Астанада блокчейн технологияға арналған семинар өтеді

0

«Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ мен дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) “Шеврон” компаниясының серіктестігінде “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” жобасының шеңберінде 11 қазанда Астана қаласында “Қазақстандағы блокчейн технологиялары” тақырыбына семинар-тренинг өткізеді, деп хабарлады Qainarinfo.

Семинарда Қазакстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев, Цифрлық активтерді және Web 3.0. зерттеу бойынша аға менеджер Жаңагүл Қабылдинова, Цифрлық активтерді және Web 3.0. зерттеу бойынша аға менеджер Нұрсұлтан Батыршаев сияқты профессионал мамандар блокчейн, криптовалюталар мен майнинг, Қазақстандағы цифрлық майнинг және қолданыстағы заңнамалық компонент, халықаралық тәжірибе: әлемде үдерістер мен трендтер: AI, AR, VR, Метаверс, CBDC т.б. жайлы айтады.

Қатысушыларға сертификат беріледі.

Толық ақпарат: +7 778 878 3408.