«Сыршыл әуен» көрмесі ашылды

0

Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, көркемсурет кафедрасының доценті Бақтияр Бүркітбаевтың Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Сыршыл әуен» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанатты рәсімі өтті.

Музейден кем түспейтін өнер академиясының дәлізінде өткен көрме көрермендердің көңілінен шықты.

Көрме барысында сөз сөйлеп, жылы лебіз білдіргендер де болды.

ҚазҰӨА ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қабыл Халықов, ҚазҰӨА тәрбие жұмыс және әлеуметтік жұмыс мәселелері жөніндегі проректоры Шыңғыс Ергөбек, Көркемсурет кафедрасының меңгерушілері әрі профессорлары Болат Тұрғынбай мен Жұмақын Қайрамбаев, Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының меңгерушісі, өнертанушы Қалдыгүл Оразқұлова сөз сөйледі.

Көрме қорытындысында Бақтияр Сыбанұлы жас журналистерге сұхбат берді.

Өз сөзінде, «Тек табиғатқа арнап салынған 50-ге жуық суреттер топтамасы көрсетілімде, 2013-2014 жылдардан бастау алған туындылардың алғашқы көрмесі болғандықтан қобалжу сезімі бар» деп ішкі сезімі мен толғанысымен бөлісті.

Аяулы Мырзахан,
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық өнер академиясының Компьютерлік технологиялар кафдрасының медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті