Halyk Homebank қосымшасында өмірді сақтандырудың онлайн бағдарламасы іске қосылды

0

2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Халык-Life сақтандыру компаниясы валютада максималды табыстылығы 3,52% дейін болатын «Халық-Қазына» атты өмірді сақтандырудың жинақтаушы онлайн бағдарламасын іске қосты, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

«Халық-Қазына» өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы валютадағы депозиттерге үздік балама болып табылады. Бағдарлама сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін не сақтандыру оқиғасы басталған кезде өтеу түрінде төленетін валютада жылдық 3,52%-ға дейінгі мөлшерде инвестициялық табысқа кепілдік береді. Сақтандыру жарнасының ең төменгі мөлшері теңге баламасында 1 000 АҚШ долларын құрайды.

Енді «Халық-Қазына» бағдарламасы бойынша өмірді сақтандыру полисін Halyk Homebank қосымшасы арқылы небәрі 5 минут ішінде ресімдеуге болады.

Ол үшін банк қосымшасындағы «Сақтандыру» бөліміне кіріп, «Халық-Қазына» жинақтаушы сақтандыру» бағдарламасын таңдау қажет.

Бөлімде: сақтандыру шарттарымен танысуға, сақтандыру параметрлерін белгілеуге, сақтандыру жарнасын төлеуге және «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру полисін ресімдеуге болады. Полисті ресімдегеннен кейін сақтандыру шарты 24/7 тәртібінде әрекет ету мерзімі ішінде «Шарттар» бетінде көрсетілетін болады.

«Егер де бұрын клиент сақтандыру шартын жасасу үшін байланыс орталығына немесе компания менеджеріне қоңырау шалып, жүгінген болса, бүгінде кез келген адам Halyk Homebank қосымшасы арқылы өмірді сақтандырудың жинақтаушы полисін валютамен тез және оңай ресімдей алады. Бұл қызмет біздің клиенттеріміз үшін қарапайым, пайдалы және тиімді сервистерді ұсыну бойынша іс-шаралар шеңберінде іске асырылды», – деп атап өтті «Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Өмірді сақтандыру бағдарламасының маңызды ерекшелігі, егер сақтандыру мерзімі кезеңінде сақтандырылған клиент жазатайым оқиғадан, аурудан немесе кез келген себептен өмірден озатын болса, шартта сақтандыру төлемін алушылар ретінде көрсеткен тұлғалар, кепілдік берілген инвестициялық соманы қоса алғанда, сақтандырылған соманы толық көлемде бірден алады. Бұл ретте төлем сақтандыру мерзімі аяқталған немесе сақтандыру оқиғасы басталған күні Ұлттық Банк белгілеген «USD/KZT TOD» бағамына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру шартын 2 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады. Бұл ретте өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу жолымен сақтандыру компаниясына салынған қаражатты салық органдары, мысалы серіктестермен болған дауларда немесе ажырасу кезінде өндіріп ала алмайды. Бағдарлама бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://www.halyklife.kz/kz/accumulation/halyk_kazyna

Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 47,6 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.

Қазақстанда алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті

0

Елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ғылыми демалыс өтті. Оған 4 мың адам қатысты, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Елорда соңғы онжылдықтағы әлемдік үрдісті қабылдады, онда ауқымды ғылыми фестивальдер ғылымды танымал етудің ең жарқын тәсілі ретінде сенімді түрде жарияланды. Ғылыми-көпшілік уикенд форматы фестивальдің басты идеясына – оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер сияқты ауқымды аудитория арасында білім берудегі ғылым мен жаңа әдістерді ілгерілетуге жауап береді.

PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM — білімді дамытатын «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасы бойынша жүргізіледі.

Фестиваль ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Шеврон»компаниясының және Peremena.media білім берудегі заманауи үрдістер туралы басылымның қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестиваль бағдарламасы балалар, мұғалімдер және ата-аналар өз сұрақтарына жауап тауып, жаңа оқу жылына шабыт алатындай етіп жасалды. PRO.NRG.FEST фестиваліне келушілер өз спикерін таңдауға және білім қуатына ие болуға – дәрістердің ақпараттық ағымына енуге, шеберлік сабақтарына дағдылануға, ғылыми шоуларды көруге бірегей мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, фестиваль аясында оқушылар арасында робототехника бойынша әлемдік чемпионат — First Global Challenge ұлттық кезеңінің финалы өтті.

Жеңімпаз команда Женевада өтетін әлем біріншілігінде 160 елден 190-нан астам команда арасында Қазақстанның намысын қорғайды.

PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM — білімді дамытатын «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасы бойынша өткізіледі.

S – science (ғылым), T – technology (технологиялар), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) және M-mathematics (математика). Бүгінгі таңда STEAM-білім пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ барлық бес пәнді бірыңғай оқыту схемасына біріктіруге негізделген.

Қор басшысы Зарина Биюмбаеваның айтуынша:

“Біз PRO.NRG.FEST сияқты фестивальдер – бұл қазақстандықтардың ғылымға, жаңа технологияларға, білім берудің тиімді шешімдеріне деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін үздік форматтардың бірі екеніне сенімдіміз. Біз Қазақстанда ең озық білім беру практикасын ілгерілететін жас ғалымдарды, ғылымды танымал етушілерді, креативті педагогтарды бір алаңға біріктірдік”.

Екі жыл жұмысында «Caravan of Knowledge»қоры:

● 9000 STEAM мұғалімінен тұратын қауымдастық құрды;

● 200 мың педагогты түрлі оқу бағдарламаларымен қамтыды;

● халықаралық форматтағы 36 STEAM сертификатталған тренерлерді дайындады;

● 126 мұғалімге STEAM авторлық оқыту бағдарламаларын жасауға көмектесті.

«Caravan of Knowledge» қоры және «Шеврон»компаниясы STEAM-оқытуды қолдау бойынша аса маңызды бағдарламаны іске қосты. Министрлік ғалымдар мен инженерлердің жаңа буынын даярлауға жәрдемдесетін білім беру бастамаларын қолдауға әрқашан дайын. Алайда кез келген өзгерістер тұрақты дамуға, жаңа нәрсені үйренуге және балаларға өзекті білім оқытуға әрқашан дайынмұғалімдерден басталады» – деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

«Шеврон» Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс былай деп ойымен бөлісті:

«Бүгін біз жас ғалымдарды, балалар мен ата-аналарды, өнер адамдарын, Қазақстандағы STEAM-білімді ілгерілететін жаңашыл мұғалімдерді бірге жинай алғанымыз өте жақсы. PRO.NRG FEST фестивалі — бұл мүмкіндіктерді жасауға, өсіруге және кеңейтуге арналған алаң.

Шеврон Қазақстандағы үш онжылдыққа жуық инвестор болып табылады. Біз серіктестігіміздің тарихын мақтан тұтамыз және елдің энергетикалық болашағына инвестиция салуды жалғастыруға ниеттіміз. «Шеврон» компаниясы үшін біздің инвестицияларымыз мұнай-газ өнеркәсібімен шектелмейтіні өте маңызды. Біздің серіктестеріміз – мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ-мен, мектептермен, ЖОО-мен бірлесіп, біз адамдарға инвестициялар салу арқылы адами капиталды нығайтуға ұмтыламыз. Өйткені, біздің ең құнды ресурсымыз – адамдардың энергиясы».

PRO.NRG FEST ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Балаларға арналған белсенділік

TikTok-та 1 млн жазылушысы бар қазақстандық химия мұғалімі Ұлан Үсенов далада көркем ғылыми шоу өткізді және химиялық тәжірибелер сиқырға ұқсас екенін дәлелдеді.

Ал Италиядан келген мұғалім Пьетро Олла ғылыми эксперименттерді цирк және театр техникаларымен біріктіріп, балаларға нағыз қойылым ұйымдастырды.

Британдық ғалым Майкл Лондесборо біз өмір сүріп жатқан “пластикалық ғасыр“ туралы айтып, зертханаларда ғалымдар қандай жаңа және берік материалдар мен полимерлер жасайтынын түсіндірді.

Жасөспірімдерге арналған белсенділік

12-сынып оқушысы Ерасыл Тәуекел құрдастарына NASA бағдарламасынан қалай өткенін және жасөспірімдерді ғарышты үйренуге итермелегенін айтты.

Microsoft Kazakhstan-ның IT-сәулетшісі Санжар Мырзағалым жасанды интеллект деген не және машиналар қалай ойлайтынын түсіндірді.

Ал “Дарын“ РҒПО басшысы Әнуар Унайбеков Қазақстанда олимпиадалық қозғалыс қалай құрылғаны және кез келген оқушы олимпиада ойындарының мансабын қалай бастап, әлемнің үздік ЖОО-на есігін қалай ашатыны туралы дәріс оқыды.

Ата-аналар үшін белсенділік

Қаржы кеңесшісі Медер Аматов ата-аналармен, тіпті инфляция жағдайында да, отбасына ЖОО-да оқуға ақша жинауға көмектесетін құралдармен бөлісті.

Арт-кеңесші Влад Слудский шығармашылық балалар үшін жаңа мансаптық перспективалар ашатын ғылым мен өнердің симбиозы туралы дәріс оқыды.

Бизнес-жаттықтырушы Аркадий Цукер алға жылжуға және мақсаттарға жетуге көмектесетін жүйелі ойлау туралы тренинг өткізді.

Мұғалімдерге арналған белсенділік

Фестивальде SEAMEO STEM-ED сарапшыларының педагогтары үшін арнайы шеберлік сыныптары өтті. Бұл Таиландтағы Оңтүстік-Шығыс Азия Білім министрлерінің ұйымы жанындағы өңірлік STEM-білім беру орталығы. Олардың қарқынды бағдарламасы 36 қазақстандық мектептің мұғалімдеріне STEM-оқыту қағидаттарын үйренуге және өз сабақтарында жаңа әдістемені енгізуге көмектесті.

“РФММ“ КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Ордабаев мектептерді балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін шығармашылық зертханаларға айналдыру туралы айтып берді.

Байланыс жөніндегі сарапшы Латина Сатарова мұғалімнің жеке бренд құрып, өзінің медиа жұмысы туралы қалай сөйлесетіні туралы дәріс оқыды.

Сондай-ақ фестивальде креативті мұғалімдердің арнайы көрмесі өтті, онда қазақстандық үздік педагогтардың ғылыми STEAM-жобалары мен білім беру шешімдері ұсынылды.

Шығармашылық сабақтар – барлығы үшін

Тіпті ең іш пыстырарлық тақырыпты қызықты түрде үйретуге болады. Фестивальде мұны ортағасырлық ноу-хау мен өнертабыстарды заманауи стартаптар мен әзірлемелермен салыстыра отырып, Қазақстан тарихы туралы дәріс оқыған Жанат Рахмани дәлелдеді. Ал математика және информатика пәнінің мұғалімі Бегайым Мұрат интерактивті сабақ өткізіп, жасанды интеллектті жануарларды тануға қалай үйрету керектігін көрсетті. Биотехнолог Жанар Нұртөлеу біздің ағзамыз энергияны қалай өндіретінін және ағзада тағы қандай таңғажайып биохимиялық процестер жүріп жатқанын түсіндірді.

Қазақстанда алғаш рет PRO.NRG FEST фестивалі өтеді

0

2022 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан астанасында алғаш рет PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Фестивальдің негізгі мақсаты — оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ғылымға, өнерге және технологияларға деген қызығушылықты арттыру.

Фестиваль ұйымдастырушылары ғылымның, өнердің және технологияның алға басуы зумер ұрпағының сұранысына сәйкес келіп қана қоймай, болашақта елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сенімді. Фестивальға міндетті алдын ала тіркеу бойынша барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Алдағы іс-шараның басты тақырыбы балаларды ғылымға оқытудың ең жаңа әдістері, оқушыларды оқуға ынталандыру болады.

Фестиваль бес тақырыптық блоктан тұрады. PRO. SCIENCE блогында ғылымның әлемді қалай өзгертетіні және оны мектептерде қалай оқыту керектігі туралы айтылады. PRO.ART секциясының қатысушылары ғылым әлемді ғылыми суреттеу үшін өнерді қалай қолданатынын білетін болады. Цифрлық технологиялар біздің күнделікті өмірімізді қалай өзгертетіні туралы PRO.TECHNOLOGY блогында айтылады. PRO.PEOPLE блогы жеке тұлғаның энергиясы жалпы индустрияларды қалай өзгертетініне назар аударады. Және, PRO.FUTURE блогында қатысушылар алдағы уақытта сәтті болу үшін өздерінің әлеуеті мен дағдыларын қалай дамыту керектігін үйренеді.

Фестиваль спикерлері арасында тиктоктағы танымал химия мұғалімі Ұлан Үсенов (@wanna_be_teacher) бар, ол балаларға ғылым туралы айту қаншалықты керемет және қызықты екенін көрсетеді. Белгілі бизнес-жаттықтырушы және маркетолог Аркадий Цукер стратегиялық ойлауды және белгісіздік дәуірінде болашағыңызды жоспарлауды үйретеді. Аяш Мырзабекова (@proactive.teacher) балалармен қарапайым техникалармен және тиімді оқу тәсілдерімен бөліседі. Италиядан келген әйгілі мұғалім Пьетро Олла (@circusscience) ойын, цирк және театр техникаларының үйлесімі ең іш пыстырарлық сабақты қызықты шоуға айналдыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Влад Слудский, арт-кеңесші және Forbes Kazakhstan «30-дан 30-ға дейін» рейтингінің қатысушысы, ғылым мен өнердің өзара әрекеттестігі туралы әңгімелейді, ол баршаға жаңа перспективалар ашады.

Фестивальде робототехника бойынша ең ауқымды жарыстардың бірі-FIRST Global Challenge ұлттық кезеңі өтеді! Ұлттық кезеңде жеңіске жеткен команда Женевадағы әлем біріншілігінде 160 елден 190-нан астам команда арасында Қазақстанның атынан қатысу құқығына ие болады. Фестиваль аясында үздік қазақстандық педагогтардың ғылыми STEAM-жобалары мен білім беру шешімдерін қамтитын креативті мұғалімдердің көрмесі өтеді. Фестиваль жастардың сүйікті жұлдыздары-Yenlik, Dudeontheguitar, Jeltoksan және ARShAT қатысатын үлкен гала – концертпен аяқталады.
«PRO.NRG FEST отбасылық фестивалі алғаш рет өткізіліп отыр және оның басты міндеті – ата-аналар мен олардың балаларын білім қуатымен қамтамасыз ету, сонымен қатар сыни және ғылыми ойлаудың негізін қалау.

PRO.NRG FEST – бұл білім беру және нетворкингтік алаң, онда мұғалімдер STEAM тәсілдерін дамыту құралдарымен танысады, басқа елдердің мұғалімдерінің тәжірибесін көреді және пәндер тоғысында қызықты сабақтар құрудың жаңа әдістерімен танысады, басшылар мектептер мен ұйымдарда STEAM енгізу бойынша жабық тренингтерден өте алады, оқушылар сыни, ғылыми, жобалық және шығармашылық ойлаумен танысады, ал ата-аналар үшін біз психологтар мен даму сарапшыларының дәрістерін дайындадық. Бағдарламалардың үш шеңбері, таңғажайып спикерлер, сиқыршылар, ғалымдар, халықаралық жарыстар – біздің фестивальде әркім өзі үшін қызықты нәрсені табады», – деп атап өтті «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының президенті Зарина Биюмбаева.
PRO.NRG FEST 2022 жылғы 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 5, Оқушылар сарайы мекенжайы бойынша бүкіл отбасы үшін білімге арналған демалыс күндері форматында өтеді. Фестивальдің серіктестері Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Шеврон» компаниясы және Peremena.media болып табылады.
PRO.NRG FEST фестивалі туралы
PRO.NRG FEST- бұл елордадағы алғашқы ақылды отбасылық демалыс болатын кең ауқымды ғылыми-көпшілік оқиға. Фестивальдің міндеті-ата-аналар мен балаларды білім қуатымен қамтамасыз ету, сондай-ақ сыни және ғылыми ойлаудың негізін қалау.
Фестиваль туралы толығырақ сайтта және Instagram мен Facebook парақшаларында біле аласыз
Фото және бейне материалдар сілтеме бойынша қолжетімді
Анықтамалық ақпарат
«Шеврон» – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қол жетімді, сенімді және таза энергия көркейген және тұрақты әлем құру үшін қажет деп санаймыз. Шеврон мұнай мен табиғи газды өндіреді, көлік отынын, ЖЖМ және мұнай химиясын өндіреді, сондай-ақ біздің бизнесіміз бен саламызды жақсартатын технологияларды әзірлейді. Біз өз қызметіміздің көміртекті сыйымдылығын төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар төмен көміртекті бизнесті дамытуға баса назар аударамыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сілтемесі арқылы таба аласыз.
«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры Қазақстандағы STEAM-білім беруді ілгерілетумен, мұғалімдердің кәсіби дамуымен, оқушылардың білім шегін кеңейте отырып, оларды икемді және кәсіби дағдыларға оқытумен айналысады.
Peremena.media – балаларға заманауи білім беру мен тәрбие беру үрдістерін талқылауға арналған Қазақстандағы алғашқы медиа.

STEAM: Атыраулық ұстаздар біліктілігін арттырды

0

Атырауда STEAM мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарының ресми аяқталуы өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.
Бағдарламаға Атырау қаласы мен облысының 26 мектеп, 2 жоғары оқу орны, 5 колледж және 5 қосымша білім беру ұйымынан 160 мұғалім қатысты.
Біліктілікті арттыру курстары Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асырып жатқан «JasSpace: Атырау жастарын дамыту бастамасы» аясында қазақ және орыс тілдерінде тегін өткізілді.
15 күн ішінде курс тыңдаушылары оқытудың интеграцияланған және пәнаралық тәсілін (STEAM – ғылым, технология, инженерия, өнер және математика) енгізуге бағытталған STEAM тәсілін қолдану дағдыларын жетілдірді. Курс екі лекте өткізілді: 1 мен 5 тамыз аралығында онлайн форматта «Caravan on Knowledge» білім беру ұйымымен серіктестікте, 8-19 тамыз аралығында оффлайн форматта Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы «KazRobotics» ұйымымен бірлесіп өткізілді.
«Біз біліктілікті арттыру курстарын өткізу үшін Қазақстанның әр өңірінен үздік мамандарды жинадық. Екі апта бойы қарқынды бағдарлама білім беру, жоғары технологиялық жабдықтарда практикалық дағдыларды меңгеру, шетелдік STEAM жобаларымен танысу және тәжірибе алмасуға бағытталды. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар мектеп оқушыларымен жұмыс істеуде барлық алған дағдыларын қолдана алады. Бұл балаларға тың идеяларды, соның ішінде әлеуметтік пайдалы жобалар мен табысты стартаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп KazRobotics ұйымының президенті Айжан Жекеева ойымен бөлісті.
Курс тыңдаушылары 5E (қызықтыру, зерттеу, түсіндіру, сұрақ қою және бағалау), PBL (проблемалық оқыту әдісі), Engineering design (инженерлік дизайн) әдістерін қолдана отырып, заманауи сабақтарды әзірлеу құзіреттіліктерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар, Arduino микроконтроллері, 3D принтерде моделдеу және басып шығару, лазерлік кесу және нақыштау машиналарын қолданып әртүрлі өнімдерді әзірлеп, STEAM жобалары үшін тың идеяларды әзірледі.
Курс соңында мұғалімдер кәсіби даму сертификаттарын алу үшін JasSpace кеңістігінде жобалық жұмыстарын қорғады. Мектеп оқушыларының STEAM жүйесінде оқу үдерісін жақсартатын инновациялық әзірлемелерді қатысушылар жоба ретінде ұсынды. Оқушыларға арналған арнайы SMART аймақтар, роботтар, смарт технологиялармен жабдықталған үй, робот көліктер және т.б. жобаларды дайындады.
«Біліктілікті арттыру курстары аймақ үшін ғана емес, Қазақстанның бүкіл білім беру жүйесі үшін өзекті және маңызды. Әрбір ұстаз балаға үлгі болғандықтан, мұғалімдерге оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет. Бүгінде Атырау облысындағы 83 мектеп STEM және робототехника кабинеттерімен жабдықталған, бірақ оқытылған мұғалімдердің жетіспеушілігінен оларды толыққанды қолдану мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, білім беруде STEAM тәсілінің инновациялық әдістері мен технологияларын, сонымен қатар құрал-жабдықтарды пайдаланудың практикалық дағдыларын меңгеру өте қажет», – деп «JasSpace: Атырау жастарын дамыту бастамасы» жобасының жетекшісі Салтанат Ноғайбаланова атап өтті.
JasSpace бағдарламасының мақсаты – STEAM бағыттарында жастарды оқытуды қамтамасыз ететін және осы салалардағы кәсіптердің танымал болуына ықпал ететін кеңістік айналасында экожүйені құру. JasSpace оқушылар сарайының негізінде жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған. Мұнда студенттер мен оқытушылар қажетті дағдыларды меңгеріп қана қоймай, инновациялық идеяларды жүзеге асыра алады. «JasSpace: Атырау жастарын дамыту бастамасы» аясында мұғалімдерге арналған 5 STEAM білім беру бағдарламасы әзірленді. Қыркүйек айынан бастап Атырау қаласының 7-11 сынып оқушылары үшін 10 STEAM білім беру бағдарламасы бойынша тегін үйірмелер өтеді.

Халықаралық агенттік «Халық-Life» АҚ-на жоғары рейтинг берді

0

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін берді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

2022 жылғы 16 тамызда Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ–» деңгейінде және қазақстандық ұлттық меже бойынша «kzAAA» рейтингісін берді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты».

Агенттік сарапшылары қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында «Халық-Life» АҚ-ның жетекшілік ұстанымдары мен пайданың жақсы көрсеткіштерін, сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Халық Банк) («BB+»/Тұрақты/B)стратегиялық маңызды еншілес компаниясы болып табылатынын атап өтті.

«Біздің компаниямыз халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген қаржылық тұрақтылық рейтингісіне ие. Дегенмен,S&P Global Ratings агенттігі тарапынан жоғары рейтингтің берілуі компанияның Қазақстан нарығындағы сенімді ұстанымдарын тағы да дәлелдейді. Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені алынған рейтинг елдегі өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады және бүгінгі күні компаниямыздың саланың көшбасшы екенін растайды. Агенттік хабарламасында атап өтілгендей, «Халық-Life» АҚ-ның кредит төлеу қабілеттілігінің сипаттамаларына оның тәжірибелі басқару командасы, тәуекел-менеджменттің қалыптасқан тәжірибесі және қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін өтімділіктің елеулі қорлары оң әсер етті. Біз өз клиенттеріміздің алдындағы міндеттемелерді тиімді орындау үшін компанияның әлеуетін одан әрі дамытуға ниеттіміз», – деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары А.Жексембаев.

Агенттік сарапшылары сондай-ақ, «Халық-Life» АҚ-ның нарықтағы мықты ұстанымдары мен мол тәжірибесін, сондай-ақ компанияның айтарлықтай дамыған дистрибуция желісі мен Қазақстандағы ірі қаржы тобымен қауымдастырылған жақсы танымал бренді бар екенін атап өтті. «Халық-Life» АҚ өмірді сақтандыру бойынша қызметтерді ұсынатын ірі компания болып табылады, сонымен қатар қол қойылған сақтандыру сыйлықақысы — брутто көлемі бойынша нарықтағы үлесі 33%-ды, ал активтер көлемі бойынша 30% құрайды.

Компания 2018-2021 жылдары бизнестің айтарлықтай өсімін көрсетті. Агенттіктің болжамдары бойынша 2022 жылы «Халық-Life» АҚ-ның бизнес көлемі күрделі макроэкономикалық жағдайды және банктік сақтандыруды реттеудің өзгеруін (қарыз алушылар үшін сақтандыру компаниясын бірнеше нұсқадан таңдау мүмкіндігін қосаалғанда) ескере отырып, шамамен сол деңгейде сақталатын болады. Алайда, 2023-2024 жылдары бұл өсім нарық бойынша орташа мәндерге сәйкес 10-15% шегінде болады күтілуде.

Американдық профессордың жасыл урбанизм жайлы дәрісі өтті

0

Американдық экологиялық жоспарлау бойынша сарапшы, дизайнер және ағартушы Пол Хеллмундтың “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” атты дәрісі өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Профессор Хеллмунд – жасыл урбанизм саласындағы жетекші практик және “Ecology of Greenways” (1993 ж.) және “Sustainable Landscapes for Nature and People” (2006 ж.) кітаптарының авторы.

Пол жасыл урбанизм және жасыл инфрақұрылым саласында, сондай-ақ қауымдастықтарды сақтау және жоспарлау бойынша инновациялық шешімдерді әзірлеуде үлкен тәжірибеге ие. Он жыл бойы Пол Хеллмунд Массачусетс штатындағы Conway Design School президенті және профессоры болды. Пол Гарвард университетінің Жоғары дизайн мектебінде және Колорадо Мемлекеттік университетінде білім алды. Қазір ол жаһандық экологиялық тұрақтылық мектебінде сабақ береді.

Пол Хеллмундтың “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” атты дәрісі – Urbanitarium жобасы аясындағы Urban Forum Kazakhstan “Қалалар мен Адамдар” білім беру бағдарламасының бөлігі.

«Urbanitarium жобасы «Шеврон» компаниясы мен АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы арасындағы “Makerspace Expands!” мемлекеттік-жеке серіктестігі арқасында іске асты. Іс-шараның серіктесі: Aurora Space.

«Халық-Life» – өмірді сақтандырудағы ең көшбасшы компания

0

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ Қазақстандағы өмірді сақтандыру бойынша ең ірі компания және барлық қаржылық көрсеткіштер бойынша сөзсіз көшбасшы болып табылады, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

01.07.2022 жылғы жағдай бойынша компания төмендегі көрсеткіштер бойынша 1-ші орында:

• активтер мөлшері бойынша (252,5 млрд теңге, нарық үлесі – 30%);
• сақтандыру резервтерінің мөлшері бойынша (199,0 млрд теңге, нарық үлесі – 33%).
• меншікті капитал мөлшері бойынша (49,2 млрд теңге, нарық үлесі-33%);
• таза пайда мөлшері бойынша (9,4 млрд теңге, нарық үлесі – 39%);
• жинақталған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері бойынша (53,3 млрд теңге, нарық үлесі-33%);
• жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің мөлшері бойынша (6,8 млрд теңге, нарық үлесі – 34%).
«2022 жыл барлық қазақстандықтар үшін, сондай-ақ өмірді сақтандыру нарығы үшін де оңай болған жоқ. Алайда, қазір нарық жақсы өсімді көрсетуде және 1 жартыжылдықтың қаржылық нәтижелері бойынша біздің компаниямыз нарықтағы 33% үлесімен көшбасшы атанды. Іс жүзінде қазір өмірді сақтандыру нарығында әрбір 3-ші шарт біздің компанияда жасалады. Біз олардың сенімін мақтан тұтамыз. Сондықтан клиенттер үшін жаңа өнімдер мен сервистерді енгізе отырып, осы сенімді ақтау үшін барынша күш саламыз», – деді Басқарма төрағасының міндетін атқарушы А.Жексембаев.
Жыл басында компанияның 2021 жылғы табысты инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша пайдаға қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттарыбар 24 мың клиентке сақтандыру дивидендтерін бөлдік. Бұдан басқа, жыл басында клиенттерге ең жоғары сервисті ұсыну мақсатында компания өзінің мобильді қосымшасына сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлама жолдауға болатын жаңа функцияны енгізді. Енді компания клиенттері әлемнің кез келген жерінен «Halyk Life» мобильді қосымшасына кіріп, бір-екі қимылмен-ақ өтінім бере алады, қажетті құжаттарды тіркеп, өз өтінімінің мәртебесін тексере алады.
Сондай-ақ, наурыз айында AM Best халықаралық Агенттігі Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісін «B+» деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін оң болжаммен «bbb–» деңгейінде растағанын атап өткіміз келеді. A. M. Best халықаралық рейтингтік Агенттігінің рейтингтері біздің Компаниямыздың ашықтығы мен айқындығын, ұстанымдарының тұрақтылығын, сондай-ақ өз міндеттемелерін толық көлемде және мерзімде орындау қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Астанада жас экологтар ақшалай гранттарға ие болды

0

«Қалдықтар мен климат», «Жайылма суару» және ECO CAR — Қазақстанның өсіп келе жатқан экологтары туралы білуіңіз қажет мәселелер. Балалар экология тақырыбындағы керемет идеяларын ортаға салып, болашақ жобаларын іске асыруға ақшалай гранттарға ие болды. 2022 жылғы маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында “Шеврон” компаниясының қолдауымен “EcoJas” Ұлттық еріктілер желісі жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Марал Қасымбекова, Нұр-Сұлтан қаласы, ECO CAR

Экологиялық мәселе туралы

«Адамдардың көбі тек қоршаған ортаға емес, өзіне де зиян тигізіп жатқанын білмейді. Қоршаған ортаның жағдайы мен Жер бетіндегі адамдар мен жануарлар бір-бірімее тығыз байланысты. Біз күнделікті қайта пайдалануға болатын заттарды қоқысқа тонналап тастаймыз. Адамдар кейде қалдықтарды сұрыптағылары келмейді, кейде оларды қайда апару, оларға не істеуге болатынын білмейді. Осы тұрғыда мен бұл проблеманы шешу жолын ойластыра бастадым.

Проблеманы шешу

“Бізге шағын нәрседен, мысалы қалдықты сұрыптауға апарудан немесе ағаш отырғызудан бастауға болады”, – деген ой келді. Сондықтан да қазір “ECO CAR” деген тамаша жоба бар.

Адамдардың өңдеуге болатын шикізаттарын жинап, қабылдау орындарына апарамыз, олар бізге ақша төлейді. Макулатураның 500 килограммына біз 14 000 теңге аламыз және оны қаланы көгалдандыруға жұмсаймыз: мектептер мен балабақшаларда, тұрғын-үй кешендерінде ағаш отырғызамыз. Сонымен қатар біз пластик, алюминий және әйнек қабылдаймыз.


Жобаны кім ойлап тапты?

“Мен Нұр-Сұлтан қаласында №89 мектепте оқимын, 10-сыныпты аяқтадым. Тоғызыншы сыныптың соңында экология жайлы ойлана бастадым. Қазір әртүрлі эко-жобаларға қатысуға тырысамын, олардың бірі – “ECO CAR”. Болашақта да өмірімді экологиямен ұштастырғым келеді”.

Вусал Мухамедов, 17 жас, Теміртау қаласы, «Қалдықтар мен климат»

Андрей Ковылкин, 18 жас, Теміртау қаласы, «Қалдықтар мен климат»

Экологиялық мәселе туралы

Вусал. Біз қалдықтардың көбі органикалық екенін білдік. Ал олар шіріген кезде парниктік әсер беру қаупі бар метан газын шығарады.

Проблеманы шешу

Вусал. Біз органикалық қалдықтардан бағбандыққа арналған тыңайтқыштар жасап шығару үшін компостерлер мен құрт фермаларын қалай пайдалануға болатынын ойлап таптық. Біздің жобамыз шығарылатын метан мөлшерін азайтып, парниктік әсерді төмендетуге көмектеседі. Жобаның идеясы – климатты сақтау мақсатында, сонымен қатар адамдарға парниктік газдарды азайтудың және қоршаған ортаны қалпына келтірудің қарапайым жолдары туралы айтып беру үшін топырақты тыңайтуға арналған компост және құрт фермасын үй жағдайында жасау”.

Андрей: “Қазіргі кезде адамдар қарапайым әрекеттерімен-ақ экологияға қамқорлық таныта алатынын білуі керек”.

Жобаны кім ойлап тапты?

Вусал: “Мен Теміртау қаласындағы №16 мектептің түлегімін. Университетке құжат тапсырып жатырмын. Экология тақырыбы қызық. Өйткені адамдарға қазір де, болашақта да өмір сүретін қолайлы жағдайлар керек”.

Андрей: “Мен эковолонтермін. Теміртау қаласының тұрғындарына экологиялық білім берумен айналысамын: әртүрлі науқандар, шаралар және экологиялар бойынша тренингтер өткіземін”.

Әнел Мусаинова, 16 жас, Қарағанды қаласы, «Жайылма суару» жобасы.

Экологиялық мәселе туралы

“Біз Шет ауданына сел мәселесін зерттеуге бардық. Агрономмен сөйлесіп отырып, бұрын бұл жерде жайылма суару қолданылғанын білдім. Суарудың бұл түрі сел қаупін азайтып, топырақты еріген сумен суару арқылы астықты көбейтуге көмектеседі. Қазір бұл әдіс ұмыт болған”.

Проблеманы шешу

“Осы тақырыпты зерттеп, сауалнамалар жүргіздім. Нәтижесінде, «Жайылма суару» жобасы пайда болды. Біздің жобамыз экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді. Жайылма суару сел қаупінің алдын алуымен қатар, астықты алқаптар жанындағы суарылмайтын жерлерге қарағанда екі-үш есе көп болады. Суарылмайтын жылдары 200 гектар жерден 200 тонна, ал суарылатын жылдары 400 тоннадан астам шөп шабылады”.

Жобаны кім ойлап тапты?

“Мен Абай атындағы №104 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысымын. Әртүрлі жобалармен айналысамын, билеймін, фортепианода ойнаймын.

Экология — қазіргі кезде мен үшін ең маңызды тақырыптардың бірі. Экологияны ойлағанда, біз өзімізді ойлаймыз”.

“EcoJas” туралы

“EcoJas” — оқушыларға арналған білім беру-танымдық жобасы. Мақсаты – балалар арасында экологиялық білім беру және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу. Жоба жылдың басында басталып, Ақмола және Қарағанды облыстарының 73 мектебіндегі 3700 баланы қамтыды.

Жалпы білім беретін мектептерде балалардың қоршаған орта, денсаулық және қалдықтарды сұрыптау сияқты мәселелерге қызығушылықтарын оятатын пәндер жоқ. Осындай байқаулапдың нәтижесінде оқушылар табиғатқа көбірек қамқорлық танытудың маңыздылығын түсіне бастайды.

FETO түрік халқына қарсы жасаған ауыр қылмыстары үшін жауапты – Мевлют Чавушоглу

0

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу «Фетуллахшы террор ұйымы» бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.
2016 жылғы 15 шілде күні кешке «Фетуллахшы террор ұйымы» (FETO) елімнің халқы мен үкіметіне қарсы қанды төңкеріс әрекетін бастады. Олардың мақсаты – өздерінің басшысы Фетуллах Гүленге ғана адал, радикалды әрі фундаменталистік режим орнату болды.
FETO-ға қатысы бар армия бөлімдері Ыстамбұлдағы Босфор көпірі сияқты маңызды жерлерді басып алу үшін казармаларын тастап кетті, соғыс ұшағы мен шабуылдау тікұшақтары Парламент ғимараты, Президент резиденциясы, армия және полиция штабтары сияқты стратегиялық нысандарды бомбалады; мыңдаған бейбіт тұрғын бұрын-соңды болмаған сұмдық төңкеріс әрекетін тоқтату үшін көшелерге шықты. Қастандық жасаушылар 251 жазықсыз бейбіт тұрғынды өлтіріп, мыңдаған адамды жаралады. Сол түні түрік халқы демократияны өз өмірлерін бәйгеге тігу арқылы қорғап калды. Қастандық ұйымдастырушылар мұндай батыл жауап күтпеген еді.
Жағдайдың қалай болғанын түсіну үшін FETO-ның шынайы болмысын ұғыну қажет. FETO 1960 жылдардың соңында «діни қозғалыс» деп аталатын ұйым ретінде құрылды. Білім беру мен дінаралық диалогты дамытамыз деген ат жамылып, өздерінің қара ниетін жасырып келді.
FETO мүшелері мен ұйым қатарына алынғандардың армияға, құқық қорғау органдарына, сот жүйесіне және көптеген мемлекеттік мекемелерге, соның ішінде менің министрлігіме жан-жақты жоспарланған және кең тараған деңгейде ену процесі ондаған жылдар бойы жасырын түрде жүзеге асырылып, оның соңғы фазасы 2016 жылғы 15 шілде күні іске асты.
Төңкеріс әрекеті сәтті болғанда, бүгінгі Түркия мүлдем басқаша болар еді. Демократия болмас еді әрі негізгі құқықтар мен бостандықтар белгісіз мерзімге тоқтатылатын еді. Халық экстремистік үкіметтің қолында қалар еді.
FETO оқу орындарының маңызды бөлігін бақылаумен қатар, көптеген қаржы институттарына да иелік етті. Олардың банк шоттарын өнеркәсіп пен саудадағы белгілі FETO мүшелері, сондай-ақ шенеуніктер мен қоғам қайраткерлері толықтырып отырды. Көптеген бейкүнә азаматтардың діни көзқарасы манипуляцияланып, олар FETO-ның қаржысына үлес қосуға мәжбүр болды. Дүниежүзіндегі мектептерінен алынған орасан зор табыс түпкілікті қолдану мақсаты үшін жасырын түрде осы шоттарға жіберіліп отырды.
2016 жылғы 15 шілдедегі қанды төңкеріс әрекетінен кейін мемлекеттік секторды, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен әскерилерді, сонымен қатар жеке секторды FETO-ға қатысы бар барлық тұлғалар мен компаниялардан табанды тазарту процесі басталды. Қастандық жасаушылар ішінде бірқатар танымал есім ұсталды. Бірқатары әділдіктен қашып, шет елдерде пана тапты. FETO террор ұйымының басшысы Фетуллах Гүлен әлі күнге дейін АҚШ-та тұрады. Үкіметіміз жылдар бойы АҚШ-тан Гүленнің, ал Еуропа елдерінен FETO мүшелерінің Түркияға экстрадициясын талап етіп келеді. Өкінішке қарай, бұл өтініштер әлі орындалған жоқ.
Дегенмен, әлемнің басқа жерлерінде бұл лаңкестік ұйымның өздеріне де қауіп төндіретінін түсініп, қажетті шараларды қабылдап жатқан үкіметтер саны артып келеді. FETO виза алаяқтығы, ақшаны жылыстату және қару-жарақ саудасы сияқты заңсыз әрекеттермен де айналысады. Сондықтан, көптеген елдерде FETO мүшелері мемлекеттік және жеке секторлардан тазартылуда. Шетелде осы лаңкестік ұйыммен байланысы бар көптеген мектептер 2016 жылдан кейін Түркияның «Маариф» қорына берілді. Бүгінде «Маариф» мектептері көптеген елдерде жұмыс істейді және дүниежүзінде тамаша білім беруде.
Түркияның FETO-ға қарсы күресінің сипаты мен ауқымы – шенеуніктері мен бейбіт тұрғындарын террорға ұшыратқан, демократиялық құндылықтарға, негізгі құқық мен бостандықтарға қауіп төндіретін ұйымдарға қарсы басқа елдердің жүргізген күресінен еш айырмашылығы жоқ. Түркия лаңкестікпен күресуде бірқатар елдердің бұрын істегенін қайталап жатыр. Барлық процедуралар заңға сәйкес жүргізілуде.
Терроризмнің ұлты да, этникалық түрі, діні де жоқ. Бұл бүкіл адамзатқа түгел қауіп төндіреді. Сондықтан, бұл қауіпке қарсы әрекет біріккен және табанды болуы керек. Ешбір мемлекеттің лаңкестерді бөліп-жаруға құқығы жоқ және ешбір террористік ұйымды белгілі мүдделерге сай «пайдалы» деп есептеуге болмайды. FETO жүздеген адамның өліміне, сондай-ақ түрік халқына қарсы жасалған басқа да ауыр қылмыстар үшін жауапты. 2016 жылдың 15 шілдесінен кейін алты жыл өткен соң Түркия FETO-ға, сондай-ақ PKK («Күрдістан жұмысшы партиясы»), PYD-YPG («Демократиялық одақ партиясы») («Халық қорғаныс бөлімшелері»), DHKP-C («Революциялық ұлт-азаттық майдан-партиясы») және ДАИШ сияқты басқа террористік ұйымдарға қарсы табанды күресін жалғастырып келеді.
Терроризммен күресте халықаралық қоғамдастықтан Түркиямен ынтымақтас болуын күтеміз.

ТТЖҚ Аланья Журналистер одағымен меморандумға қол қойды

0

Түркітілдес журналистер қоры Аланья Журналистер одағымен 2018 жылы кәсіби ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді. Бүгін Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Аланья қаласында Аланья Журналистер одағының төрайымы Гайе Джошкун ханыммен кездесіп, меморандумды жаңалады, деп хабарлады Qainarinfo сайты.
Аталған құжат шеңберінде Қазақстан мен Аланья бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы кәсіби бірлікті нығайту, жас журналистердің тәжірибе жинақтауы, Қазақстан мен Аланьяда БАҚ өкілдері үшін пресс турлар, семинар-тренинг, вебинар, конференциялар т.б шаралар ұйымдастыру, медиаға қатысты маңызды жобаларды бірге атқару қамтылды.
Айта кетейік, Аланья Журналистер одағы 1994 жылы құрылған. Ұйымға 2 күнделікті шығатын газет, 4 телеарна, 16 интернет сайты, “Анадолы» агенттігі, TRT, İHA, DHA ақпарат агенттіктерімен бірге жалпы саны 124 мүшесі бар.

Соңғы жазбалар