Алматыда оқушылар арасында әдеби квест байқауы өтті

0

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Байқау барысында тұлғалардың ғұмыры мен еңбектерін насихаттаудағы мәліметтер талданып, шығармашылық тұлғасы жан-жақты ашылып, көздеген мақсатымыз орындалды.

Алматы қаласындағы 30 мектептің ішінен, ең үздік 5 мектеп танылып, бақ сынасты. 7-8 сынып оқушылары жақсы дайындықпен келіп, ақшалай жүлдемен марапатталды.

Іс-шара соңында әрбір қатысушы «Рухани көшбасшылардың галактикасына қосыла алам ба?» деген негізгі сұраққа жауап алды деп ойлаймыз.

  • Аружан ТАНАБЕК