«Халық-Life» АҚ-ы алғаш болып мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыруға лицензия алды

0

«Халық – Life» АҚ Қазақстандағы барлық өмірді сақтандыру компаниялары арасында бірінші болып мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (бұдан әрі – МБЖЖ) қатысуға лицензия алды, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

МБЖЖ – бұл елдегі кез келген азаматы үшін баласына Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім төлеуге жеткілікті қаражат жинақтауға бірегей мүмкіндік беретін сақтандыру өнімі. Осылайша, МБЖЖ шеңберінде өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасасу арқылы ата-аналар баланы оқытуға қаражат жинақтай алады, бұл ретте олар жинақтау сомасына жылдық 5% мөлшерінде, ал көп балалы отбасылар жылдық 7% мемлекеттік сыйлықақыны алатын болады.

«Бүгінде Қазақстан нарығында МБЖЖ – бұл мемлекеттің субсидиясы бар алғашқы және бірегей сақтандыру өнімі. Біз, өз тарапымыздан осы лицензияны бірінші болып алғанымызға және жақын арада бұл өнімді өз клиенттерімізге ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Жалпы, баланың болашағына салынатын ең маңызды инвестициялардың бірі оған сапалы білім беру екені баршаға белгілі, сондықтан ата-аналар үшін жинақтаудың ең сапалы және перспективалы қаржы құралдарын қазірдің өзінде мұқият таңдау өте маңызды. МБЖЖ – бұл банктік депозиттермен бәсекеге түсетін жаңа қаржы құралы болмақ. Өйткені, бұл өнім балаға оның ата-анасының біреуі кенеттен өмірден қайтса немесе еңбекке жарамсыз болған жағдайда жинақталған соманың көлеміне қарамастан оқудың толық құнын төлеуге кепілдік береді», – деді өз сөзінде Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

МБЖЖ шеңберінде өмірді сақтандыру қолма-қол ақшаны ұзақ мерзімді жинақтау құралы ретінде бірқатар елеулі артықшылықтарға ие. Осылайша, өнім бойынша кірістілік мөлшерлемесі сақтандыру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне кепілдік беріледі. Сондай-ақ, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігі толық жинақталған соманы жабады, ең бастысы, ата-анасы еңбекке қабілеттілігінен айырылғанда немесе қайтыс болған жағдайда, жинақталған сомаға қарамастан оқудың толық құны төленетін болады. Сонымен қатар, МБЖЖ клиенттері салықтарды үнемдеуге – салық салынатын кірісті сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтуға мүмкіндік алады (күнтізбелік жылда 320 АЕК дейін). Бұл ретте сақтандыру жарналарының мерзімі мен мөлшері шектелмейді. Сондай-ақ, егер бала болашақта білім алу грантын жеңіп алатын болса, онда жинақтарды толығымен шешіп алуға немесе сақтандыруды басқа баланың атына ресімдеуге болады.

Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ – «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 56,040 млрд теңгені құрайды. Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі бойынша оның қаржылық тұрақтылықтың рейтингісі «ВВВ-» деңгейіндегі және қазақстандық ұлттық межесі бойынша «kzAAA» дәрежесінде. Рейтингтердің болжамы – «Тұрақты». АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігі бойынша қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Компанияның Лицензиясы жаңа өнімді алумен байланысты 2022 жылғы 28 желтоқсанда №2.2.12болып жаңартылды.

Қазақ және түрік журналистері болашақта атқарылатын жобаларды кеңесті

0

Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир Журналистер одағының ғимаратында, Одақтың музейінде болып, өзара тәжірибе алмасты, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир қазақ әріптестеріне сапар үшін алғыс айтып, екіжақты тиімді қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы балыкесирлік әріптестерге рақмет айтып, Қазақстанда қонақ болуға шақырды.

Түркі елдерінің медиа бірлігін қалыптастыруда түркі журналистерінің маңызы зор. Бауырлас халықтарға бірін бірі танытатын, ортақ құндылықтарды насихаттайтын да – БАҚ өкілдері. Түрік әріптестер тарапынан арнайы жайылған дастарқан басында арқа-жарқа әңгіме айтып, пікір алмасқан қазақ-түрік журналистер болашақта атқарылуы тиіс шаруалар мен жүзеге асырылатын жобалар жайлы кеңесті.

Кездесу соңында Рамазан Демир Нәзия Жоямергенқызына Балыкесирдің тарихы мен журналистикасынан сыр шертетін кітаптар табыстады.

“Біз үшін Балыкесир құрама командасының орны бөлек”, – деген Рамазан мырза құраманың жейдесін сыйлады. Қазақ делегациясы Балыкесир Журналистер одағының төрағасына қазақы шапан жапты.

Қазақ журналистері Балыкесир мэріне шапан жапты

0

Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир қаласының мэрі Йүджел Йылмазбен кездесті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Кездесу барысында делегация жетекшісі, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Йүджел мырзаға қонақжайлығы үшін алғысын білдірді.

Балыкесирдегі бағдарламаның алғашқы күні-ақ қазақ журналистер қаланы қатты ұнатты. Медиа саласындағы серіктестіктің нәтижесінде екі елге пайдалы ортақ жобаларды жүзеге асырамыз. Біздің мақсатымыз – Балыкесирді тану және оны Қазақстанда таныту, — деді ол.

Қазақ әріптестерімен бірге 4 күн бойы бірге жүріп, туған қаласын танытуға сеп болған Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир: «Түркия мемлекеті үшін маңызды мемлекеттердің бірі – Қазақстаннан келген әріптестерімізді қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл сапар екі мемлекетке де, екі елдің журналистеріне де бір бірімен тығыз араласуына, серіктестік орнатуына пайдалы боларына сенемін», – деді.

Өз кезегінде Балыкесирдің артықшылықтарына тоқталған мэр Йүджел Йылмаз: «Балыкесир – үш түрлі климат пен үш түрлі географиясы бар өте үлкен әрі әдемі қала. Балыкесирдің көктемі мен күзі, қысы мен жазы бөлек. Бұл мекенде сіздер әр маусымды сезіне аласыздар. Біздің қаланы тануға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақстанға барғасын Балыкесирде бастан кешірген әдемі сәттерді отандастарыңызбен бөліседі, бұл екі бауырлас халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деген сенімдемін. Алдымен достық қарым-қатынас басталсын, кейін екі жаққа да тиімді сауда-саттық, серіктестікке ұлассын. Балыкесирде қазақстандық студенттер бар. Олардың кейбірі Түркияда тұрақтап қалса, кейбірі түрік бауырларға деген дос пейлін еліне ала қайтады», – деді.

Кездесу соңында Қор басшысы Нәзия Жоямергенқызы делегация мүшелері атынан қала мэріне қазақы шапан жауып, әл-Фарабидің бейнесі салынған кілемшені сыйға тартты.

Қазақ журналистердің Балыкесирге сапарлауына себепкер болған журналист Левент Караагачқа да делегация шапан жауып, құрмет көрсетті.

Айта кетейік, соңғы жиырма жылдан бері Швейцарияда тұрып жатқан Левент мырза қазақ әріптестері үшін Балыкесирге арнайы келді.

CHEVRON Direct Investment Қазақстандағы коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салады — Ж.Гилимова

0

Атырауда жыл сайынғы «Казнефтегазсервис 2022» конференциясы өтті, деп хабарлады Qainarinfo.kz.
Х жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ауқымды шараның биылғы тақырыбы «Мұнай-газ құрылысы және инжинеринг» деп аталды. Мемлекеттік органдардың басшылары мен сарапшылары және 200-ден астам компания өкілдерінің басын қосқан жиында еліміздің мұнай-газ өндіру саласындағы өзекті мәселелер ортаға салынды. Белгіленген регламентке сәйкес спикерлер өз презентациясын таныстырып сұрақ-жауап орын алды. Аталмыш конференцияда жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен жобалардың жүзеге асырылуы да талқыланды. Бұл жөнінде конференцияға қатысушы спикерлердің бірі, CHEVRON компаниясының қайта инфестициялау жөніндегі менеджері Жанар Гилимова айтып берді.
Атап өтсек, 2021 жылы CHEVRON компаниясы бизнесті дамытуға, бастауға 30 млн АҚШ долларына дейін тікелей инвестиция құя алатын жаңа қордың жұмысы бастады. Бір жылдың ішінде аталмыш қор қалай жанданды, кімдер өтініш білдірді және жоба ұсынудағы негізгі критерийлер қандай деген актуальді сауалдарға конференциядан соң Жанар Гилимованың өзінен жауап алдық:
— Қайырлы күн Жанар! Жалпы CHEVRON -ның тікелей инвестициялау қоры қандай жобаларды қаржылай қолдауға дайын?
— CHEVRON Direct Investment жеке компаниясы Қазақстанда тіркелген барлық коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салатын болады. Оның ішінде тауар өндірушілер, қызмет көрсету мен мұнай-газ саласы, қоршаған ортаны қорғау және цифрлық, ақпараттық технологияны дамыту салалары да қамтылады. CDIF-тің қаржылай қолдауына жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар мен бизнесін кеңейтуге ниетті адамдар және жаңа басталған стартаптар да өтінім бере алады.
— Қордың өз жұмысын бастағанына 1 жыл таяды. Осы уақыт ішінде инвестициялауға өткен жобалар бар ма?
— Әзірге, біз таныстырып, жариялайтындай жобалар қолға алынған жоқ. Іріктеу жалғасуда. Біз күн сайын келіп түскен өтініштерді қалт жібермей қарап отырмыз. Талаптарымызға толықтай сай келетін жобалар, стартаптар анықталса біз қаржылай қолдауға дайынбыз.
— Жобаларды инвестициялауда негізгі критерийлер қандай?
— Жобаларды іріктеу кезінде қаралатын негізгі критерийлерге: Жоғарғы табыстылық, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік сала және коорпорацияны басқару саласындағы қажетті көрсеткіштерге сәйкестік, қаржылық және қаржылық емес қатерлер, құндылық құру, портфельді диверсификациялау жатады. Іріктеудің негізгі критерийлері, қажетті жобалық құжаттар тізімі CDIF.KZ сайтында көрсетілген. Ең бастысы, қатысушылардан сайтта өтінім беру кезінде аса мұқият болуды, барлық жолақтарды толтырып, нақты мәлімет қалдыруды сұраймыз. Бұл іріктеу кезінде маңызды рөл атқарады.
— Инвестиция құю үшін Атырау өңірі қаншалықты тартымды?
— Бүгінгі таңда CDIF инвестициялық мандаты Қазқстан аумағындағы комерциялық кәсіпорындарға инвестиция құюға дайын. Сондықтан ел аумағындағы, оның ішінде Атырау облысын қосқанда барлық жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Оның үстіне Атырау өңірінде мұнай-газ саласындағы қызметтерді немесе отандық жеткізу тізбегін толықтыруда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар көп. Тағы да атап өтемін, CDIF-тің Қазақстандағы коммерциялық кәсіпорындарды инвестициялаудағы басты мақсаты — олардың ауқымын кеңейту, жақсарту, жаңа технологиялық өзгерістер әкелу, цифрландыру, табысты кәсіпорындарды құру және жұмыспен қамту, еңбек ресурсын дамыту.
— Сұқбатыңызға рахмет!
Дайындаған: А.САТАЕВА

  • Сайлау учаскесін Halyk Homebank қосымшасынан білуге болады

    0

    ҚР Президентін сайлауда қайдан дауыс беруге болатынын Halyk Homebank-те білуге болады, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    20 қарашада ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірін білуіңіз керек. Halyk Bank-тің жаңа сервисінің көмегімен 18 жасқа толған кез келген қазақстандық дауыс беруге арналған учаскенің нөмірі мен мекенжайын оңай және тез анықтай алады. Ол үшін Halyk Homebank қосымшасының пайдаланушысы болу керек. Сервис Орталық сайлау комиссиясымен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ынтымақтастықта әзірленді.

    Қосымшада сайлау учаскесін іздеу үшін «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Президентті сайлау – сайлау учаскесін іздеу» батырмасын басу жеткілікті, содан кейін учаскенің нөмірі мен мекенжайы автоматты түрде көрсетіледі. Егер учаске анықталмаса, тіркеу аймағын таңдап, кеңес алу үшін байланыс орталығының нөмірін біле аласыз.

    Ақпаратты басқа адам үшін, мысалы, туысыңыз үшін білуге болады. Ол үшін оның ЖСН енгізу жеткілікті, сол сәтте учаскесі бойынша деректер көрсетіледі.

    «Қазақстандықтардың көбі цифрлық қызметтерді белсенді пайдаланады. Бейінді министрлік ретінде біздің міндетіміз — отандастарымызға олар үшін қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету. Қазір ҚР Президентінің алдағы сайлауына қоғамның жоғары қызығушылығын көріп, біз ОСК және серіктесіміз Halyk Bank-пен бірлесіп банктің цифрлық платформасына жаңа сервис енгіздік. Бұл дауыс беруге қатысуға дайын адамдардың ыңғайлылығы үшін жасалған», — деп Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин атап өтті.

    «Біз ең өзекті және сұранысқа ие цифрлық қызметтерді ұсынамыз және көбінесе клиенттеріміздің сұраныстарынан озып кетеміз. Бүгін біз Halyk Homebank пайдаланушыларына сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін оңай білуге мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қостық. Банк клиенттердің ыңғайлылығы туралы ойлайды, сондықтан біз Қазақстанның әрбір азаматы өзінің сайлау құқығын іске асырып, өз учаскесін тауып, ҚР Президентінің сайлауында дауыс беруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық», — деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

    ҚазҰУ-да Шерхан Мұртаза атындағы аудитория ашылды

    0

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, жеп хабарлады Qainarinfo.kz.

    Ашылу салтанатында университет ректоры Жансейіт Түймебаев Шерхан Мұртазаның отандық журналистика мен қазақ қоғамын дамытудағы рөліне тоқталды.

    Алқалы жиынға Нұрлан Оразалин, Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары мен өкілдері, белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысты.

    ҚР Парламенті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай оқып берді.

    Конференция аясында ұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа трендеріне қатысты түйткілді мәселелер талқыланып, асылы мен жасығы, ағы мен қарасы таразыланды. Журналистік білім берудің бүгінгі келбеті мен ертеңгі бейнесі сөз болды. Практикалық білік пен теориялық білімді ұштастырудың, ішкі гармониясын реттеудің жолдары зерделенді.

    Шара барысында Журналистика факултетінде Шерхан Мұртаза аудиториясының ашылу салтанаты, тұсаукесер рәсімі өтті.

    Жазушы-журналистің өмірі мен шығармашылығынан мол хабар беріп, заманауи техникамен жабдықталған оқу залы шәкірттердің шеберлігін шыңдап, жазу машығын қалыптастыруға үлкен көмегін тигізері сөзсіз. Бұл – өскелең ұрпақты тұлғалар арқылы, олардың іс-өнегесі мысалында тәрбиелеудің үлгісі.
    Конференция материалдары ғылыми жинақ болып жарық көреді.

    Елордада EcobusinessLab жобасының жеңімпаздары анықталды

    0

    Елордада EcoBusinessLab жастарға арналған әлеуметтік жобаның екінші маусымы қорытындыланды, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    Жобаны “ITeachMe” қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Шеврон” компаниясымен серіктестікте іске асырады.

    Eco Business Lab республикалық жобасы Қазақстан жастарына экологиялық кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге жәрдемдеседі. Аралас оқытудың қысқа мерзімінде қатысушылар өз ісін қалай бастау немесе қолда бар бизнесті дамыту туралы жетекші сарапшылардан білім алды, өз идеясын іске асыру үшін грант ұтып алуға және қаржылық тұрақтылыққа бір қадам жақындауға мүмкіндік алды.

    Ұйымдастырушылар 300-ден астам өтінім алып, Қазақстанның түрлі өңірлерінен 40 студент іріктеп алды. Бірнеше ай бойы қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқудан өтті, соның ішінде офлайн лагерь, экология, кәсіпкерлік және әмбебап дизайн бойынша онлайн-сессиялар, трекинг-кездесулер және тәлімгерлермен жеке жұмыс.

    Құрамына Жанар Қошпанова, Қазақстандағы “Шеврон” компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі, сондай-ақ Давлетьярова Наталья, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және орнықты даму департаменті директорының орынбасары Жанкина Жазира, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының мүшелігіне кірген құзыретті қазылар алқасы 32 презентацияны тыңдады экологиялық тазалыққа міндетті түрде назар аудара отырып, ұлттық кәсіпкерлікті дамыту.

    Қазақстандағы “Шеврон” компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Көшпанованың айтуынша, “EcoBusinessLab” жобасы бүкіл әлемде өзекті болып келе жатқан “жасыл” кәсіпкерлік идеяларын танымал етуге ықпал етеді.

    “Бұл идеялар “Шеврон” компаниясының құндылықтарымен үндес, өйткені жастар кәсіпкерлігін дамыту және қоршаған ортаны қорғау біздің компанияның әлеуметтік инвестицияларының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Көптеген елдер үшін бизнестегі экологиялық бағыт бұрыннан қалыпты жағдайға айналды, ал Қазақстанда ол енді ғана дами бастады. “EcoBusinessLab” арқасында көптеген жас қазақстандықтар өз тауашаларын тауып, экономикаға ғана емес, қоршаған ортаға, қоғамға және бүкіл планетамызға пайда әкелетін өз экобизнесін іске қоса алады деп үміттенеміз“, – деп атап өтті Кошпанова.

    Дауыс беру қорытындысы бойынша қазылар алқасы Шеврон компаниясынан 500 000-нан 1 000 000 теңгеге дейінгі бизнес идеяларды дамытуға гранттар, сондай-ақ Шинхан Банк Қазақстан АҚ-нан 150 000-нан 500 000 теңгеге дейінгі ранта алған 9 жобаны анықтады. Шеврон компаниясынан грант алғандар:

    – Есембекова Дана, Астана қ., “Open_place” жобасы — 1 000 000 теңге

    – Мурахметов Мирфарх, Тараз қ., “мұздатылған дайын тағамдар мен жартылай фабрикаттар” жобасы – 1 000 000 теңге

    – Писаренко Руслана, Алматы қ., “Wunder academy” жобасы — 1 000 000 теңге

    – Кравченко Анастасия, Қостанай қ., “Ладага” жобасы — 500 000 теңге

    – Адыракова Роза, Астана қ., “ЕкО-КөЗ” жобасы – 500 000 теңге

    – Камалов Тимур, Көкшетау қ., Birge Onay жобасы — 500 000 теңге

    Шинхан Банк Қазақстан АҚ грант алғандар:

    – Жәкенұлы Шыңғыс, Алматы қ., URPAQ жобасы — 500 000 теңге

    – Бисембеева Әсел, Орал қ., greenzko жобасы — 300 000 теңге

    – Касенова Венера, Қостанай қ., АromaSoapKst жобасы — 150 000 теңге

    “ITeachme қорының үш сектордың – ҮЕҰ, мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің жақсы тәжірибесі бар, ол Қазақстанда оң және тиімді өзгерістерге ықпал етеді. Біз EcoBusinessLab жобасы біздің жетістіктеріміздің тағы бір сәтті қоржыны болғанын мақтан тұтамыз. “Шеврон” компаниясы жастардың әлеуметтік дұрыс бағдарын қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар экологиялық саналы жастардың ұрпағын тәрбиелеуге көмектесетін әлеуметтік жобаларды белсенді қолдайды“,- деп қорытындылады Iteachme қорының директоры және EcobusinessLab жобасының авторы Захира Бегалиева.

    Қазақстанның ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастығы артты

    0

    Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы
    Роза Кәрібжанова ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Qainarinfo.

    “ТҮРКСОЙ-мен
    ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастырылды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы тойланды. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен «Қорқыт Ата түркі әлемі» алғашқы кинофестивалі түркітілдес елдердің кинематографистері арасында байланыс орнату үшін тиімді алаң болды.
    Бурса қаласында өтіп жатқан екінші «Қорқыт Ата» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Ақ боз үй» көркем фильмі (режиссері Бекарыс Елубаев) және «Еуразия билеуші ханымдары» деректі фильмі (режиссері Алексей Каменский) ұсынылды. Сондай-ақ, кинофестиваль аясында бірлескен қазақ-татар «Тарлан» фильмі (режиссер Юлия Захарова) ұсынылады.
    Кинофестиваль алаңы мәдени және көркемдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ ортақ тарихи және мәдени құндылықтарымызды нығайтуға және байытуға ықпал ететініне сенімдімін”, — деді Роза Кәрібжанова.

    Кинофестиваль бағдарламасына қатысу үшін Қазақстанның киноиндустриясының жетекші өкілдерінен тұратын қазақстандық үлкен делегация келді.

    Құрамында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, актер Нұржұман Ықтымбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Ақан Сатаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанат Қуанышова, «Номад стантс» каскадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнгужинов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сатыбалды Текеев, кинопродюсер Анар Қашағанова т.б бар.

    Кинофестиваль аясында қазақстандық кино күндері өтіп жатыр. Шараға «Ұлы дала таңы», «Мұзбалақ», «Дос-Мұқасан», «Мұқағали» фильмдерінің көрсетілімдері өтті.

    Роза Кәрібжанованың айтуынша, бүгінде Қазақстан түркі елдерінің әртүрлі салалардағы тығыз ынтымақтастығын нығайтуда, әсіресе, Геральдика саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор: “2021 жылы Қазақстан Республикасында алғаш рет геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды.
    Түркі халықтарының ортақ тарихын ескере отырып, символизм мен геральдикалық элементтерді зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарының орасан зор маңызы бар.
    2023 жылы «Геральдикалық зерттеулер орталығының» ғалымдары мен түркі геральдист-ғалымдары арасында тәжірибе алмасу жобасын іске асыру жоспарлануда”.

    Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры, Бұрса, Түркия.

    Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы анықталды

    0

    Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы – Шуша қаласы. Бұл туралы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    “Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі – түбі бір түркінің ортақ қуанышы. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық», — деді ол.

    Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Шуша қаласын 1992 жылдың 8 мамырында армян әскерлері басып алған. Салдарынан қаланың 30 ауылы күйреді, 195 адам армян әскерлері қолынан қаза тапты,
    165 адам жараланды, 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 24 мыңнан астамы жер аударылды.

    2020 жылдың 8 қарашасында Шуша армян әскерлерінің басқыншылығынан азат етілді.

    Түркияда ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің отырысы басталды

    0

    ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы Бурса қаласында басталды, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    Жиынға Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен бірге Әзірбайжанның Мәдениет министрі Анар Керимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Түркіменстанның Мәдениет министрі Атагелди Шамурадов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, СХР Туризм, мәдениет, жастар және қоршаған орта министрі Фикри Атаоглу, ТҮРК-нің Бас хатшысы ПА Мехмет Сурея Ер және Халықаралық Түркі академиясының президентінің міндетін атқарушы Физули Маджидли қатысты.

    Түркі әлемінің мәдениет министрлері күн тәртібіндегі өте өзекті мәселелер бойынша келіссөздер жүргізіп, Ұйымның болашағына және түркі әлемінің мәдени және шығармашылық өміріне қатысты бірқатар маңызды бағыттар бойынша шешімдер қабылдайды.

    Отырыстың күн тәртібінде 2024 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасын анықтау, ТҮРКСОЙ 2023 жыл құрметіне жариялайтын көрнекті тұлғаны анықтау, сондай-ақ ТҮРКСОЙ-дың келесі жылға арналған іс-шаралар жоспарын қалыптастыру бар.

    Тұрақты кеңес отырысында уақытша үйлестіру міндеті Түркиядан Әзірбайжанға тапсырылады, сондай-ақ, министрлер мен халықаралық ұйым басшылары екіжақты кездесулерде пікір алмасып, отырыс соңында ортақ шешім қабылданады, Қорытынды Декларацияға қол қойылады.
    Шара соңында министрлердің қатысуымен Түркі әлемінің «Қорқыт ата» кинофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

    ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді деп жоспарланған.
    Отырыс барысында ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев: «Биыл Бурсада ерекше оқиғалар болды. Түркі әлемінің мәдени және шығармашылық өміріне жетекшілік ететін ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің отырысы осы шаралардың ең маңыздысы болып табылады. Ұйымға мүше барлық елдердің министрлерінің қатысуын тілейміз және құптаймыз. Сонымен қатар, бұл отырыста ТҮРКСОЙ ұйымының институционалдық дамуының күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылаймыз. Әрине, біз ТҮРКСОЙ-дың 2023 жылға арналған іс-қимыл жоспарын да анықтап, қалыптастырамыз. Биыл бұл кездесу Түркі әлемінің Қорқыт ата кинофестивалімен қатар өтеді. Біз министрлерімізбен бірге мәдени насихаттың ең тиімді құралы болып табылатын кино саласындағы осы ерекше шараның қызыл кілеміне қатысамыз. ТҮРКСОЙ-дың Тұрақты кеңесінің жұмысын 40-қа жуық шетелдік журналист көрсетеді. Түркі әлеміне деген қызығушылықтың күннен-күнге артып келе жатқанын көріп, өте қуаныштымыз. Бұл Тұрақты кеңесте де жақсы жаңалықтарымыз болады. Біздің ұйым алдағы кезеңде өзінің 30 жылдығын атап өтуге дайындалуда, оның барысында біз мәдени ынтымақтастық саласында мүлдем жаңа бет ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғыда кездесуіміз біз үшін өте маңызды. Кездесудің нәтижелі болатынына шын жүректен сенемін», — деді.

    ТҮРКСОЙ 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында ресми түрде құрылды, онда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанның мәдениет министрлері Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымын құру туралы халықаралық шартқа қол қойды. Одан кейін ТҮРКСОЙ-ға бақылаушы мүше ретінде Ресей Федерациясының құрамындағы Түркі республикалары: Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тува және Хакас Республикасы, сондай-ақ Гагаузия (Молдавия) және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мүшелікке қабылданды.

    Соңғы жазбалар