Журналистер SCIJ халықаралық жарысына барды

0

SCIJ халықаралық журналистер шаңғы клубының 69-шы қысқы кездесуі алғаш рет Алматыда өтті. 32 елден 150-ге жуық журналист Қазақстанның оңтүстік астанасына барды.

Білікті журналистер арасында Түркі тілдес журналисттер қорының жас тілшілері және негізін қалаушы Нәзия Жоямергенқызы да болды.
Сонымен қатар, кездесу мәдени бағдарламаны қамтыды. Жоспарланғандай, жарысқа қатысты тақырыптар бойынша кәсіби талқылаулар, сондай-ақ жарысқа дейінгі экскурсиялар, яғни елмен танысу өтті.

Шымбұлақ тау курорты мен Алатау тау шаңғысы және биатлон кешенінде кәсіби тақырыптар бойынша жаттығулар мен жарыстар, пайдалы кездесулер және Қазақстанның мәдениеті мен тағамдарымен танысу 3-10 наурыз аралығында өтетін болады.

Альпі және шаңғы жарыстарында үш жас тобында алты медаль жиынтығы міндетті түрде беріледі. Кездесуді өткізу бойынша SCIJ бас серіктесі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы болып табылады. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Шымбұлақ тау курортының 70 жылдығы аясында өтуде.

Scij (the Ski Club of International Journalists) беделді халықаралық журналист — Журналистер клубының кездесуін Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаев ашты.

Сара ҮСЕН, 

Т.Жүргенов атындағы

Қазақ Ұлттық өнер академисының

“Медиа-журналистика” факультетінің

3-курс студенті