Қазақ баласы халықаралық ғылыми көрмеде алтын медаль иеленді

0

Алматы қаласы Алмалы ауданы N°24 лицейдің 10-сынып оқушысы Халбай Дияр Индонезияда өткен «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)» халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесінде «Дейкстра алгоритімінің математикада қолданылу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ағылшын тілінде қорғап, жұмысы үздік деп танылып, алтын медаль алды, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Жас зерттеуші тұтынушы үшін Орталық Азиядағы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан секілді елдерге сапарының ең тиімді нұсқасын ұсына алатын Дейкстра алгоритмі көмегімен жасалған бағдарламаны нәтижелі ұсынған. Зерттеу жұмысы халықаралық төрешілер тарапынан жоғары бағаланып, аталған кодты негізге ала отырып, одан әрі ауқымды масштабтағы бағдарламаны жасау үшін зерттеу жұмысын жалғастыруға ұсыныс айтты.
Зерттей жұмысының ғылыми жетекшілері математика пәні мұғалімдері Айжан Қартабаева мен Гүлнар Тұрымбетова.
Және де жас зерттеушінің өз жұмысын ағылшын тілінде үздік қорғауына ықпал етіп үлесін қосқан ағылшын тілі пән мұғалімдері Айдана Мақылбек пен Айнұр Еңсебаева.

Халбай Дияр – лицей мақтанышы, 6-сынып оқып жүрген кезінен бастап олимпиадалық резервке қатысушы, алғыр оқушы. «Алматы БАЛАFEST» фестивалінде Алматы қаласы әкімінің “Алғыс хатымен” марпатталған. Аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы.

Атап айтқанда:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының аудандық кезеңінің III дәрежелі диплом иегері, 2022 жыл.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының қалалық кезеңінің жүлделі I дәрежелі диплом иегері 2022 жыл.
Тұран университеті «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми-жобалар конкурсының қалалық кезеңінің» жүлдегері «Қолданбалы математика» секциясы бойынша жүлдегері ретінде 2 жылдық грантпен марапатталады, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінің математика пәнінен жүлделі I дәрежелі диплом иегері, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің математика пәнінен жүлделі I дәрежелі диплом иегері, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының IІ дәрежелі диплом иегері, 2022 жыл.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің математика пәнінен І дәрежелі диплом иегері 2023 жыл.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің математика пәнінен жүлделі ІІ дәрежелі диплом иегері, 2023 жыл.