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында жарияланған шағын грант байқауы бойынша Экономика және құқық институты, Экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Ағжан Карбозованың ғылыми жетекшілігімен ФКС-18-3 оқу тобы студенті Мұрат Төлеудің «Тарихи және мәдени жәдігерлерді цифрландыру» тақырыбындағы жобасы Қазалы ауданы, Қ.Пірімов ауылында жүзеге асырылды, деп хабарлады Qainar.info.
Жобаның мақсаты — Қ.Пірімов ауылының тарихи-мәдени ескерткіштерінің дамуына үлес қосып, цифрландыру жұмыстарын жүргізу.
Жоба бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тек есімін ғана біліп қоймай, олардың фото, видеоларын өз смартфондары арқылы оңай танып білу мүмкін болды.

Жоба нәтижесінде ауыл ескерткіштерінде ескерткіш туралы QR код тақтайшасы орнатылды. Ауыл жастары QR кодты ұялы телефондарымен ашу барысында ауылдан Қ.Пірімов ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанған, ерлік көрсеткен батырлар туралы мәліметтерді, фотоларды көре алады. Өйткені өскелең ұрпақ өз ауылынан шыққан батыр ата-бабаларының бет-бейнесін, олардың елін, жерін қорғау мақсатында қан майданда ерлікпен қаза тапқандығын білуі тиіс. Жоба нәтижесінде ауыл көшелерінің аталу тарихын жастарға насихаттау жүзеге асырылды.

Мұрат ТӨЛЕУ,
Қорқыт ата атындағы ҚУ студенті