Halyk Bank 3 млн теңгеден көмек береді

0

Абай ауданындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасыларына Halyk-тан үш миллион теңге беріледі, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына қаржылай көмек жібереді.

Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің Halyk Bank-тегі бар несиелері есептен шығарылады.

Банк басшылығы мен қызметкерлері қызмет кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады.

http://www.ttjk.kz