Елордада Qazforum-2021 басталды

0

Нұр-Сұлтанда QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы басталды, деп хабарлады Qainar.info.
Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланып отыр. Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.
QAZFORUM бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, ұйымдастырушы – «Business Event&Rent» агенттігі.
Биыл шараны «Kaspi Bank» АҚ, «JUSAN BANK» АҚ, «AirAstana» АҚ және Sheraton Nur-Sultan қолдады.
QAZFORUM онлайн-БАҚ редакторлары үшін шағын іс-шарадан еліміздегі қазақ тіліндегі медиа, оның қоғам дамуындағы рөлі, БАҚ пен онлайн-медиа алдында тұрған өзекті күн тәртібін және қазіргі заманғы сын-қатерлерді талқылайтын ірі пікірталас алаңына айналды. Жыл сайын ұйымдастырушылар қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылауды және халықаралық тәжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму перспективаларын айқындауды ұсынады.
Қазнет тарихын таныстыратын бейнероликтен басталған жиын қатысушыларын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева форумның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
“Qazforum – қазіргі таңда қазақ тіліндегі контент жасаушылардың өзекті мәселелерін көтеретін бірден-бір платформа болып отыр” – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
Форум барысында спикерлер мен қатысушылар талқылайтын тақырыптар: «Тәуелсіздік кезеңіндегі медиа-толқын: қазақстандық онлайн-контенттің ерекшелігі неде?», «Пандемиядан кейін: қазақ тіліндегі онлайн-контент қалай өзгерді?», «30 жылдан кейін қазақстандық медиа және қоғамы».
«Пандемиядан кейін: қазақ тіліндегі онлайн-контент қалай өзгерді?» атты бірінші пленарлық талқылауда танымал шоумен, сценарист және продюсер Марат Оралғазин, Galamat Media жетекшісі Абай Серғазиев, factcheck.kz қазақ нұсқасының бас редакторы Думан Смақов, Salem Social Media креативті продюсері Бұхар Марат, ZTB Media негізін қалаушы Марғұлан Тұрсынов COVID-пандемия әлемді қалай өзгерткенін, оң өзгерістердің бар-жоғын, инфодемия қаншалықты өскенін, қандай сабақ алғанымызды және алдағы жылы бізді қандай медиа-трендтер күтіп тұрғаны жайында тәжірибелерімен, ойларымен бөліседі. Сессияның модераторы – тележүргізуші Ғалымжан Кеншілік.
Форумның екінші сессиясының тақырыбы – «Тәуелсіздік кезеңіндегі медиа-толқын: қазақстандық онлайн-контенттің бірегейлігі неде?». Сессия модераторы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин. Ол «Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мақпал Жұмабай, продюсер Ерболат Беделхан, ОZEN лейблінің негізін қалаушы Айзатулла Хусейн, Brave Talents негізін қалаушы Алмас Жали және JKS Entertainment (Tik-Tоk хаустар өкілі) тең құрылтайшысы Асхат Халимовпен бірге қазақстандық және қазақ тіліндегі онлайн-контентті кім жасап жатқанын, қазақтілді медиа-тауардың экспорттық әлеуеті қандай екенін, қазіргі заманғы контентті қалай монетизациялауға болатынын талқылайды.
Форумның екінші бөлімінде «30 жылдан кейін қазақстандық медиа және қоғам» панельдік пікірсайыс барысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, PR-маман Әлішер Елікбаев, ҚазҰУ журналистика факультеті деканының орынбасары Карлыға Мысаева, “Ұлттық аударма бюросы” ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы алдағы 30 жылда медиа мен қоғамда қандай өзгерістер болатынын, өзгеріс кезінде медианың атқаратын рөлі және сол өзгерістер үшін бүгіннен бастап не істеу қажет деген сұрақтар төңірегінде ойларымен бөліседі. Бұл сессияны белгілі блогер және тележүргізуші Өркен Кенжебек жүргізеді.
Сессиядан кейін форум қатысушылары қазақстандық және шетелдік мамандардың шеберлік сабақтарына қатыса алады. CNN бұрынғы тілшісі және желідегі #HashtagOurStories қозғалысының негізін қалаушы Юсуф Омар «Вирустық бейнелерді телефон арқылы түсіріп, әлемді қалай өзгертуге болады?» тақырыбын қозғайды, The Village Kazakhstan директоры Айсана Әшім медиа монетизациялау тәжірибесімен бөлісіп, ал медиакеңесші Асхат Еркімбай «Data Mapping» туралы мастер-класс өткізеді.
Форум шеңберінде алғаш рет Qaz Startup Battle өтеді, бұл байқау қазақ тілін дамыту мен қазақ тіліндегі контент құруға бағытталған стартаптар арасында өткізілетін болады. Байқаудың жүлделік қоры 3 500 000 теңгені құрайды. Бас жүлденің жеңімпазы өз IT-өнімін дамытуға 2 000 000 теңге, ал екінші мен үшінші орындарға ие болған стартаптар сәйкесінше 1 000 000 теңге мен 500 000 теңге ақшалай жүлдеге ие болады.
Форум қонақтары «Қазнет тарихы» көрмесіндегі фотосуреттермен, сондай-ақ қазақстандық суретші Бақыт Шүкетаевтың туындыларымен таныса алады.
Форумның аяқталуына қарай қонақтар үшін қазақстандық жас жұлдыздар ОZEN лейблының Yenlik және Dudeontheguitar әншілері өнер көрсетеді.

Best SME Bank Awards сыйлығында Halyk Bank жеңімпаз атанды

0

Global Finance халықаралық беделді қаржылық басылымы Best SME Bank Awards сыйлығы шеңберінде Halyk Bank “2021 жылғы Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік банк” (“Best SME Bank in Kazakhstan 2021″) номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qainar.info.

Global Finance беделді халықаралық басылымы сарапшыларының зерттеу нәтижелері бойынша 2020 жылғы сәуір және 2021 жылғы наурыз кезеңінде Halyk Bank “2021 жылғы Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін үздік банк” (“Best SME Bank in Kazakhstan 2021”) номинациясында жеңімпаз атанды. Global Finance журналы шағын және орта бизнеске қолдау көрсететін банктердің маңыздылығын атап өту үшін алғаш рет SME Bank Awards сыйлығын өткізді. Жеңімпаздар бойынша барлық мәлімет Global Finance басылымының желтоқсан айындағы санында жарияланады.

“Шағын және орта бизнес кәсіпорындары COVID-19 пандемиясы кезінде ең көп зардап шеккен саланың бірі болды, бұл ретте олар әр елдің экономикасын қалпына келтіру жолында шешуші рөл атқарады”, – деп атап өтті Global Finance журналының баспагері және редакциялық директоры Джозеф Джаррапуто, – Best SME Bank Awards сыйлығы – бұл фактіні мойындау. Маңызды уақытта шағын және орта кәсіпорындарға барынша қолдау көрсететін және үздік қызмет ұсынып,оларға жағдай жасаған қаржы институттарының жетістіктерін атап өту қажет”.

“Былтыр қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін өте қиын кезең болды. Соған қарамастан, экономиканың түрлі секторларындағы пандемиядан зардап шеккен кәсіпорындарды мемлекеттің уақытылы қолдауының арқасында отандық нарықтың және ШОБ субъектілері қызметінің біртіндеп қалпына келуі байқалады. Halyk Bank жүйе құраушы қаржы институты ретінде қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауда маңызды рөл атқарды, осы уақыт ішінде коронакризис салдарымен күрестің алдыңғы шебінде болды. Мемлекеттік бастамаларды іске асырып қана қоймай, банк қарыз төлемдерін кейінге қалдыруды ұсыну, мөлшерлемелерді қайта құрылымдау, ШОБ клиенттерін өз қаражаты есебінен қаржыландыру арқылы қазақстандық кәсіпкерлерді белсенді түрде қолдады. Қысқа мерзімде инновациялық қашықтан цифрлық шешімдерді, соның ішінде заңды тұлғаларға арналған Onlinebank жаңартылған мобильді қосымшаны және қашықтан көрсетілетін ЖК тіркеу және шот ашу қызметтерін, цифрлық кредит беруді және бүгінгі күні біздің клиенттеріміз кәсіпкерлер талап ететін басқа да ыңғайлы әрі пайдалы сервистерді әзірледі және іске қосты. Қаржы әлемінде аса беделді басылымның марапаты – бұл банк жұмысының табысты нәтижелерінің шынайы дәлелі”, – деп атап өтті Банк Басқармасының төрайымы Үміт ШАЯХМЕТОВА.

SME Bank Awards номинациясы бойынша жеңімпаздыанықтау үшін Global Finance журналының баспагерлері инвестициялық – банктік сектордағы жетекші сарапшылармен бірлесіп, банктердің деректерін және инсайдерлердің, сала басшылары мен техникалық сарапшылардың қатысуымен өткізген тәуелсіз зерттеулерді қоса алғанда, көптеген критерийлердің жиынтығын ескерді. Басылым жеңімпаздарды өз алгоритмін қолдана отырып анықтады, мұнда ең маңыздысы келесі критерийлер болды: нарық пен ШОБ қажеттіліктерін білу, өнім мен қызметтіңассортименті, банктің нарықтық жағдайы және инновациялар.

Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезеңінде Halyk Bank 4 мыңға жуық ШОБ өкілдері, яғни қарыз алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынды. Бұдан басқа, былтыр қабылданған кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында Halyk Bank 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы сомасы 270 млрд теңгеден астам ШОБ-ты қаржыландыруды жүзеге асырды.

2020 жылы Halyk Bank клиенттерге бөлімшеге бармай және қағаз құжаттарды тасымай, 30 минут ішінде кредит алуға мүмкіндік беретін жеке кәсіпкерлерге арналған цифрлық кредит өнімін әзірлеп, іске қосты. Өнім іске қосылған күннен бастап және 2021 жылғы 1 қазандағы жағдайды ескерсек жалпы Қазақстан бойынша 65,9 млрд теңге сомасына 14,3 мың кәсіпорынға цифрлық кредит берілді, оның ішінде Даму мемлекеттік бағдарламасының қатысуымен (жылдық 6%) 17,4 млрд теңге сомасына 4,7 мың кәсіпорынға цифрлық кредит арқылы қаржыландырылды. Айта кетейік, Onlinebank қосымшасын белсенді қолданушылар саны 120 мыңға дейін артты.

***

Global Finance қаржы журналы 1987 жылы құрылған, таралымы 50 000 дана және әлемнің 193 елінде оқырмандары бар. Журнал аудиториясы халықаралық компаниялар мен қаржы институттары жұмысындағы инвестициялар, стратегиялық шешімдер үшін жауап беретін қаржы және корпоративтік саладағы басшыларды қамтиды. Басылым сайтында халықаралық қаржы нарығысаласындағы көпжылдық жұмыстың нәтижесі болып табылатын аналитика мен жарияланымдар ұсынылған. Global Finance бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, басқа кеңселері әлемнің бүкіл елінде бар. Global Finance жыл сайын банктер мен қаржылық қызмет арасында қызмет көрсеткіштері бойынша көшбасшыларды іріктейді. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сенімді сапа стандартына айналды.

Қазақстан Халық Банкі АҚ (Halyk Bank) – бөлшек сауда, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде жұмыс істейтін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің Қазақстан қор биржасында 1998 жылдан бастап, Лондон қор биржасында 2006 жылдан бастап және Astana International Exchange-те 2019 жылғы қазаннан бастап листингі бар. 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 11 002,4 млрд теңге мөлшеріндегі активтері бола отырып, Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым. Банктің ең ірі клиенттер базасы мен филиалдық желісі – ел бойынша 611 филиалы мен бөлімшесі бар. Банк Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанда қызмет атқарады.

Halyk Homebank қосымшасымен дүниеге келген баланың жәрдемақысын ресімдеуге болады

0

Енді жас ата-аналар үйден шықпай-ақ дүниеге келген бала үшін алатын мемлекеттік жәрдемақыны ресімдей алады, деп хабарлайды Qainar.info.

Үйден шықпай, қашықтан қолдануға болатын қызметтің саны күн сайын артып келеді. Азық-түлік пен тамаққа тапсырыс беру оп–оңай. Киноға, тіпті басқа елге бару үшін де билет сатып алу әлде басқа қалаға ақша қаражатын аудару, мұның барлығы қазіргі уақытта бірнеше түртумен орындалатын қызметтердің бірі. Ешқандай мәселе жоқ. Бастысы интернетке қосылған смартфоныңыз болса жеткілікті. Шынын айтсақ, электронды қызмет түрлері біздің өмірімізді қаншалықты жеңілдеткенін байқамай да қалдық. Мысалы, бірнеше жыл бұрын жаңа туған нәрестеге жәрдемақы алу үшін ата-аналар әртүрлі бөлімдерден бірнеше анықтама жинап, содан кейін оларды әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдеріне өткізу, банк бөлімшесіне жүгіну керек еді. Барлық жерде кезек, жоғалған уақыт, артық шығын, жүйке…

Жоғарыда айтылған қызметті телефоныңыздың көмегімен қашықтан қалай қолдануға болады? Halyk Homebank мобильді қосымшасы бала туу бойынша мемлекеттік жәрдемақыны онлайн ресімдеуге және алуға мүмкіндік берді.

– Halyk Bank — әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша негізгі оператор. Банктің мобильдік қосымшасында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тұтас модулі бар және жақында ол жаңа сервиспен толықтырылды. Атап айтсақ, жас ата-аналар Halyk Homebank қосымшасын пайдалана отырып, жәрдемақыны ресімдеп, қашықтан өтінім жолдау мүмкіндігін пайдалана алады. Ыңғайлы болу үшін ата–аналарға тиесілі екі мемлекеттік төлем – бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша біржолғы жәрдемақы төлемі бір өтінімге біріктірілген және бұл басқа платформаларда жоқ.

– Halyk Bank Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мукушев жаңа қызмет туралы айтып берді. Жәрдемақы алуға өтінім беру үшін Halyk Homebank қосымшасындағы “Мемлекеттік қызметтер” бөліміне кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, “бала тууы бойынша жәрдемақы” бөлімін таңдау, баланың деректерін растау және өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Өтінімді жібергеннен және оны мақұлдағаннан кейін тағайындалған төлем сомасы туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ, қызметті бала туғаннан кейін бір жыл ішінде кез келген уақытта рәсімдеуге болады.

Halyk Bank қазіргі уақытта қазақстандықтардың банкке бармай-ақ түрлі қызметтерді жедел әрі оңай қолдануы үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мысалы, Halyk Homebank қосымшасында автокөлікті қайта ресімдеу, жәрдемақыға арналған арнайы карта ашу, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін шот ашу, цифрлық құжаттар бойынша қызмет көрсету, ХҚКО QR-мен төлеу және басқа да пайдалы сервистер қолжетімді. Енді оларға “дүниеге келген балаға берілетін жәрдемақы” қызметі қосылды, оны тіркеу және қабылдау өте қарапайым әрі ыңғайлы, сондықтан бұл қызмет жас отбасылар арасында кеңінен сұранысқа ие болады.

Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқытуға қабылдау жүріп жатыр

0

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің атынан «Next Level English» журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілін оқыту бағдарламасына қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Qainar.info.
Бағдарлама жұмыс істейтін журналистерге арналған.
Қатысу шарттары:
• журналист қазіргі уақытта теледидарда/радиода/баспа басылымдарында/онлайн БАҚ-да жұмыс істеуі керек;
• Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Өскемен немесе Шымкент қалаларында тұруы тиіс;
• ағылшын тілі деңгейі Elementary деңгейінен төмен емес (CEFR A2);
• осы Бағдарламаға қатысуға басшының келісімі болуы тиіс.
– Топтағы адам саны – 10-нан 15 адамға дейін.
– Курстың ұзақтығы – 9 ай (аптасына 3 сабақ, жергілікті мұғаліммен 2 және тіл иесімен 1 пікірталас клубы).
– Сабақ уақыты: 2021 ж 22 қарашадан бастап 2022 ж. 4 шілдеге дейін.
– Қатысу – тегін.
– Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 10 қараша.
Бағдарламаға тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.

Halyk Homebank қосымшасымен мемлекеттік баж салығын төлеуге болады

0

Енді жеке басты куәландыратын құжаттарды алған немесе жаңартқан кезде, оларды ресімдегені үшін мемлекеттік бажды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) “бір терезе” қағидаты бойынша Halyk Homebank қосымшасының QR–коды көмегімен төлеуге болады, деп хабарлайды Qainar.info.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін қызметті қолдану мүмкіндігінше жеңілдетілген. ХҚКО-да төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде енді кассаға барудың қажеті жоқ, құжат алу немесе өтінім беру кезінде бір талон алып, Сізге қызмет көрсететін көші-қон қызметінің операторынан Halyk Homebank қосымшасының QR-кодын пайдалана отырып, мемлекеттік бажды төлеу жеткілікті.

Қызметті Halyk Bank, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және “Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесе жүзеге асырды.

Төлемнің бұл әдісін енгізу қажеттілігі бұрыннан пайда болды, өйткені жеке куәлікті тіркеу қызметі ең танымал қызметтердің бірі: тек өткен жылдың өзінде атаулы қызметті 2 миллионнан астам рет қолданған. Бұған дейін келушілер қызмет үшін кассаның терезесіне бару арқылы мемлекеттік баж салығын төлеп келген.

QR-код арқылы төлеу өте ыңғайлы, тағы бір даусыз тиімді жері: Halyk Homebank қосымшасының QR-кодымен төлеген кезде комиссия жоқ, ал касса арқылы төлеген кезде белгілі бір комиссия бар. Бұдан басқа, Halyk Homebank қосымшасындағы QR көмегімен төлем қызметін пайдалана отырып, банк клиенттері жүзеге асырған әрбір төлем үшін жоғары бонустар алады.

Halyk Homebank қосымшасының QR-коды көмегімен ХҚКО жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке, Кондоминиум объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша қызметтерді және Мемлекеттік тізілімнен халыққа көрсетілетін басқа да қызметтерді қосымша төлеуге болады.

Сонымен, Halyk Homebank қосымшасы арқылы мемлекеттік бажды қалай төлеуге болады:

• Банк қосымшасына кіріп “QR” белгішесін іске қосыңыз
• ХҚКО операторы мониторының экранынан QR сканерлеңыз және төлем жасау үшін Halyk Bankкартасын таңдаңыз
• Төлем жасаңыз.
Қызмет Қазақстанның барлық қалаларындағы ХҚКО клиенттері үшін қолжетімді.

«Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында онлайн курс ұйымдастырылады

0

Түркітілдес журналистер қоры Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясының қолдауымен «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбына онлайн Журналистика курсын ұйымдастырады, деп хабарлайды Qainar.info.
Екі айға созылатын курс барысында БАҚ өкілдері жалған ақпаратпен күрес, деректерді тексеру, шынайы ақпарат пен ақпараттық манипуляцияны ажырата білуді меңгереді. Вебинарлар сериясында отандық тәжірибелі мамандар дәріс береді.
Шараға Қазақстандағы республикалық және аймақтық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін жас журналистер мен фрилансерлер қатыса алады.
Толық ақпарат үшін: +7 (775) 166-89-20 (Call Centre).
Қатысқысы келетін БАҚ өкілдері мен фрилансерлер анкета толтыруы тиіс.
Instagram: @uscgalmaty @usinkz
Facebook: U.S. Consulate Almaty / U.S. Embassy Kazakhstan / Посольство США в Казахстане

Алматыда түрік кинолары көрсетіледі

0

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары жане Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясы ұйымдастырған 6-шы Түрік киносы апталығының Алматы іс-шарасы 2021 жылдың 27–31 қазанында Қазақстанның Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Qainar.info.

2021 жылдың 27 қазанында кино және баспасөз қауымдастықтарының көптеген өкілдерінің қатысуымен 6-шы Түрік киносы апталығы — Алматы іс-шарасының ашылу салтанаты Алматыда «Арман» кинотеатрында Мехмет Ада Өзтекин киноға түсірген «7-ші Камерадағы керемет» фильмінің көрсетілуімен жүзеге асады.

Кинематографияның күшіне негізделген Қазақстан мен Түркия арасында тағы бір көпір салуды мақсат еткен Түрік фильмдерінің апталығында кәсіби режиссерлердің марапатталған туындылары, сондай-ақ танымал фильмдер ұсынылады. Сонымен қатар бұл үздік фильмдер түрік киносын шолуға «панорамалық» мүмкіндік береді.

2021 жылдың 27-31 қазаны аралығында Алматыда өткерілетін 6-шы Түрік фильмдерінің апталығында «7-ші Камерадағы керемет», «Баскетбол сақинасы», «Маузер», «Махаббат өмірі» сияқты фильмдер мен анимациялык «Рафадан Тайфа: Кіндік-төбе» Хабарландыру фильмдері фильм жанкүйерлеріне тегін көрсетіледі.

Әсіресе осы аптада фильм көрсетілімінен кейін әртістер мен көрермендер арасында кездесулер өтеді. Қазақстан әл-Фараби университетінің студенттерімен түрік киносы бойынша сұхбат өтеді. Іс-шара аясында Түркиядан келген режиссерлер, актерлер мен продюсерлер қазақстандық кино әртістеримен кездеседі, сонымен қатар екіжақты келіссөздер мен бірлескен туындыларды құру бойынша сұхбаттар жүргізіледі.

Көрсетілетін фильмдер:

1. «7-камерадағы керемет»

2. «Баскетбол сақинасы»

3 «Маузер»

4. «Махаббат өмірі»

5. «Рафадан Тайфа: Кіндік-Төбе» (анимациялық фильм)

6. “Хабарландыру” (“Anons”)

Елордада “QazForum-2021” форумы өтеді

0

Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді, деп хабарлайды Qainar.info.

2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді.

Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді.

Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиа–трендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.

Форум қонақтары мен спикерлері:

• Аида БАЛАЕВА, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

• Джуди КУО, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;

• Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

• Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;

• Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;

• Қарлыға МЫСАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті деканының орынбасары

• Әлішер ЕЛІКБАЕВ, журналист, PR маманы, кәсіпкер, Astana Group президентінің кеңесшісі;

•Мақпал ЖҰМАБАЙ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарматөрайымының орынбасары

• Марат ОРАЛҒАЗИН, шоумен, сценарист, режиссер жәнепродюсер;

• Ерболат БЕДЕЛХАН, әнші, продюсер;

• Айзат ҚҰСАЙЫНОВ, «ÕZEN» лейблінің негізін қалаушы, продюсер;

• Алмас ЖАЛИ, продюсер, «Brave Talents» продюсерлікорталығының негізін қалаушы;

• Асхат ХАЛИМОВ, продюсер, «JKS ENTERTAINMENT»негізін қалаушы;

• Ғалымжан КЕНШІЛІК, шоумен, «Қазақстан» РТРК тележүргізушісі;

• Абай СЕРҒАЗИЕВ, GALAMAT MEDIA басшысы;

• Өркен КЕНЖЕБЕК, блогер, тележүргізуші;

• Думан СМАҚОВ, factcheck.kz сайтының бас редакторы;

• Айсана АШИМ, The Village Kazakhstan тәуелсіз БАҚ директоры

Кештің арнайы қонақтары – ÕZEN лейблінің резиденттері: dudeontheguitar және YENLIK.

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ–тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.

Аккредиттеу және қосымша ақпарат:

Ғалия Садубаева, +7 747 377 08 17

info@qazforum.kz, galiya@b-event.kz

Қызыл Жарты Ай волонтерлері Павлодар облысында дала жаттығуларын өткізеді

0

«Қауіпсіз өмір» жобасы аясында 2021 жылдың қазан және қараша айларында Павлодар облысының Қызыл Жарты Ай волонтерлері облыстың 10 ауданы мен 3 қаласында төтенше жағдайларды ликвидациялау және апат қаупін азайту бойынша іс-шараларды іске асырады. Волонтерлер тұрғындармен ықтимал қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізеді, аумақтардың қауіп-қатер карталарын жасайды, төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың рөлі мен орнын анықтайды. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасының гранттық қаржыландыру есебінен іске асырылады, деп хабарлайды Qainar.info.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы гуманитарлық салада мемлекетке көмекші ұйым бола отырып, мемлекеттік қызметтерге халық арасында апат қаупін азайтуға жәрдемдеседі.

Қызыл Жарты Ай волонтерлері төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетеді. Мұндай қызмет Павлодар облысында өзекті болып табылады, өйткені бұл аймақ табиғи және техногенді сипаттағы түрлі төтенше жағдайларға душар. Оларға су тасқыны, қар жауу, қарлы боран, қатты аяз және көктайғақ, орман және дала өрттері жатады. Күзгі және қысқы уақытта көктайғақ автомобиль апаттарының көбеюіне, адамдардың жарақат алуына және өліміне жиі себеп болады.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы Павлодар филиалының директоры Гүлнар Исақанова атап өткендей:
«Волонтерлік – ТЖ-ға дайындық пен оның салдарын жоюдың тиімді құралы. Біздің ұйым ортақ іске өз үлесін қосуда. Біз жоба бірнеше тарап үшін оң әсерін тигізеді деп жоспарлап отырмыз: жастар үшін – пайдалы дағдылар мен білім алу; мемлекеттік органдар үшін волонтерлік ұйымдар туралы ақпараттандыруды арттыру және халықпен жұмыс істеу кезінде волонтерлердің әлеуетін пайдалану; халық үшін бірінші қажеттілік заттарын және алғашқы көмек көрсету қызметтерін алу».

Волонтерлер төтенше жағдайларға дайындықтан басқа Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімімен және Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп қалалық іс-шараларға белсенді қатысуда және зардап шеккендерге медициналық құтқару қызметтері келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуде. Мысалы, қыркүйек айында Павлодар облысының ТЖД-мен бірлесіп волонтерлер «Судағы қауіпсіздік» атты профилактикалық рейдтеріне қатысты. Қазан айында жалпықалалық жәрмеңкеде тұрғындарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау туралы хабардар етті және бұқаралық қоғамдық іс-шараларға, (Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған веложарыс, «Мейірімділік күні» қалалық акциясы, ағаш отырғызу бойынша «Даңқ аллеясы» акциясы) қатысып, алғашқы көмек пунктін ұйымдастырды.

Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы әлемдегі ең ірі гуманитарлық Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының бір бөлігі болып табылады, оның міндеті – адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, әсіресе қарулы қақтығыстар мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде адамдарға деген құрмет пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті

0

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Шеврон» компаниясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qainar.info.

Тараптар «Теңізшевройл» болашақ кеңейту жобасын іске асыру, Қарашығанақ жобасын кеңейту және Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыру перспективасы мәселелерін талқылады.

Заманауи экологиялық таза технологияларды қолдану, әлеуметтік жобаларды іске асыру, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жоғары стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

«Шеврон» үш ірі жобада – Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%) жобаларында активтері бар Қазақстандағы аса ірі шетелдік инвестор.

2020 жылы ТШО-да шикі мұнай өндіру көлемі 26,5 млн тоннаны құрады. Мемлекетке $6,6 млрд көлемінде тікелей қаржылық төлемдер жүзеге асырылды, $3,5 млрд астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтері сатып алынды.

Биыл ТШО-да 26,3 млн тонна көлемінде мұнай өндіру жоспарлануда. 2021 жылдың 8 айында мемлекетке төлемдер $4,9 млрд құрады. Болашақ кеңейту жобасының аяқталуы 2023 жылдың соңында өндіру көлемін жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

ТШО газы Атырау облысында полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна) және полиэтилен (жылына 1,25 млн тонна) өндіретін екі ірі газ-химия жобасы үшін шикізат болып отыр.

Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігі мен «Шеврон» компаниясы арасында Қазақстанда $248,5 млн көлемінде Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум Қазақстанның мұнай-газ саласындағы, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ ақпараттық және цифрлық технологиялар саласындағы тауар өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді ұсыну жөніндегі коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салу жолымен экономиканы және жергілікті қамтуды дамыту үшін қор құруды көздейді.

Қор капиталын «Шеврон»-ның Қазақстанда алған пайдасының бір бөлігіне тең.

Кездесуге энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

Соңғы жазбалар