Visa және Halyk Қазақстандағы She’s Next бастамасының үшінші толқынының жеңімпаздарын анықтады

0

Алматыда She’s Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқынының соңғы кезеңі болған She’s Next Pitch Day іс-шарасы өтті.

Финалистер қазылар алқасының алдында өздерінің бизнес-идеялары мен жоспарларын таныстырды, содан кейін үздік екі жоба («Қолданыстағы бизнес» санатында біреу және «Бастаушы бизнес» санатында біреу) анықталды.

Марапаттау рәсімінде жобаның негізгі номинациясы бойынша Visa компаниясынан әрқайсысы 7 миллион теңгекөлемінде грант, сондай-ақ Halyk-тан* 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болған екі жеңімпаз жарияланды.

«Бастаушы бизнес» санатында бастаманың жеңімпазы болып Botaqan жобасының авторы Жанна Қазақбаеваатанды. Бұл жоба – ерте жастан бастап балалардың даму кезеңдерін қолдауға арналған ойын жиынтықтарын жеткізетін жазылым қызметін ұсынатын қосымша. Монтессори техникасынан шабыт алған ойыншықтар мен сабақтарды балалардың когнитивті, моторлы және сенсорлық дағдыларды дамыту мақсатында сарапшылар таңдайды. Әрбір жинақ белгілі бір жасқа бейімделген және ата-аналарға арналған баласының оқу процесін түсіну және жақсарту үшін жоғары сапалы, экологиялық таза ойыншықтар, кітаптар және нұсқаулықтарды қамтиды.

«Қолданыстағы бизнес» санатында бастаманың жеңімпазы – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру мектебінің жобасының авторы Меруерт Юсупова. Бұл мектепте 6-17 жастағы балалар ағылшын және қазақ тілдерін, бағдарламалауды үйренеді, сондай-ақ ҰБТ және IELTS тестіне дайындала алады. Меруерттіңкомандасы нашар көретін балаларға арналған бірегей оқыту әдісін әзірледі. Әдетте, көру қабілеті нашар балалар мектепті бітіргеннен кейін массаж терапевт мамандықтарын таңдайды немесе спортпен айналысады. Алайда, Меруерт ұйымдастырған жобаның арқасында аудармашы, бағдарламашы болуды немесе басқа мамандық алып, шетелдік жоғары оқу орнына түсуді армандайтындар осындай мүмкіндікке ие болады.

Сондай-ақ, She’s Next Pitch Day аясында «Халық таңдауы»номинациясында жобалары ең көп дауыс жинаған екі кәсіпкер марапатталды. Олар Visa-дан 3 миллион теңгекөлемінде грант, сондай-ақ Halyk-тан* 30 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие болды.

«Бастаушы бизнес» санатында Жансая Ахметсадық «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды. Оның бизнес-идеясы – балалардың эмоционалды интеллектісіндамытуға бағытталған қазақ тіліндегі кітап жасау және басып шығару. Бұл жоба балалар мен олардың ата-аналарына өз сезімдерін жақсы түсінуге және білдіруге көмектесу ниетінен туындады, бұл өз кезегінде өмір сапасы мен жалпы әл-ауқаттың жақсаруына ықпал етеді. Жансаяның кітаптары ата-аналар мен балалар арасындағы эмоционалды байланысты нығайтуға ықпал ететін бірлесіп оқуға арналған. Осы кітаптар арқылы эмоционалды сауаттылық дағдыларын дамыту балалардың өмірдің әртүрлі аспектілеріндегі болашақ жетістіктері үшін маңызды негіз болады.

«Қолданыстағы бизнес» санатындағы «Халық таңдауы»номинациясының жеңімпазы Марина Мұқанова өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін сары май өндірудің дәстүрлі әдістеріне негізделген жоғары сапалы экологиялық таза сары майды өндіру және сату жобасын ұсынды. Марина сапалы сүт өнімдеріне сұраныстың артуын және жергілікті нарықта теңдес аналогтардың жоқтығын ескере отырып, өз бизнесінің жоғары әлеуетіне сенеді. Өнімнің басты артықшылығы – жартылай фабрикаттар мен қоспаларды пайдаланбай, тек сүт пен табиғи ингредиенттерді қолдануы. Бұл өнімнің дәмі мен тұтынушылардың денсаулығына оң әсер етеді.

«Бірінші кезекте, Halyk басшылығының атынан барлық финалистерді көптен күткен финалға жету жолындағы барлық іріктеу кезеңдерін сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Өр жобаларын таныстырған өршіл кәсіпкерлердің осындай ұзақ жолды өте алғанын байқап, біз әйелдер кәсіпкерлігінің жылдан жылға қарқынды өсіп келе жатқанына қуана қараймыз. Visa мен Halyk бірлесіп ұйымдастырған She’s Next сияқты жобалардың арқасында Қазақстан әйелдерінің өз ісін алғашқы қадамдарынан бастап көтеруге мүмкіндіктері артып келеді. Біз кәсіпкерлердің сұранысы қаншалықты жоғары екенін, бұл бағдарлама оларға қандай мотивация беретінін көреміз. Өзіміз Банк ретінде кәсіпкер әйелдер үшін жеңілдетілгенқаржыландыруды белсенді түрде ұсынып отырмыз: алты жыл бойы банктың өз бағдарламасы іске асырылуда, соның арқасында 550-ге жуық кәсіпкер жалпы көлемі 6 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген несие алды. Бұл өте маңызды көрсеткіш болғанымен, мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдері үшін кемелдікке шек жоқ екеніне сенімдімін»,- деп атап өтті Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вурос.

«Біз Қазақстандағы She’s Next бастамасының үшінші толқынын керемет нәтижемен аяқтадық. Көптен күткен финал өтті, онда әр түрлі аймақтардан келген 12 финалисттің ішінен жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар таңғажайып жетістіктер мен шабыттандыратын кейстерді ұсынып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде әйелдердің өз бизнесін қаншалықтытабысты дамытып жатқанын көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл бастамаға 15 000-нан астам қазақстандық кәсіпкер қатысты. Бүгін біз табысқа ұмтылатындардың барлығына үлгі болатын табандылығы зор кәсіпкерлерді қуана құттықтаймыз. Біздің серіктесіміз Halyk-қа алғыс айтқым келеді, соның арқасында біз осындай нәтижелерге қол жеткізе алдық. Сондай-ақ, «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдерінің Ұлттық қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінебастаманы қолдағаны үшін алғыс білдіреміз. Жаңа толқында кездескенше!«, – деп қорытындылады Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.

Еске салайық, She‘s Next, Empowered by Visa бастамасының үшінші толқыны осы жылдың 29 ақпанында басталды. Жобаға қатысуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 000-нан астам кәсіпкер тіркелді. She’ s Next Day іс-шараларына сегіз қалада 500-ден астам кәсіпкер әйел қатысты. Сондай-ақ, бастамаға қатысушылар білім беру бағдарламасы, тестілеу, сараптамалық комиссиясының бизнес-жоспарларды бағалауы, сондай-ақ «Халық таңдауы» номинациясы бойынша ашық дауыс беру және She‘ s Next Pitch Day финалынан өтті.

«Еркін сөз – 2024» шығармашылық байқауы жарияланды

0

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және “Халық банкі” Акционерлік қоғамының серіктестігімен, қазақстандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбына өтетін “Еркін сөз”-2024 шығармашылық байқауының ережесі.

«ЕРКІН СӨЗ»-2024 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өтеді.

Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

Журналистерді ынталандыру;

  1. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен сыйлықтарды тапсыру 2024 жылдың 1 қарашасында өтеді.
  2. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
  3. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.
  4. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерін іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдары;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

  1. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру  “Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

  1. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

  1. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.
  2. Байқауға қатысу шарттары
  3. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға Қазақстанда қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.

  1. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржы және қаржылық сауатты арттыру тақырыбындағы материалдар қабылданады. Қатысушыларға қойылатын талап: көтерілген тақырып халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру тұрғысынан пайдалы болуы шарт.

2023 жылдың 01 қаңтарынан 2024 жылдың 15 қазанына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан МАҚАЛА мен ТЕЛЕСЮЖЕТ қабылданады.

  1. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) және Word нұсқасы ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар (телевизиялық сюжет) телеарнаның YouTube арнасына жарияланған сілтемесімен ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме және Word форматта мәтіні жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік  тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылдың 15 қазаны, сағат 23:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.

Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

  1. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
  2. Байқаудың өту кезеңдері
  3. Алғашқы кезең.

Қазақстандағы БАҚ-та Байқауды өткізу туралы ақпарат, қатысу шарттары мен Байқау ережесі туралы хабарландыру жарияланады.

  1. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2024 жылдың 15 қазаны, сағат 23.00-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау жеңімпаздарын айқындайды.

  1. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:

Үздік видеосюжет (телевидение);

Үздік мақала (газет);

Сайттағы үздік мақала;

Жеңімпаздарды марапаттау.

  1. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

  1. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

 

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

  1. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

  1. Байқау комиссиясының міндеттері:

А). Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә). Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

Б). Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

  1. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

А). Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ә). Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

Б). Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

  1. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

А). Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

Ә). Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

А). Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

Ә). Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

  1. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды  ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

  1. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39 A.
Call centre: + 7702 543 7740  (WhatsApp); электронды пошта: erkinsoz2024@gmail.com.

Мұстафа КАПУЧУ: «ФЕТО» — террористік ұйым

0

Түркияда 2016 жылы 15 шілдеде орын алған опасыз төңкеріс әрекетінің 8 жылдығына орай еске алу рәсімі өтті.

Астанадағы Түркия Республикасының елшілігінде Коммуникациялық жөніндегі басқармасынын үйлестірумен өткен шараға Қазақстан Ұлттық ұланынан генерал-майор Қайрат ҮМБЕТОВ пен подполковник Талғат НӘШЕНОВ қатысты.

2016 жылы 15 шілдеде опасыз төңкеріс жасаушылардың қолынан шейіт болған 253 шәйітті бір минут үнсіздікпен еске алында, артынан Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік әнұрандары айтылды.

Рәсімге қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының маманы Ережепов ӘБІЛАЙХАН қасиетті Құран Кәрімді оқыподан кейін наиб мүфти Ершат АҒЫБАЙ шейіттерге және екі елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Одан кейін 2016 жылдың 15 шілдесіндегі оқиғалар мен “ФЕТО” лаңкестік ұйымының құрылымы мен қауіптілігін түсіндіретін видеолар көрсетілді.

Салтанатты шарада Түркияның Астанадағы Елшісі Мұстафа КАПУЧУ сөз сөйледі

Сөзінде:

Фетуллахшы террор ұйымы – ФЕТО жоспарлаған 15 шілде күнгі опасыз төңкеріс әрекетіне 8 жыл толдыұйым мүшелері Қарулы Күштердің басқару тізбегінен шығыпармиямызға сіңіп кетті.

Төңкеріс әрекеті салдарынан 253 азаматымыз шейіт болды, екі мыңнан астам азаматымыз жарақат алдыОсы орайда мен шейіт болғандарымыз бен қаһарман ардагерлерімізді алғыспен және құрметпен еске аламын.

15 шілде күні ФЕТО-ның мемлекетімізге төніп тұрған үлкен қауіп-қатері анықталдыБұл қауіп-қатерді жоюдағы ең үлкен үлес өз еркімен ешқандай билікті мойындамайтынын және мемлекеттік және демократиялық жетістіктерін қорғау үшін жанын беруге дайын екенін көрсеткен түрік халқына тиесілі.

Осы тұрғыда шетелдік әріптестерімізбен барлық байланыстарымызда “ФЕТО-ның” әрекет ететін басқа елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні баса айтылады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, “ФЕТО”-ның террористік ұйым болуымен қатар, «культ» сипаты бар тыңшылық ұйым екенін және әрекет ететін әрбір елге қауіп төндіретінін атап өткім келеді.

Ұзақ мерзімді екенін білетін “ФЕТО-ны” шетелде құрылымдау бағытында жұмысымыз табандылықпен жалғасады.

Бауырлас Қазақстаннан күтетініміз – “ФЕТО”-ға қарсы жергілікті және халықаралық заң аясында тиімді күрес жүргізу, – деп атап өтті.

Түркітілдес журналистер қоры Түрксоймен серіктестік орнатады

0

Нәзия Жоямергенқызы бастаған Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Анкара қаласында Түрксой Бас хатшысының орынбасары Саит Юсуф мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ортақ жобаларды ұйымдастыру туралы кеңесті.

Атап айтқанда, Қазақстан мен түркі елдерінің тарихи мәдени құндылықтарын насихаттауға ерекше маңыз берілмек.

Сонымен қатар түрлі байқаулар мен ғылыми-тәжірибелік конференция және семинар-тренингтер өткізу туралы ауқымды жұмыстар жүзеге асатын болады. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы қаламгерлердің тәжірибе алмасуы мен қазақ журналистикасының жаңа деңгейге шығуына септігі мол.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ

«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді

0

«Halyk Инкассация» ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордың өз-өзіне қол жұмсауы туралы бірқатар БАҚ-та жарияланған ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растағанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиға болған «Halyk Инкассацияда» жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жария етуден бас тартады.

«Halyk Инкассация» ЖШС және Halyk Bank марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.

QazaqGaz және «Шеврон» геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнатты

0

«QazaqGaz» ҰК» АҚ және «Шеврон» корпорациясы, өзінің еншілес компаниясы «ШевронМұнайгаз Инк.» (Шеврон») арқылы Ақтөбе облысы, Жаңажол және Урихтау кен орнына жақын орналасқан Жалибек учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу бойынша серіктестік орнату туралы келісімге қол қойды.

Айта кетейік, бұл жоба бойынша соңғы бір жыл бойы келіссөздер жүргізіліп, техникалық дайындық жұмыстары жасалды. Бірінші кезеңде «Шеврон» қолда бар сейсмикалық мәліметтерді қайта өңдеп, техникалық түсіндірмелерді әзірлейді. Тараптар қол қойылған келісімді ауқымды серіктестіктің бастамасы ретінде қарастырып отыр.

Келісімге «QazaqGaz» ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc қол қойды. Іс-шара «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен өтті.

«Осындай маңызды газ жобасы аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен серіктестігімізді нығайтып жатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстанмен стратегиялық серіктестік орнатқанымызға отыз жылдан астам уақыт өтті және бұл келісім Қазақстанның энергетикалық потенциалының өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады. «Шеврон» компаниясы Қазақстанда газ саласын дамытудың маңыздылығын және онымен байланысты мүмкіндіктер мен перспективалардың мол екендігін түсінеді», — деді Дерек Магнесс.

Айта кетейік, жоба акционер «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асады.

«Біз Шеврон компаниясымен бірлесіп, жаңа газ кен орындарында жұмыс істей бастағанымызға қуаныштымыз. Жалибек учаскесіндегі әлеуетті газ және газ конденсатты кен орындарын одан әрі геологиялық барлау және игеру, тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға және ел экономикасының дамуына ықпал етеді деп күтілуде. Мемлекет басшысының газ саласындағы геологиялық барлау жобаларын жеделдету жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, еліміздің газ саласының әлеуеті халықаралық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды қызықтырып отырғанын қуана хабарлаймыз», – деді Санжар Жаркешов.

Түркияның ең танымал тағамы – «Искендер» кәуабы

0

Бурса өзінің тарихи жерлерінен басқа, бай аспаздық мәдениетке ие. Қаладағы ең танымал дәм – «Искендер» кәуабы.

1867 жылы Искендер Эфенди өз дүкенінде қозының етін жүйкелері мен сүйектерінен бөліп алып, оны тік жолаққа қабаттап салып, тұрған пештің алдына айналдырып пісіре бастады. Содан кейін ет жіңішке кесіліп, «Искендер» кебабына арнайы дайындалған ет ұсақ кесектерге кесіліп, пешке қуырылды. Кәуап осылай дүниеге келген.

Қазір бұл Түркияның ең танымал тағамдарының бірі. Қазіргі таңда ең алғашқы Искендер мырзаның ашқан мейрамханасы жұмыс істеп тұр.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Түркияда «Корал» заманауи өнер көрмесі өтті

0

Жаңалықтардан үнемі еститін шығарсыздар жасанды интелект, нейро жүйе, IT технологиялардың дамуы деген тақырыптарда үнемі мақалалар жарық көріп жатады.

Соңғы ғасырдың жартысынан бері түрлі елдің ғалымдары адамның санасы сияқты әртүрлі функцияларды басқара алатын күрделі механизмді жасанды жолмен жасауға тырысып келеді.

Әзірге адам санасының аналогы жасалған жоқ. Оны ғылымда «жасанды интеллект» дейді. 1956 жылдың жазында Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми конференцияда бұл терминді алғаш рет қолданған. Ол компьютерлік бағдарламалаудағы ең алғашқы тілдердің бірі Лисптің негізін салған.

Жасанды интеллектінің дамуына қосқан үлесі үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанады. Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. ЖИ күнделікті тірлікте қолымыздағы смартфон арқылы түрлі мобильдік аударымдар жасап, жұмыс барысында түрлі сайттармен жұмыс жасаймыз, бос уақытта тик-ток, инстаграмм сияқты әлеуметтік желілерді қолданамыз, сол қоданыстағы желілер жасандық интелекттің көмегімен бізге қызмет етеді.

Дәуір жаңалығы болған жасанды интелект заманауи өнерді жасап жатыр. Түркиядағы фестиваль аясында «Корал» заманауи өнер көрмесі өтті.

Үлкен лэд экранда түстер билейтін видео қойылды. Мамандардың айтуынша, бұл видеоға бірнеше минут қарап тұрсаңыз шаршау басылып, ми тынығады. Көрмеге келушілердің қарасы қалың болды. Демек бұл өнерге сұраныс бар.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Мехмед Хади Пашаның киімі сақталған музей

0

1922 жылы 11 қазанда Осман империясы ағылшындар, итальяндар және гректермен бітімгершілік келісіміне қол қойған. Осыдан кейін ғана түріктердің гректермен соғысы тоқтаған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұндай бітімгершіліктің маңызы зор еді. Ал осы маңызды келіссөздер майда толқынды Мәрмәр теңізінің бойында орналасқан Мудания қаласында өткен.

Осман империясының атынан өкіл ретінде генерал Мехмед Хади Паша тағайындалған. Алғашқы кездесулерге Мехмед паша классикалық стильдегі қара костюммен барған. Бұл қарсы тараптарға ілтипат танытуы еді. Бірақ бірнеше кездесу сәтсіз аяқталып, тараптар бітімге келе алмаған соң Мехмед Паша кезекті кездесуге генералдық киімін киіп, шындап кірісе бастайды. Егер маңызды құжатқа қол қойылмаса соғыстың қалай өрбитінін, және майданда Осман империясының бұданда қайраттанатынынын айтып, сұс көрсетеді. Ақыры дегеніне жетіп, бейбітшілік әкелетін құжаттарға қол қойылады.

Қазіргі таңда осындай маңызды шешім қабылданған ғимарат музей ретінде сақталған. Алғашқы қабатында үш бөлме бар. Есіктен кірген бетте сол жақтағы бөлмеде ақпарат таратушылар яғни журналистер отырған. Одан кейінгі бөлмеде келіссөз жүргізілген. Оң жақта Мехмед Пашаның жұмыс бөлмесі орналасқан. Кездесу күндері генерал ғимаратта қалып, түнеген. Екінші қабаты дерлік үйіне айналған.

Қазіргі таңда музейге сол күндерден өз қалпында сақталып қалған бірнеше зат қойылған. Олардың арасында Мехмед Хади Пашаның киімі де бар.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Түркиядағы алып ғимарат Айя-София мешіті

0

Түркия мемлекетіндегі алып ғимарат Айя-София мешітін әлем танитыны белгілі. Бірақ бұдан бөлек бұл елде тағы екі Айя-София мешіті бар екен. Бірі Ыстамбұл қаласында орналасқан.

Ендігісі бұрынғы Никея, қазіргі Изник қаласында орналасқан. Сырт көзге жұпыны көрінгенімен әр тасында тарих бары бірден сезіледі. Ғимарат VI ғасырда византиялық император Юстиниан I-нің бұйрығымен шіркеу ретінде салынған. XIV ғасырдан бері мешіт ретінде қолданыста.

1922 шылы ғимарат өртенген еді. Бүгінге дейін тек шатыры ғана жөндеуден өткен. Ал ғимараттың сүйегі бәз-баяғы қалпында сақталған.

Қабырғаларда сол дәуірге тиесілі жазулар мен белгілері де әлі күнге дейін өшпеген. Өрттен қалған іздер де көп. Мешіт тарихи ескерткіштер қатарында болған соң мұнда келушілердің де қарасы қалың.

Нұрлан Әбдікәрім,
«Хабар» телеарнасының тілшісі

Соңғы жазбалар