Түркияда хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиум өтеді

0

Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы (WSCM) 25-30 сәуірде Стамбұлда өтеді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастыратын симпозиум Стамбұлдағы Бейоғлы ауданының тарихи орындарында, әсіресе, Ататүрік мәдени орталығында әлемнің ең үздік хор ұжымдары мен тәжірибелі мамандардың басын қосады.

Конгресс туризмі (MICE) бойынша әлемдегі жетекші қалалардың бірі ретінде Стамбұл жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырады. Халықаралық хор музыкасы федерациясының (IFCM) соңғы алты жылдағы ең үлкен шарасы саналатын Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумы (WSCM) – солардың бірі. 25-30 сәуір аралығына жоспарланған симпозиум пандемиядан кейінгі алғашқы әлемдік байқау ретінде тарихта қалады.

Биылғы Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумының тақырыбы – “Көкжиекті кеңейту”. Жер шарындағы барлық ұлт пен ұлысқа тән ән айту дәстүрін құрметтеу, әлемнің әртүрлі аймақтарын бір-біріне таныстыру және хор музыкасының барынша әртүрлі баламаларын қамту – басты мақсат.

Конгресс туризмінде көп жылдық тәжірибесі бар Стамбұл Бейоғлының көрнекті жерлеріне бес континенттегі 28 түрлі елден 50-ден астам баяндамашы, мыңнан астам суретші және 2000-нан астам қатысушының басын қосып, ортақ жобаларды жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.

Стамбұлдың көрнекті және тарихи орындарында ұмытылмас концерттер
Симпозиум бағдарламасында хор музыкасының әртүрлі стильдері мен дәстүрлері ұсынылған. Түркиядан және шетелден келген әртістерге арналған бірқатар концерттер, көрмелер, шеберлік сабақтары мен іс-шаралардан тұратын шара мәдениеттер мен өркениеттерді біріктіруге ықпал етеді. Симпозиумға Түркиядан 30-дан астам хор және шетелден арнайы шақырылған 11 хор қатысады. Түрік және шетелдік хор ұжымдары Бейоғлының Галат Мевлеви үйі, Әулие Антуан шіркеуі және Гранд Пера сияқты көрікті тарихи орындарында әр кеш сайын 40-тан астам қойылым көрсетеді.

Дүниежүзілік хор симпозиумы шеңберінде Ататүрік мәдени орталығының даңқты сахнасында Эстониядан Грэмми сыйлығын алған Эстония филармониясының камералық хоры, Индонезиядан Батавия Мадригал әншілері, Ливаннан Файха ұлттық хоры, Джорджия мемлекеттік университетінің әншілері өнер көрсетеді. АҚШ-тан және Габоннан Ле Чант Сур Ла Лоу, сондай-ақ Испаниядан Лейоя Кантика Корала, Пуэрто-Рикодан Орфеон Сан-Хуан Баутиста, Швециядан София Вокаленсамбль, Тайваннан Тайбэй филармониясының камералық хоры, Канададан Ванкувер жастар хоры және Түркиядан мемлекеттік хор. Кешкі концерттер барысында шақырылған хор ұжымдары «Өзгеретін көкжиектер» тақырыбымен Симпозиумға арнайы жазылған шығармалардың премьераларын орындайды.

Дүниежүзілік хор симпозиумының бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы танысуға болады:
http://wscmistanbul2023.com

“Runtalya” марафонында мыңдаған адам жарысты

0

“Runtalya” (“Ранталья”) халықаралық марафоны 5 наурызда Түркияның туристік астанасы – Антальяда ұйымдастырылды, деп хабарлады Qainarinfo.

Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты.

Маусымның ашылу жарысы ретінде “Runtalya” 47-ден астам елдің спортшыларын қабылдады.

Ерлер арасындағы марафонда Үзеир Сойлемез 2 сағат 23 минут 35 секундта жеңіске жетсе, әйелдер арасында Наталья Гюртен көш бастады.

Биыл “Рантальяда” төрт кезең (2 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым және 42 шақырым) бір уақытта ұйымдастырылып, барлық жарыстар Антальяның орталығында басталды. Қаланың ең көрікті және көрнекті туристік орындарын 42 шақырым бойы жағалай жүгірген марафоншылар Калеичи, Адриан қақпасы, Дуден сарқырамасы және әйгілі Лара жағажайлары сияқты сұлу мекендерді көрді.

Жарысқа кәсіпқой спортшылармен қатар, әуесқой жүгірушілер де қатысып, оларды мәре сызығында ондаған мың жергілікті тұрғын мен шетелдік қонақ қарсы алды.

“Ранталья” балалар мен жүгіруді енді бастағандарға да мүмкіндік берді. Мысалы, «Балалар жарысы», «Биік өкшемен жүгіру» және «1-қадам – 1 өмірлік жарыс» – соның айғағы.

“Ранталья” жарысы – Антальяда 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл марафон тәжірибесіз марафоншылар мен кәсіби желаяқтарды біріктіруге бағытталған шара. Салауатты өмір салтын ұстану, спортты сүюге үндейтін додаға қызығатындар саны жыл сайын артып келеді.

Түркияда алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясы өтеді

0

Түркия биыл алғаш рет GSTC тұрақты туризм конференциясын өткізуге дайындалуда. Конференция елдің туризм астанасы – Анталияда 2023 жылдың 9-12 мамырында ұйымдастырылады, деп хабарлады Qainarinfo.

Тұрақты туризм мен саяхат үшін жаһандық стандарттарды белгілейтін және осы стандарттарды іске асыруды қадағалайтын Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесі (GSTC) биылғы басқосуға Түркияны таңдады. GSTC – туризм мен саяхатты дамытудың жаһандық шарттарын белгілей отырып, тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым.

Сонымен қатар тұрақты туризмнің ең өзекті мәселелерін талқылау үшін әлемдік көшбасшылармен түрлі шараларды жүзеге асырады. Пандемияға байланысты екі жыл қатарынан онлайн режимде өткен конференциялар сериясы былтыр Испанияның Севилья қаласында ұйымдастырылған. Түркия да қатысқан 2022 GSTC Тұрақты туризм конференциясында 2023 конференциясының Түркия Туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) тарапынан білдірілген ұсыныстан кейін Антальяда өтетіні жарияланды. Жиында қатысушылар үшін арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып, Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасына арналған уақыт бөлінді.

Рамазан айы Стамбұлда қалай атап өтіледі

0

Екі құрлықты жалғастырған Стамбұл – Рамазан айының ерекше әдет-ғұрпын сақтайтын ерекше мекен.

Түрік мәдениетінде «Он бір айдың сұлтаны» аталатын Рамазан айы – іштей Жаратқанды тану, сабыр сақтау, бармен бөлісу, құлшылық ету мен ораза ұстау айы.
Биыл Рамазан айы 23 наурыздан 20 сәуірге тура келеді. Стамбұлға асыққан туристер Рамазанның қалалық әдет-ғұрыптары мен мәдениетін көзбен көреді. Адамдар сүйіспеншілік, мейірімділік және төзімділік көрсетуге күш салатын ортада уақыт өткізеді.

Рамазанның берекесі барлық жерде сезіледі

Стамбұлдағы қасиетті айда мешіттердің мұнараларына ерекше жарықтармен безендірілген жазулар ілінеді. Османлыдан қалған мұралардың бірі – жарапазан айтатын барабаншылар. Олар таң атқанша көшелерді аралап, барабан соғып, Рамазан туралы аяттарды айтып, таң намазының алдында сәресіге оятады.

Рамазан айында ораза ұстау – қалыптасқан рәсім. Сәресіде алатаңнан басталатын ораза ақшам намазымен және зеңбіректер дыбысымен аяқталады. Кешке ауызашарда үлкен дастархандарда бас қосатын адамдар бір жұтым су мен бірнеше зәйтүн немесе құрмамен ауыз ашады.

Стамбұлдың үйлеріндегі ауызашар дастархандары Рамазан айының сән-салтанатын көрсетсе, қаланың кафелері мен мейрамханалары дәстүрлі тағамдардың бай мәзірін ұсынады. Оның ішінде буы бұрқырап, жаңа піскен Рамазан нандары қаланы керемет хош иіспен толтырады. Бұл кезеңде ең танымал тағам – түріктердің “Гүллах” деген тіскебасары. Сүт, раушан суы, анар мен ерекше қамырдан жасалатын гүллахты түріктер “баклаваның атасы” деп атайды.

Сәресі алдындағы дәстүрлі ойын-сауық

Стамбұлдың мешіттерінде ауызашардан кейін оқылатын тарауих намазы құлшылық пен жамағаттың Жаратқанға деген сезімін күшейте түседі. Түрлі алаңдарда, әсіресе тарихи Сұлтанахмет ауданында намаздан кейін дәстүрлі Рамазан ойын-сауықтары басталып, қала мен оның тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Қала алаңдарында діни әңгімелер, поэзия кештері мен халық қойылымдары – музыка, би және әңгімелер ұйымдастырылады. Әсіресе, ауыз әдебиетінен мұраға қалған «Қарагөз бен Хадживат» кейіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі қуыршақ театрлары балалардың да, үлкендердің де көңілін көтереді.

Стамбұлдың киелі жерлеріне рухани саяхат

Стамбұлды Рамазан айында ерекше ететін тағы бір мәселе – оның киелі жерлері. Мұхаммед пайғамбардың сахабасы Халид бин Зейд Эбу Эйюб Ел-Энсаридің қабірі орналасқан Эйүп Сұлтан Камии мешіті. Рамазан айының алғашқы оразасы тұтылған Оруч баба бейіті, Юша төбе (Юша пайғамбардың қабірі орналасқан деседі), Яхья Эфендидің қабірі. Сонымен қатар Айя София, Сұлтанахмет мешіті, Османлының падишаһтары салтанат құрған Топкапы сарайы да туристердің сүйкті мекеніне айналған. Hz. Мұхаммедтің қасиетті жәдігері Хирка-и-Шерифті Рамазан айы бойы Хирка-и-Шериф мешітінде көруге болады.

Стамбұлда айт қуанышын сезініңіз…

Стамбұлда ғибадатпен өткізілген бейбіт Рамазан айымен қоштасатын Айттың алғашқы күні мерекелік дұғалармен тойланады. Көрші-қолаң, туған-туыспен арқа-жарқа араласып, үлкендерге сәлем беру үшін қонаққа баратын сәт. Мереке кезінде қаладағы саябақтар мен алаңдарда ине шаншар жер қалмайды. Айттың құрметіне түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, көңілді уақыт өткізуге жағдай жасалады. Сырлы Туған-туыстар бас қосқаннан кейін айт мерекесі балаларды мерекелік ықыласпен тамашалау үшін қалалық саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында жалғасуда.

Алматыда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жоба таныстырылды

0

Алматы қаласы прокуратурасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс кездесуінде «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ» жобасы таныстырылды.

Осы жобаның көмегімен кәсіпкердің құқығы бұзылған жағдайда, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері орын алса, кәсіпкер QR-кодты қолдану арқылы Алматы қаласы прокуратурасы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа жүгіне алады.

Жобаны Медеу ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Төлендинов таныстырды. Мәселен, прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің барлық объектіне арнайы QR-кодты орналастыруды жоспарлап отыр. Мысалы, дүкендер, базарлар, дәріханалар, сұлулық салондары, фитнес орталықтары, кеңселер және кәсіпкерлердің кез келген үй-жайлары.

Жобаның жұмысы келесідей, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу туралы сигнал беру үшін QR-кодты сканерлейді, бұдан әрі заңсыз араласу фактілері туралы қысқаша ақпаратты баяндайды. Егер бар болса, фотосуреттер мен видео материалдарды қоса жібереді. Әрі қарай Прокуратура ақпаратты сигнал бойынша 30 минут ішінде бағалайды және қажет болған жағдайда сигнал түскен объектіге барып жедел әрекет етеді, – деді прокуратура өкілі.

Кәсіпкерлерден түскен барлық сигнал қала прокуратурасының дерекқорына түседі және аудандар бойынша топтастырылады. Кейіннен бұл ақпарат прокуратура мен кәсіпкерлер палатасына сигналдарды талдауға және қаланың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыруға көмектеседі.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ» жобасының жұмысына қатысты сұрақтар қойды.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тайымбетов аталған жобадағы палата мен прокуратураның бірлескен жұмысы туралы хабарлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын бизнесті тексеру жөніндегі мораторийді 2024 жылға дейін ұзарту туралы Жарлыққа қол қойғанына қарамастан, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексеру жүргізу фактілері бойынша кәсіпкерлерден өтініштер әлі де келіп түсетінін еске салды.

Жиынның екінші бөлімі бизнес қоғамдастықтың нақты мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау, қала прокуратурасының араласуын талап ететін түйткілді мәселелерді анықтауға бағытталған. Прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының осы бағыттағы бірлескен жұмысы туралы Алматы қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Данияр Ысқақов пен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі сарапшысы Тимур Зейнешев өз сөзіңде:
Бизнесті қорғау желісі бойынша 2022 жылы палатаға кәсіпкерлер тарапынан 462 өтініш түсті. Нәтижесінде, қала прокуратурасы 21 қылмыстық істі өз бетінше тоқтатты, 51 істі тергеу органының өзі тоқтатты. Бұл қылмыстық істер заңсыз тергелді, кәсіпкерлердің құқығы өрескел бұзылды. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, – деді.

  • Аяулым ДҮЙСЕНОВА,
    Темірбек Жүргенов атындағы
    Қазақ ұлттық өнер академиясының «Компьютерлік технологиялар» кафдрасының «Медиажурналистика» мамандығының
    1-курс студенті
  • Стамбұлда медицина саласының болашағы талқыланады

    0

    Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын екі күндік бағдарлама ICCA және AC форумының мүшелерін, сондай-ақ қауымдастық мүшелерін және медицина саласындағы негізгі мүдделі тараптарды біріктіреді.

    ICCA мен AC форумының ынтымақтастығы «Медициналық кездесулердің болашағы» денсаулық сақтау саласына ерекше назар аудара отырып, үш жылға арналған жоспарларды қамтиды. Былтыр 6-8 шілдеде Францияның Канн қаласында өткен шара TGA, Түркия Туризмді дамыту агенттігінің ықпалымен, Стамбұлда ұйымдастырылмақшы.

    Денсаулық сақтаудың болашағына арналған Стамбұл кездесуі медицина саласының ірі ойыншыларының көмегімен саладағы түйткілдерді анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Іс-шара постпандемиядан кейінгі әлемде медициналық емдеулердің сапасын жақсартуға және Стамбұлдың осы нарықтағы үлесін кеңейтуге бағытталған.

    Штаб-пәтері Амстердамда орналасқан ICCA – 1963 жылдан бері әлемнің 100-ге жуық ел мен аймақтарында 1 100-ден астам мүшесі бар жетекші ұйым. Оған қаланың жарнама және маркетинг кеңселері, халықаралық конгресс және конференция агенттіктері, басқа қонақжайлылық компаниялары және кездесулер мен қатысушыларды орналастыру қызметтерін ұсынатын орындар кіреді. ICCA өз мүшелері арасындағы ынтымақтастық пен байланысты жақсарту үшін аймақтық бірлестіктерде жұмыс істейді. Түркия Жерорта теңізі аймағындағы мүше мемлекет ретінде ICCA-мен серіктестік келісіміне қол қойды және өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырды. Конгресс басшылығы мен басқару мәселелерімен айналысатын AC Forum өзін-өзі басқаратын қауымдастықтар құрған жалғыз ұйым ретінде ерекшеленеді. Коммерциялық әсерлерден аулақ, кәсіби аралық озық тәжірибелер мен идеялар алмасу арқылы AC Forum мүшелері қауымдастық басшылығы мен Конгресс басшылығын ілгерілету және оны жоғары деңгейге жеткізу үшін ақпарат алмасады.

    Сонымен қатар, елдегі MICE (конгресс туризмі) секторының мүдделі тараптары ICCA AC форумы – Денсаулық болашағы кездесулерінің алдында ICCA Destination серіктестігімен дайындалған ICCA Стамбул саммитінде кездеседі. Осы орайда, 5 маусымға жоспарланған саммит ICCA AC форумының тиімділігін арттыруға бағытталған.

    Румыниядан Анталияға баратын туристер саны артады

    0

    Алания туризмін таныту қоры төрағасының орынбасары Мехмет Дахаоғлұның айтуынша, Румыниядан Анталияға баратын адам саны 260 мыңнан 350 мыңға дейін артады, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    Румынияның астанасы Бухарестте 23-26 ақпан аралығында өткен TTR2023 халықаралық туристік жәрмеңкесінде Аланияны насихаттау жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылды. Шарада Аланияның атынан Алания Туризмді дамыту қоры (ALTAV) және Алания туристік операторлар қауымдастығының (ALTID) вице-президенті Мехмет Дахаоғлұ қатысты. 19 миллион халқы бар Румыния Түркия үшін бөлек. Румындар елінен Аланияға қызығушылық танытқан туристер саны соңғы кездері арта түскен. Туристік агенттіктердің жәрмеңке барысында арнайы жеңілдіктер мен түрлі акциялар ұйымдастыруы статистикалық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал еткен.

    «ЗІЛЗАЛА БОЛУ ЫҚТИМАЛЫ ӨТЕ ТӨМЕН»

    Румынияда өткен халықаралық жәрмеңке кезінде “Christian Tour” Түркияның бас директоры Шабан Аталармен өткізген кездесуімізге сілтеме жасай отырып, 2022 жылдың қазан, қараша және желтоқсан айларында сатылымның жақсы болғанын жеткізді. 2023 жылы аптасына 32 ұшақ рейсін жоспарлап отыр. Аталар өздерінің “Animawings” әуе компаниясымен және Корендоннан орын алу арқылы 70 мың адамды Анталияға тасымалдайтындарын айтты. 2022 жылы олар тасымалдаған жолаушылар саны 42 мың болған.

    «ОДЕОН 55 МЫҢ ЖОЛАУШЫ АНТАЛИЯҒА ТУРДЫ»

    “Odeon Tours” Румыния нарығындағы алғашқы жылдарына қарамастан табысты көрсеткіштерге ие. Олар Turkish Airlines (THY), Corendon және Fly Lili компанияларынан орындар сатып алды. 2023 жылы Анталияға сапарлайтын турист санын 55 мың адам деп жоспарлаған. Румынияның 7 қаласынан Анталияға ұшу қарастырылып отыр. “Odeon Tours” Түркия өнімін сатып алу жөніндегі директоры Егемен Тунжел тек Түркиядан ғана емес, Румыниядан да басқа елдерге пакеттік турлар жасайтындарын айтты.

    Түркияда автобус билеттері қымбаттамайды

    0

    Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп болмақ, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    Індеттен кейін көрсеткіштер өсті

    Түркияда коронавирустық індеттен ең көп зардап шеккен салалардың бірі – қалааралық автобус операторлары. Түркия автобус жүргізушілері федерациясының (TOFED) төрағасы Бирол Өзджан індеттің бәсеңдеуінен автобус қызметтері мен жолаушылар санының артқанын айтты: «2021 жылы көбейе бастаған қызметтер саны 2022 жылы барынша жақсарды. 2021 жылы Стамбулда 15 шілдеде Демократия автобус терминалында 370 мың болған автобус рейстерінің саны 2022 жылы 427 мыңға дейін өсті».

    «Билет бағасы өзгермейді»

    Бирол Өзжан былтыр жаз айларынан бері автобус билеті бағасы өспегенін жеткізді: “2023 жылы тарифтер өзгермейді. Пандемиядан бұрын біздің автобустар саны күніне 2 мың рейс болатын. Індет кезінде азайғанмен, 2022 жылы 1 170 рейске өсті. Алайда 2023 жыл біршама баяу басталды. Бірақ алдағы Рамазан айы мен мерекемен және жазғы демалыс кезінде бұл көрсеткіш өседі. Жанар-жағармай бағасы тұрақты. Егер біз билет бағасы көтеірлсе, клиенттерді жоғалтуымыз мүмкін. Көпір мен тасжолдар ақысының өспеуі автбус жолаушылар тасымалына жақсы әсер етеді”.

    «Аспаннан жаңа бір жұлдыз жарқырағандай»: Қазақ эстрадасына талантты әнші қосылды

    0

    Отандық белгілі продюсер Аслан Қамысбай қанатының астына тағы бір өнерпазды алды. Талай дарынның жолын ашуды мақсат еткен шоу-бизнес өкілі бұл жолы қырғыз баласының жұлдызын жақпақшы, деп хабарлады Qainarinfo.kz.

    Бұл туралы продюсердің өзі instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.

    «Аспаннан жаңа бір жұлдыз жарқырағандай, эстрада әлеміне тағы бір талантты жас әнші қосылды. Қырғыздың тұлғалы ұлы Наарын Сүйүнтбеков. Алла қаласа әдемі ән мен сапалы бейнебаяндарды тарту етеміз. Тек алға, Алла күш-қуат беріп, көк аспанның қыраны бол, мен әрқашан сені қолдап, жаныңнан табыламын! Жаңа жоба құтты болсын», — деп жазды Аслан Қамысбай өз постында.

    Ал ғаламтор арқылы есімі елге мәлім болған қырғыз әншісі қазақ продюсерінің ұсынысын қуана қабыл алғанын жеткізді.

    «Қазақстанға продюсер Аслан Қамысбайдың шақыртуымен Қырғыз Республикасынан келдім. Бір туған қазақ-қырғыз халқына жақсы әндер тарту еткім келеді», – дейді Наарын Сүйүнтбеков.

    Жас әнші алғашқы бейнебаянын продюсердің көзіне түсуге себеп болған әніне түсіруді жөн көрген.

    «Бұл менің бірінші клипім. Ән қазақ және қырғыз тілінде орындалады. Арузатым есімді қызға ғашық болған ақынның жыры. Тырнақалды туындымның сюжеті махаббат пен құмар ойындарының шырмауында қалған жігіттің оқиғасын баяндайды», – деп мәлім етті Наарын.

    Ән әлеміне қадам басқан қырғыз баласы мұнымен тоқтап қалмай, тағы төрт бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр.

    Қазақстандық туристер Түркияда демалғысы келеді

    0

    Түркияда ақпанда болған жер сілкінісі Қазақстандағы туроператорлар мен агенттіктердің жұмысына кері әсер еткен жоқ. Жазғы демалысқа жолдама алып қойған туристер сапардан бас тартпаған. Туристік агенттер Түркиядағы танымал курорттарға алдын ала сатып алған билеттерді қайтармаған, деп хабарлады Qainarinfo.info.

    «Туристік Қамқор» қорының президенті Ирина Рей: «Қазіргі таңда Түркияда біздің 200-ге жуық клиентіміз бар. Олардың ешқайсысы демалысын үзгісі келмеді. Көпшілігі танымал демалыс орындары мен Анталия, Кемер, Стамбул сияқты туристік қалаларда орналасқан. Туроператорлар мен туристік агенттіктер қызметімізді тұтынушылармен тұрақты байланыста. Әрине, қайғылы жағдай қонақүй қызметкерлерінің көңіл-күйіне әсер етті, бірақ олар өз міндеттерін орындауды жалғастырып жатыр», – дейді сұхбаттасушы.

    Өз кезегінде «Anex Tour Kazakhstan» өкілдері «Түркиядағы жер сілкінісі бізге кері әсер еткен жоқ. Өйткені жел Анталия, Алания сияқты туристік аймақтардан алыс. Қазір біздің тұтынушыларымыз жазғы демалысқа тапсырыс беруге белсенділік танытуда», – деді.

    «5 Континентов» туристік агенттігі Түркияда демалғысы келетін қазақстандықтардың жоспарларын өзгертпей, жазғы демалысқа турларды брондауын жалғастырып жатқанын хабарлады.

    Қазіргі уақытта Анталия мен Эгей жағалауындағы демалыс орындарында ерте брондау жұмыстарының екінші кезеңі жүріп жатыр. Туристік агенттіктер бұрынғы режимде жұмысын жалғастыруда.

    «Pegas Kazakhstan» ЖШС (Pegas Kazakhstan) SEO жетекшісі Нуреттин Айтемур табиғи апаттар туристік бағыттардағы жағдайды айтарлықтай өзгертпегенін және брондалған демалыстан бас тартудың алғышарты бола алмайтынын айтты: «Оқиға авиакомпаниялардың рейстерінің жұмысына әсер еткен жоқ. Анталия әуежайына әуе компаниялары және жер сілкінісінен кейін түрік мерекесі Курорттардағы қызмет көрсету сапасын өзгертуге ешқандай себеп жоқ. Қазақстаннан турларды брондау 2023 жылдың жазғы маусымында аяқталмайды. Клиенттер демалуды қалаған күні мен уақытта, ұшу кестесінің аясында жоспарлағысы келеді».

    Сондай-ақ «Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясы Қазақстаннан Стамбұлға немесе Анталияға және кері бағыттағы билеттер сатып алған жолаушыларға билеттерден бас тартуға немесе оларды басқа күндерге қайта брондау мүмкіндігін береді.

    Соңғы жазбалар