«Ұмай» балалар үйінің тәрбиеленушілері табиғатты аялайды

0

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экологиялық білім беру және эковолонтерлікті дамыту бойынша жобаны іске асыруда. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру есебінен іске асырылады, деп хабарлайды Qainar.info.
Балалар үйінің 10 тәрбиешісі «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экологиялық түсініктері» бағдарламасы бойынша оқытудан өтеді. Тәрбиешілер Монтессори әдісінің элементтерін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі 75 балаға білім берумен айналысады. Жылыжайда 48 сағаттық теориялық жәнепрактикалық сабақтар балалардың бойына экологиялық мәдениетті ойын түрінде бекітуге бағытталған.
Сондай-ақ «Ұмай» қайырымдылық үйінде табиғат аясында тұрақты экскурсиялар өткізу арқылы балалардың бойына сұлулықты көру қабілетін арттырады. Эксперттердің айтуынша бұл байқампаздық пен эмоционалды интеллектті дамытады, баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді оятады және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
Оқыту семинарларының тренері Анар Изден: «Табиғатқа тамсану бойынша сабақтар – бұл мектепке дейінгі білім беру процесінде экологиялық бағытты дамыту ғана емес. Бұл – балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және мәдениетті адамды тәрбиелеу. Бүгін семинарда маған «Таудың басындағы жалғыз ағаш» тақырыбын талдау ұнады. Ұмайлықтар күш пен тұрақтылық тақырыбын өте кең және қолжетімді түрде аша білді. Жоба аясындағы басқа да тақырыптар мазмұнды болады деп ойлаймын» деп атап өтті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эко-білім беру бағдарламасына қатысуы олардың дұрыс экологиялық әдеттерін деп күтілуде, атап айтқанда: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, пластикті пайдаланбау, қалдықтарды сұрыптау, үй өсімдіктерін өсіру, ағаш отырғызу және қоршаған ортаға мұқият болу қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.
«Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу өте маңызды! Дәл осы 4-5 жаста сана элементтері айқын көрінеді: табиғатқа деген қызығушылық, эмоционалды реакциялар, табиғаттағы адамдардың мінез-құлқын саналы бағалау. Осылайша, мектепке дейінгі балалық кезеңде балалардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы жүреді. Дәл уақытында осы субмәдениеттің сапалы түрде қалыптасуының арқасында бала өзінің білімі мен дағдыларын келесі ұрпаққа бере отырып, қоршаған табиғатты өмір бойы жақсы көретін болады, бағалайды және оны қорғайды. Оқыту семинары аясында мен көп нәрсені білдім. Маған тыңдаушы ғана емес, орын алып жатқан оқиғалардың қатысушысы болу ұнады. Мен өз жұмысыма басқаша қарай бастадым», – деп санайды қайырымдылық үйінің тәрбиешісі Айзада Дәуренбекова.
«Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» – 1999 жылы құрылған мемлекеттік емес мекеме. Облыстың ең ірі үкіметтік емес ұйымдарының бірі қазіргі уақытта 41 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Негізі қаланған сәттен бастап әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға үздіксіз қызмет көрсетеді. Қайырымдылық үйі – республикалық «Таным» сыйлығының иегері.
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және “Шеврон” компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударады.

Қаскелеңде кондитер фабрикасы ашылды

0

Алматы облысы Қаскелең қаласында түркиялық “Yakar Şekerleme” компаниясының инвестициясы есебінен кондитерлік өнімдер фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды Qainar.info.
Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлының айтуынша, аталған өндіріс орнында жаңа 90 жұмыс орны ашылып, инвестиция көлемі жалпы қысқа мерзімде 5 млн долларға жеткізіледі.
Фабриканың өнім өндіру қуаттылығы жылына – 6000 тонна. Оның ішінде шоколад – 2 400 тонна, тәттілер – 3 600 тонна. Отандық өнім Ресей, Орта Азия мемлекеттері мен шақын шетел елдеріне экспортталады.

Алматы облысында алғашқы газ және аралас пеш өнімдері зауыты іске қосылды

0

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бауырлас түркиялық инвестор Юсуф Үге мен қазақстандық кәсіпкер Қасым Сойырқастың серіктестігінің нәтижесінде Алматы облысында 10 млн АҚШ доллары шамасында отандық алғашқы газ және аралас пеш өнімдері зауыты іске қосылды. Зауыт болашақта жылына 150 мың дана пеш шығарып, 200 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Qainar.info.
Алматы Тұрмыстық техникалар зауытының көлемі 120 000 шаршы метрге тең. Оның 8000 шаршы метрі өндіріс аймағына арналған. Зауыт ғимаратының жанында жеке теміржол тораптары мен уақытша жүк сақтау қоймалары, кедендік бақылау бекеті орналасқан. Сондай-ақ, табиғи газ, ауызсу, кәріз жүйесі, желдету және кондиционер сияқты инженерлік желілермен қамтамасыз етілген.
Өндіріс үш сатыдан тұрады. Бірінші сатыда – газ және аралас пештерді құрастыру цехы, екінші сатыда – пресс-штамптау және лакты бояу цехтары. Үшінші сатыда – қаптама пенопластасын өндіру цехы.
Әр цех 1000 шаршы метр аймақта орналасқан. Бояу цехы, пресс-штамптау цехы, уақытша сақтау қоймасы, қаптама пенопласт өндіру цехы, қосалқы бөлшектер қоймасы, дайын өнім қоймасы, өнімді құрастыру бөлімі және өнімді қаптау бөлімі де бар.

Қазір зауытта жылына 60 мың дана газ және аралас пештерін шығарып жатыр. Қызметкерлер саны әзірге 70 адаммен шектелген. Бірақ келесі жылы өндіріс қуатын жылына 150 мың данаға дейін арттырып, 200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарланған.
Алматы Тұрмыстық техника зауыты 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап салық преференцияларын ұсыну бойынша инвестициялық келісімшартымен жұмыс істейді. Соның нәтижесінде компания мемлекеттің қолдауымен шет елдерден келетің импортты технологиялық жабдықтармен, шикізат және қосалқы бөлшектерге төленетін кедендік БАЖ салығынан босатылды. Мемлекет тарапынан қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін ел ішінде және шет елдерде оқуға кеткен шығындарды, өндірісті дамытуға, шетелдік мамандарды тартуға жұмсалған шығындарын өтеуге көмек көрсетіліп жатыр.
Алматы Тұрмыстық техника зауытының өнімдері “Dauscher” брендімен бүкіл Қазақстан бойынша ірі сауда желілері арқылы сатылады. Sulpak, Technodom, Mechta, Evrika сияқты тұрмыстық техниканы сату бойынша ірі көшбасшылармен серіктес.
Алматы Тұрмыстық техника зауытында шығарылатын өнімдер Қазақстанның 40 қаласындағы 360-тан астам сауда орындарында сатылымға шығарылады.

Жастарға арналған “Самғау” бизнес-фестивалі өтеді

0

Биыл 25 және 26 қыркүйек күндері «I-SEED: инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында жыл сайынғы жастарға арналған «САМҒАУ» бизнес-фестивалі алтыншы рет өтеді, деп хабарлайды Qainar.info.
Ол «САМҒАУ» мектеп оқушылары мен студенттерге іскерлік дағдыларды үйрету және әлеуметтік салада бизнесті бастау үшін пайдалы болатын көшбасшылық қасиеттерді дамыту мақсатында құрылған. Табысты кәсіпкерлер мен үздік бизнес-тренерлер онлайн-фестиваль қатысушыларына минималды бюджетпен стартапты дамыту туралы және кәсіпкерліктің басқа аспектілері туралы айтып береді.
Сонымен қатар, фестивальде қазіргі жастардың құндылықтары, мақсаттары мен болашаққа көзқарасы туралы Қанат Бейсекеевтің «Atyrau Jastary» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
Фестиваль қатысушылары BRO Glasses негізін қалаушы Данияр Шайкемелов, кәсіпкер және нетворкинг-маманы Мерей Мұстафина, “Asar-ume” қайырымдылық жобасының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, JKS Entertainment жетекшісі Бексұлтан Қазыбек пен The YOLO House продюсері Азат Халимов сияқты спикерлердің семинарларына қатысуға шақырылады.
Сондай-ақ, іс-шара аясында түрлі сыйлықтар ойнатылады.
Фестиваль Karina Ivanova, Aidhn, Yenlik және Jeltoksan сынды жас қазақстандық орындаушылардың онлайн-концертімен аяқталады.
Фестивальдің ұйымдастырушылары – British Council мен «Шеврон» компаниясы.

Мемлекеттік қызмет реформасына байланысты онлайн конференция өтті

0

“Мемлекеттік қызметтің ағымдағы реформалары: сын-тегеуріндері мен перспективалары” атты онлайн конференцияға 20 елден 200-ден астам уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ БҰҰ, ЭЫДҰ және Дүниежүзілік Банк сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qainar.info.

Іс-шараның құрметті қонағы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссиясының төрағасы Ж.М. Ларби Джакта өз сөзінде конференцияны ұйымдастырушы тараптарға тәжірибе және өзара білім алмасуға осындай алаң ұсынғаны үшін алғыс айта отырып, бұл уақыт өңір елдері үшін қарқынды және маңызды кезең екенін атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет қалыпты өмір мен қалыпты жұмыс жасауға оралуы үшін барлық күш-жігерді біріктірулері қажет деп ойын түйіндеді.

Өз құттықтау сөзінде Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов өткен екі жыл бүкіл әлемдегі үкіметтер үшін елеулі сынақ болды дей отырып, пандемия, бір жағынан үлкен сынақ, екінші жағынан – жалпы мемлекеттік секторды және мемлекеттік қызметті реформарлауға түрткі болды деп айтты.
«Бұл ретте реформалардың бір бөлігі пандемияның сын-тегеурініне жауап ретінде жүргізілсе, ал екінші бөлігі – HR рөлін арттыру, мемлекеттік аппараттың бейімділігі мен басқару құрылымдарының икемділігін арттыру, таланттарды іздеу, кәсіпқой мамандарды ұстап қалу, ынталандыру, бағалау және оқыту тетіктерін әзірлеу бойынша бұрын жоспарланған шараларды жалғастыру болды» – деді.
Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік емтихан орталығы төрағасының орынбасары Бахрам Халилов өзінің құттықтау сөзінде елдер арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атай отырып, Әзірбайжан үшін «территориялық тұтастықты қамтамасыз ету және басып алынған жерлерді жандандыру қажеттілігі бүкіл мемлекеттік басқару жүйесіне, атап айтқанда мемлекеттік қызметке жаңа сынақтар туғызды», – деді.

Конференцияның негізгі бөлімінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дауешов, Грузия Мемлекеттік қызмет бюросының директоры Екатерина Кардава, Украинаның Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмазбек Акматалиев, Солтүстік Македония Ақпараттық қоғам және әкімшілік министрлігінің бұрынғы мемлекеттік хатшысы, профессор Яхи Яхия, сондай-ақ Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік емтихан орталығы департаменттерінің басшылары Вугар Асгаров пен Вали Хусейн баяндама жасады. Спикерлер өз елдеріндегі мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайы мен реформалау бағыттары, сондай-ақ алдағы уақытта шешімін күтіп тұрған міндеттер туралы айтты.

Сонымен, конференцияға қатысушылар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру шаралары, Әзірбайжанның мемлекеттік қызметті реформалау стратегиясы және құзыреттілік моделі, Украинадағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау жүйесі, Грузиядағы тәлімгерлік, коучинг және таланттарды басқару бағдарламасы, Қырғызстандағы мемлекеттік қызметтегі ағымдағы реформалары, сондай-ақ Солтүстік Македония мемлекеттік басқаруындағы партиялық патронат туралы ақпарат алды.

Баяндамалар барлық қатысушылар арасында белсенді пікірталас тудырды. Олар мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мен аттестаттаудан бастап, құзыреттер моделін қолдану және оның мемлекеттік қызметшілердің қызметіне әсері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері мен саяси қызметке тағайындау үшін қажетті критерийлерге дейінгі мәселелер жөнінде сөз қозғады.

Конференция Астана мемлекеттік қызмет хабы және Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік емтихан орталығымен ұйымдастырылды.

Конференцияның тікелей көрсетілімінің бейнежазбасын Астана хабының Facebook-тегі парақшасында көруге болады. Конференцияның барлық материалдары Астана хабының ресми сайтында қолжетімді.

«Шеврон» компаниясы медициналық мекемелерге 6 компьютерлік томографты табыстады

0

«Шеврон» компаниясы COVID-19 індетімен күресті қолдау аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне алты компьютерлік томографты табыстады, деп хабарлайды Qainar.info.

Қазақстан Республикасына коронавирус пандемиясымен күресуге гуманитарлық көмек көрсету бойынша кең ауқымды бағдарламасының аясында, «Шеврон» компаниясы елдің медициналық мекемелеріне Aquilion PRIME SP сериялы алты компьютер томографын сатып алып, тегін табыс етті.
Бүгін А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында осы жабдықты ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен осы жабдықты табыстау рәсімі өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген қажеттіліктерге сәйкес жаңа жабдық келесі медициналық мекемелерде орнатылған:
− Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты (Алматы),
− А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы (Алматы),
− Қарағанды Медициналық университеті,
− «Шымкент Жүрек орталығы» АҚ,
− Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасы (Тараз),
− Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті (Ақтөбе).
Медициналық жабдықты табыс ету рәсімінде «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің бас директоры Джон Балтц былай деді: «Шеврон» корпорациясының атынан мен осы жоғары технологиялық жабдықты Қазақстан ауруханалары мен емханаларына қуанышпен табыс етемін. Біз Қазақстан елімен 30 жылға жуық уақыт бойы сенімді және табысты серіктестік қарым-қатынастамыз. Осы үлесіміз арқылы адамдарды қорғауды жалғастырамыз және Қазақстаның COVID-19 таралуына қарсы күрестегі қажырлы күш-жігерін қолдаймыз деп үміттенеміз».
Өз тарапынан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Шеврон» компаниясы әлеуметтік жауапкершілігін бірнеше рет көрсете білді. Сіздерге елімізге көрсеткен гуманитарлық көмек және дәрі-дәрмек бергеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Берілген дәрілік заттар, ЖҚҚ және жабдықтар Қазақстанда пандемиямен күресуге және алдын алуға уақытылы көмек көрсетеді».

Aquilion PRIME SP – бұл Canon Medical Systems компаниясы шығарған көп қиықты, 80-қатарлы детекторы бар спиральдік компьютерлік томограф. Айналудың жоғары жылдамдығы деректерді жылдам алуға мүмкіндік береді, сканерлеу уақытын азайтады, ал жылдам реконструкция жұмыс өнімділігін арттырып, диагнозды жылдамырақ қоюға көмектеседі.

Әлихан Байменов: 9 қыркүйекті Тоғызқұмалақ күні деп белгілеуді сұраймын

0

Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов Премьер-министр Асқар Маминге 9 қыркүйекті Тоғызқұмалақ күні деп белгілеу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Qainar.info.
Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!
Өзіңіз білетіндей, тоғызқұмалақ – ұлтымыздың адамзат мәдени мұрасына қосқан үлесінің жарқын үлгісі. Ғасырлар бойы тоғызқұмалақ ойшылдар күш сынасатын зияткерлік ойын да, зерде, зейін, қисынды ойлауды жетілдіретін тәрбие құралы да болып келді. Ұлы Абайдың тек өзі ойнап қоймай, маңайында мектеп қалыптастырып, жарыстар ұйымдастыруы да соның бір айғағы болса керек.
Кеңестік унификация салдарынан мыңжылдық тарихы бар зияткерлік ойынымыз жоғалуға жақын қалған 1940-50 жылдары оны қайта жандандырып, алғашқы жарыстарды ұйымдастырушылардың басында Мұхтар Әуезов, Сәрсен Аманжолов, Мәулен Балақаев, Қалибек Қуанышбаевтардың тұруы да тегін емес еді.
Бірте бірте шебер ойыншылар анықталып, республика біріншіліктері, қырғыз ағайындармен ойындар өткізіле бастады. Дегенмен, белгілі себептермен ұлттық ойынымыз кеңес дәуірінде бұқаралық сипат алған жоқ. Тәуелсіздік арқасында ғана саяси идеологиялық тұрғыда тоғызқұмалақ дамуына оңтайлы ахуал қалыптасты.
2000-жылдардан бастап ұлттық ойынды тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де насихаттап, таратуға назар аударылды. 2006 жылдан бастап тоғызқұмалақ әлемдік зияткерлік ойындар олимпиадасы бағдарламасына енді. 2008 жылы 2 маусымда Орал қаласында Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясының құрылтайы өткізілді.
Осы күнге дейін 5 — әлем, 4 — Азия, 4 — Еуропа чемпионаттары өтіп, оларға отыздан астам мемлекет өкілдері қатысты. Колумбия, Канадада, Литва мен Румынияда, Корея мен Ұлыбритания, Франция, Германияда жанашырлар мен қайраткерлер тоғызқұмалақ аясын кеңейтуге үлес қосуда.
Канадалық iggamecenter.com және польшалықтар жасаған playok.com сайттарымен әріптестік орнатып, интернет арқылы ойнау мүмкіндігіне қол жеткізілді. Отандық мамандар Android пен Ios жүйелері үшін арнайы қосымшалар әзірледі. Нәтижесінде, пандемия кезінде жүздеген онлайн жарыстар өтуде. Қазір 200 мыңнан астам адам 3 мыңдай жаттықтырушылардың көмегімен тоғызқұмалақпен айналысса, 10 мыңнан астам адам кәсіби деңгейде ойнайды.
2020 жылы 19 желтоқсан күні халықаралық ЮНЕСКО тоғызқұмалақты адамзаттың мәдени мұралары тізіміне қосты. Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің қолдауымен қазір барлық дене шынықтыру мұғалімдеріне тоғызқұмалақ үйретіліп, мектеп бағдарламасына енгізуге дайындық жүруде.
Осының барлығы тоғызқұмалақ ардагерлері, жаттықтырушы, төреші, ойыншылардың күнделікті еңбегі, Үкімет пен облыс, аудан, қала басшыларының оң көзқарасы, жанашыр азаматтардың демеуі, ақпарат таратып, насихаттап жүрген жорналшылардың қолдауы, облыстық және шетелдік федерациялар басшыларының қайраткерлігі арқасында мүмкін болды.
Таяуда менің атыма тоғызқұмалақ ардагерлері мен жаттықтырушыларынан тоғызыншы айдың тоғызыншы күнін, яғни 9 қыркүйекті Тоғызқұмалақ күні деп белгілеу туралы ұсыныс түсті.
Бұл күннің тағайындалуы біздің мәдени мұрамыздың мыңдаған жыл тарихы бар екенін, тереңнен тамыр алатын және ол мәдени мұраның ішінде ерекше күрделі интеллектуалды ойынның бар екенін паш ететін күн болатыны сөзсіз.
Соңғы жылдары көшеде тоғызқұмалақты ойнауға арналған түрлі-түрлі құралдар жасалған. Осының барлығын пайдаланып тоғызыншы айдың тоғызыншы күнінде еліміздің барлық қалаларында тоғызқұмалақ ойналып жатса, ол біздің ұлттық рухымыздың жаңғыруына да серпін берер еді.
Осыған байланысты жоғарыда аталған ұсынысты қолдай отырып, 9 қыркүйекті Тоғызқұмалақ күні деп белгілеу туралы үкімет шешімін қабылдауыңызды сұраймын.

Halyk Bank клиенттеріне жыл соңына дейін 5% бонус береді

0

Halyk Bank бүгіннен өзінің клиенттері үшін жыл соңына дейін әрекет ететін бірегей ұсыныс әзірледі. Енді кез келген төлем үшін 5 пайыз көлемінде бонусқа ие болып, оны да төлем құралы ретінде пайдалу мүмкіндігі туып отыр, деп хабарлайды Qainar.info.

БОНУСТАРДЫ ЖИНАҚТАУ ОП-ОҢАЙ. ОЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Тәуліктің кез келген уақытында Halyk Bank-тің мобайл қосымшасы – Halyk Homebank арқылы жасаған кез келген төлем (ұялы байланыс бірлігін толтыру, коммунал қызметтерін, салық, айыппұл және тағы басқаны төлеу) үшін 5% бонус беріледі. Бұл – бонус алудың бірінші жолы.
Бонус алудың екінші жолы мынадай: кез келген затты Halyk Bank картасымен немесе картасыз, Apple Pay, Homebank Pay немесе Samsung Pay байланыссыз төлем қызметі арқылы Halyk Bank-тің Pos-терминалы көмегімен төлесеңіз, жұмсаған сомаңыздың 5% бонус ретінде қайтарылады. Оған қоса, банктің QR-кодымен жасалған төлемге де осындай бонус беріледі.

ЖИНАҚТАҒАН БОНУСТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ?

Halyk Bank-тің мобайл қосымшасы – Halyk Homebank арқылы кез келген төлем жасарда бонусты жұмсасаңыз болады.
Halyk Bank-тің Pos-терминалы орналасқан кез келген дүкенде бонус арқылы есептесуге мүмкіндік бар. Банктың пластик картасын жаныңызда алып жүруді ұмытпаңыз.

БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ БОНУС АЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ ЖҰМСАҢЫЗ!

Ал егер Halyk Bank-тің клиенті болмасаңыз, сізде банктің картасы және мобильді қосымшасы болмаса, онда бонустарды алу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

Halyk Homebank қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз. Ары қарай басты беттегі «Карталар», кейін Halyk Bonus Digital бөліміне өтіп Цифрлы картаны бір минутта ашыңыз. Сіздің жаңа ғана ашқан цифрлы карта шотын өзге банк картасынан ақшаны аудару арқылы, Kassa24 және QIWI банкоматтары мен төлем терминалдары арқылы картаны толтырып, қызметтер үшін төлеп бонус алыңыз.
Пластик карта қажет болса Halyk Homebank қосымшасында үйіңізге дейін жеткізу қызметін пайдаланып картаға тапсырыс беріңіз. Шотты картасыз да, картамен де қолдануға болады.

АЙ САЙЫНҒЫ ШЫҒЫНЫҢЫЗДАН ПАЙДА КӨРІҢІЗ!

Еліміздегі барлық медициналық мекемелер тексеріледі

0

Қазақстанның ауруханаларында инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау жағдайына талдау жүргізіледі, деп хабарлайды Qainar.info.

Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп, медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау (ИПИБ) жағдайына сыртқы кешенді талдау жүргізеді.

31 тамыз бен 14 қазан аралығында жеті аптаның ішінде Қазақстанның госпитальдік эпидемиологиясы саласындағы жетекші мамандары кешенді талдау жүргізеді. ММСЖ қатысушылары болып табылатын ҚР-ның барлық медициналық мекемелері тексеруден өтеді.

Сарапшылар тобының әр мүшесі ДДСҰ инфекциялық бақылау, жағдайды талдау әдістемесі, этикалық түсінік, соның ішінде ақпараттандырылған келісім алу және талдауға қатысушылардың деректерін қорғау жөніндегінұсқаулары бойынша оқудан өтті.

«Инфекциялық бақылау медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін керек. COVID-19 пандемиясы барысында инфекциялық бақылау жүйелерінің тиімділігі ерекше маңызға ие болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен инфекциялық бақылауға қатысты жағдайды талдау үшін біздің ұйым бүкіл Қазақстан бойынша 81 аурухананы, соның ішінде мемлекеттік стационарлар мен жекеменшік емханаларды, сондай-ақ аудандық деңгейдегі ауруханаларды іріктеді», – дейді Орталық Азиядағы Колумбия университетінің жанындағы ICAP директоры Анна Дерябина.

Инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау – бұл пациенттер мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ауру жұқтырып алуына жол бермеуге бағытталған практикалық, ғылыми негізделген тәсілдеме.

Талдаудың мақсаты инфекциялық бақылауды, соның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайында, жүйелі түрде жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдіснамасы бойынша қазіргі жағдайға баға беру.

«Денсаулық сақтау саласы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының басты бағыттарының бірі болып отыр. Біз әрқашан өмір сүру деңгейін жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өзіміз жұмыс істейтін қоғамдастықтарға көмектесуге ұмтыламыз. Өткен жылы біз ICAP ұйымымен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірге COVID-19 инфекциясымен күресу үшін Қазақстанға дәрі-дәрмек, ЖҚҚ мен медициналық жабдық жеткізуді ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргіздік», – деп ойын бөлісті «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханова.

Талдау міндеттеріне инфекциялық бақылауға қатыстыағымдағы жағдайды: оқудан өткен кадрлардың, қажетті құжаттардың болуын, медицина қызметкерлерінің инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету үшін тиісті әрекет жасауына тұрақты және жүйелі бақылау жасалуын, сондай-ақ медициналық мекемелердің бар қырларының ДДСҰ ұсыныстарына сәйкестігін сипаттау кіреді. Бұдан басқа, COVID-19 пандемиясы жағдайында инфекциялық бақылауды жүзеге асыруға байланысты медициналық ұйымдар тап болып отырған қиындықтар мен кемшіліктер анықталады. Талдау екі кезеңмен жүргізіледі:

1) стационарлардың өзін-өзі бағалауға арналған онлайн сауалнаманы өз бетімен толтыруы

2) инфекциялық бақылау мамандары тобының стационарларға барған кезде орын-орындағы жағдайды талдауы.

«Медициналық ұйымның бұл талдауға қатысудан алатын негізгі артықшылығы – Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, соның ішінде ұлттық аккредитация шеңберінде инфекциялық бақылаудың заманауи әдістерін ендіру бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек. Сонымен қатар, қызметкерлердің 2022 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының базасында инфекциялық бақылау бойынша мамандандырылған оқу курсының шеңберінде тегін оқудан өтіп, халықаралық деңгейде мойындалған бағдарлама бойынша сертификат алуға мүмкіндігі болады», – деп атап өтті Анна Дерябина.

Медициналық жәрдем көрсетуге байланысты инфекциялар, немесе ауруханаішілік инфекциялар (АІИ), медициналық қызмет көрсету кезіндегі ең кең тараған жанама құбылыстардың қатарына жатады. Олар қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің күрделі проблемасы болып саналады және ауру-сырқаулық, өлім-жітім деңгейі мен өмір сүру сапасына әсер етеді. ДДСҰ деректері бойынша, дамыған елдерде ауруханаға жатқызылған адамдардың 7%-ына дейінгі бөлігі кез келген уақытта кем дегенде бір АІИ жұқтырады, ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 10%-ға жетеді. Дегенмен, инфекциялық бақылаудың тиімді тәжірибесін іске асыру жолымен АІИ үлкен пайызыныңалдын алуға болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы – проспект Шәкәрім Құдайбердіұлы

0

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДАҢҒЫЛЫ
Бұрынғы атауы – Абай даңғылы. А.Пушкин көшесінен басталып, Р.Қошқарбаев даңғылында аяқталады. І.Жансүгірұлы, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2602 м.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ұлы ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрім – қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Ш.Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» дастандары мен «Айсұлу-Нартай» поэмасын жазды. Сонымен қатар «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты еңбектерін жарыққа шығарды.
Бұл даңғылда «Жаңаарқа» кинотеатры, № 7 емхана, № 52 орта мектеп орналасқан.

ПРОСПЕКТ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
Прежнее название – проспект Абай. Начинается с улицы А.Пушкина, пересекается с улицами І.Жансүгірұлы, Қ.Рысқұлбеков, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, заканчивается на проспекте Р.Қошқарбаев. Длина – 2602 м.
Шәкәрім Кұдайбердіұлы (1858-1931) – великий поэт, мыслитель, композитор, переводчик. В казахской поэзии Шәкәрім развил новаторские традиции и философские мировоззрения Абая, потому был назван вторым поэтом-реалистом после Абая. Ш.Кұдайбердіұлы написал дастаны «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» и поэму «Айсұлу-Нартай», также написал «Родословность ханов турков, киргизов, казахов».
На этом проспекте расположены кинотеатр «Жаңаарқа», поликлиника № 7, средняя школа № 52.

Соңғы жазбалар