Мұхтар Әуезов мектебі Наурыз мейрамын тойлады

0

Астанадағы Мұхтар Әуезов атындағы #86 мектеп-гимназиясының 1 «в» сыныбы Ұлыстың ұлы күні «Армысың әз Наурыз» атты мерекелік тәрбие сағатын өткізді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Мектебіміздің жолға қойып отырған үштік одақ бағдарламасына сәйкес, ата-ана, мектеп, оқушы бірлесе отырып, ұлттық мерекемізді ұлықтап өттік.

Мерекелік іс-шарада ұлттық құндылықтар дәріптелді, атап айтсақ, сыныпта Қабланбек Әбілмансұр, Шәріпхан Асия айтыс өнерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Ал ұлдар асық ойынында үздік мерген сайысын көрсетті. Бәдір Ернар, Бердалы Асанәлі секілді оқушылар асық ойынында шеберліктерін көрсетті.

Сынып сағатында арқан тарту, қыз қуу ойындары да қамтылып, барлық оқушылар белсенді қатысты.

Оқушылар ұлттық құндылығымызға қатысты ән және би өнерлерін көрсетті. Қыздар қамажай биін шарықтау шегіне жеткізе орындаса, ұлдар боз жорға биін тамаша сомдады.

Ата-аналар оқушыларға жаңа туған сәбиді, бесікке қалай салуды көрсетті. Салт-дәстүрімізді оқушылардың бойына сіңдіре білді.

Тәрбие сағатының ең маңызды кезеңі болған Наурыз туралы әжелер ой толғады. Наурызкөженің қалай дайындалатыны, не үшін дайындау керектігі туралы терең ұлттық тәрбие жүргізді.

Оқушылар наурызкөжеден дәм татты. Оқушылардың жүзінен бақыт пен шаттық нұры шашылып тұрды.

Тенизбаева Алтынкуль Кунтуовна

1 «в» сынып жетекшісі