Туристерді тамсандырған Ұлы Джами мешіті

0

Бұл – 600 жылдан асқан Ұлы Джами мешіті. Сұлтан Байезид тапсырысымен салынған.

Тәмсілге сүйенсек, Сұлтан Байезид «Егер мен Сірбсінді соғысында жеңіске жетсем, 20 мешіт салдырамын дейді. Айтқанындай, ол жеңіске жетеді. Бірақ уәдесін бірден орындамайды. Өйткені экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Тек 3 жыл өткен соң ғана құрылыс басталады.

Алайда ол 20 мешіт емес 20 күмбезі бар үлкен мешіт салдырады.

Қазір бұл мешіт туристер көп келетін орынға айналған. Ішінде Меккеден келген Қағбаның матасы да бар.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Түркияда «Мәдениет жолы» фестивалі өтті

0

1-9 маусым аралығында Түркияда «Мәдениет жолы» фестивалі өтті. Бұл апталықты республика бойынша туризмді дамыту мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осыған орай Түркияның және әлемнің жұлдыздары әр қалада жұртшылыққа жеке концерттерін қойды.

Сондай-ақ көрші мемлекеттер арасында баспасөз туры да өткізілді. Аталған баспасөз турына Қазақстанның атынан Түркітілдес журналистер қорының ықпалымен Хабар Агенттігінің журналисі Нұрлан Әбдікәрім және операторы Айбек Ақшолақов барды. Делегаттардың арасында Аустралия, Қырғызстан, Өзбекстанның да журналистері мен блогерлері болды.

Баспасөз туры Ыстамбұл, Мудания, Изник, Бұрса қалаларында өтті.

Қазақстан мен Түркия білім саласындағы ынтымақтастықты арттырады

0

Алматыдағы Республика сарайында «Жібек жолы» атты Түркияның жоғары оқу орындарының көрмесі өтті.
Онда 12 түрік және 13 қазақстандық университет қатысты. Бұл көрменің басты ерекшелігі – әлемде тұңғыш рет түрік және қазақстандық жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қояды.
Көрменің ашылу сәтінде университет ректорларына және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоғлұға сөз берілді.

Қазақстан мен Түркия университеттері ортақ өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін арнайы меморандумға қол қояды. Бұл жобаны өткен жылы қыркүйек айында бастадық. Биыл білім көрмесін 4-ші рет ұйымдастырып отырмыз. Келісімшарт нәтижесінде студенттердің тәжірибе алмасуы мен ортақ жобалар жыл өткен сайын көбейе береді. Дәл қазір Түркияда Қазақстаннан барған 8 мың студент білім алуда. Жалпы Түркияда шетелдік білім алып жатқандар саны – 350 мың болды. Биыл көрсеткішті 500 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Оның басым бөлігі Қазақстаннан барады деген сенімдеміз, – дейді Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддеррисоғлұ.

Шара барысында Қазақстанға бірінші рет келген Ығдыр университетінің ректоры Мехмет Хаккы Алма өз жаңалығымен бөлісті.

Осындай жоғары оқу орындарымен кәсіби саладағы ынтымақтастыққа алғашқы қадам басуымыз. Бізге және студенттер үшін бұл өте маңызды шара. Ығдыр университетінде оқитын, сондай-ақ оқығысы келетіндерге бакалавриат, магистратура, phd доктарантура және оқытушылардың тәжірибе алмасуында маңызы бар құжаттарға қол қоямыз. Дәл қазір біздің университетімізде 38 елден студент бар. Оқу орны жанынан ашылған технопаркте мұғалімдер өзінің бизнесін аша алады. Соның нәтижесінде студенттерді біліммен сусындата жүріп, жеке кәсіппен айналысуына мүмкіндік бердік, – дейді Мехмет Хаккы Алма.

Бұдан соң ректорлардың қатысуымен Түркия және Қазақстан университеттері арасындағы меморандумдарға қол қойылды. Маңызды басқосуға барлық баспасөз өкілдері шақырылды.

Астанада жетінші рет QAZAQFORUM өтті

0

Бүгін Астанада АҚШ елшілігінің қолдауымен қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың «Болашақтың дидары. Жаңа технологиялар және медиа» тақырыбында VII QAZAQFORUM өтті.

Форумда 300-ден астам медиа сарапшылар, журналистер мен блогерлер болашақтың технологиялары, контент жасау мен тұтынудың мәдениеті, жасанды интеллектінің қауіпсіздігі мен халықаралық реттеу стандарттары, сондай-ақ, креативті индустрия, мәдениет және технология тақырыптарын талқылады.

Қазақстандағы АҚШ-тың Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо өзінің құттықтау сөзінде қазақ тілінде контент жасаушылардың еңбегіне алғысын білдірді:

QAZAQFORUM – АҚШ-тың қазақтілді медианы қолдау бағыты бойынша маңызды шарасы. Қазақтілді контент жасаушылардың еңбегі Қазақстанның медиа кеңістігін ілгерлетіп қана қоймайды, қазақ тілінде ақпарат пен танымды контентті тұтынып жатқан өскелең ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін өте маңызды. Сонымен қатар, қазақстандық мамандар аймақтағы технология мен медиа саласындағы өзгерістердің көшін бастап келеді. Әрине, қоғамның барлық салаларында жасанды интеллекттің бұрын-соңды болмаған өсуін ескере келе, сол инновациялардың жалған ақпарат таратуға пайдаланылуы сияқты сын-тегеуріндерді ұмытпаған жөн. Сол себепті, осындай форумның өтуі өте маңызды: жаңа технологиялардың дамуымен қатар, оларды жауапкершілікпен пайдалану жағын да талқылау.

Биыл жетінші рет өткізілген форум танымал тұлғалар мен спикерлердің басын біріктірді. Солардың қатарында арнайы АҚШ-тан келген маман Эмерсон Брукинг, Еркін Тұқымов, Рүстем Биғари, Жайнагүл Төлеміс, Арман Абдрасилов, Сырым Итқұлов, Нұрсұлтан Құрман, Нұрбек Мәтжани, Кенжебек Азатбеков, Айгүл Жамалова, Нұрмахан Мұқанұлы, Гүлнұр Мамасарипова, Аман Тасыған, Абылай Адайұлы спикер ретінде, Қарлығаш Жаманқұлова, Назым Жанғазы, Әділхан Мусин және Динара Сатжан модератор ретінде қатысты.

Сонымен қатар, форум барысында қатысушыларға қосымша шеберлік сабақтар ұсынылды: Experts Hive & Digital Hive қауымдастықтарының негізін қалаушы Наргиз Батыршаева күнделікті өмірде нейрожелілер мен промптарды қалай пайдалану керектігін көрсетсе, Davai.Sxodim медиа жобасының негізін қалаушыларының бірі Бақдаулет Бекжанов жасанды интеллект көмегімен контент жасау жолдарын айтып берді.

Форум қатысушылары су тасқыны туралы Батыс Қазақстан облысынан 360 форматта түсірілген арнайы репортажбен танысып, “Астана Ван Гог” картиналары атауымен ЖИ арқылы жасалған Астана бейнеленген қозғалмалы суреттерді тамашалай алды.

Шараның дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бейресми бөлігінде танымал әнші Arshat өнер көрсетіп, форум қатысушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, форумды тәмамдады.

QAZAQFORUM – қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың басын біріктіріп, жаңа технологиялар мен медианың болашағы туралы маңызды мәселелерді талқылауға арналған бірегей шара.

Форум туралы толық ақпаратты http://www.qazforum.kz сайтында және @qazaqforum Инстаграм парақшасында таба аласыздар.

www.ttjk.kz

Halyk қосымшасында АӘК-ке өтініш беруге болады

0

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімді енді мобильді қосымшада «АӘК алу» қызметтері арқылы беруге болады. Осыған дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімді тек eGov электрондық үкіметінің сайты, әкімдік немесе ХҚКО арқылы беруге болатын.

Атаулы әлеуметтік көмек – бұл белгілі бір аймақ үшін кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамға немесе отбасына берілетін ақшалай төлем. Сондықтан төлемдер аймаққа байланысты өзгереді.

Енді табысы кедейлік шегінен аспайтын кез келген қазақстандық Halyk қосымшасында атаулы әлеуметтік көмек алуға оңай өтініш бере алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар үшін әлеуметтік-еңбек саласы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және түрлі платформалар арқылы ұсынылатын цифрлық қызметтер спектрін кеңейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Қызметтерді мүмкіндігінше қарапайым және жылдам алуға мүмкіндік беретін әдістердің бірі – екінші деңгейлі банк платформалары. Осы бағыт бойынша өзара іс-қимыл үш жылдан аса уақыт бойы жүргізіліп келеді және бүгінгі күні банктердің қосымшаларында 10 қызмет қолжетімді, – деді Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Әлихан Әбілғазинов.

«Halyk цифрлық қызметтердің қолжетімділігіне көп көңіл бөледі. Біз үшін кез келген азамат бірнеше минут ішінде үйден шықпай-ақ қажет құжаттарды, анықтамаларды, жәрдемақыларды және басқа құжаттарды оңай алуы маңызды. Биыл мемлекет халықтың неғұрлым осал топтарын қолдауға бюджеттен 76 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Ал біз банк ретінде шетте қалмадық. Halyk қосымшасында «АӘК алу» қызметін іске қосу қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдауға арналған. Бұл қаржылық процестерді жеңілдету және оларды тұтынушыларымызға қолжетімді ету жолындағы маңызды қадам. Біз қаржы қызметтерін қарапайым, түсінікті және ыңғайлы болуы керек деп санаймыз, ал «АӘК алу» жаңа сервисі осының жарқын мысалы болып саналады», – деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

АӘК алуға өтініш беру өте оңай. Ол үшін Halyk қосымшасына кіріп, «Мемлекеттік қызметтер», «Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақы» бөлімін басып, «АӘК алу» батырмасын басыңыз. Процесс бірнеше минутта жасалады және тегін.

Айта кетейік, сервис Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ қолдауымен іске асырылған.

Өз клиенттерінің әлеуметтік қажеттілігінен хабардар бола отырып, Halyk өз қызметтерін дамытуды және жетілдіруді жалғастырып жатыр, оларды қоғамның барлық саласы үшін мүмкіндігінше қолжетімді және пайдалы етуге тырысады.

Бүгінгі таңда мобильді қосымшада 50-ден аса мемлекеттік қызмет алуға болады: көпбалалы отбасына немесе бала туу бойынша жәрдемақы алуға өтініш беру, жұмыссыздық туралы анықтама, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер, зейнетақы аударымдары бойынша ақпарат алу және тағы басқалар.

Астанада түрік асханасының апталығы өтті

0

Жыл сайын 21-27 мамыр күндері түрік асханасына арналып, апта бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Түркияда Эмине ЕРДОҒАН ханымның демеушілігімен ұйымдастырылған іс-шаралардан басқа, Астанада Түркия Республикасының Астанадағы елшілігінің шақыруымен түрік асханасының тамаша үлгілері мен Эгей аймағының тағамдары таныстырылып ұсынылды. Мерекелік іс-шара аясында Астанадағы шетелдік миссия өкілдері, кәсіпкерлері мен белгілі қайраткерлері қатысты.

Түркияның атақты аспаздарының бірі Үміт КАРАКУШ дайындап, таныстырған мәзірде Эгей аймағының тағамдары болды.

Түркияның Астанадағы елшісі Мұстафа КАПУДЖУ шақыру кезінде сөйлеген сөзінде көне түрік асханасының дәстүрі мен рецептерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, Анадолының ерекше дәмдерін таныстыру үшін дүниежүзінде іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын және де бұл дастарханды Астанадағы мәртебелі қонақтармен бөлісуге қуанышты екенін айтты.

Эгей аймағының ерекше зәйтүн майлары таныстырылған түнде қонақтарға «артишок жүректері, қуырылған шөптер, асшаян қосылған фава, сегізаяқ, қаңылтыр, пісірілген теңіз басы, қабырғалар және алмұрт пудингі» бар мәзір ұсынылды.

Түрік асханасының апталығы басталды

0

Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінде Түрік асханасының күндері аясында Еге аймағына арналған дегустация өтті. Шараға Алматы қаласының Түркиядағы бас консулы қатысты.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жары Емине ханымның бастамасымен 21-27 мамыр аралығында Түрік асханасының күндерін жыл сайын халықаралық деңгейде атап өту үрдіске айналған. Бастама “Sıfır atık” яғни “ысырапсыз өмір” деген идеямен жүзеге асады.

Түркия Республикасының Алматыдағы Консулы Эврен Мүддерисоғлұ:

Біздің елдің асханасының әр аймақ, әр облысқа сай ерекшеліктері мен өзіндік қағидалары бар. Қазір Түркияның алдыңғы қатарлы мейрамханалары мен қонақ үйлерінде түрік асханасының күндеріне орай кең дастархан жайылып жатыр. Іс-шарамыздың бірінші күнінің Түркиядағыдан кем өтпеуіне ықпал етіп отырған Чилен ханым мен Сехер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз”.

Қонақтарға ұсынылған тамақтардың барлығы Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжі студенттеріне академиялық ұтқырлық бойынша 2 ай бойы тәлім берген түркиялық аспаздардың қолынан шыққан.

Ерұлан Қарағұлов, Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры:

Туризм саласындағы қызмет көрстеу сапасы жөнінен әлемдік алдыңғы қатарлы елдердің бірі – Түркия. Біздің студенттеріміз Анталияның қонақ үйлеріне тағылымдамадан өтіп жүр. Осы орайда, Алматы қаласындағы Түркия бас консулдығынан тіл мәселесі жөнінен көмек көрсетуін сұрадық. Студенттеріміз сәуірдің басынан бастап түрік асханасының қыр-сырын меңгеріп қоймай, бауырлас халықтың тілін де үйрену үстінде. Бүгінгі шара тағылымдамадан өткен студенттеріміз бен арнайы Түркиядан келген ұстаздарымыздың ортақ жемісі.

Шаттық СӘДУАҚАС
www.tga.gov.tr
www.goturkiye.com

Алматыда қайырымдылық спорт нысанын салуға әрекеттенген Қоғамдық қор Жоғарғы сотқа шағымданды

0

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Қоғамдық қордың Алматы қаласы әкімдігінің Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы атына шағымын қарауға қабылдады, онда коммерциялық емес ұйым биліктен бұрын қаланың тұрғын ауданында әкімдік екі рет бөлген 0,15 га жерді жалға беруді аяқтауды талап етеді.

«Спорттық күресті дамыту қоры» Алматы әкімдігінің ӘКК атына қайырымдылық спорт жобасын жүзеге асыруға міндеттемесін орындауға мәжбүрлеу мақсатында Жоғарғы Сотқа шағымданды. Әкімдік өзінің ӘКК атынан 2020 жылы мемлекеттен алынған жер телімін басқа мақсаттар үшін пайдалана алмайтынына қарамастан, балалар спорт клубын салу жөніндегі жобаны іске асыруға кедергі келтіреді. Қордың сотқа дейін ұзақ уақыт бойы ӘКК және Алматы қаласының әкімдігімен ымыраға келуге әрекеттері еленбеді. Нәтижесінде коммерциялық емес қоғамдық ұйым Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына баруға мәжбүр болды. Алматы қаласының бірінші және апелляциялық сатыларының соттары Қор келтірген фактілер мен дәлелдерді назардан тыс қалдырды.

«Алматы әкімі Досаев мырза болғаннан кейін біз «әкімдіктің еншілес кәсіпорны» – ӘКК тарапынан қала билігі бұрын қолдаған қайырымдылық жобасын іске асыруға толық немқұрайлылықты байқаймыз», – деді «Спорттық күресті дамыту қоры» ҚҚ директоры Альфия Ищанова. – «Біз мемлекеттің біздің әлеуметтік маңызды мәселемізге қатысты неліктен соқыр болғанын тек болжай аламыз. Алматы ӘКК кейбір себептерді атады, ал Қор сотқа жүгінгеннен кейін балалар клубының құрылысын жүзеге асырмау үшін мүлдем басқа негіздерді көрсете бастады».

Осылайша, 2022 жылғы шілдеде инвестициялау шартына қол қою бойынша финалдық кезеңде «Алматы» ӘКК» АҚ ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ӘКК-ні Қорға тиесілі жер телімін әкімдіктен заңсыз алуға сілтеме жасай отырып, тыйым салуына байланысты кол коюдан бас тартты. Қор жер телімін әкімдік ӘКК-ке заңды түрде бергенін анықтап, кейін сотта мәлімдеген, бірақ бұл фактіні екі сот та елемеген. 2023 жылғы 13 шілдеде сот А.С. Туралиеваның төрағалығымен Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының алғашқы ашық отырысы (онлайн) өтті. Алайда, 25.07.2023 ж. № 7527-23-00-2/4459 іс бойынша сот шешімімен арыз берушіге жауапкерді ауданы 0,15 га жер теліміне қатысты келісілген шарттармен келісімшарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талапты қанағаттандырудан толық бас тартылды. Сотта бір жыл бойы қормен ресми хат алмасуда БҚДА тыйымына сілтеме жасаған ӘКК өкілі Қордың өзі шарт жасасудан бас тартқанын мәлімдеді.

Айта кету керек, жауапкердің өкілі сот отырысында қате хабарлады, Қор ӘКК-мен шарт жасасудан ешқашан бас тартқан жоқ. Бірінші сатыдағы соттың қорытындысы істегі дәлелдерге негізделмегені, тек жауапкердің – «Алматы» ӘКК-нің ұстанымымен негізделгені анық. Бұл ретте сот жауапкердің көрсетілген ұстанымына және арыз берушінің ұсынған дәлелдемелерге ешқандай баға берген жоқ. Мұндай сот шешімімен келіспей, Қор екінші сатыдағы сотқа апелляция жіберді. 2023 жылдың қарашасында апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

«ӘКК Қор алдындағы өз міндеттемелерін орындамау үшін кез келген сылтауларды табады, ал Алматы соттары Қор ұсынған дәлелдемелерді зерделей алмады, осылайша осы мәселеде әділдікті орнатуға толық немқұрайлы қарады», – деп хабарлады соттарда Қор мүддесін білдіретін заңгер Сергей Уткин. – «Сондай-ақ, Президент Қ-Ж.К. Тоқаевтың елімізде қайырымдылық жобаларын іске асыру және балалар спортын дамыту үшін спорт нысандарын салу тапсырмаларына қарамастан, Алматы әкімдігі өз міндеттерін орындаудан жалтаратыны бізге де түсініксіз».

«Спорттық күресті дамыту қоры» ҚҚ 2018 жылдан бастап балалар спорттық күрес клубын салу жобасын жеке қаражат есебінен жүзеге асыруға тырысып келеді және осы уақыт ішінде қала билігінен қолдау тапты. Қаланың әртүрлі әкімдері (Б.Байбек, Б. Сағынтаев) балалар спорт клубының құрылысына екі рет жер телімін бөлді.

Анықтама: 2019 жылы Қордың Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерімен жүргізген жұмысы аясында Әуезов ауданы Жетісу-3 шағын ауданы (кадастрлық нөмірі 20-312-050-397) мекенжайы бойынша «Әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы» балалар үйінің аумағында орналасқан 0,15 га жер телімі спорт клубын салу үшін табылды. 2019 жылы Алматы қаласында жер телімдерін беру жөніндегі Комиссия балалар күрес мектебін салу үшін аталған жерді бөлу туралы шешім қабылдады. 06.02.2020 ж. жер комиссиясының қайта шешімімен аталған жер телімі жобаны іске асыруға 5 жылға бөлінді. Аталған жобаға жетекшілік ету тапсырылған әкімдіктің спорт басқармасымен қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Алматы қаласының әкімдігі аталған жер телімін ӘКК-ге береді, ал ӘКК өз кезегінде инвестициялық жоба шеңберінде жеңілдетілген шарттармен Қорға объект береді.2022 жылғы сәуірде «Алматы қаласының ӘКК» АҚ-мен спорт объектісін салу үшін жер телімін беру мәселесі бойынша Қор елеулі шарттар бөлігінде келісімге қол жеткізді, атап айтқанда жер телімінің кадастрлық құны сомасынан сыйақының 15%-ы, 12 ай ішінде ұзақ мерзімді жалдау құнын төлеуді бөліп төлеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Сонымен бірге, ӘКК жер телімі ӘКК иелігінде болған және Қор оған қол жеткізе алмаған екі жылдық кезеңді қоса алғанда, бүкіл бес жылдық мерзім үшін жер телімін жалға алу ақысын төлеуді талап етті. 2022 жылғы шілдеде инвестициялау шартына қол қою бойынша соңғы кезеңде «Алматы» ӘКК» АҚ Қорға инвестициялау шартына қол қоюдан бас тартты.

Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алды

0
Түркияда 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні. Осы орайда, Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы Республика сарайында салтанатты кеш өткізді.
Мерекелік кештің ашылуында Түркияның Алматыдағы Бас консулы Эврен Мүддерислоғлұ:
Ұлтымыздың егемендік жолындағы күресі осыдан тура 105 жыл бұрын басталып, тәуелсіздік жолындағы қасиетті күресіміздің алғашқы алауы бүгін тұтанды. 19 мамырды тағы бір мәнді ететін нәрсе – Ататүрік өзінің әлемде сирек кездесетін кемеңгерлігімен бұл күнді жастарға сыйға тартып, Республиканың мызғымас қорғаушысы ретінде жастарға аманат етіп қалдырды. Республика құрылған алғашқы жылдары елде үлкен ағартушылық бастамалар қолға алынып, жастардың білім алуына үлкен инвестиция құйылды. Сол қиын-қыстау күндердің өзінде мүмкіндігі шектеулі бұл жас Республика сол кездегі заманауи өркениет қамалы атанған елдерге сан саладағы жастарды білім алу үшін дамыған елдерге жолданды. Өйткені жас ұрпақ ұлттың үміті еді. Түркия Республикалық төңкерістердің шеңберінде өнеркәсіптен – өнерге, ғылымнан әдебиетке дейін қоғамдық өмірдің әр саласында үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде еліміз информатика мен қорғаныс өнеркәсібі сияқты технологияны көп қажет ететін салаларда да табыстарға қол жеткізді. Еліміздің даму қарқыны артқан сайын бізге білімді де білікті жастар қажет, – деді.

Түркия Республикасын құрушы тұлға – Мұстафа Кемал Ататүрік балалар мен жастарға қатты үміт артты. Сол себепті білім мен ғылымға, тың жаңалықтарға жастарды жұмылдыруға тырысты.

Пойызға мініп, Еуропа елдерін бетке алған түрік жастарына жеке-жеке хат жазып, құлшынысын арттыруға тырысты.

Мерекелік шара шеңберінде алматылық балалар мен жастар концерт ұйымдастырып, жиналған жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады.

Нәзия Жоямергенқызы

Жаңаарқада Айбат Амановты еске алуға арналған турнир аяқталды

0

Бүгін Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында Ұлттық ұлан батыры, республикалық жарыстардың чемпионы марқұм Айбат Амановтың құрметіне ұйымдастырылған бокстан үш күндік турнир өз мәресіне жетті.

Турнирдің жабылу салтанатына марқұмның ата-анасы мен туыстары, батыр сарбаздың өзі қызмет атқарған Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5514 әскери бөлімінің, сондай-ақ Жаңаарқа ауданы әкімдігінің ардагерлері мен өкілдері қатысты.

Ұлытау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткен спорт додасында жүздеген жасөспірім бақ сынады. Жаңаарқа, Шет ауданы, Ақадыр кентінен келген боксшылар өзара мықтыны анықтады. Сарапшылар да спорттық шараның жоғары деңгейде өткенін бірауыздан айтты.

Кезінде Айбат екеуміз бокспен бірге айналыстық. Ол өте жігерлі бала болатын. Бүгінгі турнирге келген балалардың бойынан мен Айбатқа тән жалынды, рухты көрдім. Жеңіске жетуге деген ұмтылыстары жоғары болды. Сол себепті турнир әділдік принциптеріне сай өтті деп есептеймін. Аталмыш біріншілік балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Оларға үлкен тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Әлбетте, осы турнир келесі жылы да өз жалғасын табуы керек, — дейді бас төреші Дарын Дүйсенбаев.

Турнирде бес салмақ санаты бойынша 60-тан аса медаль жиынтығы ойнатылды. 200-ге жуық жас спортшы қатысты. Батырдың ата-анасы дайындаған арнайы сыйлықтар да болды. Оны 43 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған  жаңаарқалық Қабылда Мәнсүр ұтып алды.

Өткен жылы арнайы сыйлық Айбат өнер көрсеткен 37 келі салмақтың жеңімпазына тапсырылған еді, осы жолы 43 келі салмақ жеңімпазына беруді жөн көрдік. Жыл сайын салмақ дәрежесі ауысып, балалар үшін тосын сый болсын деп шештік. Бұл да жарысқа қатысушыларды ынталандырады. Ұлым бокспен айналысқанда, осындай жарыстарға баратын. Біз осы жарысты бірнеше жыл ұйымдастыруға көмек қолын созып келе жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл турнир жылдан жылға жалғасып, республикалық деңгейге дейін жететініне кәміл сенемін,- деді батырдың анасы Гүлназ Әлкенқызы.

Біріншілік соңында шара ұйымдастырушыларына Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Әмриевтің атынан алғыс хат табысталса, жеңімпаздарға арнайы грамоталар мен медальдар салтанатты жағдайда табыс етілді.

Айта кетейік, бұған дейін батыр сарбаз тұрған үйде, Ақселеу Сейдімбек атындағы орта мектепте мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өткен болатын.

Генерал-майор Қайрат Үмбетов ел алдында Айбат Амановтың әкесіне шапан жауып, әскердің Бас қолбасшысы атынан естелік сыйлықты табыс етті.

Еске салайық, 2022 жылғы қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде  Талдықорған қаласындағы 5514 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Айбат Аманов жолдастарын құтқару мақсатында соққыны өзіне қабылдап, ерлікпен қаза тапты.

Көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Мемлекет басшысының бұйрығымен қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен  марапатталды. Батыр жауынгер есімі өзі қызмет еткен әскери бөлім жеке құрамының тізіміне мәңгіге жазылды.

С. Сейфуллин атындағы Жаңаарқа тарихи-өлкетану мұражайында Айбат Амановтың киімдері мен жеке заттары бар көрме ұйымдастырылды.

Ақерке МАМЫРБЕК

Соңғы жазбалар